Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы,оқытудың формалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 18 Октября 2012 в 11:08, магистерская работа

Описание

Қазақтың ата-текті білуге бағытталған зерделілігін мүлдем кереғар мағынаға бұрып, рушыл-дықты қоздыру, тіпті соны өзінің күнкөрісіне, пайда көзіне айналдырушылар бұрынғыдан күшейді.

Работа состоит из  1 файл

ЖАСТАР САЯСАТЫ.doc

— 68.00 Кб (Скачать документ)

 

Дипломның өзін оқумен, ізденумен  емес, басқа жолмен, жеңіл әдіс-тәсілдермен  алуға тырысу дендегелі қашан?! Біз  арнайы комиссия құрып, білім беру сапасы нашар 20 колледждің лицензияларын 6 ай мерзімге тоқтаттық. Жасыратыны жоқ, кейбір мемлекеттік оқу орындарында сынақ кітапшасына қойылатын бағаларға дейін сатылады, жекеменшік университеттерде студенттер сабаққа қатыспайды деген де ақпараттар шындыққа сайып жатады. Бұл өз кезегінде дипломды маманның қажеттілікке жарамай, жұмыссыздар қатарын көбейтуіне себеп болады. Сонымен қатар көптеген жастардың мамандық таңдаудағы қателіктерінің салдарынан жұмыссыздыққа тап болатын жайлары бар. Қажет пе, жоқ па, әйтеуір, экономика, қаржы, заң сықылды санаулы мамандықтарды таңдау соңғы жылдары тіптен үрдіске айналды. Жасыратыны жоқ, аталған маман иелері халықтың түсінігінше «жіліктің майлы басы» болып есептеледі.

 

Өткен 2009 жылы облыстың жоғарғы оқу  орындарында экономика және қаржы  саласын 2108, заң саласын 859 жас маман  бітіріп шыққан. Алайда сұраныс одан көп төмен. Бұл жағдай жас педагогтарды дайындауда да көрініс табуда. Облыс бойынша қажеттілік 547 болса, бітірушілер саны 3600-ден асқан. Соның ішінде филология мамандығына сұраныс 30 болса, 1598 жас оқу бітірген. Талдау негізінде бір жылдың өзінде 10 мыңға жуық дипломды маманның жұмыссыз қалатынын көреміз. Бітірген мамандығы бойынша бірден еңбек етіп кетпегесін, оқып не керек? Ал, керісінше, орта буындағы кәсіби техникалық мамандар жетіспейді. Демек, жергілікті жерлерде жастарға кәсіби бағдар беру жұмысы өте төмен деңгейде.

 

Бізді қатты алаңдатып отырған  мәселенің бірі – жастар денсаулығы. Жыл сайын Қазақстан Қарулы Күштерінің қатарына шақырылу барысында жас  жігіттеріміздің бойында түрлі  ауруларының көптігі анықталады. Тіпті олардың көбінің салмағы қалыпты деңгейде емес. Анығы – жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортпен шұғылдануға жағдай жасау, дәріптеу жұмыстары жеткіліксіз. Облысымыздағы 900-ден астам елді мекендердің басым бөлігінде, мектептен тыс ауыл жастары үшін қарапайым спорт алаңдары жоқ. Сонда жастар бос уақыттарын қалай өткізбек? Әрине, қол бостықтан әр нәрсеге ұрыну осыдан басталады. Сондықтан қала, аудан әкімдерінен барлық елді мекендерде қарапайым, шағын спорт алаңдарын құруды талап етіп отырмыз.

 

Қысқасы, жоғарыда айтылған кемшіліктерді жасыра берсек, «Ауруын жасырған өледі» демекші, сырқаттар дендеп кетпек. Оларды ашық айтқан абзал. Рушылдық, жүзшілдік , жершілдік, ру президенттерінің өріссіз, өресіз әрекеттері туралы былтыр мәселе көтердік. Өкінішке қарай, жастар арасында да мұндай жаңғырықтар жоқ емес. Тіпті кейбір университеттер мен колледждерде, кейбір орта мектептерде де осы дерттің көріністері кездесетін көрінеді. Елбасы қашанда болса да ұлттық қасиеттерімізді, ұлттық қауіпсіздігімізді, ұлтаралық келісім мен татулықты сақтап, нығайта түсуге айрықша мән-маңыз беріп келеді. Соның тағы бір дәлелі – биылғы жаңа жолдау.

 

Сөз басында немқұрайлылық мәселесіне ерекше тоқталдық. Ол жаңа қырларымен болмысымызға тереңдей енуде. Сондықтан  соңғы кездері оңтүстік өлкенің перзенті М.Шаханов жиі мысалға келтіріп жүрген мына мәселеге жастар да, ата-аналар да баса назар аударғаны жөн.

 

«Неміс  ғалымдары мынадай тәжірибе жасаған. Дүние есігін қаққалы бері бірде-бір  сөз естімеген 10 неміс, 10 ағылшын, 10 француз баласын бір бөлмеге жатқызып, әрқайсысының аузына емізік салады. Алғашқы кезде бәріне неміс тілінде жылы-жылы сөз айтады, ғұмырларына сәт сапар тілейді. Бұл кезде ағылшын, француз балалары ештеңе сезбегендей үнсіз жата береді. Ал неміс балаларының жүзіне өзгеше сипат, өзгеріс еніп, бәрі жапа-тармағай емізіктерін сора бастайды. Әлгі сөздерді ағылшын, француз тілінде айтқанда, ол ұлттың бөбектері де неміс балаларының қимыл-әрекетін қайталайды.

 

Бұл не? Әркімнің өз ата-бабасы бар. Әлдеқашан о дүниелік болып кеткен сол ата-баба мен оның бүгінгі ұрпағы арасында жай көзге мүлдем көрінбейтін генетикалық-ақпараттық түйсік-сана ағысы жүріп жатады екен. Кімде-кім өз ана тілінде (яғни баба тілінде) сөйлеуді, ойлауды тоқтатқан сәтте сол байланыс шорт үзіледі және әлгі адамның тағдырына да елеулі өзгеріс енетін көрінеді. (Мұны өз ана тілінде мүлде сөйлей алмайтын, қазіргі қазақ ұлты өкілдерінің бет бейнесіндегі ұлттық ерекшеліктің шегініске түскенінен де айқын аңғаруға болады)

 

Жоғарыда  айтқан генетикалық-ақпараттық ағыс аясында әр ұлт пен ұлыстың, тіпті жеке адамдардың да энергетикалық коды болатынын ғылым дәлелдеп отыр» (Мұхтар Шаханов. «Ұлт анасы – тіл». Алматы. 2010.)

 

Өткен ұрпақпен де өзіндік байланыстың бар екендігін  жоққа шығару қиын. Сәбиінің тілін  ана тілінде шығару – ата-ананың ұлттық парызы емес пе?

 

Алланы  ауызға алғасын, дін мәселесін де аттап өте алмаймыз. Жастар, шүкір, имандылыққа мойын бұрды. Бірақ  ата-баба дінін, яғни дәстүрлі дінді  ұстану қазақ халқы үшін өте қажет  екендігін айту алдыңғы буын өкілдеріне де парыз деп білемін.

 

Қысқасы,

 

Қайран  елім, қазағым, қайран жұртым,

 

Ұстарасыз аузыңа түсті мұртың.

 

Жаман менен  жақсыны айырмадың,

 

Бір – қан, бірі – май боп енді екі ұртың, – дейтін Абай даналығы XXI ғасырда  да мәнін жоғалтты деп айта алмаймыз. Ойланып-толғанып іс қылайық. Әбунасыр әл-Фарабидей даналар туған киелі топырақтан ұлылық ұрығы жойыла қоймас. Бірақ сол өз топырағыңа оралу, одан тамырыңды үзіп алмау бәрінен маңызды. Қаймағы бұзылмаған қазақы әдет-ғұрып, салт-сана мен ата-баба дінін, тілін қастерлеп, дамытып сақтау үшін де ауылға келіңіздер, жастар, демекпін.

 

Жағдай  жасау бізге серт.


Информация о работе Психологияны оқыту үрдісінің сипаттамасы,оқытудың формалары