Экология

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Февраля 2013 в 19:43, реферат

Описание

Экология (грекше oiros-үй, тұрақ, мекен, logos- ғылым) «мекен еткен табиғи орта туралы білім» деген мағынаны білдіреді. Шынында да, экология қоршаған ортаның тазалығын сақтау, яғни салауатты өмір салтын қалыптастыру болып табылады. Қазір экология кешенді ғылымдар ретінде дамып отыр. Сонымен бірге экология табиғатта болып жатқан барлық өзгерістердің себебін анықтау, баға беру және оның зиянды жақтарының алдын алу мәселелерін қарастырады. Ең алғаш 1866 жылы «экология» терминин неміс биологі Э.Геккель ұсынып, оның анықтамасын берген.

Работа состоит из  1 файл

Экология.docx

— 42.11 Кб (Скачать документ)

Атақты орыс ғалымы В.И.Вернадскийдің (1864—1945 жж.) дүние жүзі ғалымдары мойындаған биосфера туралы ілімі қазіргі экология ғылымының ғылыми теориялық негізі болып есептелінеді.

Үшінші кезең

    Үшінші кезең — XX ғасырдың 50-жылдарынан басталып қазіргі уакытқа дейінгі аралықты қамтиды. бұл кезеңде экология ғылымы өз алдына көптеген жаңа салалар мен бағыттарға бөлінді. Сонымен бірге экологияжаратылыстану және қоғамтану ғылымдарының басын қосып отырған кешенді ғылымға айналды.

Экология ғылымының қазіргі  жаңа бағыттары

   Қазіргі жалпы экология  ғылымы организмдерді тіршілік деңгейлеріне сәйкес жеке салаларға бөліп зерттеуге ерекше мән береді. Мысалы, жеке дараларды — аутэкология, популяцияларды — демэкология, табиғи бірлестіктерді — синэкология, ал биосфераны — ғаламдық экология ғылымдары зерттейді. Экология ғылымының бұл салалары мен негізгі бағыттары бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Мұның бәрі де жалпы экология ғылымына берілетін анықтамалардың мәнін аша түсуде әрі өз зерттеулері арқылы оның дамуына зор үлестерін қосуда.

Қазіргі жалпы экология ғылымының  зерттеу бағыттары, негізінен, биоэкологияның іргелі заңдылықтарына сүйенеді.

1. Биоэкология ғылымы тірі организмдердің  жекеленген ірі жүйелік топтары  — микроорганизмдерді, саңырауқұлақтардың өсімдіктерді және жануарларды зерттеуге басты назар аударады.

2. Биоэкология жеке табиғи белдемдер экожүйелеріндегі организмдер мен орта жағдайларының өзара байланыстарын зерттеуге байланысты арктика жәнетундра экологиясы, орман экологиясы, дала экологиясы, шөл экологиясы, тay экологиясы және т.б. да көптеген салаларға бөлінеді.

3. "Адам және табиғат" жүйесі бойынша табиғат пен қоғам арасындағы өзара қарым-қатынастарға байланысты экологиялық зерттеулер көптеген бағыттар мен салаларға бөлінеді. Мысалы, тарихи экология, адам экологиясы, қала экологиясы, инженерлік экология, ауыл шаруашылығы экологиясы және т.б.

Қорыта айтқанда, казіргі экология ғылымы жаратылыстану және қоғамдық ғылымдардың барлық салаларымен тығыз байланысқан кешенді ғылым. Сонымен бірге қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі ғалымдары экологиялық зерттеулерге ерекше мән береді.[1]


Информация о работе Экология