Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 22:31, реферат

Описание

Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайтыны баршаға мәлім. Атмосфера ауасы бірнеше газ заттарының жиынтығынан тұрады. Ол ғарыш кеңістігі әлемімен, әлемдік мұхитпен, жерден, өсімдіктермен (орманды қоса) үздіксіз араласып қатқан тіршілік тынысы. Ауа құрамындағы оттегінсіз тіршіліктің болмайтыны белгілі.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу
1.1 Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау
1.2 Атмосфералық ауаның ластануын құқықтық реттеу
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

экология реферат.doc

— 148.50 Кб (Скачать документ)


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік

технологиялар және инжиниринг университеті

Экономика және құқық институты

Құқықтану кафедрасы

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Пәні: ҚР-ның экологиялық құқығы

Тақырыбы: Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған:ЮС-09-01 тобының  студенті

Джумагамбетов Е.Б.

Тексерген: Аға оқытушы Усенбаева А. У.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақтау – 2011ж

ЖОСПАРЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу

1.1 Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау

1.2 Атмосфералық ауаның ластануын құқықтық реттеу

ҚОРЫТЫНДЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайтыны  баршаға  мәлім. Атмосфера ауасы бірнеше газ заттарының жиынтығынан тұрады. Ол ғарыш кеңістігі әлемімен, әлемдік мұхитпен, жерден, өсімдіктермен (орманды қоса) үздіксіз араласып қатқан тіршілік тынысы. Ауа құрамындағы оттегінсіз тіршіліктің болмайтыны белгілі. Адам денесінің үштен екі бөлігі — оттегі. Отгегінсіз тыныс алу мүмкін емес. Оны өсімдіктер түзейді.  Атмосферада оттегінің азаюы тіршілік үрдісін баяулатады. Ормандарды орынсыз кесу, өртке ұшырату, жасыл ұландардың азаюы, тұздардың аспанға ұшуы, мұхиттардың, су қоймаларының бетіне мұнай және жанармай мен өндіріс қалдықтарының төгілуі ауаның  тазалығына  зиянын  тигізбей қоймайды. Өндірістер    мен    қатынас    жолдар    техникасы    көп   мөлшерде отгегін жағып, жыл сайын 20 миллиард тонна көмір қышқыл газын ауаға бөліп шығарады екен. Ал бір жеңіл автомашина бір мың километр жер жүргенде, бір адамға бір жылға жететін оттегін жағады.  Аталған шараларды жүзеге асыру барысында қоғамдық қатынастарды реттеу, ең алдымен, бұл қатынасқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін белгілеу қажеттігі туады [3]. Қазақстан Республикасы адам еңбегінің, тұрмысының, демалысы мен денсаулығының, өмірінің ең жақсы жағдайын қамтамасыз ету, материалдық өндірісті  одан әрі жаңа тұрғыда дамыту үшін атмосфералық ауаның қолайлы жайының сақталуына, оны қалпына келтіріп, жақсартуға зор мән береді және осы орайда бірқатар құқықтық шараларды жүзеге асырады. Құқықтық шаралардың ішінде «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының   Заңы ерекше орын алады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңның міндеттеріне ауаны таза сақтау және оның жайын жақсарту, адамдардың денсаулығы мен өміріне, халық шаруашылығы мен өсімдіктер, жануарлар дүниесі үшін атмосферада залалды зардап туғызатын химиялық физикалық, биологиялық және өзге де зиянды ықпалды болғызбау және оны азайту мақсатындағы қоғамдық қатынастарды реттеу, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау саласындағы эаңдылықты нығайту жатады. Атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдар қатарына Қазақстан Республикасында «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» заңы жатады. Онда атмосфералық ауаны қорғау туралы мемлекеттік жүйелердің қызметі мен атмосфералық ауаны қорғау туралы бірнеше ережелер бар.

 

Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі тапсырмалар мен атмосфера ластануының алдын алу және оның себептерін жою, сондай-ақ атмосфералық ауаның жайын жақсарту жөніндегі шаралар экономикалық және әлеуметтік дамудың мемлекеттік жоспарларында көзделеді.  Атмосфералық ауаның жайына баға беру үшін ластағыш заттардың шоғырлануына және берілу шегінің және атмосфераға зиянды физикалық ықпал деңгейінің нормативтері белгіленеді. Бұл нормативтер адамдардың денсаулығын және айналадағы табиғи ортаны қорғау мүдделеріне сай келуге тиіс. Қажет болған реттерде жекелеген аймақтар үшін атмосфералық  ауа ластағыш заттардың шоғырлануына жол берілу шегінің неғұрлым қатаң нормативтері   белгіленеді. Атмосфералық ауаны қорғау мақсатында тұрақты және жылжымалы  ластағыш көздердің лас заттар шығаруына, сондай-ақ зиянды физикалық ықпалдың жол берілуі шегінің нормативтері бар. Бұл нормативтер атмосфералық ауаға зат шығарудың әрбір тұрақты көзі үшін немесе өзге зиянды ықпал көзі үшін, сондай-ақ көлік және өзге қозғалыс құралдары  мен  қондырғыларының әрбір үлгісі үшін белгіленеді.

 

Рұқсатта көзделген шарттар мен талаптар бұзылған жағдайда, сондай-ақ халықтың денсаулығына қатер төнгенде атмосфераға лас заттар шығару атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылау жасайтын органның шешімі бойынша шектелуге, тоқтатыла тұруға немесе тыйым салынуға, жекелеген өнеркәсіп қондырғыларының, цехтардың, кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың қызметін тоқтатуға дейін шаралар қолданылуға тиіс.

Автомобильдер, ұшақтар, кемелер басқа да қозғалыс құралдары мен қондырғыларын жобалауды, өндіруді және пайдалануды жүзеге асыратын министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомстволар, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар ол құралдар мен қондырғылардың лас заттарды атмосфераға шығаруын болғызбау әрі азайту жөніндегі шаралар жиынтығын жасап, жүзеге асыруы қажет  [4].

 

Көлік және қозғалыс құралдары мен қондырғылары шығаратын ластағыш заттардың мөлшері тастанды заттардың жол берілу шегінің белгіленген нормативтерінен аспауға тиіс. Пайдаланудағы барлық көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларының лас заттар шығаруға жол берілу шегі нормативтерінің сақталуы бақылауға алынып отырады. Тастанды заттарында лас заттардың мөлшері белгіленген нормативтерден асып түсетін көлік және өзге қозғалыс құралдары мен қондырғыларын өндіріске ендіруге және пайдалануға жол берілмейді. Атмосфералық ауаға қандай да болсын зиянды физикалық ықпал жасауға жол берілу шегінің белгіленген нормативтері сақталған жағдайда, ал оған рұқсат берілген реттерде осы рұқсатта көзделген басқа да талаптар сақталған жағдайда жол беріледі. Аталған талаптар бұзылған кезде атмосфералық ауаның қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүргізетін органның шешімі бойынша жекелеген өнеркәсіптік және өзге қондырғылардың  цехтардың,  кәсіпорындардың мекемелер мен ұйымдардың тиісті қызметі жол берілетін шектің нормативінен асып кетуді немесе рұқсатта көзделген талаптардың бұзылуын туғызған себептер алдағы уақытта жойылғанға дейін тоқтатыла тұруы, шектеулі немесе оған тыйым салынуы мүмкін. Халық шаруашылығында қолдануға рұқсат етілетін өсімдік қорғау құралдарының, өсімдіктердің өсуін шапшаңдататын заттардың, минералдық тыңайтқыштар мен басқа да препаратттардың тізбесі, сондай-ақ оларды қолдау тәсілдері атмосфералық ауаны қорғау туралы заңдарда белгіленетін тәртіп бойынша ауаның  қорғалуын   бақылайтын органдармен келісілуге тиіс. Пайдалы қазбалар өндіру, түрлі жарылыс жұмыстары, үйінділер мен төгінділерді орналастыру және пайдалану атмосфералық ауа ластануының алдын алу немесе оны азайту жөніндегі ережелерді сақтай отырып, атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдармен және заңдарда көрсетілген басқа да органдармен келісілген тәсілдер бойынша жүргізілуге тиіс  [5].

 

Елді мекендерде  үйінділерді жайғастыруға, өнеркәсіп қалдықтарын, өндірістік, тұрмыстық қоқыстарды және атмосфералық ауаны тозаңмен, газ тектес зиянды және сасық иісті заттармен ластаудың көзі болып табылатын басқа да қалдықтарды үйіп қоюға, сондай-ақ атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптар сақталып, өртеуге арнайы қондырғылар пайдаланылған кезден басқа реттерде, аталған қалдықтарды кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, сондай-ақ елді мекендердің территориясында өртеуге тыйым салынады. Егер метеорологаялық факторлардың, атмосфераға лас заттар шығарылуы және атмосфералық ауаға басқа да зиянды ықпалдың қолайсыз жүргізілуі салдарынан жекелеген аймақтарда адамдардың денсаулығына қатер туса, табиғи ортаның ластану дәрежесіне байқау мен бақылау жасайтын жалпы мемлекеттік қызмет органдары бұл туралы дереу Қазақстан Үкіметіне, жергілікті өкілді және атқарушы органдарға, мүдделі кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға хабарлауға міндетті.

 

       «Атмосфералық ауаны қорғау туралы» заңға  сәйкес атмосфералық ауаны қорғау туралы дауларды шешу  сот  арқылы  жүзеге  асырылады. Қазақстан Республикасы мен басқа елдер арасындағы атмосфералық ауаны қорғау саласында туындаған дауларды мүдделі елдердің өкілдерінен тең дәрежеде құрылған комиссия қарайды.

 

      Атмосфералық ауаны  қорғау  туралы   заңдардың  мынадай талаптары  бұзылған  жағдайларда:

 

—   атмосфералық   ауаға  лас  заттар   шығарудың   жол берілу шегінің нормативтерінен асып кеткені;

 

—  атмосфералық ауаға зиянды физикалық ықпалдың жол берілу шегінің нормативінен асып кеткені;

 

—   атмосфераға шығарылатын заттарды тазалау және бақылау   үшін орнатылған  құрылыстарды,   жабдықтарды, аппаратураларды пайдалану ережесін бұзғаны, сондай-ақ оларды пайдаланғаны;

 

—  атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі талаптарды қанағаттандырмайтын    жаңадан    салынған    және   қайта құрылған    кәсіпорындарды,    құрылыстарды   және   басқа объектілерді   пайдалануға  қосқаны;

 

—     шығаратын    заттарында    лас    заттардың    құрамын   белгіленген      нормативтерден,      мәселен,      автомобильдер,  ұшақтар,   кемелер   және   басқа   қозғалыс   құралдары   мен қондырғыларын  артық  өндіріп,  оларды  пайдаланғаны  үшін;

 

—   өнеркәсіптік  және тұрмыстық қалдықтарды  жинап  қою,   өсімдік   қорғау   құралдарын,   өсімдіктің өсуін   шапшаңдататын   заттарды,   минералдық   тыңайтқыштар   мен басқа     да     аппараттарды     тасымалдау,     сақтау     және қолдану   ережелерін  бұзғаны,  атмосфералық  ауаны  ластағаны  немесе  ластайтын  қатер  төндіргені;

 

—  мемлекеттік бақылауды жүзеге асырушы органдардың   атмосфералық   ауаның   қорғалуын   қамтамасыз   ету жөніндегі   нұсқауларын орындамағаны үшін кінәлы адамдар     Қазақстан     Республикасының     заңдарына    сәйкес қылмыстық,    әкімшілік,    тәртіптік,    материалдық    және басқадай жауапқа тартылады  [6].

 

Лауазымды  адамдардың  және басқа  қызметкерлердің кінәсынан  кәсіпорындар,  мекемелер  мен  ұйымдар зиянды   өтеуге   байланысты   шығынға   ұшыраса,   ол   адамдар белгіленген тәртіп  бойынша материалдық  жауапқа  тартылады. Жоғарыда аталған факторларды қорыта келіп, биологиялық, техникалық, экономикалық, санитарлык, гигиеналық және әлеуметтік шаралармен қатар атмосфералық ауаның  тазалығын  сақтау  үшін,  мынадай  ұсыныстар  жасағым  келіп  отыр:

 

—      өнеркәсіп  орындарынан  шыққан  қалдық  заттарды  өңдейтін  шетелдік  жаңа  технологияларды  алдырып, қолданысқа  ендірсе; Мысалы: Қытай Халық  республикасында  қаладан  шығарылған  қалдық  заттардың  өзінен  42  түрлі  зат  өндіріліп  алынады  екен.

 

—      өнеркәсіп     орындарының,      жол    қатынастары  көліктерінің және  басқа атмосфералық ауаға әсер ететін машиналар  мен  механизмдердің,  сондай-ақ басқалардың  қолданылуын  нормаласа;

 

—     ормандар    мен    жасыл    алаңдарды,    ағаштарды,  бұталарды    сақтау,    қорғау    және   олардың   саны    мен  көлемі  ұлғайтылса, ол  үшін  Қазақстан Республикасының  барлық  азаматтары  ат салысса;

 

—  жерді топырақ пен су эрозиясынан сақтауға және басқа да    атмосфералық   ауаны    қорғауға   байланысты мемлекеттік шараларды жүзеге асыру қажет  деп  ойлаймын.

 

      Ең  бастысы  заңдар  қабылданып, қолданысқа  ендіріліп  жатса,  нұр  үстіне  нұр   болар  еді.

 

Атмосфералық ауа жағдайы

Стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылар 2001 жылмен салыстырғанда,  2006 жылы 116 мың тоннаға азайды. Яғни, 2001 жылы 274 мың тонна болса, 2006 жылы 158 мың тоннаны құрайды.

Соңғы 5 жыл көлемінде,  бұндай  беталыс Өскемен қаласында  да байқалып, стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылар  тұрақты төмендегені білінеді. 2001 жылмен салыстырғанда, 111 мың тоннадан 2006 жылы 71мың тоннаға дейін азайды! ШҚГМО мәліметі бойынша, 2006 жылы Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның ластану индексі (АЛИ) 6,5 құраса, 2006 жылы бұл көрсеткіш 6,5-ке тең болған еді. Өскемен Қазақстан Республикасы қалаларының ішінде ластану индексі бойынша 8-ші орынды алады. 

Келтірілген сандар экологиялық сұрақтарды шешіп тұр деп айтуға келмейді, облыс орталығындағы атмосфералық ауа жағдайы қосымша шараларды қолдануды қажет етеді. Әсіресе, ол қолайсыз метеожағдай (ҚМЖ) (жылына 40 пайызға дейін) және стационарлық көздерден атмосфераға шығарындылары 50 пайызды құрайтын   аутокөліктердің қалада көбею әсері  кезеңінде қажет-ақ.

Өскемен қаласы үшін ҚМЖ (қолайсыз метеожағдай) кезеңіндегі шығарындыларды есептеу және өндіріс көлемінің азаю әдістемесі ауаны ластау заттектерінде шектеулі жол берілген концентрация санитарлық нормаға сай емес.

Тамыз бен қыркүйек айларында, автокөліктердің көбею әсерінен, Өскемендегі ҚМЖ күндері фотохимиялық у түзілімі байқалады. Бүгінде, облыс орталығында 61 мың бірлік маңайында көлік бар деп есептелініп отыр. Бұл проблеманы шешу үшін көлік жолдарының жүру ағынын қайта қарауды және автокөліктердің түтін шығаратын түтігіне өршіткілер (катализатор) қойып және пайдаланып жүрген бензин сапасына да қатаң қарау керек екендігін ұсынамыз.

Атмосфералық ауа жағдайына мемлекеттік бақылауды Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы жүргізеді.

Бақылау жұмысы 5 стационарлық бекеттерде және қозғалмалы зертханада жүзеге асырылады. Облыстық бюджет есебі бойынша, 3 стационарлық бекеттерде күндіз-түні бақылану жұмысының жүргізілетінін ата кету қерек. Бірақ бұл жерде де қиыншылықтар туындауда, әсіресе нормативті-құқықтық база ескірген.

Қазіргі күні қолданып жүрген атмосфералық ауаның ластану индексін есептеу әдісі Өскемен қаласындағы ластаушы заттектер шығарындыларының ерекшелілігін толық көлемде ескермейді. Қолданып жүрген атмосфералық ауаның ластану индексін анықтау әдісі атмосфераға ластау заттектерінің тек бес ең жоғары концентрациясын ескереді, бірақ атмосфералық ауаны ластаудың нақты суретін көрсетпейді. Шығыс Қазақстан гидрометеорология орталығы алынған нәтижелер бойынша әр бөлімге саралай талдау жасап, ұсынылған ақпараттың дұрыстығымен нақтылығын қамтамасыз етуі қажет.

ҚМЖ күндері атмосфералық  ауа жағдайына қатысты туындаған проблеманы шешу үшін «нормативтік-құқықтық акт туралы» заң талабына сәйкес, табиғат қорғау ерекшелігімен сипатталатын заңнама актілерін өңдеп және қолданысқа енгізу қажет. Бүгінгі күнге дейін ҚМЖ күндері шығарындыларды реттеу бойынша әдістемелік нұсқау жоқ.

        Қазір барлық мемлекеттік органдарда, соның ішінде біздің Министрлікте де өзгерістер болып жатыр. Жаңа Министрлік құрылымында баяндамада қозғалған сұрақтар қазірде өз жүйесін тапты, енді біз аймақтың экологиялық жағдайын сауықтыру бойынша жұмыстарды бірден өз орындарында шешетін боламыз. Ал мұндай жұмыстарды ғылымды араластырмай, зерттеуді кең шеңбер көлемінде жүргізбей  шешу мүмкін емес, ал бұған ғылыми негіз бізде бар. Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу Департаментімен бірлесіп, облыс орталығының экологиялық жағдайы және тұрғындардың денсаулығын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілгендігін естеріңізге сала кетейін. Өскемен және Семей қалаларының экологиялық төлқұжаттары әзірленді. Өскемен қаласының химия атмосферасы бойынша жұмыстар орындалды. Алынған зерттеу нәтижелері негізінде «2007-2012 жылдарда Өскемен қаласының экологиялық жағдайын жақсарту» бағдарламасы әзірленді. Бұл құжаттарды бүгінде біздер өз жұмыстарымызда қолданамыз.

Информация о работе Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу