Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Ноября 2011 в 17:35, реферат
Саяси құқықтық мәдениет жастардың қоғам өміріндегі жақсы жақтарын көрсететін түсінік болса, девианттық мінез-құлық олардың қоғам –өміріндегі теріс орны мен салмағын айқындайды. Сондықтан, жастардың саяси құқықтық мәдениетін көрсетуде девианттық іс-әрекеттердің мәні мен маңызын түсіну өте маңызды. Қоғам өміріндегі қатынастардың жүйесі түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік тәжірибесі жоқ, әлі толыққанды көзқарасы қалыптаса қоймаған жастар үшін қалыпты тіршілік ағымынан ауытқу оңай. Сөзімізді кішігірім болса да девианттық жүріс тұрыстың кейбір теориялық қорларына б ұруды жөн санап отырмыз. Жастар арасында девианттық жүріс-тұрыс мәселесімен айналысқан ғалым Д.К. Қазымбетова «Девиантное поведение –это поступок, деятельность или образ жизни людей, не соответствующие общепринятым моральным, правовым группам или обществу в целом [1,20 б] деп, кең мағына түсінік береді, ал жай ғана айтатын болсақ, қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол апаратын жүріс-тұрыс – девиантты жүріс-тұрыс.