Экология и устойчивое развитие

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2013 в 05:21, лекция

Описание

Экология пәні және міндеттері. «Экология» терминін 1869 жылы неміс биологы Эрнест Геккель енгізген. Экология организмдердің немесе организм топтарының сыртқы ортамен өзара қатынасы туралы ғылым немесе тірі организм мен олардың тіршілік мекенінің арасындағы өзара қатынас туралы ғылым.

Работа состоит из  1 файл

Лек. Экол и устразв-каз-Агибаева (2).doc

— 366.50 Кб (Скачать документ)

Халық саны өсуінің теріс салдарлары. Халық саны өсуінің теріс салдырларына төмендегілер жатады:

  1. Материалдық  сұраныстың өсуі;
  2. Қалалық агломерациялардың өсуі;
  3. Қоршаған ортаның ластануы;
  4. Тіршілік деңгейінің төмендеуі;
  5. Халық құрылымының өзгеруі;
  6. Адамдардың тар жерде көп жинақталуы.

Адамның шаруашылық әрекетінің өсуі нәтижесінде топырақтың химиялық құрамының өзгеруі және оның ластанып, бұзылуы туындайды.

Жер бетінде минералды  ресурстардың қорларының азаю процесі  ғылыми-техникалық прогрестің дамуымен қатар жалғасуда.

Ортаның адамға қатысты  агрессивтілігі жоғарылауының факторы  ретінде ең алдымен қоршаған ортаның  ластануын және ауру қоздырғыштарының патогенділігінің өсуін атауға болады.

Генофонд өзгеруінің табиғи факторларының – мутациялардың, гендер дрейфінің, табиғи сұрыптаудың  әсері жалғасуда.

Соғыс және лаңкестіктің экологиялық проблемалары. Қоршаған ортаны қорғау тек ғылым мен техниканың проблемасы емес. Ол сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік және саяси-құқықтық проблема. Техниканың құқықтың бақылауынсыз дамуы, әсіресе әскери салада, түзетуге келмейтін теріс нәтижеге алып келуі мүмкін. Осыған байланысты қарулану жарысы, ядролық және басқа да жаппай қыру құралдарын сынау ерекше қауіп туғызады.

Капиталистік елдер концерндері  тәжірибесіндегі радиоактивтік  және улы химиялық қалдықтарды жерде  және мұхит түбінде бақылаусыз көму айтарлықтай экологиялық проблема туғызып отыр.

Бірақ табиғи ортаға ең қатты әсер көрсететін, әрине, соғыстар, себебі, одан барлық жердегі  флора және фауна құртылады.

Өзіміз көріп отырғандай, табиғат  пен қоршаған ортаны қорғау Жер бетінде  бейбітшілікті сақтаумен тығыз  байланысты.

12. Қазақстан Республикасы тұрақты дамуының өзекті экологиялық проблемалары

Қазақстан Республикасы табиғи ортасының тұрақсыздануы, себептері және салдарлары. Республикада, экологиялық жағдайы нашар бірнеше аймақ бар. Каспий өңірі аймағы – табиғи шабындықтары мен жайылымдарының күйі бойынша жағдайы ең нашар аймақтардың бірі, ондағы Атырау облысының жайылымдары мен шабындықтарының 77%-ында антропогендік әсер белгілері байқалады, олар –әр түрлі деңгейде тапталған, жеуге жарамайтын және улы өсімдіктер басқан жерлер. Жайылым шөбі 4,7 млн.га (48%) жерде жоғары дәрежелі деградацияға, 1,2 млн.га (12%) жерде – орташа, 1,9 млн.га (20%) жерде – әлсіз деградацияға ұшыраған. Шалғын шөпті аймақтың ауданы 3 есе, қамысты аймақтардың ауданы 14 есе азайған. Жалпы облыс бойынша алғанда мал азықтық дақылдардың өнімділігі және олардың жем-шөптік қоры төмендегені байқалады.

Каспий теңізі режимінің  өзгеруі топырақ және өсімдік жабынының құрылымы мен құрамына айтарлықтай теріз әсерін тигізді.

Экологиялық жағдайды жақсарту және ҚР Өкіметінің 1996 ж. 28 ақпандағы № 255 «Каспий теңізінің Атырау және Маңғыстау облыстары шегіндегі жағалаулық аймағындағы елді мекендер мен шаруашылық нысандарын су алып кетуден қорғауға арналған шараларды іске асыру туралы» қаулысын орындау мақсатында Жер ресурстарын басқару агенттігінің тарапынан осы облыстардың жерге шаруашылықтық орналастырылу сызба-нұсқалары жасалды, онда жерді тиімді пайдалану және қорғау, сондай-ақ, жер сапасының мониторингісін ұйымдастыру шаралары анықталған.

Арал өңірінің Қазақстандық бөлігі 59,6 млн.га жерді алып жатыр, оның ішінде Қызылорда облысы (22,6 млн.га), Актөбе (19,7 млн.га), Қарағанды (8,7 млн.га) және Оңтүстік Қазақстан облысы (8,6 млн.га) жерлері бар, бұл жерлер республиканың жалпы ауданының 22%-ын құрайды.

Экологиялық жағдайдың  табиғи ландшафтыларға әсерінің дәрежесі бойынша Арал өңірі үш зона тармағына бөлінеді:

  • Дағдарыс алдындағы аймақ (30,9 млн.га);
  • Дағдарыс аймағы (13,2 млн.га); 
  • Экологиялық апат аймағы (15,5 млн.га).

Климаттың және гидрологиялық  жағдайлардың өзгеруіне орай Арал өңірінде жел эрозиясының дамуы байқалады.

Экологиялық апат аймағы орталығында (Қызылорда облысының  Арал ауданы) территорияның 22%-ындағы жайылымдар күшті және орташа дәрежелі деградацияға ұшыраған, оған әлсіз деградацияға ұшыраған жерлерді қосқанда – 80%-ға дейін жетеді. Қазіргі уақытта Арал теңізінің ашылған табанында құмды-сортаң жалаңаш жерлер қалыптасып келеді.

Қазіргі уақытта Аралдың түбі жалаңаштанған ауданы 3 млн.га-дан асады. Мұндай тіршіліксіз, тұзды құм басқан жерлер күннен-күнге артып келеді. Бұл жерлерде пайда болған сорлар мен жылжымалы құмдар тұзды, шаң-тозаңды және құмды Арал маңайындағы жерлерге ұшырып шығаратын арена болып, орасан зор аймақтың экономикасына айтарлықтай зиян келтіріп отыр. Осы жерлерде ауаның орташа ылғалдығы 18%-ға төмендеп, аязсыз кезең 1 айға дерлік қысқарды. Табиғи шабындықтардың ауданы мен өнімділігі 4 есе азайды. Жердің 15%-ға жуығы табиғи өнімділігін толық жоғалтты. 3 мың көлден жүзден сәл астамы қалды. Сексеуіл, тоғай ормандары, қамыстар өте жылдам жойылып барады. 

Семей ядролық  сынақ полигоны ауданы (СЯСП). Экологиялық апат аймағының жалпы ауданы 7 млн.га құрайды, оның ішінде нақты полигон жері -1,8 млн.га, төтенше және жоғары радиациялық қауіп аймағы - 5,2 млн.га. СЯСП-ның әсер ету аймағында 27,4 млн.га ауыл шаруашылық жерлері (өңірдің 88,3%-ы) есепте.

1996 жылғы 7 ақпандағы  ҚР Өкіметінің № 172 қаулысымен СЯСП жерлері қордағы жерлер құрамына өткізілді, ал төтенше және жоғары радиациялық қауіп аймақтарына жататын аудандарда экологиялық жағдайды жақсарту бойынша шаралар анықталды.

Экологиялық мониторинг түсінігі. ҚР қоршаған ортасының құрлықтық мониторинг жүйесі. Экологиялық мониторинг – ғылыми негізделген бағдарламалар бойынша орындалатын бақылаулар, бағалаулар, болжаулар кешені және осылардың негізінде жасалатын қоршаған орта жағдайын және экологиялық қауіпсіздікті басқаруды қамтамасыз етуге қажетті басқарушылық шешімдер нұсқалары

Мониторингтің мақсаттары – бақылаулар мәліметтерін жинау және өңдеудің біртұтас жүйесін  ұйымдастыру, билік және басқару органдардын қоршаған орта туралы кешенді ақпаратпен қамтамасыз ету, қоршаған табиғи орта нысандарының күйін бағалау және болжау, табиғи ортаның ластануынан болатын қауіпті бағалау және нормативтерді жасау.

Экологиялық мониторинг келесідей буындарды қамтуы тиіс:

1. Ғаламдық (биосфералық) мониторинг – халықаралық қызметтестік негізінде іске асырылады;

2. Ұлттық мониторинг – арнайы құрылған органдар тарапынан мемлекет көлемінде ұйымдастырылады;

3. Аймақтық мониторинг – қарқынды игеріліп отырған ірі аймақтар шегінде ұйымдастырылады;

4. Жергілікті (биоэкологиялық) мониторинг – елді мекендер шегінде, өндіріс орталықтарында, мекемелерде орта сапасының өзгерістерін анықтайды.

 

Қоршаған ортаның құрлықтық мониторинг жүйесі

(И.П. Герсимов бойынша, 1981)

Мониторинг деңгейі

Мониторинг нысандары

Сипаттаушы көрсеткіштер

Қызметтер және тірек базалары

Биологиялық (санитарлық)

Жерге жақын ауа қабаты

Уытты заттардың ШРК-сы

Гидрометрологиялық,    су шаруашылықтық, санитарлық-эпидемиологиялық

Жерүсті және грунт сулары. Өнеркәсіптік және тұрмыстық шайынды сулар және шығарындылар

Физикалық және биологиялық тітіркендіргіштер (шулар, аллергия туғызушылар және т.б. )

Радиоактивті сәулелену

Радио сәулеленудің шекті дәрежесі

Геожүйелік (шаруашылықтық)

Жануарлар мен өсімдіктердің жойылып  бара жатқан түрлері

Табиғи экожүйенің функ-ционалдық құрылымы және оны бұзу

 

Табиғи экожүйелер

Жануарлар мен өсімдік-тердің популяциялық жағдайы

Агроэкожүйелер

Ауыл шаруашылық дақылдарының өімділігі

Биосфералық (ғаламдық)

Орман экожүйелері

Көшеттердің өнімділігі

 

Атмосфера (тропосфера) және озон экраны

Радиациялық тепе-тең-дік, жылумен ластану, газ құрамы, щаңдануы

Гидросфера

Өзендердің және су қоймаларының ластануы, су айналымы

Өсімдік және топырақ жабыны, жануарлар дүниесі

Топырақ, өсімдік жабы-ны және жануарлар күйі-нің ғаламдық сипаты, Оттегі мен көмір қыш-қыл газының ғаламдық тепе-теңдігі. Заттар айналымы.


 

 

Қазақстанның тұрақты  дамуы және қоршаған ортаны басқару. Қазақ-станда Рио-92 конвенцияларының бірі – биоалуантүрлілік жөніндегі конвенцияны құптау туралы Министрлер кабинетінің қаулысына қол қойылды.

1994 ж. сәуір айында Қазақстанда Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша ақпараттық желінің (CASDIN) бөлімі ашылды. Бұл жоба Сорос фонды, және т.б. халықаралық ұйымдардың қолдауын тапты. Желі Орталық Азия мен Қазақстанның мүдделі мекемелерінің арасында ақпарат алмасу мен қарым-қатынас жасауды қамтамасыз етеді.

1994 ж. 20 желтоқсанында Қазақстанның юстиция министрлігі «БҰҰ-на Экология және тұрақты даму бойынша БҰҰ-на көмек көрсету жөніндегі қазақ ұжымын» тіркеді. Бұл – азаматтардың үкіметтік емес бірлестігі, Қазақстанның барлық облыстарында оның бөлімдері бар. Қазақстанның теңгермелі дамуының әр түрлі аспекттері бойынша жобалық ұсыныстар портфелі жасалды.

Қазақстанның «21 ғ. Күн  тәртібі» Концепцисы.2000 жылғы мыңжылдық Саммиті кезінде ҚР президенті Мыңжылдықты Дамыту Мақсаттарына (МДМ) жетуге атсалысуды кең ауқымда жүргізуді қамтамасыз етуге арналған декларацияға қол қойды. МДМ жөніндегі 2002 ж.есеп мәліметтері бойынша біздің еліміз қойылған мақсаттардың екеуіне қол жеткізген, оның ішінде 2-ші мақсат – жаппай білім беру және 4-ші мақсат – білім алуға жынысқа тәуелсз қол жеткізу мүмкіндігі. Сонымен бірге, 1-ші мақсатқа – кедейлікті 2 есе азайту және аштыққа ұшыраушылар санын азайту мақсатын іске асыру жолында біраз нәтижелерге қол жеткізілді. Басқа мақсаттар және олармен байланысты міндеттерге (4 – 8, оның ішінде 7-ші мақсат – экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсаты) 2015 жылға дейін қол жеткізілуі мүмкін.

Қазақстан 2030 стратегиясының шеңберінде 47 мемлекеттік бағдарлама іске асырылып отыр, оның ішінде БҰҰДБ (ПРООН) тарапынан қолданып отырған Қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-әрекеттердің ұлттық жоспары да бар. Сонымен бірге, экономика, әлеуметтік даму және қоршаған ортаны қорғау бойынша 40 мемлекеттік бағдарлама дайындалып жатыр. Қазір ҚР ҚОҚМ жанында құрылған сектораралық сараптама тобының қатысуымен  ҚР тұрақты дамуы бойынша бағдарлама табылатын Қазақстанның «21 ғ. Күн тәртібі» Концепцисын жасалды.

Қазақстанда бірнеше тақырыптық құрылымдар жұмыс істейді, мысалы, Экономикалық саясат жөніндегі комиссия,  Қоршаған ортаны тұрақтандыру мәсе-лелері бойынша министраралық комиссия, ҚР Киот хаттамасын ратификациялау мәселесі туралы министраралық комиссия, Қазақстан халықтарының Ассамблеясы, Климаттың өзгеруі бойынша координациялық орталық, Кедейлікті азайту жөніндегі комиссия. Қазақстан Республикасы  егемен ел ретінде және халықаралық ұжымның толық құқылы мүшесі ретінде барлық адамдар үшін  экологиялық теңгермелі және әлеуметтік әділ дамудың жолдарын іздестіруде әлемдік процесстерге белсенді қатысады.

Қазақстан өзінің тұрақты даму идеясын  қолдайтындығын БҰҰ Генералдық Ассамблеясының 1997 жылғы Рио+5 арнайы сессиясында, 2000 жылы Мыңжылдық саммитінде, және де 2002 жылы тұрақты даму бойынша Бүкіләлемдік саммитте (ТДБС) (ВСУР)  растады.

ҚР қоршаған ортаны басқаруда халықаралық қызметтестік. Йоханнес-бург кезінен бері Қазақстанда ТДБС-да қабылданған міндеттерді орындау бойынша айтарлықтай прогресске қол жеткізілді. Қазақстан қоршаған орта саласында 19 халықаралық келісімге қатысты. Ғаламдық экофонд (ҒЭФ) жобаларын басқару комитеттері жұмыс істейді.

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі  БҰҰДБ (ПРООН) сарапшыларымен бірге Тұрақты даму бойынша ұлттық комиссия (ТДҰК) құру, ТДҰК жұмысының индикаторлары мен мандаты жөнінде бірқатар негізгі құжаттар дайындады, олар қоғам секторларының бәрінің өкілдері, оларға қоса РҚ Парламентінің, РҚ Президенті Администрациясының, әр түрлі министрліктер мен ведомстволардың, бизнес құрылымдардың, ҒӨБ, тендерлік, жастар, фермерлік ұйымдарының және халықаралық ұйымдар мен сарапшыларының өкілдері қатысуымен жасалды. Кең ауқымды сектораралық кеңестік процесс 2004 жылдың наурызында ҚР Өкіметі жанынан ҚР тұрақты даму бойынша кеңесінің құрылуымен аяқталды.

Қазақстанның тұрақты дамуының индикаторлар жүйесі 60 индикатордан тұрады, оның 25-і экологиялық, 15-і экономикалық және 20-сы әлеуметтік даму индикаторы. Су және энергия пайдалану бойынша екі басым индикатор мекеме-лерде іс жүзінде қолданылады. Бұлардан басқа, кедейлікті жұмсарту бойынша индикаторлар жасалды.

ПРООН БҰҰДБ (ПРООН) «ҚР тұрақты даму бойынша кеңесінің жұмысын ұйымдастыру үшін экологиялық басқаруды күшейту» жобасының шеңберінде қоршаған ортаны қорғау министрлігіне қолдау көрсетіп отыр, бұл қоршаған орта жөніндегі саясатты сектораралық қызметтестік арқылы жақсартуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, бұл ҒЭФ-тың ұлттық және субрегионалдық жобаларын орындауда елдің мүмкіндіктерін жақсартады және азаматтық ұжым қалыптастыруда тұрақты даму принциптерін пайдалануға мүмкіндік береді. Жоба қоршаған ортаны қорғау министрлігінің операциялық тиімділігін мемлекеттік қызмет реформасын іске асыру үлгісі ретінде күшейтуге бағытталған, сондай-ақ ол тұрақты дамуға арналған тиімді экологиялық менеджмент принциптерін жақсы түсінуге алып келеді.

Қазақстан 2005 жылдан 2007 жылға дейінгі кезеңге қайтадан Тұрақты даму жөніндігі БҰҰ Комиссиясының мүшелігіне кірді.

 

«Экология» кафедрасы мәжілісінде  қаралған. Хаттама №___  «__»____200_ ж.

Жасаған    _______________          _____________________________

/қолы/                                                             /Аты-жөні./

Информация о работе Экология и устойчивое развитие