Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 20:59, курсовая работа
Ол- біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік –сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдығы – осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді.
КІРІСПЕ
1.ТҮЙСІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1.ТҮЙСІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
1.2. ТҮЙСІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРЫП ЖІКТЕУ
2.ТҮЙСІКТІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
2.1. СЕЗГІШТІК ЖӘНЕ ТУЙСІКТІК ТАБАЛДЫРЫҒЫ
3.ТҮЙСІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИҚАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
«МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ӨНЕР» КОЛЛЕДЖІ
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
ТҮЙСІКТЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
Орындаған: Баймұратова М.
Қабылдаған: Көшпенбетова Л.М
Тараз 2012 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1.ТҮЙСІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1.ТҮЙСІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
1.2. ТҮЙСІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРЫП ЖІКТЕУ
2.ТҮЙСІКТІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
2.1. СЕЗГІШТІК ЖӘНЕ ТУЙСІКТІК ТАБАЛДЫРЫҒЫ
3.ТҮЙСІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Түйсік-материялық дүниедегі заттар мен құбылыстардың жеке сипаттары мен қасиеттерінің біздің сезім мүшелерімізге әсер етіп, миымызда бейнеленуі. Түйсіну дегеніміз – дүниені танып білудегі бейнелеу процесінің алғашқы баспалдағы. Түйсік себепсіз болмайды.
Ол- біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік –сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдығы – осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді.
Адамның дүние шындығы
мен болмысын танып білуі-диалектикалық
жолмен дамитын аса күрделі
процесс. Түйсік, қабылдау, елес
бейнелері адамның «нақты пайымдау»
не «тікелей таным процесі»
деп аталатын дүниетанымдық
сатысына жатады. Мұндай таным
процестері сыртқы заттар мен
құбылыстардың біздің сезім
мүшелерімізге тікелей әсер
етуінен пайда болып,
ол- адамның шындық пен болмысты дұрыс бейнелеуіне мүмкіндік тудыратын мидың бейнелеу қызметі. Физиологиялық жағынан сезімдік таным процесі бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы реттеліп отырады.Сезімдік бейнелеудің мұндай түрі жануарлар мен адамдарға ортақ .Алайда,сезімдік бейнелеу түрлері- түйсік, қабылдау, елес сапа жағынан жануарлар мен адамдарда бірдей емес.Егер сезімдік процестер жануарлар дүниесінде олардың қоршаған ортаға бағдарлануын ғана қамтамасыз ететін болса, ал адамдардың сезімдік таным процестері еңбектену әрекетімен ұштаса отырып, бейне мен сөздің өзара әрекеті нәтижесінде пайда болып отырады.
Дүниетанудың, жалпы таным
процесінің жоғары сатысы- абстрактылы-теориялық
ойлау. Ол тек адамға тән
қасиет. Абстрактылы-теориялық ойлау
сезімдік танымға негізделіп,
өзі танып білген
1.ТҮЙСІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1.ТҮЙСІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
Түйсіктер сезім мүшелерімізге
1. Көру түйсігі.Дүние тануда көру түйсігінің маңызы зор.Зерттеу нәтижесінің адамға әсері жеті спектрлі түсті және соның негізінде 10000-нан аса реңкті ажырата алатындығы анықталған.Бұдан біз көру түйсігінң өресі мен диапазонының өте кең екендігін айқын аңғарамыз.Көз арқылы жарықтың қуатын, түр-түсін, үлкен-кішілігін, алыс-жақындығын көре аламыз.Көру түйсігінің ұзындығы- 390-780 миллимикрон.Заттар мен нәрселердің түстері хроматикалық және ахроматикалық яғни бояусыз болып екіге бөлінеді.
2. Есту түйсігі. Есту рецепторына тітіркендіргіш болатын- ауаның толқындары.Ауаның 1 секунтта өтетін толқынын герц деп атайды.Адамның есту рецепторы 1 сек. ішінде орта есеппен 16000-нан 22000 герцке дейін ауа толқынын түйсіне алады.16 герцтен төменгі жиілікпен өтіп жатқан толқындарды құлағымыз түйсіне алмайды.Біздің талдағыштарымыз түйсіне алмайтын 12-16 герцтен төменгі дыбыстарды инфрадыбыстар деп атайды. Ал толқынның жиілігі 22000-нан асып кетсе, ондай дыбысты адамның құлағы шалмай қалады.Мұндай жіңішке дыбыстарды ультрадыбыстар дейді. Жануарлардың дыбысты сезгіштігі адамнан асып кетеді. Тұрақты жиілікпен периодикалық шайқалудан туған дыбыстарды музыкалық дыбыстар дейді.Тұрақсыз жиілікпен шайқалудан туған дыбыстар шуыл дыбыстар деп аталады.
3. Тері түйсіктері заттардың механикалық және термикалық сипаттарының теріге әсер етуінен туады. Тию мен басу түйсігі, суықты, жылылықты, ауруды түйсіну де тері түйсіктеріне жатады.Терідегі афференттік жүйке талшықтарының ұшында түйсіктердің рецепторлық функциясын атқаратын түрлі аппараттар бар. Адамның бойында, шамамен тию мен басуды түйсінетін 50000 рецептор бар.Әдетте, соқыр адамдарда тері түйсігінің, сипау сезімінің жетекші рөл атқаратыны күмәнсіз.Дененің температуралық өзгеруінің ең сезгіш жері- қарын терісі, ең нашар жері-аяқ терісі.
4. Иіс түйсіктері мұрын кеңсірігіндегі кілегей қабық клеткаларына түрлі химиялық заттардың әсер етуінен пайда болады.Кілегей қабықта иіскеу клеткалараның орналасқан аймағы 5 см2- ден аспайды. Тітіркендіргіштер әсерінен туған қозуды иіскеу рецепторы өзінің бойымен ми жарты шарларының астыңғы жағында орналасқан иіскеу орталығына жеткізеді.Сол кезде талдау басталып, адам иіс түрлерін айырып байқайды.Адамның дамуында иіскеу рецепторы өте ерте іске қосылады.Жейтін тағамның организмге зияны мен пайдасын айыру үшін де иіскеу талдағыштарының адам өміріндегі маңызы зор.
5. Дәм түйсіктері. Дәмді айыратын мүше- тіліміздегі дәм бүршіктері.Оны тітіркендіретін-белгілі дәмі бар, суға ерігіш түрлі химиялық заттар.Дәм бүршіктері тілдің бетінде, жақтың ішінде, таңдайда, жұтқыншақтың арт жағында орналасқан. Олардың ең көп орналасқан жері-тіл аймағы.Дәмді тәтті, ащы,тұщы, қышқыл деп ажыратады.Тәттіні тілдің ұшы, ащыны тілдің түбі, қышқылды тілдің екі жақ шеті, тұщыны тілдің ұшы мен екі шеті түйсінеді.Егер бір нәрсені тілдің ортасына салса, адам көпке дейін оның дәмін ажырата алмайды, өйткені дәм сезетін бүршіктер тілдің ортасында болмайды.Тәбет-дәм жүйкелерін қоздыратын психикалық әрекет.
6. Кинестетикалық түйсіктер қимыл мүшелері кеңістіктегі қалпын өзгерткенде пайда болатын процестерге байланысты.Мұндай түйсіктердің рецепторлары бұлшық еттерде, сүйектерді бірімен-бірі байланыстырып тұратын сіңірлер мен тарамыстарда, екі сүйектің бір-бірімен түйіскен буын аралығында болады.Олардың ұштары мидың орталық қатпарында орналасқан.Кинестетикалық түйсіктер адамның сөйлеу әрекетінде де ерекшк орын алады.Жазудың да негізі – кинестетикалық түйсіктер. Қимыл-қозғалыс дағдыларының барлығына жуығы кинестетикалық түйсікке сүйене отырып жасалады.
7. Органикалық түйсіктер адамның органикалық қажеттіліктерімен тығыз байланысты.Органикалық түйсіктерге қарын ашу, тою, сусау, шаршау,жүрек айну, тұншығу, дененің қызуы, жүрек және тыныс алу мүшелерінің қызметіне байланысты туатын сезімдер мен ішкі органдарда пайда болатын түйсіктер жатады.Адам тоқ, дені сау кезінде немесе іс-әрекет үстінде түйсіктердің бұл түрін байқай бермейді.
И.М .Сеченев
түйсіктердің бұл түрін «көмескі
түйсіктер» деп атаған.И.П.Павлов мектебінің
зерттеу нәтижелері көрсеткендей, органикалық
түйсіктер адамның «хал-
8. Статикалық түйсіктерді тең басу түйсіктері деп те атайды.Бұл түйсіктің рецепторлары ішкі құлақтағы вестибулярлық аппаратта (кіре берісте) орналасқан. Статикалық түйсік бастың қозғалысын, дененің кеңістіктегі орнын, адамның тең басуын бейнелейді. Ғарышты меңгеру дәуірінде адамдардың статикалық түйсігін жетілдірудің маңызы ерекше.
9. Вибрациялық түйсіктер деп қозғалған заттардың ауаны толқытуын денеміздің сезуін айтамыз.Негізгі талдағыштар – түйсіну мүшелеріміз.Төрт мүшесі түгел, дені сау адамдарда бұл түйсік байқалмайды.Ауаның толқып тербелуін ол әлдеқайда нәзік түрде, яғни құлағы арқылы түйсінеді.Ал адам есту қабілетінен айрылса, онда вибрациялық түйсіктер оның тіршілігінде ерекшк орын алады.Соқыр не саңырау адамдар есік қаққан кісіні, танысының келе жатқанын, автомобильдің дыбысын вибрациялық сезімдері арқылы түйсінеді.Түйсіктің бұл түрі барлық адамдарда бар.Бірақ біз одан гөрі жетілген талдағыштарымызды пайдаланатындықтан, вибрациялық түйсікті қажет етпейміз.
2.ТҮЙСІКТІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Біз түйсіктердің заңдылықтарын 2 түрге бөліп қарастырамыз.Бірінші-түйсіктер
мен тітіркендіргіштер
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарыaaның
жеке қасиеттерінің, сезім мүшелеріне
тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы
бейнелерді туйсік деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін,
дәмін, қатты-жүмсақ-тығын, кедір-бүдырлығын
т.б. осы секілді қасиеттері ажыратылады.
Сондай-ақ түйсік денеде болып жататын
түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің
қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын,
жеке бөліктерінің жүмысы жайлы хабарлайды.
Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады.
Ол білім атаулының алғашқы көзі. Мәселен,
жолдасыңнан көзін жүмуын өтініп, оның
алақанына белгісіз бір затгы тигізсең,
сосын одан оның не екенін сұрасаң, ол:
«қатты, жылтыр, мүздай, жүмсақ, жылы, кедір-бұдыр
бір нәрсе» деп жауап береді. Заттардың
нақты атауы емес, тек түрлі қасиеттерін
білдіретін осы сөз тіркестері түйсік
болып табылады.
Адам түйсіктерінің ерекше жетіліп, дамуына
еңбек процесі, тарихи-әлеуметтік жағдайлар,
екінші сигнал жүйесінің (тілдің), сананың
пайда болуы күшті себеп болды. Адам түйсіктерінің
жануарлар түйсіктерінен сапалық айырмашылығы
болатындығы, олардың тіршілік жағдайына
байланысты түрліше көрінетіндігі ғылымда
әлдеқашан дәлелденген жәйт.
Мәселен, құстардың дене құрылысын да,
психикасын да айқындайтын негізгі факторлардың
әуелде үшып жүріп тіршілік етуге бейімделгендігі.
Бұл үшін құстардың көзі қырағы, құлағы
естігіш болуы аса қажет. Жыртқыш құстардың
көзі аса қырағы, өйткені олар өз жемтігін
алыстан көруі қажет, ал иттерде иіс түйсігі
ерекше дамыған. Әйтсе де, құстар да, иттер
де заттардың мән-мағынасын, бір-бірімен
байланысын ажырата алмайды. Адам түйсіктерінің
ерекшелігі олардың ойлау, сөйлеу әрекетімен
тығыз байланыстылығында. Түйсіктердін
негізгі заңдылықтары
А. Сезгіштік және табалдырық
Психологияда адамның түйсіне алу қабілетін
сезгіштік деп атайды.
Сезгіштікті: 1) абсолюттік, 2) айырма сезгіштік
деп екіге бөледі.
Абсолюттік сезгіштік дегеніміз — сезім
мүшелерінің өте әлсіз тітіркендіргіштерді
түйсіне алуы. Сезгіштік түйсіктің табалдырығымен
тығыз байланысты. Мәселен, абсолюттік
сезгіштік түйсіктік табалдырығына тәуелді.
Абсолюттік табалдырық — түйсік табалдырығының
шегі. Абсолюттік табалдырық тітіркендіргіштін
болмашы ғана түйсік тудыратындай ең аз
шамасы. Түйсік табалдырығының шамасы
азайған сайын адамның абсолют сезгіштігі
арта түседі. Мәселен, біреу алақанындағы
бір ми квадрат аумакқа түсетін салмақты
3 гр-нан бастап сезетін болса, екінші біреу
осындай жерге түскен салмақты алты грамнан
бастап сезеді. Бұдан соңғы адамның түйсік
табалдырығы екі есе артық та, абсолюттік
сезгіштігі екі есе кем екендігі көрінеді.
Егер тітіркенудің шамасы табалдырықтан
төмен жатса, оңда түйсік пайда болмайды.
Мәселен, адам денесіне қонған тозаңды
сезе алмайды, көз улътра күлгін сөулелерді
көрмейді, құлақ әлсіз дыбыстарды естімейді.
Өйткені осы тітіркендіргіштердің бірде-біреуінде
түйсік туғызарлықтай күш жоқ.
Айырма сезгіштік деп сезім мүшелерінің
тітіркендіргіштердің арасындағы болмашы
айырмашылықты түйсіне алуын айтады. Айырма
сезгіштікті сипаттау үшін не айыру табылдырығының
мөлшерімен пайдаланады. Мәселен, егер
алақанға жүз грамм салмақ салып, оған
тағы бір грамм қосса, салмақтың артқаны
білінбейді. Оны айыра білу үшін 3-4 грамм
қосу керек, Айыру табалдырығы түйсіктің
түрлерінде әртүрлі болып келеді. Мәселен,
жарықты айыратын табалдырықтың күші
1/100-ге тең. Бүл айтылғандарды мынадай
фактілермен дәлелдейді. 100 шамдық жарық
Күшіне тағы бір шамдық жарық қосылса,
сонда жарықтың аздап та болса артатындығы
байқалады. Ал жүз кісі қатынасқан хорға
тағы да он адам қосылса, хордың даусы
аздап болса да көтеріледі.
Ә. Адаптация
Сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер етуші
тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуге
байланысты да өзгеріи отырады. Бүл кұбылысты
адаптация дейді.
Адаптация күбылысы адам сезгішіігінің
артуын немесе төмендеуін көрсетіп отырадьь
Түйсіктердің қай-қайсысы да адап-тацияланады.
Мәселен, көру түйсігіндегі адаптацияны
алайық. Жарық жерден қараңғы үйге кіру
бізде қараңғылық адаптация-сын туғызады.
Жарық жерден қараңғы бөлмеге кіргенде
көздің қарашығы 17 есе үлғаяды. Бүл қарашыктан
өтетін жарықтың мөлшері 17 есе көбейеді
деген сөз. Көздің қараңғыда көргіштігіне
торлы қабықтың шетіне орналасқан таяқшалардың
әсері етс күшті. Олардың нашар жарықты
да жақсы сезе алатын қасиеті бар. Мәселен,
30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі
200 мың есе артады. Ал қараңғыдан жарыққа
қарай сезгіштіктің өзгеруі жарық адаптациясын
көрсетеді. Алғашқыда күн көзге шағылы-сып,
көз еріксіз жүмылады.
Адаптация қүбылысына перифериялық нерв
жүйесімен қатар ми қабығы да қатысады.
Адаптация тері (тактиль) түйсіктерінде
де күшті байқалады. Осының салдарынан
кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей
де қалады. Температуралык. түйсіктердің
де адаптациясы мол.
Мәселен, судың бірқалыпты салқындығына
дене тез уақыт ішінде төселеді де, адамның
терісі суыққа тітіркенбейтін болады.
Иіс түйсіктерінде адаптация түрлі дәрежеде
көрінеді. Мәселен, камфараның иісі 1-2
минуттан кейін сезілмейтіы болса, горчица
мен нашатыр сгшртінің иісіне адаптациялану
тезірек болады.
Ауырсыну түйсіктеріндегі адаптация өте
әлсіз, ауырсыну организмнің қалыпты жүмысының
бүзылғандығын, осы сигнал-дың биологиялық
рөлін көрсетеді. Адаптация қүбылысы үнемі
өзгеріп отыратыы сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне
анализатор-лардың калай да бейімделе
алатындығын байқатады.
2.1. СЕЗГІШТІК ЖӘНЕ ТУЙСІКТІК ТАБАЛДЫРЫҒЫ
Абсолюттiк сезгiштiк және
абсолютттiк табалдырық. Төменгi және
жоғарғы абсолюттiк
Адамның түйсiне алуға қабiлеттiлiгiн сезгiштiк деп атайды.
Абсолюттiк сезгiштiк дегенiмiз – сезiм мүшелерiнiң өте әлсiз тiтiркендiргiштердi түйсiне алуы.
Абсолюттiк табалдырық - сенсорлық табалдырықтардың бiр түрi. Психофизикада абсолюттiк табалдырық деп негiзiнен қабылданбайтын немесе мүлдем қабылданбайтын стимулдар (егер олардың мөлшерi табалдырықтық мөлшерден едәуiр аз болған жағдайда) мен (егер стимул мөлшерi табалдырық мөлшерiнен белгiлi бiр шамадан асқанда) негiзiнен қабылданатын немесе толық қабылданатын стимулдарды өзара ажырататын мөлшердiң мәнiн атайды.
Әрбiр түйсiк түрлерi үшiн өз абсолюттiк табалдырықтары болады. Мысалы, қараңғыға бейiмделген көз жарықтың 7 квантына жауап бередi… Көру арқылы адам қараңғы түнде көзден 48 км қашықтықта тұрған балауыз шамның жалынын қабылдай алу қабiлетi. Естуде қолсағаттың жүрiсiн тыныш бөлмеде 6 м қашықтықта ажырата алу. Дәм сезуде 8 л судағы бiр шай қасық қанттың дәмiн сезу. Иiс сезу 6 бөлмеден тұратын пәтерге бiр тамшы әтiр сепкенде оның иiсiн сезiп қалу. Сипап сезу 1 см биiктiктен шыбынның қанатынын терi үстiне құлауынан пайда болған ауа тербелiсiн сезiну.
Абсолюттiк табалдырық сенсорлық жүйенiң сезiмталдығының модалдылығы ретiнде пайдаланылады.
Алғашқы рет сәл бiлiнерлiк түйсiк туғызатын тiтiркендiргiштiң ең аз күшiн сезгiштiктiң төмеңгi абсолютттiк табалдырығы дейдi.
Тiтiркендiргiштiң осы түрдегi түйсiгiн тағы да туғызатын ең жоғарғы күшiн сезгiштiктiң жоғарғы абсолюттiк табалдырығы дейдi.
Осы айталғандар түйсiк табалдырықтарының организм үшiн маңызды бағдарлаушы және, ең алдымен, қорғаныс функциясын атқаратынын байқатады.
Талдағыштардың
рецепторларына әсер еткен тітіркендіргіштердің
бәрі бірдей түйсік тудыра бермейді.Түйсік
тудыру үшін тітіркендіргіштің белгілі
бір дәрежелік мөлшері және
күші болуы керек.Бұл жағдай түйсіну
процесіндегі түйсік табалдырығына
байланысты.Түйсіну