Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Марта 2012 в 15:02, реферат
Экология – табиғат пен қоғамда өзара байланысқан көпдеңгейлі жүйелердің құрылысы мен қызметі туралы пәнаралық білім саласы.
1. Экология ғылым ретінде
2. Экологиялық білімнің қалыптасуы және дамуының қысқаша тарихы
3. Экологияның әдістемелік негізі және алдына қоятын мәселелері
4. Экология тараулары
5. Экологиялық білім және дүниетанымның маңызы
6. Негізгі заманауи экологиялық мәселелер
7. Тұрақты даму тұжырымдамасын іске асырудағы экологияның орны
Экологиялық келеңсіз салдарлардың астасуы жекелеген бір экологиялық мәселені шешуге кедергі туғызады. Өзінше бір күш жұмсалған жағдайда, әрине ол шешілер еді, бірақ онда басқа бір мәселе туындауы мүмкін. Сонда мәселе аяғына дейін шешілмей, құр ысырылып қана қояды. Тіпті азық түлікпен тұтыну тауарларының орасан мөлшерін өндірген күнде, ластану мәселесі шыға келеді; атом энергетикасын дамытып шексіз мөлшерде энергия өндіруге болар еді, онда энтропия артуының мәселесі – ғаламшардың аса жылып кетуі, биосфераның энергетикалық тосқауылының арту мәселесі шыға келеді.
Шынтуайтқа келгенде, табиғатпен абсолюттік үйлесімнің идеалды күйіне қол жеткізу, немесе табиғатқа үстемдік жасап, жеңу де мүмкін емес. Аңыздағы Антей жерден ұзай алмаған. Заманауи «Антейлер» космосқа ұщқанмен, жермен үздіксіз түрде байланысып, табиғи ортаға тәуелді. Коммонердің «ештеңе жайдан жай берілмейді» деген экологиялық заңын ешқашан ұмытуға болмайды.
Қазіргі таңдағы экологиялық жағдай көрсеткендей, табиғаттың адамға әсері оның даму заңдылығына объективті түрде тәуелді. Табиғатта «Бәрі бір бірімен байланысты» болғандықтан, барлық жүйеге әсер ету салдарынсыз оның бір бөлігіне ғана әсер ету мүмкін емес. Бірнеше байланыстың бұзылуын немесе жоқ болуын жүйе толықтыра алады, бірақ ондай бұзылулар тым көп болса немесе олардың ең маңыздылары қозғалса, жүйе тіршілігін тоқтатады. Ол күрделене түскен сайын, оның толықтырылып отыратын байланыстары көбейеді, сондықтан оны ұзақ және жазасыз бұза беруге мүмкіндік туады. Бірақ кейін бейімделу шегінен өткеннен кейін, қазіргі уақыттағы биосфера жағдайындағыдай, қайтымсыз өзгерістер орын алады.
Осындай қайтымсыз өзгерістердің алдын алу үшін Адам– Қоғам –Табиғат ара қатынасы коэволюция бағытында қайта құрылуы қажет. Қоғам мен табиғаттың коэволюциясы –бұл біріккен өзара байланысқан эволюция. Әлеуметтік және қоғамдық эволюция ғылыми – техникалық эволюциясынан әлде қайда баяу жүреді. Сондықтан табиғат өзіне жасап жатқан антропогендік жүктемеден сытырылып шыға алмайды. Коэволюцияның әрі қарай жүру мүмкіншілігін сақтап қалу үшін, табиғатқа жасайтын әсерін қоғам сапалы түрде шектеуі қажет. Осындай қоғам мен табиғаттың бірігіп, коэволюцияны қамтамасыз ете отырып дамуын тұрақты деп атайды.
1992 ж. БҰҰ Рио-де-Жанейрода 179 мемлекеттің басын қосып, Халықаралық конференция өткізіп, « ΧΧІ ғасырдың күн тәртібі » атты экологиялық бағдарлама қабылдады.
БҰҰ бойынша мемлекеттің тұрақты дамуы – ол осы ұрпақтың сұранысын қанағаттандыру үшін келесі ұрпақтың сұранысына нұқсан келтірілмейтін даму.
Тұжырымдаманың мақсаты болып келетіні әлемдік қауымдастық мемлекеттерінің экономикалық, әлеуметтік, экологиялық және саяси дамуындағы үйлесімге қол жеткізу.
Риодағы конференцияда оның төрағасы М. Стронг дамудың капиталистік үлгісінің тұрақты емес екендігін айтты.Тұрақты даму ұстанымы – ол барлық табиғаттың дамуы. «Адам-Қоғам-Табиғат» жүйесі туралы әңгіме бүкіл Әлем аясында қарастылуы керек. Даму тұрақты болуы керек, әйтпесе әлде бір өркениет емес, Жер түгелімен құрып кетуі мүмкін.
Бақылау сұрақтары және жаттығулар
1. “Экология” терминін кім және қай жылы енгізген?
2. Экология ілімінің анықтамасы қалай оқылады?
3. Экология пәнінің қалыптасу тарихы неше кезеңге бөлінеді?
4. Экология пәнінің қалыптасу тарихының бірінші кезеңін сипаттаңыз.
5. Экология пәнінің қалыптасу тарихының үшінші кезеңі немен ерекшеленеді?
6. Экологияның тарауларын сипаттаңыз.
7. Экология пәнінің басты мақсаты, мәселелері және әдістерін сипаттаңыз.
8. Экологиялық білім мен экологиялық дүниетаным дегеніміз не?
9. Заманауи экологиялық мәселелерді сипаттаңыз.
10. Тұрақты даму тұжырымдамасын қалай түсінесіз?
Экология және орман шаруашылығы
кафедрасының аға оқытушысы т.ғ.к. Абсеитов Е.Т.
5