Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Ноября 2011 в 14:32, реферат
Адамға тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның нәтижелі болуы қиын. Орыс педагогикасының атасы К.Д.Ушинский (1824-1870) зейіннің маңызын былайша көрсеткен еді. "Зейін адам санасынан қорытылып өтетін барлық ойды аңғартатын, адам жанының жалғыз ғана есігі болып табылады, демек, бұл есікке ілімнің бірде-бір сөзі соқпай өте алмайды, егер де ол соқпай өтсе, онда баланың санасында ештеңе де қалмайды".
Ә. Зейіннің аударылуы
Зейіннің аударылуы деп бір объектіден екінші объектіге назарымызды көшіруді айтады. Физиологиялық тұрғыдан мидағы оптималдық қозудың ауысуы. Зейінді тез аудара білу қабілеті көбінесе жүйке процестерінің өзгермелілігіне байланысты. Кейбір адамдар бір жұмыстың түрінен екінші бір жұмысқа жеңіл көшеді, зейін қойып жаңа жұмысты тез меңгеріп кетеді. Бұл икемді, оңтайлы зейіннің көрінісі. Екінші біреудің зейіні, керісінше, басқа объектіге қиындықпен ауысады. Зейінді тез аудара білу көлденеңнен кез келген әсерлерге кідірусіз жауап беруде аса қажет. Мәселен, машинистерде зейінді тез аудара білу қасиеті жөнді жетілмеген болса, олардың жұмыста түрлі сәтсіздіктерге ұшырауы мүмкін. Мектеп жағдайында балалардың зейінін бір пәннен екінші пәнге, бағдарламаның бір бөлімінен екінші бөліміне, жұмыстың бір түрінен (үй тапсырмаларын сұрау) екінші түріне (жаңа сабақты тыңдау кезі) үнемі аударып отыруға тура келеді. Зейінді аудара алу оқушының ерік сапалары біраз дамыған кезде, әсіресе оқу материалдарын түсінген және оларды ұмытпайтындай етіп меңгерген жағдайда ғана мүмкін болады. Мұғалімнің материалды жүйелі етіп, бір ізбен жақсы түсіндіруі, өткен материалды дұрыс қорытуы, оқылатын жаңа тараудың мақсатын айқындауы, жаңа материалды тыңдауға және түсінуге оқушылардың дайындығын тексеру т.б. зейіннің дұрыс аударылуына себепші болады.
Адам санасының бір мезгілде бірнеше әрекетті атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі-үш нәрсеге бөле алады.
Зейінді
бір уақытта түрлі объектіге
бөлуге болатындығын арнаулы зерттеулер
көрсетіп отыр. Мәселен, оқушылар өздері
есеп шығарады, сонымен қатар осы
кезде басқа оқушының тақтаға
шығарған есебін бақылайды, оның сөзін
тыңдайды т. б. Студенттер бір мезгіл
ішінде лекция тыңдайды, түсінгенін жазып
отырады кітап оқып отырып, конспект
жазады. Еңбек процесінде зейін бөлінуінің
маңызы бәрінен де зор. Қазіргі кездегі
өндірістің онан сайын автоматталынуы
адам зейінінің бөлінушілігін ерекше
дамытуды қажет етеді. Ал машина жүргізушілерге
(машинист, шофер т.б.) бірнеше нәрсеге
зейін бөлушілік қаншама
Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын, объектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған тәжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Адам бір мезгілде (секундтың 1/10 бөлігінде) орта есеппен әр түрлі 5—9 әріпті қамти алатынын, 12—14 әріптен тұратын мағынасы бар сөзді де осы мерзімде қамтитынын көрсетіп отыр. Мектеп оқушыларының, әсіресе, бастауыш сынып оқушыларының зейін көлемі ересек адамдардың зейін көлемдеріне қарағанда шағын болатындығы сабақ үстінде мұғалімнің есінде болуға тиіс, сондықтан да оқушыларға бір мезгілде сан жөнінде де, сапа жөнінде де белгілі зейін көлемінен артық мөлшерде материал беруге болмайды. Оқушылардың зейін көлемі бір-бірімен байланыспаған элементтерді қабылдаса, нашар өсетіндігін, ал логикалық байланысы бар элементтерді қабылдаса, олардың зейін көлемін өсіретіндігін мұғалім еске алуы қажет.
Зейін көлемін арттыру үшін мұғалім балаларды комплекс заттарды байқай алуға, оларды бір объект ретінде қабылдауға машықтандырғаны дұрыс. Көрнекі құралдардағы сөздер тым ұзақ болмай, ондағы сөздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді түрлі бояумен безендіру қажет. Соңғы айтылған тәсіл де бала зейінінің көлемін өсіруге жағдай жасайды. Физиологиялық тұрғыдан зейін көлемін өсіріп, ұлғайту мидағы оптималдық қозуы бар алапты кеңейте түседі. Бұл бірнеше қозулардың бір қозу жүйесіне бірігуі болып табылады. Бірден біраз нәрсені қамти алатын зейінді көлемі кең зейін дейді де, объектілерді жөндеп қамти алмайтын зейінді көлемі тар зейін дейді. Зейіннің тар, көлемдісі де жарамсыз қасиет емес. Әңгіме істен дұрыс нәтиже шығара алуында. Адамның мамандығы, айналысқан ісі оның зейініне әсер етпей қоймайды. Мәселен, өне бойы сағат механизмімен шұқшия жұмыс істеп отыратын мастердің зейін көлемі айтарлықтай болмайды. Микроскоппен жұмыс істейтін ғалымның зейіні де осы іспеттес келеді.
Алаң болушылық деп белгілі бір объектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты айтады. Әр нәрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе осындай болады. Алаң болушылық сондай-ақ адам қатты шаршап, болдырған кезде де жиі кездеседі. Мұндай жағдайда оның миында біркелкі тұрақты қозу алабы жасалынбайды, қозу мен тежелу процестері бір-бірімен алмасуы тәртіппен жүріп отырмайды. Зейіннің осы қасиеті адам психологиясынан тұрақты орын алса, оған берекелі әрекет ету қиынға соғады.
Мектеп
жасына дейінгі балаларда алаңдаушылық
жиі ұшырайды. Өйткені олар әлі
күрделі іс-әрекетпен
Алаң
болушылыққа ұқсас көріністер адамның
бір жұмысқа қатты беріліп
істеген кездерінде де байқалады. Адам
қатты үңіліп жұмыс істеген кезде
басқа еш нәрсені сезбейді, елемейді.
Осындай жағдайда ол айналасындағы
өзгерістерді байқамайды. Мұндай адамдардың
зейінін уақытында бөле алмаушылықтың
кемшілігі зейіннің көлемі өте тар
және икемсіз келетіндігінен.
Зейінді тәрбиелеу жолдары
Балаларда тілдің шығуына байланысты ырықты зейіннің саңылауы байқала бастайды. Ырықты зейін үлкендердің ықпалымен, балаларға түрлі талаптарды орындатып үйретуіне орай дамып отырады (тазалық сақтау, ойыншықтарын, киім-кешектерін жинастыру, үлкендердің айтқанын тыңдай білуге баулу т. б.).
Мектеп жасына дейінгі балалардың зейінінің қалыптасуында ойын әрекеті ерекше орын алады. Ойын арқылы бала түрлі объектілерді көреді, естиді, байқай алады, фактілер мен құбылыстарды бір-бірінен ажыратып, оларға назар аудара бастайды. Балаларда зейіннің түрлі қасиеттері (көлемі, бөлінуі, тұрақтылығы т.б.) жақсы байқалады. Бұлардың бәрі үлкендердің басшылығымен жетіледі.
Мектеп
— оқушылардың зейінін оқу-
1.
Бірінші сыныптан бастап
2.
Бүкіл сыныпқа не жеке
3. Бала қайда жүрсе де (мектепте, үйде, далада) байқағыштыққа тәрбиеленуі тиіс.
4. Зейінді күшті және тұрақты ететін құбылыстың бірі — ерік. Сондықтан зейін тәрбиесін ерік тәрбиесімен ұштастырып отыру қажет.
5. Төменгі сынып оқушыларының жүйке жүйесінің әлде де болса, "қатая" қоймағандығы еске алынсын. Олардың шаршап кетпеуін қадағалау, орынсыз жалықтырмау, ауыр, жеңілдігі әр түрлі пәндерді күнделікті сабақ кестесіне талапқа сай орналастыру секілді мәселелер де зейін тәрбиесіне қатысы бар шаралар.
Оқушылардың зейінін дұрыс қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің де маңызы зор. Егер мұғалімнің өз зейіні дұрыс ұйымдаспаған болса, яғни, ол біресе оқытып тұрған сабағына, біресе сыныптағы оқушыларға алаңдап, нені бастап, нені қойғанын есінен шығарса, ондай мұғалім оқушылардың зейінін дұрыс тәрбиелей алмайды.
Мұғалім
балаларға сабақ үстінде зейінін дұрыстап
аудара алмаса, іске ынтасыз, ұқыпсыз кіріссе,
берген сабағынан да жөнді нәтиже шығара
алмайтын болады. Мұғалім: "Кейбір оқушылар
сабаққа зейін қоймағандықтан үлгермейді"
дейтін болса, бұл алдымен оның сабақты
дұрыс ұйымдастыра алмауының нәтижесі,
өз жұмысындағы кемшілігі болып табылады.
Ы. Алтынсарин: "Егер балалар бірдемені
түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды
кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре
алмай отырған өзін кінәлауға тиіс"
—деп өте дұрыс айтқан.