Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 15:06, реферат
Арал өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет.
1. Кіріспе
2.1 Арал тағдыры - адам тағдыры
2.2 Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Мазмұны:
2.1 Арал тағдыры - адам тағдыры
2.2 Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер
Арал – Балқаш тағдыры бүгін барша жұртты алаңдатып, толғандырып отыр. Табиғаттың ғажайып сыйы, ботаның көзіндей мөлдіреген қос айдын бұл күндері адамның жөн-жосықсыз, парықсыз іс-әрекетінің салдарынан құрып, дүниеден көшіп барады. Бүгін адам тіршілігіне, шаруашылыққа тигізер зардабы орасан зор бұл апатты дереу тоқтатып теңіз бен көлді аман сақтап қалу мәселесі бар маңызымен алға қойылып отыр.
КПСС Орталық Комитетінің Саяси Бюросы Арал теңізі ауданында экологиялық жағдайды түбірінен жақсарту жөніндегі СССР Министрлер Советінің елдің жетекші ғалымдары мен мамандарынан құралған комиссияның тұжырымдары негізінде әзірленген ұсыныстарын қарады. Арал өңірі ауданында бұзылған экологиялық тепе-теңдікті қалпына келтіру, Арал теңізін сақтап қалу жөнінде түбегейлі іс-кимыл жасау қажеттігі атап көрсетілді. Су ресурстарын ұтымды пайдаланудың, егішіліктің су үнемдеитін прогресті жүйелерін практикаға енгізудің бірінші дәрежелі маңызы бар екеніне айырықша назар аударылды.
1988-2000 жылдары
суару және коллектор-дренаж
Арал өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет.
1988 жылы сентябрь
айында КПСС Орталық Комитеті
мен СССР Министрлер Советі “
ХХ ғасырдың қателігі, адамзаттың өз қолымен жаслаған қатклік – Арал трагедиясы. Бұл біздің табиғат – анаға зорлық мінез көрсетуіміздің жемісі. Арал теңізінің кей жерлері жағалаудан 112 километрге кейін шегініп, көлемі 2 миллион гектардан астам Аққұм атты жаңа кеңістік пайда болды. Сол маңнан жыл сайын 75 миллион ионна тұзды дауыл көтеріп, Торғай даласына, Көкшетау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарына дейін апарып шашуда. Өткен жылы Арал теңізінің тұзы Грузияның шай плантациясына елеулі зиян келтірді. Америка ғалымдары Арал тұзының Солтүстік мұзды мұхитқа жеткенін жазып жатыр. Енді оның зардабы Сібірдің жасыл ормандарына, Индия мен Пакистанның әсем табиғатына тиетін болды.
Арал маңындағы тұрғын халықтың денсаулығы дабыл қағатын күйде. Эпидемиялық бауыр аурулары күрт көбейіп кеткен. Қазақстан Жазушылар одағының жанынан құрылған Арал мен Балқаш проблемалары жөніндегі қоғамдық комитеттің бірнеше жиыны өтті. Республикалық, одақтықгазеттер мен журналдар, радио мен телевизия, жаңалық агенттіктерінің өкілдері қатысқан бұл баспасөз конференциясында Арал мен Балқаш проблемасына қатысты бар министірліктер мен ведомстволардың өкілдері, ғалымдар мен жауапты адамдар келіп, журналистердің сұрақтарына жауап берді, дәл бүгін алдыға батыл қойылып отырған зор қоғамдық, адамдық проблеманы шешу жолдарын ортаға салды, пікірлесті.
Арал секілді көз шарасындай теңізден бір-ақ күнде қол үзіп қалу - өтелмес өкініш. Бұл ұлы теңіздің суға теңге тастағандай әдемілігі өз алдына, түбіне байлық тұндырып, айналасына аң-құсын жіпке байлағандай ұстап жүргенінің өзі неге тұрады?! Бүгінде теңіздің тереңіндегі байлық та, бетіндегі береке де желге, ұшқандай жасаураған көздің шарасында ғана сақталып қалып отыр. Бұл да емес басты мәселе. Кеше ғана қимас қызығымызға, баға жетпес қымбатымызға айналған Аралымыз бүгіеде, өз қолымызбен тамырын қиған кезде, өзімізге, айналасын қоршаған халыққа қатер боп төнді. Арал теңізінің үздіксіз тартылуының әсерінен көтерілген тұзды дауыл жеткен жеріндегі адамдардың көзіне, құлағына, тамағына тығылып, асқазанына, өкпесіне өтіп, өлімге соқтыратын аурулардың ұрығы болуда.
Арал мен Арал бойында отырған елдің ауыз суы жоқ. Өзендер де, көлдер де кешегі тазалығына тұз тастағандай, бүгінде ішуге жарамсыз күйге жетті.
Бұл маңдағы адамдардың ең ауыр ауруларға: қатерлі ісік, инфекциялық іш ауруларына, бауыр ауруларына шалдығуы да осындай себептердан. Әсіресе, балалар! Аралдың жағдайы анадай, ал ұлы Сырдың химикаттардан өз ағысын тоқтатуға таяу екенін ескерсек, балалар денсаулығы қыл үстінде тұрғанын жасыра алиаймыз. Мұны денсаулық сақтау министрлігі де мойындап отыр.
Сырдарияға улы химикаттардың мөлшерден тыс (7-10 есе) көп араласуының салдарынан туындаған бұл трагедия ауыр. Енді содан шығудың жолы қайсы? Егер Сыр суын 12 миллион адам тұтынатынын ескерсек, сол маңдағы халықтың көбі бұдан былай бала тууды шектеуі керек екендігін (бір – екі баладан асырмауын) ғалымдар ашық айта бастады. Тіпті Шардара қоймасында балықтардың жаппай қырылу фактірлері ұшырасты. Сол суды төмендегі ел қаннен-қаперсіз ішіп жатыр.
Осыған орай комитет мүшелері бірінші кезектегі мәселе жергілікті халықтың экологиялық, санитарлық хал-ахуалын тексертіп республикалық немесе одақтық дәрежеде комиссия құрылуы қажеттігін айтып тиісті орындарға ұсыныс берді.
Арал сияқты үлкен теңіздің бұлайша тез тартылып кетуінің өзіндік себебі бар. Себептің сыры белгілі де: Амудария мен Сырдариядан теңізге сыңар тамшы тамбай қалғалы қанша жыл. Қазақстан мен Орта Азияның халық шаруашылығы, соғыстан кейін күрт көтерілді. Ежелгі ел мекендемей бос жатқан иен сардала, шөл далаға арықтар, каналдар қазып, су тартты. Күріш екті. Мақта өсірді. Кеше құрық сүйреткен малшы қазақ өзінің ежелгі ата-кәсібін тастап, бірыңғай диқаншылық жолға көшті. Тек бір ғана қызылордалықтар Сыр өзенінің екі бетін алып жатқан иен алқапқа жайқалтып ақ күріш өсірді. Онымен де қоймай жарыса қатар аққан қос өзеннің екі аралығында, - ежелден ел ырысы болған диқан – баба жеріне соғыстан кейінгі жылдарда қанша қала түсті, кен ашылды, өндіріс орнады. Тусырап жатқан тың жерлер игерілді. Күн сайын, ай апта сайын қатар өсіп, өркендеп жатқан өндіріс пен ауыл шаруашылығы Орта Азия мен Қазақстан экономикасын күрт көтеріп, шырқау биікке шығандатып жіберді.
Арал айнала төңірегінде, тірлік кешіп жатқан күллі адам, аң, қыбырлаған құрт – құмырсқаға зардабын тигізбей дүниеге өзі келіп, өз-өзінен ғайып боп із-тұзсыз жоғала қояр әлдеқандай басы артық бірдеңе емес, тірлік өмір жаралғалы бері сол өңірдің елі, жері, желі, суы, шөбі, ауасымен бірге жасап, біте қайнаған теңіз, шынында да бөліп-жаруға келмейтін табиғаттың біртұтас денедей боп кеткен еді. Адам араласқан жерде табиғаттан тамтық қалдырмайтын әдетіміз. Арал өңірінің ежелден бері, жері, желі,
суы мен қалыптасқан жарасымды табиғи әдемі үйлесімінің шырқын бұзып, көресіні көріп отырмыз. Табиғаттың тепе-теңдігі бір жолата бұзылды. Космостан алған соңғы мағлұматқа қарағанда қазірдің өзінде теңіз түбінен босаған жерден жылма-жыл көтерілген жетпіс бес миллион тоннадан астам тұзды сор шаңдақ ауа арқылы маңайдағы аяқ жетер жерді басып салған. Ол ол ма, қазір Қарақалпақ жерін, сол сияқты Бұхар, Хорезм, Қызылорда облысына қарасты суармалы егістіктің әр гектарына орта есеппен жыл сайын жеті жүз килограмм тұз жауады екен.
Арал теңізі – Қазақстанның інжу маржаны, белдеміндегі бірден – бір көгілдір су айдыны еді. Оның апатқа ұшырағанға дейінгі көлемі – 1066 км2 , тереңдігі – 30-60 метр, тұздылығы – 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1960 жылдардан
бастап Арал өңірін игеру
Оның үстіне ауыл шаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. Өзен бойлары игеріліп, суды ысырапсыз пайдалану жүзеге асты. Мәселен, Аалға 1960-1965 жылдар арасында 44 мың м3 су құйылса, бұл көрсеткіш 1974-1978 жылдары 13 мың м3 , ал 1990 жылдары екі есеге қысқарды. Нәтижесінде, Арал теңізінің деңгейі 23 метрге дейін төмендеп, оның су айдыны 30-200 км-ге дейін қусырылды. Судың тұздылығы 40 пайызға дейін артты. Оның үстіне екі өзен бойындағы шаруашылықтарда тыңайтқыштар мен химиялық препараттарды қолдану бұрын соңды болмаған көрсеткішке жетті. Тыңайтқыштарды қолдану 10-15 есеге өскен. Осындай анторпагендік факторлар Арал өңірін экологиялық апатқа ұшыратты. Құрғап қалған теңіз түбінен жыл сайын айналаға зияндылығы өте жоғары 2 млн. т тұзды шаңдар көтеріліп, желмен тарай бастады. Сонымен, Арал апатына себеп болған факторларға:
- жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу.
-ауыл шаруашылығын
дұрыс жоспарламау, судың
- суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу,
- жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау,
-табиғат ресурстарын пайдаланудағы жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.
Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істеген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болады.
Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойылып кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген Шығыс елдерінің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналуы, атмосферадағы ауытқушылықтар, антропагендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылады.
Балқаш көлі – Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш – Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі – 501 мың км2 , ұзындығы – 605 км, ені – 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері – 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тыныш болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропагендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай сү қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле – Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынща пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле – Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Іле – Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс – қоғаның жоғалуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс
алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалды. Іле – балқаш алқабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.