Қалалық орта экологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 15:37, реферат

Описание

Қалалық орта экологиясы - қалалық ортаның проблемалары және оларды жетілдіру жолдары туралы кешенді ғылым. Осындай кең көлемдегі мәселелерді шешу оған қатысы бар адамдардың (қала басқарушылары, инвесторлар, архитекторлар, құрылысшылар, қала халқы) экологиялық білім деңгейіне, ғылыми зерттеулерге, бөлінетін субсидияға, азаматтардың қатысуына және олардың ақпаратпен қамтамасыз етілуіне байланысты. Мұндағы басты міндеттер мыналар

Содержание

1. Кіріспе


2. Негізгі бөлім

2.1. Озон қабатының бұзылуы

2.2. Алматы қаласы экологиясы

2.3. Қазіргі кездегі ірі қалалардағы экологияның адамзатқа әсері


3.Қорытынды

Работа состоит из  1 файл

Қалалық орта экологиясы Айдана.doc

— 273.50 Кб (Скачать документ)

              Балалар мен жастардың тұрақты дамуды қамтамасыз етудегі рөлі Даму бағдарламалары жастарға қауіпсіз болашақты және оның ішінде денсаулыққа қолайлы қоршаған ортаға жоғары өмір сүру жағдайына, білім алу мен жұмысқа кепілдік беруі керек. Жастар планета халқының 1/3-не жақын бөлігін, ал көптеген дамушы елдерде – жартысын құрайды. Білім беру дәрежесін арттыру қажет. Жастарға білім беруде қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелеріне көп көңіл бөлінуі қажет.

Тұрақты даму мақсатындағы ғылым мен білім беру Қазіргі кездегі ғылыми зерттеулер адамзаттың тіршілігін сақтау мақсатында жұмыс істейді. ХХІ ғасырда биосферада қауіпті өзгерістер болуы мүмкін. Ғалымдар төмендегі мәселелерді зерттеуде: ауа райының өзгеруі, ресурстарды тұтынудың артуы, демографиялық тенденциялар, ортаның деградациясы, энергия мен ресурстарды пайдалану, биосфераның космостық зерттеулері, ортаның адам денсаулығына әсері және т.б. Бағдарлама әр түрлі жастағы адамдардың қоршаған ортаны қорғау мен даму мәселелері бойынша білім алуын қамтамасыз етуі керек. Экологиялық білім беру – адамзаттың тұрақты дамуының қажетті шарты.

- климаттың өзгеруінің алдын алу, ормандарды қорғау мен биологиялық алуантүрлілікті сақтау мәселелері бойынша қабылданды. Бұл мәселелерді кешенді ғылыми тұрғыдан шешуге болады. Бұл үшін экология, экономика және әлуметтік дамудың барлық негізгі топтарын біртұтас кешен түрінде қарастыру қажет.

БҰҰ-ның конференциясы барлық елдердің үкіметтерін тұрақты дамудың ұлттық концепцияларын қабылдауға шақырады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «Қазақстан Республикасының тұрақты дамуға көшу концепциясы» бекітілді. Республиканың экологиялық саясаты оның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Республика Президенті Н.Ә.Назарбаевтің БҰҰ Бас Ассамблеясында жасаған баяндамасында тұрақты дамуға жетудің түйінді мәселелерін шешудегі еліміздің белсенді қызметін дәлелдейтін нақты мысалдар келтірді. 1992-1998 жылдар аралығында Қазақстан тарихта бірінші болып ядролық полигонын жауып, ядролық қарудан бас тартты, Аралды сақтап қалуға арналған интеграциялық процестердің ұйтқысы болды.

Қазіргі уақытта экологиялық, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді интеграциялау саласындағы саяси іс-шараларды анықтау жолдары іздестіруліде. Олар:

- бұзылған экожүйелерді қалпына келтіруді қамтамасыз ету;

- суды тиімді пайдаланудың нақты шараларын анықтау;

- жерді пайдалану, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуын жүзеге асыруға, биологиялық алуантүрлілікті сақтауға бағытталған үйлесімді іс-шараларды қабылдау

                 2011 жылдың 22 сәуірінде Салауатты өмір салтын қалыптастыру проблемалары орталығында «Қоршаған орта және адам денсаулығы» атты семинар өтті. Семинардың мақсаты: Алматы қаласындағы ЖОО студенттерімен тұрғындар денсаулығына экологияның әсер етуі мәселелерін талқылау. Семинардың қатысушылар: Абай ат. Қазақ ұлттық педагогикалық универстиетінің, Әл-Фараби ат. Қазақ ұлттық техникалық университетінің, Қ. Сәтбаев ат. Қазақ ұлттық техникалық университетінің, Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясының студенттері, сонымен бірге, Алматы қаласының әкімшілігі, Қоршаған ортаны қорғау Басқармасы, Алматы қадасы Білім басқармасы, Қазақстан-Жапон адам ресурстарын дамыту орталығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру қызметі, үкіметтік емес ұйымдар. 

Соңғы жүз жылда адамның іс-әрекеті Жер шарының барлық аймағында байқалды. Қоршаған ортаның ластануынан топырақтың құнарлылығы төмендейді, азады, шөлге айналады, әлемде өсімдіктер мен жануарлар құриды, ауа атмосферасының, жер үсті және асты суының сапасы нашарлайды. Жинақтай келе бұл Жер бетінен экожүйелер мен биологиялық түрлердің толық құрып кетуіне, тұрғындардың денсаулығының нашарлауы мен адамдардың өмір сүру ұзақтығының азаюына әкеліп соғады. 

Қазіргі кезеңде қоршаған ортаның қауіпсіздігі мен аурудың алдын алу деңгейін сапалы өмір және қоғамдық денсаулық сақтау орны анықтайды. 

ДДҰ мәліметтері бойынша тұрғындар денсаулығының үлесі елдің әлеуметтік экономикалық дамуына негізделуі - 50-60%; экологияны құрамы - 20-30%; медициналық көмек көрсету ұйымдарының деңгейі - 15-20%. Адамдар ауруының 80% экологиялық әсердің нәтижесі. Сондықтан, өлім-жітім резервтерін азайту мен өмір сүруді ұзарту үшін, ең алдымен адам денсаулығына экологияның теріс әсерін азайту мәселесін шешу керек. 

АҚШ-тың Йель және Колумбия университеттерінің ғалымдары құрастырған Environmental Performance Indexтiң экологиялық индексi бойынша рейтингте, Қазақстан 92-орында тұр (дүниежүзілік рейтингке 163 ел кірген). ТМД елдері арасында экологиядан рейтингте 53 позицияны ұстанған және 65,4 балл жинаған Берлоруссия алда тұр, Грузия 59 орында (63,6), Ресей – 69 (61,2), Армения - 76 (60,4), Қырғызстан – 79 (59,7), Әзірбайжан - 84 (59,1), Украина - 87 (58,2), Қазақстан - 92 (57,3), Тәжікстан - 111 (51,3), Өзбекстан - 144 (42,3) және Түрікменстан – 157 (38,4). Экологиялық индекс ауа және судың ластануы деңгейін, ауыл шаруашылығының жай-күйін, балық және орман ресурстарын және биоәртүрлілігін 25 критерий бойынша есепке алды. Экологиясы ең таза елдер: Исландия, Швейцария, Коста-Рика және Швеция. Экологиясы ең лас елдер: Мавритания, Орталық африка Республикасы және Сьерра-Леон. 

                   Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау – адам баласының ең маңызды мақсаты. Экология және табиғатты пайдалану мәселелері дамыған және дамушы елдердің әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларында басты орынды алып отыр. Қазақстан да осылардың қатарында.   

                Көшеде тоқтап, құлақ салсаңыз МАЗ және ЗИЛ сияқты автокөліктердің дарылдаған дауысын және серіппелі темір есіктердің жабылған дауысын, ауладағы бала-шаға айқайын естисіз. Магнитофондар және теледидарлар, зауыттардағы цех станоктарының және машиналардың гүрсілі құлақ тұндырады. Осының барлығы күнделікті көрініс.

Уақыт ағымына, ғылым жетістігіне байланысты жаңа дыбыс құралдары жасалып, олардың күші өсті. Ғылым және техника табыстарымен, қарқынымен урбанизациямен бірге шудың деңгейі де тоқтаусыз өсті.

Шу – үлкен санды қарапайым типті әртүрлі биіктер мен күштерден тұратын дұрыс емес, қалыпты емес дыбыстардың жиынтығы. Шу - өркениетті заманымыздың өзіне тән өндірісінің шығыны, күн өткен сайын біздің өмірімізге кеңірек басып кіреді.

Зерттеу мақсаты : адам ағзасына шудың әсерінің қасиетін анықтау . Осы зерттеу мақсатына сәйкес келесі міндеттерді ұсынамын:

1) Шудың қайнар көздерін анықтау ;

2) Адам ағзасындағы шудың әсерін зерттеу ;

3) Адам ағзасындағы транспорттық шудың әсерін зерттеу ;

4) Халық денсаулығына қалалық көшедегі шудың ықпал жасауына талдау жүргізу.

5) Шумен күрес негізгі іс-шараларын ұйымдастыру.

              Адамның қоршаған ортаға әсері ғылыми - техникалық алға басудың салдары. Ғасыр басынан дүниежүзілік өндірістік өнеркәсіптер 16 есе өсті, ол ғасыр аяғына қарай 1,5-3 есеге дейін өседі, бұл бұған дейінгі адамзат тарихындағы пайдаланылған шикізат шамасынан асады.

Шу мәселесі қазігі заманда төтенше де маңызды мағынаға ие болды. Ұзақ уақыт шу өркениеттің шарасыз жауыздығымен, техниканың қарқынды дамуының, автоматтандырудың, механикаландырудың, көлік өсу шегінің, техникалық алға басудың қосымша өнімі деп есептелді.

              Шу - уақытша күрделі құрылымды және ағзаға ерекше әсер ететін қасиеттерімен акустикалық үйлесімсіз дыбыс.

Табиғатта шу пайда болу әдістеріне байланысты танылады:

1) қатты денелердің дірілдеуінен пайда болатын механикалық шу . Дірілдеуден пайда болған шу лайықты шарттары бар жағдайларда дыбыс болып сәулелеле шашырайды, сондықтан көп жағдайда шудың өзі естілмейді. Механикалық шу машиналармен және механизмдердің жұмыс істеуінен пайда болады.

2) Аэро немесе гидродинамикалық шу - газ қозғалысынан, бу немесе сұйықтықтың қысымының әсерінің нәтижесінде пайда болады.

3) Термиялық шу - газдардың тығыздыққа байланысты жанған кезінде пайда болады.

4) Кавитациялық шу - акустикалық кавитация кезінде дыбыс импульсының нәтижесінде туатын тамшылар мен қуыстардың және сұйықтықтың жарылунан пайда болады.

              Шу тұрғын үйлерде сырттан кіретін шудан және ішкі шудан, санитарлық - техникалық, инженерлік - технологиялық құралдарда, тұрмыс құралдарында,музыкалық аспаптарда ойнағанда, адамдардың жылжуынан және жиһазды жылжытудан, әңгімелескенде, балалардың айқайларынан құралады.

Қаладағы шу " симфониясы " көптеген факторлардан түзіледі : темір жолдардың гүрсілінен және ұшақтардың гуілінен , құрылыс техникасының гүрілінен, зауыт цехтарының шуынан және тіпті тұрмыстық құралдарының шуынан - бір сөзбен айтқанда адамды қоршайтын барлық заттан тарайды.

Шудың ең қуатты аккордтары автокөлік қозғалысының дыбысы, оған жалпы фонда шудың 80% береді.

Қала тұрғындарын, әсіресе ірі қалаларда қалалық көліктердің шуы қатты алаңдатады: трамвайлар, автомобильдер, автобустар, мотоциклдер, мотороллерлер. Көп мөлшердегі шу, әсіресе, дизельді және жүк таситын машиналардан шығады.

Қалалық көлік саны толассыз өседі және өсуде . Таза техникалық проблемалардың шешімі туралы тек қана айтып кана қоймай, қазіргі заманға сай гүрсілі аз автомобильдерді таңдау қажетті деп санауымыз керек.

              Соңғы он жылдықта шудың зиянды ықпалы жұмыс істеушілерге, дәл осылай халықтың басқа топтарына әсері өсті. Бұның себебі, техникалық алға басуындағы өндіріс процестерінің механикалануы, көліктің қуаттылығының артуында.

              Тербелмелі қозғалыс көздерінің дыбыстық энергиясы қоршаған ортаға үзіліссіз түсуі мүмкін, мысалы , тоқыма станок жұмысы кезінде немесе оқтын-оқтын импульстер түрінде, пневматикалық аспапты қолданған жағдайда орын алады. Осыған байланысты шудың тұрақты және импульстік түрлерін ажыратады. Ағза үшін импульстік шу қауіпті.

              Шудың адам ағзасына тигізетін әсері өзге өндірістік факторлармен үйлеседі: қанағатсыз микроклимат, улы заттар, ультродыбыстар, әсіресе, вибрациямен үйлесіп отырып шудың зиянды әсері: есту қабілетінің нашарлауына,жүйке жүйесіне, жүрек тамыр жүйесіне және т.б. жүйелерге кері әсер етеді.Бұл еңбек өнімділігінің төмендеуіне, өндірістік ақауларға алып келеді.

              Шу – үлкен қалардың халқына кері әсер ететін негізгі факторлардың бірі.Шудың тұрақты әсері ашушаңдылықты жоғарылатады, шығармашылық әрекетті, еңбек өнімділігін және халықтың тынығу тиімділігін төмендетеді.Бүгінгі күнгі зерттеулер бойынша шудың жоғарғы қысымы көптеген аурулардың – жүрек тамыр, асқазан жүйке жүйесі ауруларын қоздырушы болып табылады.

Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және  өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Қоршаған табиғи орта – адамның өміріне, тіршілік ету жағдайына және денсаулығына әсер ететін табиғи компоненттердің жиынтығы. Қоршаған табиғи ортаның компоненттеріне атмосфералық ауа, сулар, топырақ, жер асты байлықтары, хайуанаттар және өсімдіктер әлемі жатады.

Қоршаған ортаны ластау – адамның шаруашылық қызметінің нәтижесінде - қатты, сұйық және газ тәріздес қалдықтарды табиғи ортаға: атмосфераға, гидросфераға, топыраққа шығару; қоршаған ортада қажет емес физикалық факторлардың: шудың, жылудың, сәуле шығаратын радиацияның, ультрадыбысты толқындардың, вибрациялардың және т.б. пайда болуы нәтижесінде қоршаған ортаның физикалық-химиялық қасиеттерінің өзгеруі. Қоршаған ортаның ластануы санитарлық-гигиеналық нормативтердің асып түсу деңгейімен сипатталады.

Елдегі экологиялық жағдаяттың нашарлауы да алаңдаушылық туғызады. Экологиялық мәселелер адамзат үшін маңыздылығымен-ақ елеусіз алдыңғы шепке шықты.

Адамдарда кездесетін кейбір патологиялық аурулардың таралуына, экологиялық факторлар тобының әсеріне бақылау жүргізгенде бірқатар мәселелер нақтыланған. Мысалы, жүйке, қан айналыс жүйесінің, асқорыту мүшелерінің патологиясына ішетін су сапасының төмендігі, атмосфераның ауыр металдар мен мұнай өнімдері буымен ластануы едәуір әсер ететіні анықталды. Қатерлі ісік ауруларының 75-80%-ы химиялық заттардың (асбест, полициклді көмірсулар, ауыр металдар) әсерінен пайда болады. Аяқ-қолдарының дамуы тежелген, мүшелері жетілмеген сәбилердің туылуы, өлі туу мен төтеннен іш тастаудың жиілігі ластанған ауадағы кейбір заттар мен дәрілік препараттарға да байланысты. Олай болса, халықтың денсаулығына экологиялық қауіп-қатерді азайту үшін қоршаған ортаны тазарту бағытындағы нақты істерге шындап кірісу қажет.

Қазақстан Республикасында табиғи жүйелердің өздігінен реттелу қабілетін және   антропогендік қызмет салдарының орнын толтыруды қолдау үшін жеткілікті, ландшафттық және биологиялық әралуандықты сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ғылыми негізді шаралар жүзеге асырылатын болады.

Табиғи ортаны сақтау және қалпына келтіру  жөніндегі шаралар:

-қоршаған ортаның сапасын басқару жүйесін оңтайландыру;

-табиғатты пайдалануды басқаруда экожүйелік көзқарасты пайдалану;

-мемлекеттік, өндірістік және қоғамдық бақылау жүйесін, сондай-ақ экологиялық аудитті жетілдіру;

-қоршаған ортаға мониторинг жүргізу жүйесін дамыту;

-жер және су ресурстары тозуының, ластануының, әуе алабының ластануының алдын алу;

-Жердің озон қабаты мен климатқа антропогендік әсерді азайту;

Информация о работе Қалалық орта экологиясы