Экология Балхаша

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 15:06, реферат

Описание

Арал өңіріндегі санитарлық және эпидемологиялық жағдайды сауықтыру орасан зор саяси және әлеуметтік маңызы бар міндет болып табылатыны атап өтілді. Барынша қысқа мерзім ішінде халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру, денсаулық сақтау мекемелерін, сумен жабдықтау объектілерін салуды жүзеге асыру, поселкелердің, аудан орталықтарының, қалалардың санитарлық жағдайын жақсартуға қол жеткізу қажет.

Содержание

1. Кіріспе
2.1 Арал тағдыры - адам тағдыры
2.2 Балқаш көлінің экологиялық жағдайы
3. Қорытынды
4. Қолданылған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

2. 2 Бал-аш к-ліні- экологиялы- жа-дайы 3.doc

— 75.00 Кб (Скачать документ)

Іле бойында  және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. “ Қызыл кітапқа” енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б құстар қазір өте сирек кездеседі.

Іле – Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи –  табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорық қорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн астам халық тұрады. Ең ірі қалалары – Алматы, Талдықорған, Жаркент.

Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс  комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен  рудаларын байыту кешендері, Сарышаған  полигоны және Текелі қорғасын – мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы “Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы” атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.

Балқаш көліне әр түрлі химиялық тыңайтқыштар қосылған күріш суын жібермеу мақсатында игі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мысалы: соңғы уақытта күріш шектерінен бұрынғыдай су жырылып шығуына жол бермейтін болдық. Мұның өзі, біріншіден – суды ысырап етпеудің, екіншіден – Балқашқа барып құятын судың тазалығын сақтаудың бірден – бір тиімді жолы. Суды үнемді пайдаланудың тағы бір жолвн тауып отырмыз. Мысалы бір гектар жердегі қамыс 13 мың текше метр су жұтады екен. Сондықтан да өткен екі жылдан бері күріш шектерінің жиектерін қамыстан тазалау жұмыстары қолға алына бастады. Мұның да екі жақты пайдасы болып тұр. Біріншіден – су үнемдеуге қол жетті. Екіншіден – қамыс мал азығы ретінде пайдаланылды. Бұл да Балқаш көлін құтқаруға бағытталған үлкен үлес емес пе?!

 

 

 

 

 

 

 

 

                3.   Қорытынды

 

Қорыта айтқанда, қоршаған ортаға, табиғатқа, өмірге зияны  көп құбылыстарды тежеу, тоқтату  шараларын белгілеу – бүгінгі  қайта құру кезеңінің басты міндеттерінің  бірі. Мұндай шаралар республика жұртшылығының пікір – ұсыныстарын есепке ала тырып, ғалымдар мен мамандар арасында кеңінен талқылауында. Оларды тез арада асырудуң бағыттары мен жолдары партия және үкімет басшыларының алдына қойылуда.

Бұл бағыттағы  ең басты шаралардың бірі Балқаш пен  Аралды біртұтас су айдыны ретінде сақтап қалуды, олардың экологиялық, экономикалық жағдайларын нашарлатпауды, су деңгейін төмендетпеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Аяулы табиғат  – алтын бесігіміз, адам қоғамының  тіршілік етуінің ең басты шарты. Оның керекті, әлде керексіз бөліктері жоқ. Бәрі – керек. Адам үшін туған өлкенің ауасы, топырағы да, тауы мен тасы, өзен – суы, орман – тоғайы, қос қанаттысы, мен жер бауырлаушысы… бәрі, бәрі қымбат.

 

 

   

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер:

 

      1. Ә.Бейсенова, А.Самақова, Т. Есполов, Ж. Шілдебаева – “Экология және табиғатты тиімді пайдалану”.
      2. М.Н.Биғалиев – “Аралым – арым, Балқашым - бағым”.

Информация о работе Экология Балхаша