Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Мая 2013 в 20:59, курсовая работа
Ол- біздің айналамызда, ішкі жан дүниемізде не болып жатқанын хабарлап отыратын қарапайым психикалық процесс. Түйсік адамды қоршаған шындықты бейнелеуден пайда болады. Сол шындық пен болмыстың адам сезім мүшелеріне әсер етіп, мида бейнеленуінен түйсік туады. Басқаша айтқанда, түйсік –сыртқы әсердің сана фактісіне айналуы, объективтік дүниенің субъективтік бейнесі. Адамның дүние тануының алғашқы баспалдығы – осы түйсік. Нақты пайымдау, шындықты бейнелеу жайындағы мәліметтердің бәрі де адамға осы баспалдақ арқылы жетеді.
КІРІСПЕ
1.ТҮЙСІК ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ҰҒЫМ
1.1.ТҮЙСІКТІҢ ТҮРЛЕРІ
1.2. ТҮЙСІКТІҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТОПТАСТЫРЫП ЖІКТЕУ
2.ТҮЙСІКТІҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
2.1. СЕЗГІШТІК ЖӘНЕ ТУЙСІКТІК ТАБАЛДЫРЫҒЫ
3.ТҮЙСІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
ҚОРЫТЫНДЫ
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Абсолюттік табалдырық күші неғұрлым аз болса, абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары, өткір болады.Басқаша айтқанда, абсолюттік сезгіштіктің мөлшері түйсіктің абсолюттік табалдырығының мөлшеріне кері пропорциялы болады.Түйсінудің абсолюттік табалдырығы төмен болса, онда абсолюттік сезгіштік соғұрлым жоғары болады.Мұны мынандай формуламен көрсетуге болады:
Е=1/р
Е-абсолюттік сезгіштік,Р-
Формуланың анықтамасы: Абсолюттік сезгіштіктің саны неғұрлым төмен болса, онда абсолюттік түйсіну табалдырығы соғұрлым жоғары болады.Абсолюттік сезгіштіктің саны мен түйсіну табалдырығы түрлі себептерге байланысты.Ондай себептерге адамның іс-әрекеті, жасының ерекшелігі, рецепторлардың қызметі, тітіркендіргіштердің
күші мен әсері, мерзім ұзақтығы жатады. Сезгіштіктің абсолюттік табалдырықтан басқа тағы бір табалдырығына айыру табалдырығы делінеді.Ол- түйсіктердің болар-болмас айырмашылығын тудыратын тітіркендіргіштердің минималдық айырмасы.Айыру сезгіштігі деп рецепторлардың тітіркендіргіштер арасындағы азғантай ғана, болмашы айырмашылықты түйсіне алуын айтады.
Сезгіштіктің айыру формуласын Вебер-Фехнер мынадай етіп құраған:
S=K lg l+C
S-түйсіну қарқыны, l-тіті8) және
неміс физигі Г.Фехнер (1801-1887).Сондықтан
бұл заң психологияда Вебер-
3.ТҮЙСІКТІҢ ФИЗИОЛОГИЯЛЫҚ МЕХАНИЗМДЕРІ
Түйсіктің табиғи-
1. Рецепторлар-түрліше құрылған жүйкелік аппараттар.Олардың атқаратын қызметі- сырттан келген физикалық, химиялық тітіркендіргіштердің күшін жүйкелік қозуға айналдыру.Талдағыштардың бұл сатысында әсерді тек қарапайым түрде ғана талдау іске асырылады.
2. Өткізгіш бөлім- сыртқы қуаттың сезімтал жүйке талшықтарының ұшында қозуын екі жолмен жоғарғы және төменгі бағытқа жайып отырады.Орталыққа баратын талшықтар арқылы қозуды бірінші жолмен жұлын мен ми бағанасына және ми қабығындағы алқаптарға жеткізеді.Орталықтан тебетін талшықтар арқылы мидағы қозу толқынын екінші жолмен әр түрлі органдарға өткізеді.Жүйке талшықтарының бойымен қозу бір секунтта 120 метрдей жылдамдықпен өтіп жатады.
3. Мидағы орталықтар-талдағыштардың негізгі бөлімі.Жүйке жүйесіндегі басқа бөлімдер клеткаларының құрылысымен салыстырғанда осы орталықтағы клеткалар құрылысы әлдеқайда ерекше әрі күрделірек.Организмнің тиісті ортаға, жағдайға икемделіп әсерленуін дәлірек қамтамасыз етіп, нәзік талдау жасай алатын мүше-мидағы осы орталықтар. Функциялардың динамикалық орналасуы мидың бір жерінде бұлжымай қалған алқап емес, олар күрделі түрде бір-бірімен қарым-қатынаста, өзара тығыз байланыста болады.Ортаның әсері мен талабына орай ми алыптары бірінің орнын бірі басып отыруға, сөйтіп, бір нейрондардың қызметін екіншілері атқаруға қабілетті екендігін көрсетеді.Ми қабығының мұндай қызметі психология ғылымында компенсаторлық әрекет деп аталады.
Түйсікке қатысыты мәселеде
құбылыстардың
қасиеттеріне байланысты емес, ол түгелдей
сезім мүшелерінің өздерінің
жұмыс істеу қасиеттерімен
түйсік сыртқы
дүниедегі заттардың бейнесі
емес, қайдағы бір шартты белгілер
мен иероглифтер, символдар болып
шығады.Түйсіктің мән-жайын
Адаптация-сезім мүшелерінің сезгіштігі әсер ететін тітіркендіргіштерге біртіндеп бейімделуіне қарай өзгеріп икемделу құбылысы. «Адаптация»- латын сөзі, қазақша икемделу, бейімделу деген мағынаны білдіреді.Сезім мүшелерінің бейімделіп адаптациялануы түйсіктің кез-келген түрінде кездеседі.Мысалы, 30-40 минуттан кейін қараңғыдағы көру сезгіштігі 200 мың есе артады.Адаптация құбылысына шеткі жүйке жүйесімен бірге ми қабығы да қатысады.Адаптация тері түйсіктерінде де күшті байқалады.Осының салдарынан кейбір адамдар тітіркендіргіштерді түйсінбей де қалады.Температуралық түйсіктердің де адаптациясы мол.Мысалы, судың бірқалыпты салқындығына дене аз уақыт ішінде тез төселеді де, адамның терісі суыққа тітіркенбейтін болады.Адаптация үнемі өзгеріп отыратын сыртқы дүние тітіркендіргіштеріне талдағыштардың қалай да бейімделе алатындығын байқатады.
Сенсибилизация-латын сөзі, қазақша мағынасы- сезгіш.Егер адаптация құбылысы талдағыштар сезгіштігінің түрлі жағдайларға орай бәсеңдеуінің көрсеткіші болса, ал сенсибилизация- сезгіштіктің тек артуын ғана көрсететін құбылыс.Сезім мүшелерінің біреуінің әсерінен басқаларының сезгіштігі артып отырады.Әлсіз тітір- кендіргіштер өзімен бірге әсер етіп тұрған басқа тітіркендіргіштердің сезгіштігін арт- тырады. Мысалы, көзге түскен жарық мөлшері оның көру қабілетімен қатар, есту түйсігінің де сезімталдығын арттыруға себеп болады.
Синестезия- грек сөзі.Қазақша мәнісі қосарласқан түйсік дегенді білдіреді. Тітіркендіргіштер сезім мүшелерінің біреуінде ғана түйсік туғызудың орнына сол сәтте басқа түйсіктердің пайда болуына да жағдай жасайды.Мысалы, кейбір адамдар біреудің сөзін естігенде, бұған қоса түрлі дәмдер мен түстерді де сезінуі мүмкін.Түйсіктердің осылайша қосарланып жүруін синестезия дейді.Есту, көру, сипап сезу, иіс, дәм түйсіктерінде кездесіп отыратын осы құбылыс өмірде онша жиі кездесе бермейді. Синестезия-түйсіктердің өзара байланысының шамадан тыс дамыған бір көрінісі.
Бір ізді бейнелер-
Соңғы түс-алғашқы қызыл шаршының теріс бір ізді бейнесі.Бір ізді бейнелер көбіне адамға байқала бермейді.Себебі, мұндайда тітіркендіргіштің бір түрі екіншісімен жалғасып, ілесіп отырады.Оның байқалмауы-көздің тор қабығының ылғи қозғалып тұруынан.Сондықтан адамның көзі талмайды.Орталық жүйке жүйесінің жоғарғы бөліктерінде түрлі қозулардан қалған іздер бір ізді бейнелердің физиологиялық негізі болып саналады.
Түйсiк жүйке жүйесi бар тiрi организмдердiң барлығында болады. Бiрақ саналанатын түйсiктер, яғни белгiлi бiр күйлердiң шығу себебi мен қасиеттерi жөнiнде өз-өзiне есеп бере алушылық тек адамға ғана тән.
Тiрi организмдердiң эволюциясында түйсiктер тiтiркену, яғни тiрi материяның ортаның биологиялық мәндi әсерлерiне өзiнiң iшкi күйi мен сыртқы мiнез-құлқын өзгертуiнде көрiнетiн қасиетi негiзiнде пайда болған. Түйсiктер алғашқы кезеңдерден бастап, организмнiң iс-әрекетiмен, өзiнiң биологиялық қажеттiлiгiн өтеумен байланысты туындаған. Түйсiктердiң өмiр үшiн маңызды рөлi – орталық жүйке жүйесiне iшкi және сыртқы ортаның күйi жөнiнде (мысалы, шөлдеу, суықтық және т.б.) мағлұмат беру. Түйсiк, тiтiркенумен салыстырғанда, сыртқы әсердiң белгiлi бiр қасиеттерi жөнiнде ақпарат бередi. Адамның түйсiктерi қоршаған ортаның оған қажеттi алуан-түрлi қасиеттерiн бейнелейдi. Мұның өзi түрлi модалдық (қасиеттер) бойынша ақпарат беретiн әр түрлi сезiм мүшелерi арқылы жүзеге асады.
Сонымен қатар, адамның тұйсiктерi тек биологиялық факторларды ғана бейнелеу емес. Олар, сонымен қатар, абиотикалық, яғни әлеуметтiк маңызы бар факторларға да жауап беру қабiлетi болып табылады. Бұл қабiлет сезгiштiк деп аталады.
Түйсiктердiң физиологиялық негiздерi болып табылатын – ол тiтiркендiргiштiң оған сәйкес анализаторға (сезiм мүшесiне) әсерi нәтижесiнде пайда болатын жүйке процесi. И.П. Павлов бойынша, анализатор - бұл тiтiркендiргiштердi қабылдау, өңдеу және оларға жауап қайтаруға қатысатын афференттiк және эфференттiк жүйке жолдарының жиынтығы. Анализатор – тiтiркендiргiштердiң әсерiмен рефлекторлық түрде өзгерiп отыратын белсендi мүше, сондықтан түйсiк пассивтi емес, ал әрқашан қозғалыстық компоненттерден тұратын белсендi психикалық процесс болып табылады.
Анализатор үш бөлiмнен тұрады:
Анализатордың шеткi бөлiмдерiнiң белгiлi бiр клеткаларына ми қыртысы клеткаларының белгiлi-бiр бөлiмшелерi сәйкес келедi. Осылайша, мысалы, көз торының әр түрлi нүктелерiне ми қыртысында кеңiстiк бойынша әр түрлi орналасқан нүктелер сәйкес келедi.
Жасанды тiтiркендiру әдiстерi арқылы жасалған көптеген байқаулар көрсеткендей, қазiргi кезде әр түрлi сезгiштiктiң мидағы локализациясын анықтауға болады. Мысалы:
Түйсiктiң пайда болуы үшiн анализаторлардың тұтас, бiрыңғай жұмысы қажет. Рецептор сырттан келетiн энергияны жүйке процесiне ауыстырғанда тiтiркену басталады. Бұл процесс рецептордан орталыққа бағытталған жүйкелiк жол арқылы анализатордың жұлындағы орталығына немесе бас миының ядролық бөлiмiне жетедi. Қозу анализатордың қыртыс клеткаларына жеткенде, адам тiтiркендiргiштiң қасиетiн түйсiнiп, ажыратады, содан кейiн организмнiң оған жауап беруi жүзеге асады.
Организмнiң осындай үйлесiмдi жұмысы рефлекторлық доға механизмi арқылы қызмет етедi. Рефлекторлық доға рецептордан, өткiзгiш жолдардан және эффектордан тұрады. Рефлекторлық доғада жүретiн процестердiң динамикасы болып сыртқы әсерлердiң қасиетiне өзiндiк сәйкестелу табылады. Мысалы, сипап сезу дәл сондай процесс. Себебi қолдардың қимыл-қозғалысы берiлген объектiнiң құрылымына сәйкес келiп, оның қалпын қайталайды. Сонымен қатар, көру, есту, сөйлеу мүшелерi де өздерi қабылдайтын объектiнiң қасиеттерiне сәйкестенiп, қозғалыстар жасайды.
Түйсiктiң пайда болуында эффекторлық процестердiң қатысын көрсеткен көптеген зерттеулер түйсiктiң психикалық құбылыс ретiнде организмнiң жауап қайтуынсыз және оның сәйкестiгiнсiз болуы мүмкiн еместiгi жөнiнде қорытындыларға келдi. Сезiм мүшелерi қозғалыс мүшелерiмен тығыз байланысты болады, және қозғалыс мүшелерi организмнiң тек бейiмдеу және атқарушы қызметiн ғана атқарып қоймай, сондай-ақ ақпаратты алуда маңызды рөл атқарады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Түйсiктердiң адам тiршiлiк iс-әрекетiндегi рөлi өте зор, себебi олар бiзге сыртқы дүние және өзiмiз жайлы бiлiмдердi бередi. Сыртқы ортаның сан-алуан әсерлерi, дыбыстар мен бояулар, иiстер мен температура, мөлшер және т.б. жөнiнде мәлiметтi бiз сезiм мүшелерiмiз арқылы алып, оларды жан-жақты танып-бiлемiз.
Сезiм мүшелерiнiң ақпаратты алу, сұрыптау, жинау және миға жiберу процестерi негiзiнде әсер еткен объектiнiң адекватты (шындыққа сәйкес) бейнесi қалыптасады. Осындай күрделi процесс В.П. Зинченконың пiкiрiнше, үздiксiз болып отырады. Ол секундына мыңнан астам өтетiн операциялардан тұрады.
Сезiм мүшелерi – сыртқы дүниенi адам санасына жеткiзетiн каналдар. Сезiм мүшелерi адамның сыртқы ортада және өз iшкi күйiнде бағдарлай алуына мүмкiндiк бередi.
Адамда қоршаған дүниеден ақпаратты алу тепе-теңдiкте немесе баланста болуы қажет. Ақпараттық балансқа қарсы ақпараттық салмақ түсу мен ақпараттық жетiспеушiлiк (сенсорлық изоляция) сияқты құбылыстар кездеседi. Бұл екi келеңсiз жағдайлар организмнiң күрделi функционалдық бұзылысына алып келедi.
Сенсорлық изоляция дегенiмiз - адамның ұзақ уақыттық, толық немесе жартылай сенсорлық әсерлерден айрылуы. Осы тұрғыдан сенсорлық ақпарат алуды шектеу бойынша жүргiзiлген эксперименттiк зерттеулердiң нәтижелерi өте көрнектi болып табылады. Бұл эксперименттерде зерттелушiнi арнайы камераларға орналастырып, толық сенсорлық изоляцияға дейiнгi жағдайға жеткiзген. Бiрнеше сағаттан кейiн-ақ зерттелушi мазасыздық күйiне жетiп, эксперименттi доғаруды сұраған. Ал ұзақ мерзiмдiк эксперимент жағдайына түскен зерттелушiлер, алдымен, уақыттық бағдардан, ал одан кейiн, тiптен, ойлау қабiлетiнен айырылған. Олар тiптi оңай есептердi шеше алмай, көбiсiнде ес процесiнiң бұзылысы байқалған. Зерттелушiлердiң 80% жуығында көру галлюцинациялары пайда болған. Осындай эксперименттерге адамдар 2-3 күннен артық шыдамаған.
Осы және басқа да мысалдар адамның түйсiну түрiндегi қоршаған дүние жөнiнде ақпаратты алу қажеттiлiгiнiң күштi екендiгiн көрсетедi.