Экология и устойчивое развитие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 05:21, лекция

Описание

Экология пәні және міндеттері. «Экология» терминін 1869 жылы неміс биологы Эрнест Геккель енгізген. Экология организмдердің немесе организм топтарының сыртқы ортамен өзара қатынасы туралы ғылым немесе тірі организм мен олардың тіршілік мекенінің арасындағы өзара қатынас туралы ғылым.

Работа состоит из  1 файл

Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева (2).doc

— 366.50 Кб (Скачать документ)

«Ресей экологиясының  проблемалары» кітабының авторлары тұрақты даму стратегиясына скептикалық түрде қарайды. Олар «Стратегияның негізінде ғажайыпты күту, адамның қоршаған ортаға әсерін азайту биосфераның тіршілікті қамтамасыз ететін жүйе ретінде сақталуына алып келеді деп үміттену жатыр» деп есептейді. Ал шынында, –дейді олар, – қазірдің өзінде адамзат бұзылып жатқан әлемде, өсіп бара жатқан, цивилизацияның дағдарысына айналып бара жатқан экологиялық дағдарыс жағдайында өмір сүріп жатыр. Соған қарамастан, авторлар жинақталған интеллектуалдық потенциал  табиғаттың бұзылуын тоқтата алады деп үміттенеді. Орасан зор ресурстарды қомағайлана жұтқан қаруландыру жарысы ұзақ уақыт бойы кедергі болып келген болатын, бірақ қазір, әлемдегі болып жатқан байыпты саяси өзгерістерге байланысты, бұл кедергі әлсірей бастады.

СоЭС экологиялық қозғалысының көшбасшысы С.Забелин адамзат тұрақты даму жолымен жүру мүмкіндігінен айырылып қалды деп есептейді. Ол «XX-ғасыр күн тәртібін» көптеген компромисстерден, мүмкін емес үміттер мен аңыздардан тұратын құжат деп санайды. Ерлі-зайыпты Медоуздар болжаған ғаламдық дағдарыс кешікпей, тіпті XXI-ғасырдың бірінші ширегінде болады. Қазір әлемде жүріп жатқан ғаламдану процесі дағдарысты тек жылдамдата және күшейте түседі. Халықаралық корпорациялар ғаламдық ақпараттық процесстерді өзіне бағындырып алған, көпшілік ақпарат құралын монополияландырған, көпшіліктің санасын өз дегеніне жүргізеді. Интернетке көпшіліктің қолы жетіп жатқан жоқ, сондықтан ол альтернатива бола алмайды.

Тұрақты даму идеясын сынаудың тағы бір қызығы – кейбір мамандардың  «XX-ғасыр күн тәртібінде» берілген Концепция мен социалистік лозунгтер арасында байланыс табуы. Ғылыми коммунизм теориясы мен «Тұрақты даму концепциясы» арасындағы ортақ жайлар төмендегілер деп көрсетіледі:

  • көпшіліктің қамы үшін тұтыну деңгейін төмендету;
  • ұзақ кезеңге жоспарлау;
  • «жаңа» сананың елден елге таралуын болжау.

10. Ноосфера – тұрақты және қауіпсіз дамудың мақсатты бағдары

Ғаламдану процесі және тұрақты болшақ. Тұрақты дамуға көшу процесі ғаламдық процесс болып табылады, және басқа мемлекеттер дамудың ескі үлгісінде қалып отырған жағдайда жеке мемлекет бұл жолға өз бетінше өте алмайды. Сондықтан да стихиялық түрде басталған ғаламдану процесін, және ең алдымен, оның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік құрастырушыларын тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға пайдалану қажет. Осылайша постиндустриалдық мемлекеттердің, трансұлттық корпорациялардың, бүкіләлемдік ұйымдардың бастамасымен етек алып отырған ғаламдану процесі әлемдік қоғамның бүкіл цивилизацияның тұрақты болашағына көшуіне ықпал жасар еді.

Қазіргі кезеңде тұрақты дамуға көшуде жүйелі дағдарыстан шығу, тұрақты және қауіпсіз жағдай туғызу өте маңызды, себебі одан тұрақты даму траекториясына өтуді қиындықсыз бастауға болады.

Жоғарыда айтылғандай, тұрақты  дамудың терең мәні – цивилизация  мен биосфераны сақтауда. Тұрақты даму идеялары мен ноосфераның қалыптасуы арасындағы байланысқа ерекше көңіл аударған дұрыс. Тұрақты дамудың ноосфералық бағытталуы бірінші орынға интеллектуалдық-рухани және тиімді-ақпараттық факторлар мен ресурстарды шығарады. Олар материалдық-заттық және табиғи ресурстар мен факторларға қарағанда шексіз, және цивилизацияның аман қалуына, үздіксіз ұзақ дамуына негіз құрайды. Мемлекеттік стратегия бүкіл XXI-ғасырға, тіпті III-ші мыңжылдыққа дүниетанымдық бағдар болуы қажет. Дәл осы ғасырда және мыңжылдықта цивилиция дамуының ескі үлгісімен (яғни, тұрақсыз даму) қазірше теориялық түрде айтылып келе жатқан тұрақты даму үлгісінің арасындағы қайшылықтар шешілуі керек, тұрақты дамуға ноосфералық бағдар беру керек. Осыған байланысты XXI-ғасыр не ғаламдық антропо-экологиялық апат ғасыры болады, не цивилизацияның аман қалып, тұрақты даму ғасыры болады.

ЮНСЕД дамуды қоршаған ортаны қорғаумен байланыстырды, ал енді дамуды барлық саладағы қауіпсіздікпен байланыстырып, кеңірек концепцияға шығу керек. Бұл – жоғарыда айтылғандардың тек экологиялық қауіпсіздікке ғана емес, әлеуметтік-экономикалық, т.б. әрекеттердің барлық түріне қатысты екендігін көрсетеді.

Сонымен, әңгіме экономикалық тиімділік  пен экономикалық қауіпсіздікті, әлеуметтік әділдік пен әлеуметтік қауіпсіздікті, экологиялық қауіпсіздікті және коэволюциялық дамуды бірге қамтамасыз ету керектігінде болып отыр. 

Қауіпсіздікті тұрақты даму арқылы қамтамасыз ету сатылы түрде іске асырылады және тұрақты даму жолында  қойылған мақсаттардың іске асырылуына тікелей байланысты. Тұрақты даму жолындағы ортақ мақсат, шын мәніндегі  соңғы саты – ноосфераның қалыптасуы болып табылады. Алдағы уақытта бүкіл әлемдік қоғамның табиғатпен қарым-қатынасының гармониялық түрде үйлесуі бірте-бірте шешілуі керек. Адамзаттың тұрақты дамуға қарай жылжуы, аяғында, В.И.Вернадский болжаған ақыл-ой сферасының, яғни ноосфераның қалыптасуына алып келеді, ол кезде ұлттық және жеке байлықтың өлшемі – рухани байлық және қоршаған ортамен үндесе тіршілік ететін Адамның білімі болады.

Ноосфера ХХІ ғасырдың бірыңғай парадигмасы ретінде. Ноосфераның құрылуына және қалыптасуына қажетті нақты жағдайлар:

  1. Адамның бүкіл планетаны иеленуі;
  2. Елдер арасындағы байланыс және алмасу құралдарын күрт өзгерту.
  3. Жердегі барлық мемлекеттер арасындағы байланыстарды, әсіресе саяси байланыстарды күшейту.
  4. Адамның геологиялық ролінің биосферада өтіп жатқан басқа геологиялық процестерден басым шығуының басталуы.
  5. Биосфера шегін кеңейту және ғарышқа шығу.
  6. Жаңа энергия көздерінің ашылуы.
  7. Барлық нәсілдегі және діни көзқарастағы адамдардың теңдігі.
  8. Сыртқы және ішкі саясатта жалпы халық ролінің артуы.
  9. Ғылыми ой мен ғылыми ізденістердің діни, фиолософиялық және саяси құрылымдар қысымынан тәуелсіз, ерікті болуы және мемлекет құрылымында еркін ғылыми ойларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар жасау.
  10. Жетілдірілген халық ағарту жүйесі және еңбекшілердің әл-ауқатын көтеру. Ашаршылықты және жоқшылықты бодырмауға, ауру деңгейлерін төмендетуге шын мәнінде нақты мүмкіндіктер жасау.
  11. Саны өсіп бара жатқан халықтың барлық материалдық, эстетикалық және рухани сұраныстарын өтеуге қабілетті ету мақсатында Жердің бастапқы табиғатын саналы түрде өзгерту.
  12. Қоғам өмірінен соғыстарды жоғалту.

 

11. Әлеуметтік-экологиялық проблемалар және тұрақты даму

Қазіргі заманғы экологиялық  дағдарыс және оны жеңу жолдары. «Кризис» сөзі (қаз. «дағдарыс») гректің «кризис» немесе “кринейн”сөзінен дәл аударғанда «шешім қабылдау» деген мағына береді. Бүгінгі күні адамзат ұшырап отырған проблемалардың қысқаша тізімін келтірейік:

-ғаламдық жылыну;

-климаттық зоналардың ысырылуы;

-озон тесіктері;

-қоршаған ортаның ластанулары;

-жоюға келмейтін радиоактивтік қалдықтар;

-құнарлы топырақтың эрозиясы  және олардың аумақтарының қысқаруы;

-демографиялық жарылыс;

-қайта қалпына келмейтін минералдық  ресурстардың жүдеуі;

-энергетикалық дағдарыс;

-бұрын белгісіз, емделуі қиын аурулар санының күрт өсуі;

-азық-түліктің жетіспеуі;

-планета халқынының басым бөлігінің ашаршылыққа ұшырауы;

-әлемдік мұхит ресурстарының жүдеуі және оның ластануы.

Бұларды шешудің осы кезге дейін  ұсынылып келген жолдары мен әдістері қазірше тұрақты нәтиже бере алмай отыр. Оның себебі көп. Бір зерттеушілер осының бәрінің себебі техникалық прогресс деп тапса, екіншілері – планета халқының жарылыс тәрізді күрт өсуі деп санайды. Діни конфессиялардың кейбір өкілдері алғы шепке адамгершіліктің, ізгіліктің жетіспеуі мен қоғамның моральдық құлдырауын қояды. Бұл тұрғыда белгілі бір себепті бөліп айту қиын, дұрысы, ХХ-шы ғасырдың аяғында адамзат ұшырап отырған жағдайға осы факторлардың бәрінің жиыны әсер етеді дегенге саяды.

Жер планетасы адамзаттың ортақ  үйі болып отырған жағдайда көптеген қайшылықтар, соқтығыстар, проблемалар жергілікті шеңберден шығып, ғаламдық сипат алып кетуі мүмкін. Сондықтан, бүгінгі күні табиғат пен қоғамның ажырамас өзара байланысын түйсінген дұрыс.

Алға материалдық байлықты көбейту мақсатын қою – планета биоценозының бірті-бірте, бірақ жойылуына алып келе жатыр. Бұл құбылыстың алғашқы қарлығаштары – климаттың өзгерістері, табиғи апаттар, өнімділіктің төмендеуі, азық-түлік өндіру көлемінің азаюы және оның салдары ретінде – жалпыға төніп тұрған ашаршылық қаупі.

Кроме исключительно внутренних проблем  человечества существуют проблемы объективного характера. Минеральные ресурсы планеты недостаточны для поддержания высокого уровня жизни во всех странах. Ученые всего мира уже давно бьют тревогу по поводу явного недостатка средств к жизни.

Экологиялық дағдарыстан  шығу жолдары. Экологиялық дағдарыстан шығудың үміт күттірер жолдары төмендегілер болып саналады:

-экспансивті ғарыштану: көршілес планеталарды зерттеу, оларды иелену және минералдық ресурстарын пайдалану.

-жаңа ресурсүнемдеуші  технологиялар енгізу.

-Күн жүйесінің көршілес планеталарының минералдық ресурстарын өндіру.

- нанотехнология.

-қайта қалпына келетін энергия  көздерін іздестіру және пайдалану.

-термоядролық синтез.

-кәдімгі затпен қосылғанда аннигиляция реакциясын беретін антизат өндіру (аннигиляция реакциясы дегеніміз – екі заттың бір-бірімен қосылғанда бірін-бірі өзара мүлде күл бөлмей, яғни, қалдықсыз жоя отырып, орасан зор энергия бөлуі).

Халық санының өсу проблемасы. XVIII ғасырдың аяғында Томас Мальтус деген ағылшын «Халық саны туралы заң тәжірибесі» деген кітабын жариялап, онда Жер халқының геометриялық прогрессиямен, ал тіршілікке қажетті заттардың (ең алдымен азық-түлік өнімдерінің) арифметикалық прогрессиямен өсіп жатқанын дәлелдеген. Яғни, азық-түлік өнімдерінің өсуі кем-кемнен адамзат санының өсуінен қалып бара жатыр. Мальтус халықтың тоқтаусыз өсуін шектеуге шақырып, осылайша демографиялық саясаттың негізі қаланған болатын.

Жер тұрғындарының саны қазігі уақытта  әр 33 жыл сайын екі еселеніп отыр (1966 жылдан 1999 жылға дейін). Егер осылайша екі еселену кем дегенде екі ғасырға созылса, Жер беті түгел адамға толады. Ал алты ғасырдан соң әр адамға планетамыздың 1 шаршы метрі ғана тиісетін болады.

Бүгінгі күні планетаның 815 млн. халқы ашаршылыққа ұшырап отыр, әлемде күніне 35 мың адам аштықтан қайтыс болады, бұл 1 жылда 12 млн. адам деген сөз. Ал туылу саны бұдан айтарлықтай артық: жыл сайын 96 млн. адам туылады.

Көптеген мемлекеттер  халық саны өсуін реттей бастады. Халқы ең көп Қытай Халық Республикасы жанұядағы бала санын бір баламен ғана шектеу мақсатын қойды.

Туылуды шектеу саясатын Бангладеш, Индонезия, Иран, Пәкістан өкіметтері де қойып отыр. Халқының саны ең жоғары қарқынмен өсіп отырған елдер – Мозамбик (жылына 4,6 % ) және Ауғанстан (жылына 5,2 %). Бұл жерлерде дені сау әр әйелге 8-10 баладан келеді.

Барлығына бәрі жетіспейді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша қазіргі батыс қоғамының стандарттарына сәйкес сұраныстарды өтеу үшін қазіргі бар шикізат пен энергия 1 млрд. адамға ғана жетеді. Бұл АҚШ, Батыс Европа және Жапония елдері халқының жиынтығына тең, осыдан да оларды «алтын миллиард» деп атайды. Бұл елдер бірге энергияның жартысынан астамын, металдың 70%-ын пайдаланып, қалдықтардың жалпы массасының 3/4 бөлігін шығарады.

Әлем елдері халқының 2000 және 2050 жж саны (Die Savolkerungsreichsten, 2000 кітабынан)

Ел

2000 ж халқының саны, млн адам

2050 ж-ға болжанған халқының саны, млн адам

Индия

1002

1628

Қытай

1265

1369

АҚШ

276

404

Индонезия

212

312

Нигерия

123

304

Пәкістан

151

285

Бразилия

170

244

Бангладеш

128

211

Эфиопия

64

188

Конго (б. Заир)

52

182

Мексика

100

152

Филиппиндер

80

140

Ресей

145

128

Вьетнам

79

124

Египет

68

117

Жалпы әлем

6200

9500


 

Кеңістіктің тапшылығы. Жер бетін тек тұрғын халықтар ғана емес, автокөліктер, мотоциклдер, ұшақтар, және т.б. иеленеді. Әлемдегі 250 млн. көлік үшін Жер бетіндегі бүкіл халыққа қажет мөлшердегі оттегі керек екен. Ал екі ғасырдан кейін, кейбір ғалымдардың пікірі бойынша, атмосферадағы оттегі мүлдем таусылады. Жерасты кеңістіктері де жетпеу қаупі туындайды, қалалар астында жерасты қалалары, канализациялар, туннельдер, метро сияқтылар орналасады.

Қала жүйесі – адам түзген жүйелердің ең күрделісі. 1996 ж. әлемдегі қалалар халқы 2,64 млрд адамды құрады, бұл бүкіл халықтың 46 %-ы [Голубев, 1999]. Бірақ, 2050 ж. Қала тұрғындарының үлесі 2/з-ке жетеді.

Қазіргі уақытта 5 млн халқы бар 40 қала бар, ал 2000 ж. 10 млн-нан астам  халқы бар қала саны 19, 1 млн-нан астам халқы бар қала саны 372-ге жеткен және бұл қалаларда планета халқының 17,8 %-ы тұрады.

Өсе келе көршілес ірі қалаға жанындағы  қалалар қосылып агломерациялар құрады. Жақын орналасқан агломерациялардың бірігуі мегалополистердің (ұзынша жолақ пішінді жоғары урбандалған кеңістіктік құрылым) пайда болуына әкеледі. Өте ірі қалалардың жиынтығын конурбация деп те атайды.

Мұндай жерлерде халық тығыздығының ұлғаюымен және тіршілік кеңістігінің тарылуымен қатар адамның көңіл  күйі басылып, психикалық шыдамсыздық, агрессивтілік өседі. Мұны «үлкен қала синдромы» деп атайды.

Информация о работе Экология и устойчивое развитие