Қалалық орта экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 15:37, реферат

Описание

Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Мұндағы басты міндеттер мыналар

Содержание

1. Кіріспе


2. Негізгі бөлім

2.1. Озон қабатының бұзылуы

2.2. Алматы қаласы экологиясы

2.3. Қазіргі кездегі ірі қалалардағы экологияның адамзатқа әсері


3.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Қалалық орта экологиясы Айдана.doc

— 273.50 Кб (Скачать документ)

Автокөліктердің шығаратын улы газдармен күрес жүргізу өте қиын. Себебі мына шараларды да іске асыру қажет: ауыр жүк машиналардың қаланың ішімен жүруге тыйым салу, бір маршутпен жүретін бірнеше автобустардың шоғырлануына жол бермей, бензинмен жүретін көліктердің ауаға шығаратын газдарын ұстап қалатын бақылап-реттегіш қондырғыларды пайдалану, сондай-ақ барлық жеңіл, жүк және қоғамдық автокөліктерді газға көшіру тиімді. Ол үшін қаланың іші мен сыртындағы жанармай құю бекеттерін жауып, олардың орнына газ құю бекеттерін орнату қажет.

Газды пайдалану өте тиімді, себебі одан ауа ластанбайды және оны қолдану өте арзанға түседі. Алматыда негізінен метро, троллейбус пен трамвайды кеңінен пайдаланған тиімді. Қалада салынып бітпей жатқан метро келешекте жұмыс істейтін болса, онда Алматыдағы көліктердің жұмыстары айтарлықтай жақсаратын болар еді.

Соңғы кезде, алматы шаһарында кемтар баллардың дүниеге келуі. Тыныс алу, өкпе дерттерінің көбеюі ауаның ластануынан болып отыр. Сондықтан барлығын қазірден бастап қолға алмасақ ертең кеш болады. "Таза - ауа жанға дауа". Ендеше, туған қаламыз тек қана экологиялық таза тұғырдан көрінсін десек бәріміз бірге ат салысайық!

                  Қала ортасы адамның басты сапасы — оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық-түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транснорттың қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс, вибрация, шу, ауаның дезионизациялануы, тұрмыстың химияландырылуы, шектен тыс көп ақпараттардың ағыны, уақыттың жетіспеуі, гиподинамия, эмоциогенді қысым,  дұрыс тамақтанбау,  зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы — осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатады  

                      Қазіргі кезеңде адамның экологиялық ортасы - қала. Ол ең ірі және табиғи ортадан өзгеше, көптеген параметрлері бойынша экстремалды деуге болатын орта. Қалада техногенді қуаттың орасан зор концентрациясы жиналады. Қала ортасы адамның басты санасы – оның денсаулығына қолайсыз әсер етеді. Атмосфераның, судың, азық – түлік өнімдерінің, күнделікті қажетті заттардың өнеркәсіп пен транспорттық қалдықтарымен ластануы, электромагниттік өріс,  вибрация, шу, тұрмыстық химияландырылуы, гиподинамия, дұрыс тамақтанбау зиянды әрекеттердің кеңінен таралуы, осылардың барлығы қосылып адамның денсаулығын нашарлатада.

Қала халқының басым бөлігі демалысын қаладан тыс табиға жағдайда өткізуге тырысады.

Адамның денсаулағының төмендеп ауыруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауы мен қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде ір түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Көптеген қалалар экологиялық апат аймағы деген мәртебеге ие болған. Соның ішінде Өскемен қаласын алуға болады. Әр түрлі аурулар қаптап, балалар жарымжан болып туу да. Осының бәрі осы экологияның бұзылу себебі. Бүгінгі таңда Өскемен қаласы күннен-күнге құлпырып, өркендеп келеді. Дегенмен, бұл қуаныштың көлеңкесінде қайғылы дерт тұрғанын білеміз бе? Себебі, Өскемен атмосферасы сан жылдар бойы көк түтіннен көз ашпай келеді. Мұның бәрі адам денсаулығына зиян. Қолғасынның өзін алатын болсақ, алдымен жүйке жүйесін зақымдайды, содан кейін іш құрылысындағы мүшелердің жұмысын бұзады. Адам психикасына да кесірі бар. Радикация да солай.

Өкпе, жүрек сырқаттарына шалдығып, қан қысымы жоғарылаған адамдар саны күннен-күнге өсуде. Улы газға булығып өмір сүріп келе жатқан Өскемен тұрғындарының тағдыры өзі бір үлкен жағдай. Сондықтан, адам экологиясы мемлекет көлемінде талқыланатын үлкен мәселе деп ойлаймын.

Ауаны таза ұстаудың шаралары

Адамға табиғат берген байлықтың бірі — атмосферадағы ауа. Өзге табиғи байлықтармен бірге ауаның тазалығын сақтау өте маңызды іс.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қарышты дамьп келе жатқан Қазақстанда ауа тазалығы үшін күрес маңызды роль атқармақ. Осыған орай, республикада тындырылған іс аз емес. Соңғы жылдары атмосферадағы ауаны қорғау мақсатында ірі-ірі өнеркәсіп орындарында газ бен шаң тұтатын үш жүзге жуық үлкен қондырғылар мен приборлар іске қосылды. Жамбылда, Ақтөбеде, Өскемен мен Теміртауда, басқа да өнеркәсіп қалаларында ауа тазалығын бақылайтын лабораториялар көптеп құрыла бастады.

Өскеменнің корғасын-мырыш комбинатында 35,1 млн сомға, Шымкенттің қорғасын заводында 28 млн сомға ауаны таза ұстау мақсатында ірі құрылыстар жүріп жатыр. Қазірдің өзінде осы заводтарда жоғары температураға шыдамды фильтр-сүзгіш «Нитрон» іске қосылып ауаның құрамын тазалауда үлкен үлес косуда. Шығыс машина жасау заводында мазут пешін электр күшімен қыздыру арқылы, ауаға шыратын лас зиянды газдардың көлемін 1,5—2 есе азайтуға мүмкіншілк туды. Сол сияқты Ертіс мыс балқыту заводында өндірістеіі шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын құрылыстар салынды.

Республикамыздың ірі қалаларында жылуды бір ірі орталықтан жіберу арқылы көптеген ұсақ пештерден құтылды. Мысалы, Алматыда 600 кішкентай пеш жойыл-са, оныц 155-і 1970—1973 ж. ж. келеді. Қарағандыда 107 пеш, 84 жанатын террикондар жойылды. Павлодарда -50, Шымкентте — 7 пеш газбен жағылуға көшті. Бір сөз-бен айтқанда, Алматы каласын қоспағанда республикамызда 1970—1973 жылдары 276 пеш сөндірілді, 12 ТЭЦ пен 65 пеш газға көшті.

Қазіргі жағдайда ауада улы заттардың мөлшерін азайту мақсатында, автомобильдерден бөлініп шығатын газдарды азайту барысында көптеген тиянақты жұмыстар жасалынды. 1973—1975 жылдары облыс орталықтарында «Қазақавтотехникалық қызмет көрсету» ауаға шығатын зиянды газдарды ұстап қалатын 157 бақылау-реттегіштердің кондырмаларын жасау жобаланды.

Қазір Алматыда 40 пункт жұмыс істейді, алдағы уақытта тағы да 50 болуы керек. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде адамдардың денсаулығына зиянын тигізетін газдардың мөлшері азайды.

Мысалы, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында ауаға шығатын зиянды шаңдар 54,2% корғасын —68,6% күкірт ангидриді—17,2% азайды. Балқаш кен-металлургия комбинатында—41%. Теміртау синтетикалық каучук заводында сыртқа шығатын сынаптың мөлшері 2,5 есе, Шымкенттің цемент заводындағы ауаға шығатын цемент мөлшері — Юесе, Өскеменнің титан-магний ком-бинатында ауаға шығатын хлордын, мөлаіері 1,8 есе қыс-қартылды.

Республикада 25 қалада мемлекеттік санитарлык мекемелер лабораториясында ауаның құрамын зерттеп, ол зерттеулердің нәтижесін жүйелі күйге келтіріп, практикаға беруде.

Зерттеулердің нәтижесінде өндірістің орналасуына қарай негізгі ауаға шығатын лас қалдықтар қорғасын, күкірт ангидриді көмірқышқыл газы, азоттың қосоксиді, мышьяк, күйе, хлор, шаң екені анықталып отыр. Қарағанды қаласында көмірқышқыл газының мөлшері санитарлық нормадан 8-9 есе асып кеткен, ал азоттың қосоксиді, шаң күкірт ангидриді барлық ендіріс орындарында 1973 жылы белгілі-бір нормаға дейін темендеген.

Ауа тазалығы, адамдардың денсаулығы үшін күрес әрбір кәсіпорын мен цехта да тиімді жүргізіліп келеді. Мысалы, Алматы үй құрылысы комбинаты бойынша ауаға күн сайын шығарылатын зиянды заттардың мөлшері 75% қысқартылды. Шымкент қорғасын заводында шаң тұтқыштар мен технологиялық газды өңдеу және тазарту қондырғыларын салуға қыруар қаржы жұмсалып, адамдардың жұмыс істеуіне қолайлы жағдай туғызылған. Үстіміздегі жылдың жеті айы ішінде барлығы 144 кәсіпорынның жұмысына «жақсы» деген баға берілді. Республикада сағатына 19 миллион текше метр шаңды сорып алатын жаңа қондырғылар іске қосылды. Ауаны ластауға себепші болып отырған Алматы қаласындағы 72 ұсақ пештер жабылып, олардың орнына электр энергиясымен және газбен жылытатын жүйелер орнатыл-ы. Ал, Жамбыл Шымкент қалаларында үйлерді табиғи газбен жылыту көптен бері жүзеге асырылып келед

                   Адамзат қоғамының алдында тұрған экологиялық мәселелер оның дамуының барлық тарихи кезеңдерінде орын алып отырды. Бірақ, өндірістік қоғам мен демографиялық жарылыс кезеңінде адамзаттың табиғатқа теріс әсерінің нәтижелері ғаламдық сипатқа ие болды. Экологиялық мәселенің мәні – табиғаттағы қалыптасқан тепе-теңдікті бұзбай, миллиардтаған адамдарды жерде қоныстандыру және олардың барлық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Қазіргі Жердегі тіршілік адам қызметінің сипатына тәуелді.

Қазіргі кезең адамның ерекше биосфералығқ қызметі – биосфераны қорғау мен сақтап қалу қызметімен анықталып отыр. Экологиялық мәселелердің алдын алу үшін адам ретсіз дамудан тиімді, реттелген, табиғат пен қоғамның даму заңдарына негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық, бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды. Мұндай дамуды – тұрақты даму деп атайды. Бірақ бұл үшін адамдардың сана-сезімі, олардың мақсаты мен адамгершілік бағыттылығы өзгеруі тиіс.

Планетадағы тіршілікті қорғау бүкіл адамзаттың бірігуін талап етеді.

1987жылы БҰҰ-ның Дүниежүзілік қоршаған орта мен даму комиссиясы «Біздің жалпы болашағымыз» атты есебінде «қоршаған орта үшін қауіпсіз, жолда экономикалық дәуірге» аяқ басуға шақырды.

Алғаш рет «тұрақты даму» концепциясы ұсынылды.

«Тұрақты даму» дегенде қазіргі уақыттың қажеттілігін қамтамасыз ете отырып, болашақ ұрпақтардың өзінің қажеттіліктерін қамтамасыз етуіне қауіп туғызбайтын даму деп түсіну керек. «Біз ата-бабаларымыздың Жерін мұраға алған жоқпыз. Біз оны өзіміздің балаларымыздан қарызға алдық» (БҰҰ материалынан).

              1992жылдың маусым айында Рио-де-Жанейро қаласында өткен БҰҰ-ның қоршаған орта мен даму бойынша өткен конференциясы «Тұрақты даму» концепциясын және «ХХІ ғасырдың күн тәртібіне» атты ауқымды бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламада шешілуі болашақта тұрақты дамуды қамтамасыз ететін жалпы мәселелер қарастырылған. Оның нәтижесі төмендегі кестеде көрсетілген.

Мәселе Мәселенің қысқаша мәні

Кедейлікпен күрес Дүние жүзінде 157 миллиардер, шамамен 2 мың миллионерлер және 1,1 миллиардтан астам күндік табысы 1 АҚШ долларынан кем адамдар бар. Кедейлікті болдырмау жолдары: еңбек ақыны қамтамасыз ету; кедейлердің өзін-өзі қамтамасыз етуі мен бай елдерден тәуелділігін кеміту; еңбекке жарамды халықтың санын арттыру; табиғат ресурстарын сақтау мен тұрақты даму; білім беру жүйесін жетілдіру; отбасын жоспарлау; қаржылық демеу.

Тұтынудың құрылымын өзгерту Адамзаттың бай бөлігінің шектен тыс ысырап етуі – қоршаған ортаның бұзылуы мен табиғат ресурстарының сарқылуының себептері болып табылады. Сонымен қатар кедей адамдар өмірге қажетті минималды мөлшерімен қамтамасыз етілмейді. Энергетикалық және шикізаттық пайдалануды қысқарту, экологиялық таза технологияларды дамыту.

Халық және тұрақтылық 1993 жылы дүниежүзіндегі халық саны шамамен 5,5 миллиардтан астам болды. Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы адам саны 8 миллиардқа жетеді.

Адамдардың денсаулығын сақтау мен жақсарту Халықтың денсаулығы қоршаған ортаның жағдайына байланысты болады. 2000 жылға қарай денсаулық сақтау саласындағы стратегиялық міндеттер:

- СПИД-пен күреске жұмылдыру;

- туберкулезбен және басқа зілді аурулармен күрес;

- бала өлімін кеміту;

- халық денсаулығын бақылайтын тиімді ұйымдар құру;

- еркектер мен әйелдердің өздерінің балалрының саны мен туылу уақытын анықтауға құқығын қамтамасыз ету;

- халықты ауыз су және таза азық-түлікпен қамтамасыз ету;

- балалардың денсаулығын қорғау;

- қоршаған ортаны денсаулыққа зиян қалдықтардан тазарту және оның алдын алу.

              Тұрақты тұрғын жерлер (урбанизация) 2000жылға қарай дүниежүзінің халқының жартысы қалаларда тұруы тиіс. Қоғамның урбанизациясы экономикалық малу процесінің бір бөлігі болып табылады. Қалаларда жалпы ұлттық өнімнің 60%-ы өндіріледі. Қала халқының санының артуы дамыған және дамушы елдерде бірдей.

Атмосфераны қорғау Атмосфераға қалдықтарды шығарудың негізгі көзі – энергияны тұтыну мен өндіру.

Жер ресурстарын тиімді пайдалану Топырақтардың құнарлылығы су және жел эрозиясы мен химиялық, физикалық деградация нәтижесінде төмендейді. Топырақтың деградациясының себептері шектен тыс мал жаю; ормандардың кемуі; ауылшаруашылық қызметі; жерді шектен тыс пайдалану және т.б.

Ормандарды жоюмен күрес Ормандар топырақ пен суды, атмосфераны қорғауда, өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық алуантүрлілігін сақтауда маңызды рөл атқарады. Үкімет орман шаруашылығының тұрақты дамуына арналған ұлттық бағдарламаларды жасап, оларды жүзеге асыру керек.

              Шөлденумен және құрғақшылықпен күрес Шөлдену – бұл ауа райының өзгеруі мен адам қызметінің нәтижесінде топырақтың деградациялану процесі. Бұл процеске көбіне құрғақ жерлер ұшырайды. Шөлдену мал жайылымдарының деградациясы мен азық-түлік өнімдерінің кемуіне әкеліп соқтырады. Құрғақшылық пен шөлдену кедейлік пен аштықтың да себебі болып табылады.

Мұхиттарды қорғау мен тиімді пайдалану Теңіз суының ластануының шамамен 70%-ын құрлықтағы үлкен және кіші қалалар, өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылығы мен туризм құрайды. Мұхиттар шектен тыс балықтар мен былқылдақденелілерді (жылына 90 млн. тоннаға дейін) аулаудан, жағалаулар мен маржан рифтерінің жағдайының нашарлауынан зардап шегеді.

              Тұщы суды қорғау мен тиімді пайдалану Бүгін тұщы су мәселесі маңызды экологиялық мәселелердің бірі болып табылады. 2000 жылға қарай төмендегі міндеттер шешілуі тиіс:

- қалалардың әрбір тұрғынын бір адамға шаққанда ең кемінде күніне 40литр ауыз сумен қамтамасыз ету;

- өнеркәсіптік, тұрмыстық шайынды суларды залалсыздандыру ережелерін анықтап, жүзеге асыру;

- барлық ауылдық аудандардың тұрғындарын экологиялық қауіпсіз сумен қамтамасыз ету.

              Улы химиялық заттарды қолданудың қауіпсіздігін арттыру Химиялық заттар бүкіл дүние жүзінде қолданылады. 10000-нан астам химиялық заттар бар. Олардың 1500-інің үлесіне дүниежүзілік өндірістің 95% келеді. Қазіргі уақытқа дейін әлі улы және қауіпті өнімдермен сауда жасау туралы жалпы келісім жоқ.

              Қатты қалдықтар мен шайынды суларды жою. Тұрмыстық қалдықтар мен шайынды сулардың мөлшерінің жылдам артуы қала халқының денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп тудырады. Жыл сайын 5,2 млн адам, оның ішінде 4млн балалар шайынды сулар мен қатты қалдықтарды дұрыс тазартпау нәтижесінде ауырып, қайтыс болады. 2025 жылға қарай қалдықтардың мөлшері 4-5 есе артуы мүмкін.

Радиоактивті қалдықтарды жою Радиоактивті қалдықтар туғызатын қауіп оларды өсіру мөлшерін кемітуді, қауіпсіз тасымалдау мен жоюды талап етеді. Жыл сайын АЭС-тің жұмысы нәтижесінде 200-мың м төмен, ал 10 мың м жоғары радиоактивті қалдықтар түзіледі.

Информация о работе Қалалық орта экологиясы