Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 19:10, реферат
Адамдармен тамаша қарым – қатынас болудын өзі бізді тек зергуден, айықтырудан тыс әулементік тұрғуда физиологиялық және психикалық денсаулығымыздың ақаусыздығына ықпал жасайтындығын байкатады. Өздерінін мінез құлықтарының кемшіліктерімен, артықшыларын көре білуге тәрбиелейді.
Аннотация
Кіріспе
«Оқушылардың қарым – қатынас дағдыларын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар»
Ойын элементерін қолдану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Психологиялық ойындар
Мазмұны
Аннотация
Бұл құралдан психология
мұғалімдеріне қазақ
Төменде ұсынылатын жаттығулар ойын құрамдастарымен белсенді тындау техникалары арқылы, тиімді қарым – қатынас тәсілдерін менгеруге мүмкіндік береді.
Адамдармен тамаша қарым – қатынас болудын өзі бізді тек зергуден, айықтырудан тыс әулементік тұрғуда физиологиялық және психикалық денсаулығымыздың ақаусыздығына ықпал жасайтындығын байкатады. Өздерінін мінез құлықтарының кемшіліктерімен, артықшыларын көре білуге тәрбиелейді.
Ұсынып отырған оқу құралы білім беру үйымдарының әдіскерлеріне, жаңашылдықпен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектеп психологтарына, арналған.
Кіріспе
Қазіргі уақыта ортамызда болып жатқан әлеуметтік мәселелері: отбасылық, экологиялық, экономикалық дағдарыстар жүйке жүйелері бұзылған, психикалық аурулары бар әр түрлі жастағы балалардың көбеюіне әкеліп соқтырады.
Олардың осы ауруларға шалдығуы мектепте сабаққа үлгермеушілікке, тәртіп бұзуға, қылмыстың көбеюіне түрткі болды. Бұрынғыдай ауыздан шыққанды қағып алып, жатқа айтатын балалар мүлде азайып, орта мектепті әрең бітіретін, зерделері таяз балалар тым көбейіп кетті.
Біздің міндетіміз – даму мүмкіндігі шектеулі балаларға, ата – аналарға, психологтармен бірлесе отырып, түзеу жұмыстарын ұйымдастыру.
Дамуында ауыткуы
бар баланы отбасында
Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінін беретін пәнін, әр түрлі әдіс – тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта, сабақтан тыс уақыта , белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардын нәтижесін көрсетеді.
Біз өміріміздің барысында, әр түрлі қателіктер жібере отырып, тәжірибе жинақтай отырып, үйренеміз. Тек өзіңнің нақты тәжірибенді ғана қолданбай, қарым – қатынасқа түсу тәсілдерін менгеруге бола ма? Иә, болады және ойынның көмегімен. Ойын – бұл өмірлік ситуациянын, оның ішінде адамның белгілі бір тәжірибе жинақтау процесі болып табылатын қарым – қатынастын үлгісі. Өз мінез –құлқына басқа адамдар тарапына баға алу, өзін айналасындағылармен салыстыру және келесі жағдайларда өз қарым – қатынасын түзету мүмкіндігі ойын жаттығуларының жағымды сәттері болып табылатындығы сөзсіз.Оқу процесінде ойынды тиімді қолданудың бала даму үшін маңызы өте зор.
Оқушылардың қарым- қатынас дағдыларын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар.
Баланың басты психикалық іс-әрекеті – ойын. Төменгі сынып балалары негізінде ойын жасындағы балалар. Бала мектепке келген кезде де ойнауын бірден тоқтатпайды. Енді оқу оның негізгі қызметі болса да, ол әлі де бұрынғысындай ойнағысы келіп тұрады. Бірақ жағдай өзгерілгендіктен оның ойынға бұрынғыдай көңіл бөлуге мұршасы жоқ. Осының нәтижесінде ойын оның өмірінде бірінші орыннан екінші дәрежедегі әрекетке ысырылады. Бала табиғатынан қимыл-қозғалысқа құмар жан. Ол үнемі секіруді, қарғуды, жүгіруді қалайды. Осыған орай біздің халықта : «Баламен ойнама шаршарсың», «Бала – құлыншақ, бала – ұрыншақ», «Ойнай білмеген, ойлай білмейді», - деп тегін айтылмаған.Бала ойыны алуан түрлі. Ойын арқылы бала адамгершілік қасиеттерді бойына біртіндеп тәрбиелейді және психикалық қабілеттері дамиды. Бала достықта бірін-бірі түсініп, қимыл-әрекет жасауға тапқырлыққа, шыдамдылыққа, ептілікке және қиялдауға, ойлауға, табандылыққа дағдыланады.
М.Жұмабаев бала ойынына мынадай мән берген: «Баланың қиялы әсіресе ойында жарыққа шығады. Ойын балаға кәдімгідей бір жұмыс. Ойнағанда бала 7-10 жас арасы анатомиялық, физиологиялық даму жағынан қаурыт қимыл-әрекеті, қозғалысты, жылдамдықты талап ететін кезең болғандықтан бала организмі үшін ойын қажет деп есептейміз. Сондықтан бұл жастағы бала қанша ойнасада шаршамайды. Психологтардың анықтауы бойынша балалардың ойыны олардың өмірге бейімделуі. Ойын арқылы бала айнала қоршаған өмірді таниды. Өмір сүрудің белсенді іс-әрекетін, қарым-қатынастарын, адамгершілік мінез-құлық нормаларын игереді, зейін, ес, қиял, ерік, ойлау сияқты психикалық процестерді біртіндеп қалыптастыруға мүмкіндік алып, сөйлеу тілі дамиды. Сана-сезімі, еркі, өзін-өзі бақылауы, өзін-өзі танып білуі жетіле бастайды. Осы жаста ойын арқылы бала адамгершіліктің ең парасатты мінез-құлықтарымен қарым-қатынас жасай бастағанын байқаймыз. Адамгершілік қасиеттердің жетілуі – оқу- тәрбие жұмысының нәтижесі және тәрбие жұмысы тиімділігінің негізгі өлшемі.
Ойын оқушылар сабақтан жалыққан кезде олар сергітіп, сабаққа ынталандыра түсу үшін пайдаланылды.
Осы ойын түрлері « не үшін қажет?» деген сұраққа атақты психологтер өз енбектерінде былай деп жауап береді:
1- ден, «ойын мінез –құлықтын ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі», - дейді психолог Д.Б. Эльконин.
2- ден, әйгілі психолог А.Н. Леонтьевтің айтуы бойынша, ойын іс - әрекеттегі әдептілікке үйрену мектебі болып табылады
3- ден, «ойын мінез –құлықтын ырықты дамуының алғашқы баспалдағы, яғни, мектебі», - дейді психолог Д.Б. Эльконин.
Жаттығу «Күн шуақты алаңқай»
Мақсаты: Қатаю дан арылу, жылы достық қарым – қатынастық қалыптастыру.
Нұсқау: Елестетіңіз, күн шуақты көк шалнын алаңқайда, дем алып отырмыз. Күн шуағы қөздеріңізге қарайды. Көздеріңізден беттеріңізге қарай жылжиды. Алақандарыңызбен сипалаңыздар. Ол ары қарай маңдайыңызға, мұрыныңызға, ауызыңызға, бетіңіздің ұшына, иегіңізге түсті. Одан кейін мойыныңыздан, қолыңыздан денеңізден, арқадан сипап өтті. Күн шуағы сізді жылытты.
«Күн шуақты алаққай» қызыл – сары, қош иісті, әсем гүлдерге толы. өз өзіңіздің ұнатқан гүліңізді түйіп, жылы лебізіңізді, тілегіңізді білдіріңіз.
Сергіту ойыны.
Екі қол, он қол, сол қол
Оң қол, сол құлақ
Сол қол, оң құлақ
Оң қол, ауыз (мұрынды ұстау, жаңылдыру)
Сол қол, бас
Оң қол, бес саусақ
Сол қол , бес саусақ
Екеуін қоссақ (9 саусақ, жаңылдыру)
10 саусақ балалардың жауабы.
«Қонақ келді» ойыны
Екі қолдын алақанын беттестіріп, екі бас бармақты бір – біріне ашып – жауып, «Ала – ала», балан үйрек саусақ «Немене?» шылдыр шумек саусақтар «Қонақ келді», кішкене бөбек саусақтар «келсе, келсін» ортан
терек саусақтар «Амансыз ба, амансызба?» содаң соң барлық саусақтар «Амансыз ба, амансыз ба?» деп бір бірмен амандасады.
«Ұшақтың екі ұшқышы ушуға дайындалды»
Саусақ және алақан ойындары балаларға ерте жастан пайдаланды.баланың сөздік және ойын қорын дамытуға пайдаланды. Бұл ойында жүргізуші мен баланың қолы, қимылы бірге қозғалуы тиіс.
Біз қонуға дайынбыз Рейс аяқтылды. Бәрі жақсы. |
Саусақтын қозғалысын баяулата отырып, қолды төмен түсіру тудырықты үстелге қою. |
«Тік ұшықтар»
Тік ұшақтын екі ұшқышы Ұшуға дайындалды -мен дайынмын! -мен де дайынмын |
Жудырықты үстелге қойып, бармақты жоғары көтеріп.Баспармақпен сол және оң жақты қозғалту. |
Біз жоғары ұшамыз Әне, төменде ағаштар, төбелер, жолдар және егістік далалар.бұл үлкен жер Біз онда да мұнда барғымыз келеді Біз ұшамыз!3 |
Бармақпен ызылдап отырашеңбер жасау бармақпен тез – тез айналдыру. Баланың қалауы бойынша бөлме ішінде жүгіру. |
Біз қонуға дайынбыз Рейс аяқтылды. Бәрі жақсы. |
Саусақтын қозғалысын баяулата отырып, қолды төмен түсіру тудырықты үстелге қою. |
«Қолғап»
Қызықты сөздер |
Саусақ қозғалысы |
Жуырда күн суытады Онда не істейміз? Бір қолда бір қолға Киінуге көмектеседі |
Қолды ауызға апарып, алақанды жылыту. |
Жылы, үлкен тон киіп ал Қалай жақсы болғаны. |
Бастапқы оң қолдың үш саусақтың басын бармақпен басынан соңына дейін сипау |
1,2,3 бірінен соң бірі Киініп алғанын қарашы |
Сол сияқты сол қолдың үш саусақғын сипалап өту. |
Есінеп тұр ол бала Не қилып тұрсын киін |
Кішкентай бөбекті екі рет сипау. |
Осы қозғалыстарды басқа қолымен қайталау | |
Барлығы өз орында: Қолында қолғап |
Қолды жоғары көтеріп, оған қарау, саусақтарды қозғалту |
«Кім жоғын тауып ал»
Ойыншылардың барлығы көздерін жұмуы керек.Осы уақытта жүргізуші бір баланы иығынан түртеді, ол дыбыссыз жәй кетіп қалады. Жүргізуші белгі бергенде барлығы көздерін ашып, кім жоқ екенің тауып алуы керек. Кім жоғын ең бірінші кім тауып дәл осылай қиялдаңыз немесе ұйықтар алдына тіпті күні бойы осылай армандаңыз». Енді бір оқушы сыртқа шыға тұрсын, ал, сіздер балалармен қенесіп алып, қандай да бір сүретті алып тастай тұрасыз, т.б. Енді сыртта тұрған бала шақырып аламыз, ол адам мына жерде не жетіспейтінін айтыу керек
«Бірге ән айту» жаттығуы.
Топтың мүшелері бір-бірінің қолдарынан ұстап дөнгелене тұрады да, ыңылдау арқылы кез – келген нота бойынша әндете бастайды. Осылайша олар бірте – бірне дөнгелектің ортасына бір – біріне жақындай қозғала бастайды. Олар бір ырғақпен музыканы бірге айтуға тырысу керек. Тек сол кезде ғана олар бір – біріне деген жақындықты сезінеді. Жаттығудың шарықтау шегі – ойыншылардың хормен әндетуі
Егер тренинг кезінде ойыншылар шаршай бастаса, осы жаттығуды орындату керек.
«Не жетіспейді?»
Бұл ойынды балалар стол басына келгенде ұсынуға болады. Біріншіден, үстөлде сүреттер жатыр не бар, соны зейін қойып, карап алыңыздар және естерінде сақтандар деп ескертуіміз керек Мысалы: жанындағы әсерлермен пайдаланады. Айналасындағы тұрмыстан нені көрсе, соны істейді. Мысалы, қазақ
баласы біреуі ат болып қашса, біреуі құрық салады; шырпыларды тізіп-тізіп көш жасайды, балшықтан мал жасайды, қуыршақтан қыз жасап, таныстырады, күйеу келтіреді, құда түсіреді» - деген.
«Әйнек арқылы ойыны»
Қатысушылардың біреуі параққа бір мәтінді жасырады, оны әйнек арқылы, яғни, ым – ишарамен, мимикамен келесі адамдарға жеткізеді, олар ұққандарын айтады. Берілген және жазылған мәтіннің
сәйкестік денгейі қарым – қатынас орната білуге болады.
«Пікір – талас» ойыны.
Топ «үштікке», яғни, үш –ұштен бөлінеді. Әрбір үштікке міндеттері бөлініп беріледі.Қатысушылардың біреуі «керең және мылқау» рөлін ойнайды: ол ештене естімейді, сөйлей алмайды, бірақ оның қатысушы құзырында көру, ым – ишара, пантомимика бар, екінші қатысушы «керен және сал адамның» рөлін ойнайды: ол сөлей және көре алады; үшіншісі: «соқыр және мылқау». Ол тек естуге және көрсетуге қабілетті..барлық үштікке ұсынылатын тапсырма:
кездесу орны, уақыта және мақсаты жайында келісу.
«Карусель» ойыны.
Топ мүшелері «карусель» принципі бойынша, яғни, бір – біріне қарап тұрады және екі шеңбер құрады: ішкі шеңбер қозғалыссыз, ал, сыртқы шеңбер қозғалмалы болады.
Ситуация мысалдары:
- Сіздің қарсы алдынызда өзініз жақсы танитын, бірақ, ендәір ұзақ уақыт бойы көрмеген адам тұр. Сіз бұл кездесуге куаныштысыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда таныс емес адам тұр. Онымен танысыңыз...
- Сіздің қарсы алдыңызда кішкентай бала тұр, ол әлденеден шошынған. Оған жақындап барыңыз және оны жұбатыңыз.
Байланыс орнатуға және әңгімелесуге 3-4 минут беріледі. Содан сон жүргізуші белгі береді және тренингке қатысушылар келесі қатысушыға жылжиды.