Экология және тұрақты даму

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:02, реферат

Описание

Экология‪ – табиғат пен қоғамда өзара байланысқан көпдеңгейлі жүйелердің құрылысы мен қызметі туралы пәнаралық білім саласы.

Содержание

1. Экология ғылым ретінде
2. Экологиялық білімнің қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы
3. Экологияның әдістемелік негізі және алдына қоятын мәселелері
4. Экология тараулары
5. Экологиялық білім және дүниетанымның маңызы
6. Негізгі заманауи экологиялық мәселелер
7. Тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудағы экологияның орны

Работа состоит из  1 файл

Лек. каз.№ 1 ЭиУР.doc

— 67.50 Кб (Скачать документ)


С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Экология және орман шаруашылығы  кафедрасының аға оқытушысы

Абсеитов Ерболат Тлеусеитұлы

«Қаржы» және «Есеп және аудит ҚББ» мамандығына арналған

Экология және тұраақты даму пәні

 

1-дәріс

Кіріспе. Экология  ғылым ретінде, оның мазмұны мен мәселелері

 

Жоспар:

1.                   Экология  ғылым ретінде

2.                   Экологиялық білімнің қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы

3.                   Экологияның әдістемелік негізі және алдына қоятын мәселелері

4.                   Экология тараулары

5. Экологиялық білім және дүниетанымның маңызы

6.                   Негізгі заманауи  экологиялық мәселелер

7.                   Тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудағы экологияның   орны

 

«Экология» терминін  1866 ж.  неміс зоологы  Э. Геккель енгізген. Грекше  oikos – үй, logos – ілім. Сонда экология  мекендейтін жер туралы  ілім деген ұғымды білдіреді. Экологияның ілім ретінде бірнеше анықтамасы бар. Көптеген зерттеушілердің ойынша:

Экология – ағзалардың (дарақтардың, жеке түрлердің, популяциялардың, биоценоздардың) өзара байланыстарын және оларды қоршаған органикалық және бейорганикалық ортамен байланыстарын зерттейтін ғылым.

Американдық эколог Ю. Одум өзінің «Экология» деген іргелі кітабында(1986) мынандай анықтама береді:

Экология‪ – табиғат пен қоғамда өзара байланысқан көпдеңгейлі жүйелердің құрылысы мен қызметі туралы пәнаралық білім саласы.

Профессор А. Баешовтың түжырымдамасы бойынша

Экология – биосферадағы тепе-теңдікті жан-жақты қарастырып, оның бұзылуының себептерін болжайтын және анықтайтын,

сонымен қатар тепе-теңдіктен ауытқудың, қоршаған ортаға әсерін зерттейтін ғылым саласы.

Кейінгі онжылдықтарда,ғалами экологиялық дағдарыс қаупі төнген шақта, экология тек жаратылыстану ғылымдарымен ғана емес, экономикамен, саясатпен, этикамен, социологиямен, педагогикамен де астасып барады. Сонымен экология жайлап ғылымның басқа салаларына кірігіп барады, яғни экологиялану үрдісі жүріп жатыр. Экологиялану көптеген практикалық мәселелерді шешуге жол ашады. Жаратылыстану, техникалық және гуманитарлық ғылымның қиылысынан жаралған мұндай ғылымды Н.Ф. Реймерс (1992) «мегаэкология» деп атаған.

Экологияның даму тарихын ғалымдар шартты түрде үш кезеңге бөледі.

Бірінші кезең – экологияның ғылым ретінде жаралуы мен қалыптасуы (көне заманнан 19-шы ғ. ортасына дейін).Бұл кезеңде тірі ағзалардың ортамен байланысы туралы мағлұматтар жинақталып, бірінші ғылыми талдаулар жасалған.

Жануарлардың мінез-құлықтары, олардың тіршілік қалпы, өсімдіктерді жинау мезгілі, өсіру тәсілі туралы көне египет, үнді, тибет мәдениетінің ескеркіштерінде кездеседі.

Аристотель (біздің дәуірге дейін 384-322 ж.ж.) жануарлардың 500-дей түрінің мінез – құлқы туралы жазып, оларды тіршілік қалпы бойынша жіктеген.

Аристотельдің оқушысы Теофраст Эрезийский (б.д. дейін 372-287ж.ж.) бірінші рет өсімдіктерді ағаштарға, бұталарға, шөптерге бөлуді ұсынған.  Көне грек елінің дәрігері Гиппократ (б.д. дейін 460-377 ж.ж.) өзінің еңбектерінде орта факторларының адам денсаулығына әсері туралы келтірген.

Орта ғасыр кезеңінде экологиялық деректер  жинақталмаған, өйткені ғылымда тіршіліктің пайда болуы туралы теологиялық теория үстемдік жасап,түрлер өзгеріске ұшырамайды  деп есептелініп, орта әсері жоққа шығарылған.

Қайта өркендеу дәуірінде тірі ағзалардың алуандығы, олардың таралуы, өсімдіктер мен әртүрлі ортада тіршілік ететін жануарлар  құрылысының ерекшеліктерін айқындау туралы деректер айтылып, жинақталған.

19-ғасырдың аяғынан бастап қарқынды түрде биогеография дами бастады. Өсімдіктер экологиясының негізін қалаушы А.Гумбольдт (1769-1859) болған. Жануарлар экологиясының негізін қалаушысы болып келетіні Мәскеу университетінің профессоры К.Ф. Рулье. Ол кісі зообиологиядан 160-тай еңбек жазған.Ол еңбектерде органикалык әлемнің дамуы өзгеріске ұшырап отыратын сыртқы орта әсерінен болады деп дәріптелген. К.Ф. Рульенің ойларын оның оқушысы Н.А.Северцов (1827-1885) жалғастырған.

Екінші кезең ‒ экологияның  жеке білім саласы ретінде қалыптасуы  ( 19  ғ. ортасынан  20  ғ. ортасына дейін ).

Ағылшын ғалымы Ч. Дарвин ( 1809-1882 ) 1859 ж. «Табиғи сұрыптау жолымен түрлердің пайда болуы » деген еңбегін жариялады. Осыдан бастап экология жаңа негіздегі сапамен дами бастады.

1886 ж. неміс биологі  Э. Геккель бірінші рет « экология » терминін пайдаланып, жаңа ғылымның мәнін анықтады. 19-шы ғ. соңында А.Ф. Миддендорф изосызықтар туралы А. Гум- больдтың ілімін жануарларға пайдаланды.

1877ж. неміс гидробиологі К. Мебиус  биоценоз туралы ұғымды негіздеді. Өсімдіктер қауымдастығы туралы ілім кейінде фитоценология деп атала бастады. Бұл ілімнің даму жолында үлкен еңбек сіңіргендер Г.Ф. Морозов, В.Н. Сукачев,Т.А. Работнов және т.б. 19-шы ғ. аяғында орыс ғалымы В.В. Докучаев (1846-1903) табиғатты кешенді зерттеу керектігін ғылымға енгізді. Ол идеяны әрі қарай Г.Ф. Морозов («Орман туралы ілім») және биогеоценоздар ілімінде В.Н. Сукачев іліп әкетті.

1910 ж. Брюссель қ. ІІІ халықаралық ботаникалық конгрессте өсіпмдіктер экологиясы аутэкологияға және синэкологияға бөлініп, кейіннен ол жануарлар экологиясы  мен жалпы экологияға да таралды.

Бұған  Ч. Адамстың, В. Шелфордтың және т.б. ғылыми еңбектері ықпал етті. 1913-1920 ж.ж. ғылыми экологиялық қоғамдар құрылып, экологиялық журналдар басылып, экология пәнін университеттерге енгізе бастады.

Ұлы орыс ғалымы В.И. Вернадский (1863-1945) 1923-1927 ж.ж. биосфера туралы ілімін, ал 1944 ж. биосфера дамуының биік сатысы ‒ ноосфера ілімін тұжырымдады. 1930-1940 ж.ж. экологияның жеке бағыты ‒ демэкология бөлініп шықты. Оның негізін қалаушы ‒ Ч. Элтон. Тағы оның дамуына ғалымдар С.С. Шварц, Н.П.Наумов, Д.Н. Кашкаров және т.б. үлкен үлес қосты. 1935 ж. ағылшын ғалымы А. Тенсли «экожүйе» терминін, ал 1940 ж. совет ғалымы В.Н. Сукачев (1880-1967) «биогеоценоз» терминін енгізді.

Үшінші кезең ‒ экологияның пәнаралық ғылымға айналуы (20-шы ғ. ортасынан осы уақытқа дейін). Бұл кезеңде табиғи орта күйі мәселесінің ушығуына байланысты көптеген ғылымдардың экологиялануға әкеліп соқты. Қатаң биологиялық ғылымнан экология табиғи ортаны және адамды қоршаған ортаны қорғайтын кешенді білімге айналды. Экология мен басқа ғылымдар қиылысында экологиялық биохимия, экологиялық физиология, өндірістік экология, ауылшаруашылығы экологиясы, әлеуметтік экология, медициналық экология, экономикалық экология, құқықтық экология және т.б. пайда бола бастады. Қазіргі заманда экологияның жетістіктері адамзат пен табиғат арасындағы стратегияны, табиғатты ұтымды пайдалану және табиғатты қорғауды іске асырудың теориялық негізі болып келеді.

Экология дамуының қазіргі кезеңі мынандай алыс шетелдік ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады: Ю.Одум, Э. Пианка, Дж.М. Андерсен, Р. Риклефс, А.Швейцер,Т. Миллер, Б. Небел және т.б. Жақын шетелдік ( ресейлік ) ғалымдар: И.П.Герасимов,А.М. Гиляров, Ю.А. Израэль, К.С.Лосев, Н.И. Моисеев, Н.П.Наумов, Н.М. Реймерс, С.С. Шварц және т.б. Қазақстандық экологиялық жас ғылым А.Б. Биғалиевтің, М.С. Паниннің, А. Баешовтің, М.С. Тонкопийдің, Ә.С.Бейсенованың,  Ғ.Сағымбаевтің, С.Д. Фазыловтың, А.Нухұлының және т.б. аттарымен байланысты.

Экология әртүрлі иерархиялық деңгейдегі экожүйелер қызметінің жалпы заңдарын және тірі ағзалардың (адамның да) күнелту ортасын зерттейді. Экологияның пәні болып келетіні ағза мен орта  арасындағы байланыстар құрылымы. Экологияның зерттейтін басты нысанасы – экожүйелер. Оларды тірі  ағзалар мен олардың күнелту ортасынан құралған біртұтас табиғаттық кешендер деп қарастырады.

Экология  үлкен екі тараудан тұрады: жалпы экология және қолданбалы. Жалпы экологияны тағы биологиялық  деп те атайды. Ал жалпы экология мына бөлімдерден тұрады:

1. Аутэкология – ағзалар экологиясы. Бұл экология ағзалардың қоршаған ортада тіршілік ету шекараларын анықтайды.

2. Демэкология – популяциялар  экологиясы. Популяциялар тіршілігінің жалпы заңдылықтарын (өсіп-өну, құрылымы және т.б.) зерттейді.

3. Синэкология – бірлестіктердің ұйымдасу заңдылықтарын, құрылымын және қоректену тізбегіндегі заттардың, биотикалық зат айналымы мен энергияның көзі ретіндегі қызметін зерттейді.

Экология таруларының бірігіп келгендегі басты мақсаты – қоршаған ортада тірі ағзалардың тірі қалуы (құрып кетпеуі) мәселесі және ағзалар мен олардың топтастықтарының  қоршаған ортаға бейімделу заңдылықтарын, экожүйенің және жалпы биосфераның тұрақтылығын зерттеу.

Қазіргі заманғы экологияның әдістемелік негізі – ол жүйелік көзқарас, табиғи байқаулар, тәжірибелер  және үлгілеу жиынтығы. Бұларды бірнеше топқа біріктіруге болады:

1) ортаның күйін тізімдеу және  бағалау әдісі. Бұларға метеобайқаулар, температураны өлшеу, судың химиялық құрамын жіне ащылығын анықтау; топырақтың сипаттамаларын, радиациялық жағдайды өлшеу, қоршаған ортаның химиялық және бактериалдық ластануын анықтау сияқтылар жатады. Бұл әдістің құрамына тағы экологиялық объектілердің күйі мен қоршаған ортаның сапасын байқау – мониторинг –  жатады.

2) ағзалардың есебін жүргізу әдісі және өсімдіктер мен жануарлардың биомассасы мен өнімділігін  бағалау әдісі;

3) ағзалардың тіршілік әрекеттеріне орта факторларының әсерін зерттеу;

4) көптүрлі топтастықтағы ағзалардың арасындағы қатынасты зерттеу әдісі;

5) кибернетикалық зерттеулер және математикалық  үлгілеу әдісі.

Экологияның алдына қоятын мәселелері:

1) барлық деңгейдегі экожүйелердің, биосфералықты да қосқанда, тұрақтылығын бағалаудың теориясы мен әдістерін құрастыру.

2)популяциялық, биотикалық топтастықтардың экологиясының мәселелерін зерттеу,  табиғаттағы биоалуантүрлілікті  сақтау.

3) табиғи және антропогендік факторлар әсерінен биосфераның өзгеруін зерттеу, болжау және де сол өзгерістердің экологиялық салдарын  бағалау.

4) табиғи ресурстардың (қорлардың) динамикасы мен күйін және оларды пайдаланудың экологиялық салдарын бағалау.

5) қоршаған ортаның сапасын басқару әдістерін құрастыру және жетілдіру.

6) адамдарда биосфералық  ой және экологиялық сана қалыптастырып, экологиялық  этика мен мораль мөлшерлерін жасау.

7) қоғам мен мемлекеттің тұрақты қауіпсіз дамуын қамтамасыздандыру үшін экономикалық, әлеуметтік және басқа да мәселелерді қолайландыру.

Қазіргі таңдағы табиғатпен ара қатынастың шапшаң дамуы  жеке нысаналар, аумақтар, мемлекеттер және т.б. үшін ғана емес, барлық адамзат үшін қауіп төндіреді.

Адамның тірі табиғатпен байланысының сипатынан байқалғандай, заманауи қоғамның тіршілігін қамтамасыз ету үшін ғаламшардың тірі қабығын (биосфераны) түгелдей дерлік қатыстыру керек. Бұл барып адамзатты экологиялық апат шегіне жеткізуі мүмкін.

XX ғ. басым бөлігінде адамзат ҒТТ ықпалында болса, енді адам табиғаттың қожасы емес, баласы екенін түсінді. Мұндай көзқарасты биоцентрлік деп атайды. Ал адам өмірінің мақсаты мен мағнасы әлеуметтік немесе өндірістік жүйе болса, ондай көзқарас антропоцентрлік және әлеуметцентрлік деп аталады.

Ғылыми көзқарастар мен математикалық модельдер футурология (лат.fiturum-болашақ, грекше logos-ілім) деп аталатын адамзаттың болашақ дамуына көрегендік жасауды мақсат етіп қоғамдық және жаратылыстану ғылымдардың қоятын мәліметтеріне негізделген кешенді пәннің негізі бола алды.

Табиғаттағы коэволюция  тұжырымдамасы, соның ішінде адам мен биосфераның қосақталған эволюциясы В.И.Вернадскийдің, Н.В.Тимофеев-Ресовскийдің еңбектерінде қалыптастырылған.

Басқа түрлерден адамның айырмашылығы табиғатпен өзі қалыптастырған мәдениет арқылы анық әрекеттесуінде.

Көптеген ойшылдар ұрпағының адамға лайықты орта құрастырылу арманы орындалуы үшін әрбір адамға экологиялық білім қажет.  Осы білім негізінде ғана адам мен табиғаттың бүтіндігін түсініп, табиғатқа  қожалық жасау ұғымының дөрекілігіне көз жеткізуге болады. Экологиялық сауатты адам ғана өзін қоршаған өмір ортасымен қарым қатынас жасауға жол бермейді.

Сондықтан қазіргі таңда экологиялық заңдардың бұзылуын тоқтату қоғамның әрбір мүшесінің  экологиялық мәдениетін білім арқылы, экология негіздерін оқып, үйрену арқылы ғана тиісті деңгейге көтергенде ғана мүмкін болады.

Заманауи экологиялық мәселелерге мыналар жатады:

                  Адамның шаруалық әрекеті;

                  Халық санының артуы;

                  Атмосфера құрамының және климаттың өзгеруі;

                  Табиғи сулардың ластануы;

                  Энергия өндіру;

                  Орманды құрту;

                  Топырақтың ластануы және таусылуы;

                  Табиғи алуандылықтың қысқаруы;

                  Адам-табиғат арақатынасы заңдарының бұзылуы.

Экономикалық дамудың әртүрлі сатысында тұрған ғаламшардың жеке өңірлерінің қиындықтары әртүрлі: даму үстіндегі елдер үшін- ол азық- түліктің жетіспеуі, дамыған елдер үшін -табиғи қордың сақылуы  мен табиғи ортаның ластануы.

Қазіргі кезеңдегі экологиялық коллапс (бұл жерде дағдарыс деген мағынада)  қаупінің қазіргі кезеңдер ерекшелігінің ең негізгісі –табиғи ортаның ластануында. Осыдан барып қоғам мен табиғи орта қарым қатынасының жаңа күйі туды, оның ең маңызды қасиетінің бірі болып тұрғаны экологиялық қиындықтардың астасып, бір бірінің әсерін өзара ұлғайтуы.

Информация о работе Экология және тұрақты даму