Психологиялық ойындар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 19:10, реферат

Описание

Адамдармен тамаша қарым – қатынас болудын өзі бізді тек зергуден, айықтырудан тыс әулементік тұрғуда физиологиялық және психикалық денсаулығымыздың ақаусыздығына ықпал жасайтындығын байкатады. Өздерінін мінез құлықтарының кемшіліктерімен, артықшыларын көре білуге тәрбиелейді.

Содержание

Аннотация
Кіріспе
«Оқушылардың қарым – қатынас дағдыларын дамытуға арналған ойындар мен жаттығулар»
Ойын элементерін қолдану
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Психологиялық ойындар.docx

— 43.96 Кб (Скачать документ)

 

«Қозғалысты шеңбер бойынша беру». Ойыны.

Барлық қатысушылар  шеңбер құрып отырады. Топтағы қатысушылардың біреуі  қиялыңдағы затты оны жалғастыруға болатындай етіп әрекет арқылы береді, көршісі  осы әрекетті  қайталайды және оны жалғастырады. Осылайша, зат шеңберді айналып  шығады және бірінші ойыншыға қайта айналып келеді. Ол өзі берген заттың атауын  атайды  және қатысушылардың әрқайсысы өз кезегінде өздері берген заттың атын атайды. Талқылаудан сон, ойын тағы бір рет қайталанады, қорытынды ретінде «Соңғы кездесу»  ойынын жүргізген жөн. 

 

«Сыйлықтар» ойыны. 

Бұл ойын топта жағымдық атмосфераны тудыру үшін ойналады. Психолог үшін бұл ойын  диагностикалық мәнге ие, себебі оның ұйымдастыруы арқылы топтың социометриялық құрамы анықталады.   

 Ойынға қатысушылар саны 12-16 адам болса өте жақсы. Ойының ұзақтығы -35 - 60 минут.   

 Ойын басталмас  бұрын психолог ойынға қажетті  материалдарды дайындап алады:  ішінен ештеңе көрінбейтін пакет және таза қағаздар («билеттер»). Билеттің саны топтағы ойыншыларды 2-3 көбейткенге тең болғаны жөн. Егер топтағы адамдар саны өте көп болса , әр ойыншыға 2 билеттен кем билет берілмеуі керек. Ал адамдар саны аз болса әр адамға 3 билеттен беруге болады. Ойыншылар әрбір билетке адамның бойындағы асыл қасиеттерді жаза бастайды. Ойыншының не жазып отырғанын оның өзінен басқа ешкім көрмейді. Осыдан кейін жазуын ішіне қаратып орап, билетті пакетке салады. Психолог билеттерді араластырады. Топ  дөңгелене отырады, ал билеттер салыңған пакетті орындыққа қойып, орындықты  дөнгеленген ойыншылардың ортасына қояды. Жүргізуші пакеттен билет суыратын ойыншыны таңдайды.Ол пакеттен билетті суырып алып оқиды да, сол билеттегі қасиеттер кімге лайық болса сол адамға билетті ұсынады. «Сыйлыққа» ие болған ойыншы да билетті оқып, «сыйлықты» берген ойыншыға алғысын білдіреді де, өзі билет суырады. Сол билетке лайық адамға билетті ұсынады. Ойын осылайша жалғаса береді.Ойыншылардың билетте көрсетілген қасиеттерді іштей оқымауын психолог қадағалаған жөн. Осындай жағдайда ғана ойын тартымды әрі қызықты болып өтеді. Ойын шусыз, тыныш өтсе де өте қызықсыз болады.Сонымен қатар «сыйлықты» айналдырып 2-3 адамға бере беруге болмайды.

Себебі өзге ойыншылардың іштері пысып, өздерін қажетсіз сезіне бастайды.

 

 

Ойын  элементерін қолдану 

Төменде ұсынылатын жаттығулар ойын құрамдастары мен белсенді тындау техникалары арқылы, тиімді қарым – қатынас тәсілдерін меңгеруге  мүмкіндік береді.

Ұсынып отырған  оқу құралы білім беру үйымдарының әдіскерлеріне, жаңашылдықпен жұмыс жасайтын жалпы білім беретін мектеп психологтарына, арналған.

 

Қорытынды    

 Тиімді жұмыс  атқару үшін маман өзінің беретін  пәнін, әр түрлі әдіс- тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта,  сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Баланың жеке тұлға  ретіндегі дамуы, өзіндік көзқарасының калыптасуы, ой - өрісінің кенеюіне психологиялық диагностиканың қосар үлесі мол. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке,  тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін де – осы ғылым.                      

 Қорыта айтқанда, кәзіргі кезде қоғамдарынды, кабілетті  адамдарды қажет етеді. Жеке  тұлғанын рухани өсуіне психологиялық  – педагогикалық жағдай жасай  отырып, өз ортасында және өзге  ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу,

өзіне - өзі  сенімді, жауапкершілік қасиетті сінірген тұлға ретінде қалыптастыру  қажет. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор куаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған  әдебиеттер 

 

  1. Мектептегі психология ғылыми- әдістемелік журнал №2 2008
  2. Педагогикалық консилиум Оракова А.Ш. Алматы 2008
  3. Мектептегі психологиялық  диагностика Әдістемелік құрал Астана 2005
  4. Мектептегі психология - әдістемелік журнал №1 2007
  5. К.С.Жұмасова Психология  Оқулық Астана -2006
  6. Рогов Е.И. Психологтың үстел кітабы Баспа. ВЛАДОС орталығы,2004.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ  ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

 

                                                              ФАКУЛЬТЕТ: Физика-техникалық

                                                              КАФЕДРА: Жылу физикасы

 

 


 

 

 

 

 

 

Тақырыбы: Психологиялық ойындар

 

                                                             Орындаған: Бейсенов Х.И.

                                                                           Қабылдаған: Адилова Э.Т.

 

 

 

 

 

 

АЛМАТЫ-2013


Информация о работе Психологиялық ойындар