Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 22:31, реферат

Описание

Атмосфералық ауа айналадағы табиғи ортаның өмірге маңызды негізгі элементтерінің бірі болып табылады. Жер шарында, оның құрлық бөлігінде өсімдіктер мен жануарлар ауасыз тіршілік ете алмайтыны баршаға мәлім. Атмосфера ауасы бірнеше газ заттарының жиынтығынан тұрады. Ол ғарыш кеңістігі әлемімен, әлемдік мұхитпен, жерден, өсімдіктермен (орманды қоса) үздіксіз араласып қатқан тіршілік тынысы. Ауа құрамындағы оттегінсіз тіршіліктің болмайтыны белгілі.

Содержание

КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
І Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу
1.1 Басқару саласында атмосфералық ауаны қорғау
1.2 Атмосфералық ауаның ластануын құқықтық реттеу
ҚОРЫТЫНДЫ

Работа состоит из  1 файл

экология реферат.doc

— 148.50 Кб (Скачать документ)

 

Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы мол табиғи байлықтар себеп болып отыр. Мысалы, Қарағанды көмір бассейнінде көмірдің қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай облысындағы қоры бай темір рудалары және Теміртау металлургия комбинатының салынуымен Карағанды көмір бассейншің маңызы арта түсті.

 

Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен ластауда да үлесі көп. Бүкіл пайдаланатын энергоресурстардың 25% электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған білігі (75%) өндірістік, тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25 млрд тоннадан аса энергия пайдаланылады. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты.

 

Қатты отынды жақ қанда атмосфералық ауаға толық Жанбаған отынның күлді бөлшектірімен бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді, фторлы қосылыстардың кейбір қоспалары бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің құрамында Мұнан да улы заттар қоспалары кездеседі. Мысалы, Донецк антрацигтерінің құрамында аз мөлшерінде мышьяк кездессе, Екібастұз көмірі күлінде — бос кремний диоксиді бар. Көмір - планетада ең көп тараған қазбалы отын. Кейбір мамандардың айтуы бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға жетеді. Көмірдің Мұнайдан тағы бір артықшылығы, ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған және Мұнайға қарағанда арзан. Бұрынғы КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық кешендер елдің шығысында орналасты, мысалы Екібастұз, Канск-Ачинск кең орындары. Ашық әдіспен өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір бөлігі Екібастұз кен орнының еншісіне келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен 9 млрд тонна деп саналады. Алайда Бұл кең орнынан алынатын көмірден күл көп шығады (50% дейін).

 

Торф (шымтезек). Энергетикалық тұрғыдан торфты (шымтезекті) кеңінен пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз жақтары көп. Біріншіден, су экожүйелерінің режимі бұзылады, сол жердің топырақ жабыны мен ландшафтының өзгеруіне алып келеді. Жергілікті жердегі тұіцы су көздерінің және ауа бассейнінің сапасын төмендетіп, ол жерде тіршілік ететін жануарлардың өміріне де қауіп төндіреді. Сондай-ақ оны сақтау және тасымалдау кезінде де экологиялық мәселелер туындайды.

 

Сұйық отындарды (мазут) жақ қанда атмосфералық ауаға күкіртті ангидрид, азот оксиді, толық жанып бітпеген отын өнімдері, ванадий қосылыстары, натрий тұздары бөлінеді. Сұйық отын көмірге қарағанда біршама таза, қалдықтар ретінде көп жерді алып жататын, жел тұрса желмен бірге таралатын күл- қоқыстар бөлмейді. Алайда сұйық отын экономикалық тұрғыдан қымбат болғандықтан тиімсіз. Д.И.Менделеев айтқандай, Мұнай жағу - пеште (ошақта) ассигнацияларды өртеумен бірдей.

 

Табиғи газ. Көмірді табиғи газбен ауыстыру еңбек өнімділігін арттырып, шығын азайып өнімдердің (металл, құрылыс материалдары) сапасын көтереді. Ең негізгісі қаланын экологиялық ахуалын жақсартады. Сондықтан соңғы кезде көмір мен Мұнай өнімдерінің орнына табиғи газ көп пайдаланылуда. Егер көмір жақ қан кезде атмосфераның ластануын 1 бірлік деп есептесек, мазутты жаққанда - 0,6, табиғи газды пайдаланғанда - 0,2-ге тең. Табиғи газды пайдаланғанда атмосфералық ауаға зиянды N203 (азот оксиді) бөлінеді, бірақ көмірмен салыстырғанда мөлшері 20%-ға төмен.

 

Электроэнергетиканың негізін жылу электр станциялары құрайды. Бұлардың үлесіне өндірілетін жалпы энергияның 70 % кедеді- Жылу станциялары жалпы өнеркәсіптен бөлінетін зиянды қалдықтардың 29%-ын бөледі. Олар өздері орналасқан жердің айналасына, биосфераға айтарлықтай әсер етеді. Әсіресе, сапасы төмен отындармен жұмыс жасайтын электр станциялары аса қауіпті . Мысалы, 1 сағат ішінде 1060 тоннасы жағылған Донецкі көмірінен қазандықтардан 34,5 т қоқыс, газдарды 99%-ға тазалайтын электрсүзгіштердің бункерлерінен 193,5 т күл, ал [мұржалары арқылы атмосфераға 10 млн/м3 түтінді газдар бөлінеді. Жылу станцияларынан бөлінген ағынды судың және территориядағы жаңбыр суының құрамындағы ванадий, никель фтор, фенолдар және Мұнай өнімдері су айдынына қосылып судың сапасына, су организмдерінің тіршілігіне әсер етіп, жылулы ластануға алып келеді. Қандай да бір заттардың концентрацияларының көбеюі нәтижесінде судың химиялық құрамы өзгеріп, ол өз кезегінде бактериялар мен су организмдерінің түрлік құрамы мен санына және су айдындарының өздігінен тазару процестерінің бұзылуына, санитарлық жағдайының нашарлауына алып келуі мүмкін.

 

Жылу электр станциялары қызған пармен қозғалысқа келетін турбиналардың көмегімен энергия береді. Турбиналарды үнемі сумен салқындатып отыру керек. Сондықтан жылу станцияларынан су айдынына, әдетте 8°С-12°С-қа жылынған су бөлінеді. Ал ірі жылу станциялары мен АЭС-тер судың үлкен мөлшерін қажет етеді. Олар 80-90 м3/сек жылы суларды бөліп шығарады. Су айдынында температураның көтерілуімен олардын табиғи гидротермиялық режимі бұзылып судың «гүлдеуіне» алып келеді. Суда газдардың еру қабілеті төмендейді, судың физикалық қасиеті өзгеріп ондағы барлық химиялық және биологиялық процестер жылдам жүреді. Судың тұнықтығы бұзылады, қышқылдығы өзгереді, жеңіл тотықсызданатын заттардың ыдырау жылдамдығы артады және фотосинтез процесінің жүруі төмендейді.

 

Кең байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технолоғияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу Казанды қатарынан бөлінетін газтәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, Фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары болып табылады. [1]

 

Кейінгі оншақты жыл ішінде Балқаш маңайын күкірт диоксідінен, шаң-тозаңнан, азот және көміртегі оксид, диоксидтерінен құралған түтін басып тұрды. Ол, бұрындары  жұмыс жасаған күкірт қышқыл цехының тозығы жетіп және осы процесс кезінде өндірілетін күкірт қышқылына сұраныс тоқталған соң пайда болған құбылыс. Таза ауаның ластануы қала тұрғындарын, «Қазақмыс корпорациясы» мен «Балқашмыс» өндірістік бірлестігінің басшыларын да алаңдатпай қоймайтын. Қазіргі заң талабына сәйкес кәсіпорын өз еркімен газдан жанып кеткен үй маңындағы көк желекке келтірген зиян үшін төлем төлеу жөнінде жыл сайын қаулы шығарады және қаржы бөлініп,  төлем өткеріледі. 

 

Таза ауаны ластауды тоқтату мақсатымен 2005 жылдың қаңтарынан бастап Канада технологиясымен жаңа күкірт қышқыл цехын салу жұмысы басталды. 2008 жылдың бірінші жартысында құрылыс бітіп, 7 маусымнан бастап күкірт диоксиді залалсыздандырылып, одан күкірт қышқылы өндіріле бастады. Цех құрылысына 129 335,07 мың АҚШ доллары мөлшерінде инвестициялық қаржы жұмсалды. Цех жобалы қарқынмен жұмыс істегенде таза ауаға шығарындылар Қарағанды облысы бойынша 40%, республика бойынша 25% қысқартылады және санитарлық қорғау, селитебтік аудандарда ауа құрамындағы лас заттар мөлшерінің  концентрациясы  шектеулі  рауаға  сәйкес  болады.

 

Қоршаған ортаны мониторингілеу зертханасының көрсеткіштері бойынша атмосфералық ауаның біршама тазарғанын көреміз. Өткен жылдың 3-тоқсанына қарағанда биылғы жылдың осы уақытында күкірт диоксидінің рауалы шектен асуы зерттелген сынама ішіндегі 11 оқиғадан 4-ке дейін төмендеген. Шектеудің 5 не 10 еседен артық өсуі тіркелмеген.

 

 

 

Ауаның күкірт диоксидімен ластануы проблемасынан басқа ауа ластанулары ұйымдастырылмаған атмосфералық шығарындылар түрінде болады. Олардың әсерінен  «Балқаштүстімет» ӨБ өндіріс алаңында және қала ішінде оқтын-оқтын жоғары газдалғандық байқалады. Ұйымдастырылмаған шығарындылар қорыту агрегаттарынан шығарылады және экологиялық сараптама талаптарын дұрыс орындамау, тазалауыш қондырғыларды қолданбау немесе оның ережелерін бұзу, өндірістік процесс мониторингін жүргізбеу, өндіріс не тұрмыстық қатты қалдықтарды рұқсатсыз өртеу кездерінде орын алады.

 

Оңтүстік Қазақстан облысының атмосфералық ауасының аса ірі ластауыштары Шымкент қаласында шоғырланған және негізінен олар ластауыш заттардың валдық шығарындыларын түзеді де, өңірдің әуе бассейнінің жалпы жағдайына әсер етеді. Егер, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның экологиялық жағдайы нашар алты өңірдің біріне жатса, Шымкент қаласы автокөлік түтінімен ең жоғары ластанған қалалардың үштігіне кіреді. Автокөлік санының артуы, әсіресе облыс орталығында, ерекше алаңдаушылық тудырады.

Атмосфералық ауаны жылжымалы көздердің ластауыш заттарының шығарындыларымен ластағаны үшін төлемдерін анықтау әдістемесінің негізінде Шу-Талас экология департаментінің Оңтүстік Қазақстан филиалы мамандарымен жасалған алдын-ала есептер бойынша соңғы 5 жыл ішінде жылжымалы көздерден ластауыш заттардың шығарындылары 2 еседен астам көбейген. Жылжымалы көздерден ластауыш зат шығарындыларының көбеюі облыс аумағында автокөлік санының артуымен байланысты болып отыр. Мәселен, егер 2003 жылы автокөлік құралдарының саны 84488 бірлікті құраса, 01.12.2009 ж. ОҚО ІІД жол полициясы басқармасының ақпараты бойынша заңды және жеке тұлғалардың 358 394 бірлік көлік құралдары тіркелген.

 

Қоршаған ортаның, соның ішінде атмосфералық ауаның ластануы адам денсаулығына қауіп тудыратыны бұрыннан белгілі.

 

Осындай пайымдаудың негіздемесі, біріншіден жағымсыз иістерге, бас ауруына, жалпы жаман көңіл - күй және басқа жайсыздық жағдайларда тұратын қалалық халықтың көптеген шағымдары болып табылады.

 

Бүгінгі күні кез-келген өнеркәсіп қаласының тұрғындары ластанған атмосфера ауасынан толық көлемде қорғана алмайды.

 

Әсіресе, адамға ауаның ластануы, метеорологиялық жағдайда ауаның қала үстінде тұрып қалуына мүмкіндік туғызатын кезде ғана әсер етеді.

 

Қолайсыз метеорологялық жағдай (ҚМЖ) басталған кезде атмосфераның жер бетіндегі қабатында ластаушы заттар жинақталады.

 

Өнеркәсіптік қаланың атмосфералық ауасының басым ластауыштары: азот диоксидi, күкiрт диоксидi, көмiртегi тотығы, ауыр металдар, салынды заттар болып табылады.

Атмосфералық ауаның әр түрлі химиялық заттармен ластануына оның құрамына байланысты халық денсаулығына  әр түрлі әсерін тигізеді.

 

Ауаның жалпы ластануы кезінде олардың жоғары шоғырлануы жіті улануға әкеп соғуы мүмкін. Ластанған ауа негізінен тыныс алу жолдарын бұзады, бронхит, аллергиялық демікпе тудырады, суық тию, бас ауруына әкеледі.

 

ҚМЖ кезінде білім мен зиянды әсерлерді бейтараптандыру бойынша кешенді алдын алу шараларын қолдану ластаушы заттардың адам ағзасына әсерін біршама дәрежеде бәсеңдетіп, тіпті жоя да алады.

 

ҚМЖ кезінде организмді қорғаудың алдын алу негізгі шаралары:

 

-  дене белсенділігін және ашық ауада болуды шектеу, әсіресе тәуліктегі сағат 10-нан бастап 16-ға дейінгі мерзімде;

 

- есік пен терезелерді жабу керек; жайларды күнделікті жуу керек;

 

- қайнатылған, тазартудан өткізілген немесе газсыз сілтілі минералды су не болмаса шәй ішу керек;

 

- тамақтану рационына құрамында пектині бар азық-түліктерді, мысалы: пісірілген қызылшаны, қызылшаның шырынын, алманы, жеміс киселін, сондай-ақ, витаминді сусындарды, шөптердің қайнатпасын, табиғи шырындарды қосу керек;

 

- тамақтану рационда ашымалы сүт өнімдерін, ірімшікті, бауырды пайдалануды арттыру ұсынылады;

 

- ҚМЖ кезеңінде мүмкіндігінше қала сыртына немесе саябақ аймақтарына бару.

 

Үлкен қаланың ауасы – бірнеше ондаган түрлі заттар мен газдардың қоспасы. Мұндай «коктейль» сәби организмі үшін зиянсыз болуы ғажап емес. Оларды ауа ластануынан қалай сақтау керек?

 

- Сәбимен қыдыру үшін қажеттілігінше, су қоймасы бар саябақты таңдаңыз: су ауадағы тұншықтырғыш улы газ құрамын азайтады;

 

- Қала сыртына жиі шығыңыз, бірақ, автомагистральдардан алыс жүруге тырысыңыз;

 

- Егер де Сізге далада демалуға ауыр екендігін сезсеңіз, серуендеуді қоя тұрыңыз. Терезелерді ашпаңыз, балаға шөп шайын немесе газсыз минералды суын беріңіз.

 

Пәтердің ауасы таза болу үшін ауаны қозғаласқа итермелейтін ауа баптағышты, желдеткішті пайдаланыңыз.

 

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі мәселесі бірініші қатарлардың бірінде тұр. Жоғарғы индустриалдық қоғам пайда болғалы бері адамзаттың табиғат тіршілігіне қауіпті араласқаны кенеттен күшейіп кетті, бұл араласудың көлемі де ұлғайды, ол  әралуанды болды және қазір адамзат үшін ғаламдық қауіп ретінде төніп тұр. Қазіргі таңда қоршаған ортаны аса көп ластайтын көзі өнеркәсіп өндірісі екені баршаға мәлім. Атмосфераны өндіріс объектілерімен ластау «қышқыл жаңбырлардың» пайда  болуына әкелуі мүмкін, ал оның өзі су мен топырақ жағдайына әсер етуі мүмкін. Қоршаған ортаның ластану деңгейінің жоғарылығы сонша, таяу арадағы экологиялық жағдайды нашарлататын көптеген процестердің қайтымсыз болып қалуына қауіп төніп тұр. Ең алуан және маңызды ластану ол  ортаның өзіне тән емес химиялық заттармен химиялық ластануы болып табылады. Олардың ішінде өнеркәсіптік-тұтынудан пайда болған газообраздық және аэрозольдық ластағыштар. Сонымен қатар атмосфералық ауада көмір қышқыл газдың көбеюі де ұлғайып жатыр. Сонымен қатар экологтарды Қазақстандағы  су объектілерінің мұнай және мұнай өнімдерімен ластануы тоқтамай жалғасып жатқаны да алаңдатып отыр. Мұнаймен ластануы гидросфера мен атмосфера арасындағы газ және су алмасуының елеулі ауытқуларына әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда ластағыш қасиетке тән барлық қарастырылған факторлар биосферада болып жатқан процестерге елеулі әсерін тигізіп отыр.

 

        Қазақстан Республикасының қоршаған ортасының ластану деңгейі оған  дәлел болып отыр. Президент Жарлығымен мақұлданған 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» Қазақстанда көптеген оңжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғарғы техногенді салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты деп айқын айтылған. [1. 3 желтоқсан 2003 жылы № 1241-ші Президент Жарлығы «2004-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында»].

 

        «Елімізде 2009 жылдың маусым айында өнеркәсіп көлемі 7,2 пайыға ұлғайды,... атап айтқанда маусымда мамырмен салыстырғанда кең қазу өнеркәсібіндегі өндірісі – 6,3 пайызға, өңдеуші өнеркәсібіндегі өндірісі 9,9 пайызға өскен. Сонымен қатар маусымда шикі мұнайды, металл кендерін өндіру, машина жасау, металлургиялық өнеркәсіп өнімдері... ұлғайған» [2. Айғақ. Республикалық апталық газет. №28/288/ 22 шілде 2009 жыл.3б., 3б].

 

        Сондықтан экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы бола қойған жоқ және қоғамның өмір сүруіне лайық, биосфераның тұрақсыздануына, оның қоршаған орта сапасын қалыпты деңгейде қамтамасыз ету қасиетінен айыруға әкелу жолындағы табиғи жүйелердің нашарлауымен сипатталады.

Информация о работе Атмосфералық ауаны құқықтық реттеу