Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 11:08, магистерская работа
Қазақтың ата-текті білуге бағытталған зерделілігін мүлдем кереғар мағынаға бұрып, рушыл-дықты қоздыру, тіпті соны өзінің күнкөрісіне, пайда көзіне айналдырушылар бұрынғыдан күшейді.
ЖАСТАР САЯСАТЫ
8-Ақпан, 2011 | Жаңалықтар - Авторы admin | Пікір жазу
Асқар МЫРЗАХМЕТОВ, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі
Қазақтың ата-текті білуге бағытталған зерделілігін мүлдем кереғар мағынаға бұрып, рушыл-дықты қоздыру, тіпті соны өзінің күнкөрісіне, пайда көзіне айналдырушылар бұрынғыдан күшейді. Оны айтасыз, өз руластарын жатқызып өргізетін, айтқанын екі етпейтін «қолбалаларын» қызмет бабында өсірумен айналысатын «құдіретті» рубасылары пайда болды. Аталған дерттің ел ішінде тереңдеп кеткеніне елдік, ұлттық биіктен қарай білген Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов журналымыздың 2009 жылғы №7 санында осы проблеманы көтеріп, оны зиялы қауым өкілдері талқылап, кеңінен қолдағаны мәлім.
Бұл жолы да облыс әкімі зерделілік танытып, жастарды мәңгүрттіктен бойларын аулақ салып, ауылға, яғни рухани тамырына, салт-дәстүріне, тіліне, діліне ата-баба дініне бет бұруға шақырып отыр. Әрине, бұл өте орынды бастама. Сондықтан облыс әкімінің мақаласын көпшілік назарына ұсынуды жөн көрдік.
Аға ұрпақ қашанда өзінен кейінгілердің азып-тозбауына мүдделілік танытып қана қоймай, олардың алдыңғы істі жалғастыруын қалайды. Ұлтымыздың мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан салт-дәстүріне, тіліне, діліне, дініне берік болуын аманаттайды. Алайда сол аманатты бүгінгі ұрпақ қалай арқалап отыр? Ана тілін және өзінің ұлттық ерекшеліктерін білмейтін, ең бастысы, «білмеймін-ау» деп қымсынбайтын, қымсынғанды қойып, менсінбейтін, сөйтіп, өз тегінен, рухани болмысынан қол үзгендер жоқ емес. Заңғар жазушы Ғабит Мүсіреповше айтсақ, ана тілін, расында да, өгей ұлдары өзекке тепті. Осындайда Шыңғыс Айтматовтың әлем әдебиетіне енгізген «мәңгүрт» ұғымының қазақ жеріндегі оқиғадан бастау алғандығы тегін емес-ау деген ой келеді. Өкінішке қарай, біз ұлы жазушы тудырған сол шығарманы оқығанымызбен, одан өзіндік тәлім алып отырмыз ба? Сол сияқты жерлесіміз Саттар Ерубаевтың өршіл рух биігіне жетелейтін шығармасын да қаншалықты үлгі тұтып жатырмыз. Болмаса, Саттар кез келген адам үлгі тұтарлықтай, өз заманының жасындай жарқылдаған жігерлі жасы болатын. Өзіміздің Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы. Қарапайым ауылдан шыққан бала еді.
Әрине, жарқылдаған қалалар жастар легін өзіне еріксіз тартып тұрады. Жаңа жүзжылдықта тәуелсіз халқымыз қалалық ұлт болып қалыптасуға да талпынғаны абзал. Алайда жаһандану үрдісі жаппай белең алған тұста қалалардан гөрі, өзіндік бет-бейнесін сақтап қалған ауылдарға, яғни жастардың ұлттық әдет-ғұрыпқа, тілге, дінге, ділге қарай бет бұруы өздеріне де, елге де, жерге де тиімді болар еді. Аталған ұлттық құндылықтардың тамыры, сөз жоқ, ауылда. Сондықтан бүгінгінің Саттар Ерубаевтары осы бағытта қам жасап, өз табиғи тамырына оралуға жол бастасын дегіміз келеді.
Әлем ғалымдарының пайымдауынша, жаһандану – «Әлемдік жаңа тәртіп». Анығырағы, сол тәртіп бойынша өмір сүру. Онда ұлттық құндылықтардың ескерілуі екі талай. Діни ағымдар қаптайды. Олар іштен де, сырттан да келіп ыдыратады. Осындай заманда далаға да, қалаға да өзінің ұлтының тілін, ділін, дінін қастерлейтін және тұтынатын азаматтардың қажеттілігі айтпаса да түсінікті. Соған орай Елбасымыз «Дипломмен ауылға» идеясын көтерді. Кеңес дәуірінде диплом алған әр маман далада қалмайтын. Жолдамамен әркім жоғарыдан нұсқаған жерге барып қызмет істеді. Оларға толық жағдай жасалды. Міне, біз сол үрдісті қайтадан қолға алудамыз. Мәселен, ауылға барған маманға 90 мың теңге көлемінде біржолғы көтерме ақы төленуде. Сонымен бірге тұрғын үй сатып алу үшін несие беріледі, 25 пайыздан кем емес мөлшерде көтеріңкі лауазымдық жалақы тағайындалады. Өткен жылы 318 маманға 30 млн. теңге қаржы бөлінді. Яғни дағдарыс кезеңі қаншалықты қиын соққанымен, Елбасының саясатының арқасында өнеркәсіп, орта және шағын бизнес, ауыл шаруашылығы, басқа да салаларда жоспарлаған межелер артығымен орындалып, едәуір өсімге қол жеткіздік. Білім, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қолдау салаларында ауқымды жұмыстар атқарылды, қордаланған проблемалар шешімін тапты.
Жас мамандардың тәжірибе жинауы үшін 12400 жұмыс орнын құруға 1,1 млрд. теңге бөлінді. 2140 ұйыммен келісім-шарт жасалып, 15 мыңдай адам жұмыспен қамтылды, 35 жаңа мектеп іске қосылды.
Елбасымыздың биылғы Жолдауы «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп аталады. Яғни, Жолдаудың атының өзінде «жаңа» деген сөз үш рет қайталанып, жаңаруға шақырып тұр. Жаңа белестерге шығу керектігіміз міндеттелген.
Сол міндеттердің ішінде жастар мәселесі ерекше орын алатындығы белгілі. Биыл да жастардың тәжірибе жинауы үшін 6,5 мың және жалпы әлеуметтік тұрғыдан 2300 жұмыс орны ашылады.
Көп жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан 62 апатты мектеп болса, оның 45-іне осы жылы облыс бюджеті есебінен жаңа ғимараттар бой көтермек. Үш ауысымда оқитын 29 мектептің мәселесі де толығымен шешіледі.
«Балапан» бағдарламасының аясында 7 мың орын-дық 118 білім, тәрбие беру мекемесін ашу жоспарда.
Мәдениет пен спорт салаларына да баса назар аударылады. Оларға бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 934,4 млн. теңгеге артып отыр.
Мемлекеттік
оқу гранттары жыл сайын
2009 жылы студент жастардың «Жасыл
ел» еңбек отрядтарына және
«Студенттік құрылыс
Жастар атқарып жатқан оң істер баршылық. Елбасымыз «Жиырма бірінші ғасыр – білімді де талантты жастардың ғасыры» деп атап көрсетті. Облысымыздағы «Дарын» мектептерінде 6700-ге жуық оқушы білім алуда. Халықаралық жарыстарда, байқаулар мен конкурстарда озып жүрген спортшыларымыз, өнерпаздарымыз, студент жастарымыз бен оқушыларымыз да аз емес.
Жақында талантты жастар өкілдерімен арнайы кездесу өтті. Ашық әңгіме болды. Жастар тарапынан көптеген пікірлер мен ұсыныстар айтылды. Кездесу қорытындысында жалынды жастарымыз бар екендігі бір жағынан қуантса, екінші жағынан ойландырды. Себебі, бар мәселені мемлекетке жүктеу көрініп тұрды.
Кездесуде сөз болғандай, «жастар орталығы» атына сай қызмет ететін орынға айналуы тиіс. Ол үшін арнаулы ғимарат материалдық-техникалық жағынан жарақтандырылып, ең бастысы, әкімшілікпен қоян-қолтық жұмыс атқару үшін тиісті жағдай жасалды. «Жастар сарайы» ашылғалы отыр.
Өмірдің өзекті проблемасы – жастар тәрбиесі қай қоғамда, қай уақытта болмасын өзінің маңыздылығын жоғалтқан емес. Болашақ бесіктен басталып, бала тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасатыны белгілі.
Алайда деректерге жүгінетін болсақ, оқушылар арасындағы қылмыс 2008 ж. – 122 болса, 2009 ж.– 167-ге жетті.
Жасөспірімдер жасаған аса ауыр және ауыр санаттағы қылмыстар: қасақана кісі өлтіру 6-дан 11-ге, ауыр дене жарақатын салу 5-тен 15-ке көбейді.
Бұл әсіресе Шымкент, Түркістан
қалалары мен Сайрам, Түлкібас, Қазығұрт
аудандарында өршіп тұр. Әрине, бұған
жауапты мемлекеттік орындардың
еңбегін ешкім жоққа
Мектеп қабырғасында дарынды, білімді оқушылар жоқ емес. Дегенмен жекелеген жетістіктердің, атап айтқанда, «Алтын белгі» иегерлерінің, халықаралық, республикалық, облыстық олимпиадалар, жарыстар мен байқаулар жеңімпаздарының бүкіл оқушылар санына шаққанда саусақпен санарлықтай күйде қалуы, жалпы сапалы білім, саналы тәрбие деңгейінің төмендігі, ащы да болса, шындық.
Қазіргі кезде әр сала бойынша қала, аудандардағы жағдайды халықпен бірге талқылау жүргізілуде. Оны облыс әкімінің орынбасарлары бастаған арнайы топтар жүзеге асыруда. Осыған дейін тексерілген Ордабасы, Сарыағаш, Мақтаарал аудандарындағы білім саласында көп жайттар анықталып отыр. Жұмыспен танысу барысында бірқатар мектеп директорларының себепсіз жұмыс орнында болмауы, мұғалімдердің сабаққа дайындалмауы, оқушылардың сабаққа келмеуі, келсе де сабақ тақырыбын білмеуі үйреншікті дағдыға айналған сыңайлы. Нәтижесінде, аталған үш аудан бойынша 5 мектеп директорын қызметінен босату, 16 мектеп директорларының жауапкершілігін қарау жөнінде ұсыныс берілді. Осыдан 5-6 жыл бұрынғы мектеп пен бүгінгі мектептің айырмашылығы қандай? Не үшін мемлекет мектеп үшін бар жақсылықты үйіп-төгуде? Әлемдік стандарттарға сай жаңа технологиялармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде? Әрине, оның бәрі өскелең ұрпақ, яғни, елдің болашағы үшін.
Жаңа құрылған жас отауға «Босағаң берік болсын!», – деп тілек айтамыз. Алайда шаңырақтары тым тез шайқалып жатқан жұптар да аз емес. 2009 жылы ғана құрылған 21068 отбасының 2625-і немесе 12,4 пайызы ажырасқан. Ал биылғы жылғы 2 жарым айда қосылған 2173 жұптың 287-і немесе 13,2 пайызы ажырасып үлгерген. Бұл нені көрсетеді? Мән берсек, бұл – ұлттық құндылықтарымыздың, әдет-ғұрыптарымыздың өзгергені, арзандай бастағаны емес пе?
Егерде бұл қорытындыға
Қалтасы қалың немесе лауазымы жоғары ата-аналар балаларына жоғары бағалар қойғызады. Кейбіреулері қомақты «сыйақылар» арқылы, кейбіреулері қоқан-лоққы арқылы дегендей әңгімелер де негізсіз деп айта алмаймыз.
Мектептерде орын алып отырған жайларға қоғамның, сол қоғам өкілдері – ата-аналардың ықпалы қандай? Өкінішке қарай, көп жағдайда ата-аналар комитетінің мүшелігіне мектеп директоры мен мұғалімдерінің ұйғарымымен, өздеріне ыңғайлы адамдар сайланып, комитет солардың мүддесін орындаушы «қолшоқпарға» айналып отыратыны – өмір шындығы. Бар кінәні, жауапкершілікті жалғыз мектепке артып қою да артық. Ауыл әкімдерінен мектептерге бас сұқпайтындары да жоқ емес.
Мектеп аудандық білім бөлімімен жұмыс жасайды, онда менің шаруам жоқ деген сыңай танытатындар да бар. Ондай әкімдер қатты қателеседі. Себебі ол өз жауапкершілігі аумағындағы халықтың, соның ішінде жастардың білімі мен тәрбиесіне, қоғамдағы алар орнына сол қоғам мүшелерімен бірге жауапты. Қажет болса, әрбір жастың проблемасы бойынша әрбір ата-анамен, мектеппен жұмыс істеуге міндетті.
Қазақстан республикасының Ата Заңы – Конституциясының 27-бабының 2-тармағында «Балаларына қамқорлық жасау және оларды тәрбиелеу – ата-ананың етене құқығы әрі міндеті», – деп айқын көрсетілген.
«Неке және отбасы туралы» Заңда «Бала тәрбиелеуші ата-аналар оның дене, психикалық, адамгершілік және рухани жағынан дамуына қажетті өмір сүру жағдайларын қамтамасыз ету үшін негізгі жауапкершілікте болады», – делінген. Заңдылықтарда ата-аналардың балаға қатысты бұдан да басқа міндеттері айқындалған. Ал шындығына келгенде, заң органдары, мектеп, жалпы қоғам болып заң талаптарының орындалуын әрбір ата-анадан талап етуді толыққанды жүзеге асырудамыз ба? Әрине, жоқ. Баланы тәрбиелеу, оған білім беру, азамат ету – бәрінен маңызды. Жерді қайта жыртуға, өнбей қалған тұқымды қайта себуге болар, ал уақытында білім мен тәрбие алмаған баланы қайта қалыптастыруға мүмкіндік өте шектеулі.
Шын мәнінде біздің жастар уақыт талабына, заман зәрулігіне сай тірлік атқара ала ма? Кәсіпкерлікке икемді ме? Бәсекеге қабілетті ме? Міне, осындай сұрақтарға нақтылы жауап таба білуге тиіспіз. Бұл – үлкендерге де, жастардың өздеріне де тікелей қатысты сауалдар.
Әлеуметтік-экономикалық салаларда, білім мен денсаулық сақтауда, тағы басқа да толып жатқан тірліктерде ерен еңбек етіп жүрген жастар көп. Университеттерде, институттарда, арнаулы орта оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде талантты, дарынды, келешекте еліміздің мақтанышы боларлықтай жастар аз емес.
Бірақ жастардың одан да көп бөлігі баршамызды қатты ойландыратыны рас. Жастардың дені қазір қиындықтардан қашады. Шаруашылыққа, кәсіби – техникалық жұмыстарға зауқы жоқ. Дихангершіліктен де қашқақтайды. «Ауылдық жерлердегі жастар түнімен теңселіп, күндіз ұйықтайды» деген пікірлер жиі айтылып жатады.
Кейбір ауылдарда көшенің бір басында зейнетақы алған шалдар, екінші басында жастар ортаға шөлмек қойып алып, карта ойнап отыратын көріністерге көз үйренген сияқты. Ал сондай ауылдардың бау-шарбақтары қирап, үй іргелік телімдері, жекешелендірген жерлері игерілмей жататыны қалай?
Жұмыссыздықты тек мемлекеттің күшімен жою мүмкін емес. Рас, мемлекеттік атқарушы органдар, жоғарылы-төменді әкімдер тарапынан олқылықтардың кездесетіндігін жоққа шығаруға болмайды. Бірақ көрініп тұрған тірліктердің өзіне мойындары жар бермейтін, шөптің басын сындырғысы келмейтін жастардың өз жауапкершіліктері, оларға деген ата-аналардың, қоғамдағы аға буын өкілдерінің жауапкершіліктері қайда? Дана Абай айтқандай, өз тірлігімізді өзіміз істеуге ерінсек, қайда барамыз? Ауылда неге жұмыссыздық болуы тиіс? Егер әрбір жас өз үйінің жерін игерсе, табыс тапса, пайдасын көрсе, бұл жұмыс емей немене? Кейбір жастар бұл қиыншылықтан құтылудың жолын жұмыссыз ретінде тіркеліп, ол үшін мемлекеттен бөлінетін қаржыны місе тұту тәсілінен іздейді. Жасыратыны жоқ, балалардың, жасөспірімдер мен жастардың психологиясында табысқа оңай, жеңіл жолдармен, ауырдың үстімен жету, тек рахаттануды, ішіп-жеуді, ойнап-күлуді мақсат ететін идеялар басым болып бара жатқан сияқты. Бұл тұрғыда балаларын сыйлық пен көл-көсір ақшаға көміп тастайтын ата-аналар да, жастардың өздері де терең ойлануға тиіс.
Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, балалардың, жастардың бойында тек ұдайы рахаттануға, демалуға ғана ұмтылушылық мәңгүрттікке жетелейді. Көптеген елдерде компьютерлік, интернеттік зиянды ойындарға, теледидардағы қатыгездік пен жалаңаштыққа үлкен алаңдаушылық туып отыр. Бірқатар мемлекеттерде компьютерлік әлем мен кітап оқуды, оның ішінде көркем әдебиет оқуды тең ұстап, тең меңгеру жолға қойылуда, талап етілуде. Заңдық та, тәлім-тәрбиелік те тетіктер жасалуда. Әрбір отбасыдан, балабақшадан, мектептен бастап, колледж, университеттерге дейін жастар тәрбиесінде тегеурінді рухани мағына керек екені біздің тарапымыздан да айтылып, жазылып жүр. Өкінішке қарай, нақтылы істер аз. Қазақ қыздарының жезөкшелікке бой ұруы қоғамның дертіне айналуда. Жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықты жоюдың жолында олардың бәрін соттату, түрмеге жабу шарт емес. Мәселе оларға дұрыс тәрбие бере отырып, келеңсіз жайлардан сақтай білуде. Қандай да болмасын жасалған оғаш әрекеттерді ел ағаларының, билерінің арасында талқыға салып, жастарды өрескел мінездерден аулақ болуға бейімдеуде. Бұл ретте Қазығұрт ауданы, Жаңабазар ауылы ақсақалдарының «Қымызхана» басқосу жиынының аудан тағдырына, ауыл өміріне, ұрпақ тәрбиесіне арналған дәстүрлі жұмысы басқаға үлгі боларлықтай.
Информация о работе Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы,оқытудың формалары