Арал теңізі жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Марта 2013 в 16:32, реферат

Описание

Арал теңізі, Кайнозой дәуірінің орта шетінде, яғни бұдан 21 млн. 1200 жыл бұрын Каспий теңізінеқосылып жатқан. Бұған теңіздің терістік бетіндегі қазіргі Сарышығанақ, Ақеспе тұсынан 80 метр тереңдіктен Олигоцен уақытында өмір сүрген қызыл балықтың, ірі ұлудың, киттің омыртқа сүйектерінің тасқа айнала бастаған күйінде табылуы дәлел болмақ. Бұл теңіздің кезінде мұхитпен қосылып жатқандығын көрсетеді. Сондай-ақ Арал маңынан акуланың тісі мен сүйегі табылды.

Содержание

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1. Арал теңізінің тарихы
2.Арал флотилиясы
3.Арал теңізінің экологиясылық ахуалы
4.Арал апатына себеп болған факторлар
5.Экологиялық дағдарысы
6.Теңізді құтқарудағы болжамдар
III.Қорытынды
IV.Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

гаухар аизада жанылсын сауле.docx

— 628.78 Кб (Скачать документ)

Сөйтіп, жергілікті тұрғындардың тіршілік етулері жыл өткен сайын, оларды айтарлықтай қусырып, қиындатып  барады. Сонымен бірге бұл аймақта  жылына 15 рет катты дауыл соғып, тұзды шаңды жүздеген шақырымға  таратады. Яғни, майда тұз аралас шаң атмосфераның ағынымен сонау  Қиыр Шығыстағы Амур өзенінің бассейніне жөне АҚШ-тың Онтүстік Штаттарына дейін  жетіп тұрғанын дәлелдейтін деректер өз алдына.

Міне, соған қарағанда  бұл құбылыс келешекте жақсы  үміт күттірмейтін сияқты. Өйткені  қазіргі Арал апатын, оның айналасында  жан-жаққа етек ала жайылып бара жатқан сор шаңдақты, бұрқыраған шөл  даланы көргенде Африкандағы өлемге өйгілі Сахара шөлі көзге еріксіз  елестейді.

Ол аймақ та кезінде  егінді, малды, гүлденген өлке болған. Бірақ, кезінде сол жерді мекендеген халық табиғаттың заңымен санаспай, шаруашылықты қалай болса солай  жүргізудің нөтижесінде ұланғайыр  кең жер елсіз, сусыз шөлге  айналған көрінеді.

Ал, біз болсақ, сол кайғылы  төжірибені кайталауға бірте-бірте  жакындап келеміз. Міне, осыған орай теңізді  сумен толтырмағанмен оның кепкен ұлтанындағы  құм, тұз, шаңды ұшырмаудың тезірек  бір амалын жасаған жөн.

Арал теңізі Каспийден  74 метр биіктікте жатыр, ал Каспий Қара теңіз деңгейінен 26 метр төмен, демек Арал теңізінің айдын беті кезінде мұхит деңгейінен 48 метр биік болған. Аралдың түбінің ең терең жері мұхит бетінен 20 метр төмен, ал Каспий айдынынан 6 метр жоғары.

Сондай-ақ, Каспий теңізінің  тереңдігі 944 метр, ал Арал теңізі ең терең жері небәрі 68 метр ғана. Өкінішке орай, осы уақытқа дейін теңіз астының қүпия ағыстары мен иірімдерін ғана зерттеген ғылым үшін жер асты суларының өзара карым-қатынас ағыс иірімдері әлі жұмбақ. Алайда Арал мен Каспий егіз болғанымен, мінездері кереғар. Өйткені, Каспийде су көбейсе, Арал да азаяды. Ал, Аралда су көбейсе Каспий шегінеді. Демек, осы екі теңіз өзара тұтасып жатқан жоқ па деген сауал Қорқыт дәуірінен бері алға тартылып келеді.

Аралдың кайғылы тағдыры  мен ызғарлы зардабы қазір  аймақ шеңберінен асып, бүкіл әлем биігінен білінуде. Осыдан-ақ теңіздің казіргі жағдайы тым ауыр, келешегі тым күңгірт екенін түсінуге әбден  болады.

Қазір Аралдың кебуі күнмен есептелуде. Демек, бүгінгі таңда  кезек күттірмейтін мәселе - құрғаған теңіз табанындағы тұз, шаңның көбеюін  қалайда бәсеңдету. Ол үшін жоғарыда сөз болғандай сол кепкен теңіз  ұлтанындағы кұм, тұз шаңдарды жет  үсті немесе жер асты суымен бастыру, сол сияқты өсімдік түрлерін егу  жұмыстарын айрықша назарға алған  жөн. Әлі де Арал теңізі бассейніндегі  проблемаларға орай, халыкаралық  қорлар мен ұйымдардың каржылары  мен мумкіншіліктерін жұмылдыру  қажет-ақ.

Егер де жоғарыда аталған  жұмыс көлемдері толық іске асырылған  жағдайда Арал өңірінің атмосфералық ауа қабаттары тазарып, сондай-ақ аймақта төтенше ауру түрлерінің қаңдай түрі болса да таралмауына  оң жағдай туар еді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

 

  1. "Зерде" республикалық  ғылыми-көпшілік журнал.

№9. 2002 ж.

    2) "Атамекен" газеті 1 қаңтар 2001 ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Информация о работе Арал теңізі жағдайы