Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:31, реферат
Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық. салаларымен қоян-қолтық араласып кетті.
Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуына байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.
Кіріспе.......................................................................................................................
1 тарау.Экологиялық дағдарыс туралы түсінік...............................................
1.1. Экологиялық дағдарыс ұғымы....................................................................
1.2. Экологиялық дағдарыстың құрылымы.....................................................
1.3. Экологиялық дағдарыстың себептері........................................................
2 тарау. Экологиялық проблемалардың жаһандануы....................................
2.1.ХХІ ғасырдағы экологиялық дағдарыс және табиғатты тиімсіз
пайдалану......................................................................................................
2.2.ХХІ ғасырдағы ғаламдық проблемаларды шешу жолдары.....................
Қорытынды................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................
Мұхит суларын ластау
ғаламдық деңгейде жүріп жатыр. Ғарыштан
түсірілген суреттер мұхиттың 30 пайызға
дейінгі үстіңгі қабатында
Адамның антропогенді әрекеттілігінен шығып жатқан табиғи ортаны сарқу, ластау және бүлдірудің себептерінің ішінен объективті және субъективті себептерді бөлуге болады.
Біріншіден, бұл жер табиғатының өздігінен тазалануға және өздігінен реттелуге деген шекті мүмкіндіктері. Белгілі бір уақытқа дейін жер табиғаты адамзат өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеп, дазалап, сонымен өзін олардың зиянкесті әсерінен қорғайды. Алайда оның мүмкіндіктері шектеулі.
Екіншіден, бұл жер территориясының бір ғаламшар аясында физикалық шектеулігі. Осының салдарынан пайдалы қазбалардың – адам пайдаланатын тас көмірдің, мұнайдың және т.б. қорлары біртіндеп жұмсалып, одан кейін мүлде түгесіледі.
Үшіншіден, бұл табиғаттағы өндірістің қалдықсыздығы және адамзат өндірісінің қалдықтылығы. Табиғатта өндіріс тұйық цикл бойынша жүзеге асырылады. Одан қалдық шықпайды. ¤ндірістік әрекеттіліктің соңғы өнімі жаңа өндірістік цикл үшін бастама болып табылады. Табиғат өндірісінен айырмашылығы, адамзат өндірісі қалдықты болып табылады. Адамның тіршілік әрекеттілігі үшін жылына 20 т кем емес табиғи ресурстардың жұмсалуы керектігі есептеліп шығарылған. Оның небәрі 5-10 % ғана өнімге жұмсалады, ал 90-95 % қалдыққа кетеді.
Төртіншіден, бұл адамның табиғаттың даму заңдылықтарын табиғатты пайдалану мен тәжірибе жинақтау үрдісінде тануы және пайдалануы.
Бұл жерде адамның табиғатқа әсер етуінің нәтижелерінің көріністерінің екі ерекшелігің атай кету керек. Бірінші уақытта әсер етуге қатысты. ¤ндірістік-шаруашылық әрекеттіліктің нәтижелері, қоршаған ортаны ластау, осы ұрпақ өмір сүрген кезде ғана емес, болашақта да, келесі ұрпақ өмір сүрген кезенде де көрінеді.
Екінші ерекшелік шаруашылық әрекеттіліктің салдарының кеңістікте айқындалуына қатысты. Белгілі бір жерде, белгілі бір нүктеде табиғатқа иелік етімен жасалатын әсер ортаның бірлігі мен өзара байланысты заңының арқасында адамның қоршаған ортаға әсер ету нүктесінен қашықтағы басқа аймақтарға да өзінің ықпалын тигізеді.
Субъективті белгілерге жатады:
Біріншіден, мемлекеттің қоршаған ортаны қорғауға қатысты ұйымдастырушылық-құқықтық және экономикалық әрекеттілігінің жетіспеушілігі.
Екіншіден, экологиялық тәрбиелеу мен білім берудің олқылықтары.
Экологиялық надандық – адам мен қоршаған ортаның өзара байланысының заңдарын меңгеруге талапсыздық.
Экологиялық нигилизм – бұл заңдарды басшылыққа алуға талпынбау, аталмыш заңдарды елемеушілік. Осы фактордың екеуі де қоршаған ортаның жағдайына әсер етеді.
Экологиялық дағдарыс (ЭД) адамның табиғатқа әсер етуінің күшеюімен қаншалықты сипатталса, адамдар өзгерткен табиғаттың қоғамдық дамуға ықпалының күрт өсуімен (бумеранг эффектісі) соншалықты (бұған ерекше көңіл аударған жөн) сипатталады. Ірі омыртқалы жануарлардың шектен тыс кәсіпшілігінің экологиялық дағдарыстары (50-100 мың жыл бұрын) және қазіргі экологиялық дағдарыс аса белгілі. Экологиялық дағдарыстан экологиялық проблемалары жағдайды және экологиялық алапатты айыра білген жөн: дағдарыс – адамның белсенді әрекеттілігі жоқ болып көрінетін, бірақ қалпына келетін күй, алапат – қалпына келмейтін құбылыс, мұнда адам енжер, зардап шегуге мәжбүр, ол жағдайды өзгерте алмайды; кеңірек эволюциялық экологиялық дағдарыс – биосфераның тірі заттардың сапалы жаңаруы өтетін даму фазалары (бір түрлердің біршама тез жойылып, екіншілерінің пайда болуы).
Адамзат пайда болғанға дейінгі тарихта және адамзат тарихында мынадай экологиялық дағдарыстарды бөледі:
«Редуценттер дағдарысымен» бір мезгілде дерлік екі экологиялық шиеленіс – термодинамикалық (термодинамикалық дағдарыс) және ірі экологиялық жүйелердің сенімділігінің кемуі келеді. Олар Жердің жер беті қабатында энергияны өндірудің экологиялық шектеулермен және табиғи-экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуымен байланысты. Бұл жақын болашақтың экологиялық дағдарыстары энергетиканы түбегейлі өзгерту және кең көлемдегі экологиялық жоспарлаудың негізінде шешіледі. Алғашқысының негізі – энергияны барынша үнемдеуде және атмосфераның жер бетілік қабатына жылу қоспайтын дерлік (ең бірінші Күндік) оның қайнар көздеріне өтуде, екіншісі – табиғи экожүйелерді жүйелі пайдалануда, олардың табиғи және адам қайта түзетін түрлерінің ара қатынасын оңтайландыруда жатыр.
2 тарау. Экологиялық проблемалардың жаһандануы
2.1.ХХІ ғасырдағы экологиялық дағдарыс және табиғатты тиімсіз пайдалану
Биосфера тек қана табиғи құбылыстармен қиын дағдарысты кезеңдерді бірнеше рет басынан өткерді. Әсіресе, осыдан 70-100 млн. жыл бұрын болған кезеңнің жағдайы тарихта жақсы белгілі. Бұл кезеңде геологиялық қысқа мерзім аралығында ішіне 35-тен кем емес тұқымдастар мен көп мөлшердегі түрлер кіретін рептилийлердің бес отряды (динозаврлар, птерозавлар, ихтиозаврлар және т.с.с.) құрып кеткен.
Табиғаттағы дағдарысты құбылыстар бірнеше ретте климаттың өзгеруінен және осы өзгерістерге қосарлана жүрген мұз құрсанудан немесе шөлденуден туындап отырды. Мәселен, 3040 иың жыл бұрын болған мұз дәуірінде (ерте палеолит) зіл, мүйізтұмсық пен көптеген жыртқыштар тәрізді ірі жануарлар қырылып қалған.
Жер бетінде пайда болғаннан бастап адамның іс-әрекеттері көбіне табиғатқа қарама-қайшы болып отырды, бұл түрлі көлемдегі дағдарыстардың туындауына себеп болды.
Алайда халықтың саны аз, әрі өздерінің техникамен жабдықталуы нашар болған кезде, олардың табиғатқа әсері ешқашан да ғаламдық деңгейдегі мәнге ие болмаған-ды. Адам өзінің мүмкіндігіндегі әдістерімен қандай да бір ресурсты ғана сарқа немесе шектелген аумақтың табиғатын ғана бүлдіре алатын. Міне, соған екі мысал.
Ежелгі Вавилонды (миллионға жуық халқы болған қаланы) халқы оның айналасындағы жерлер топырағының жөнсіз мелиорация нәтижесінде қарқынды сортаңдануымен және оны одан әрі пайдаланудың мүмкін еместігіне байланысты тастап кетіп қалды.
Қарадүрсін суғармалы егіншіліктің қалай болса солай дамуы нәтиесінде қоршаған орта табиғи жүйелері бұзылды, ал онымен бірге Нілдің, Месопотанияның, Ежелгі Грецияның және басқа да аймақтардың атырауларында өркениет (цивилизация) жойылды.
Барлық антропогенді дағдарыстарға тән ортақ нәрсе одан шығу жолы әдетте тұрғын халықтың санын азайтуен, көшіп-қонуымен және әлеуметтік сілкіністерімен байланысты болған келді. Бірқатар жағдайларды дағдарыстар қоғамдық құрылысты өзгертумен тәмамдалатын. Мәселен, алғашқы антропогенді дағдарыс аңшылардың жылыстауын немесе «халықтардың ұлы қоныс аударуын», ауыл шаруашылық өнімдерінің жетіспеушілігі дағдарысы (екінші антропогенді) – Еуропа халқының мұхиттың ар жағына көшуін тудырды. Егіншілік пен ауыл шаруышылығына көшу алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауымен және құл иеленушілік қоғамының пайда болуымен қатар жүрді, ал соңғысына жер ресурстарының таусылуы мен шөлдену және феодалдық құрылысқа көшу тән болды.
Қазіргі экологиялық дағдарыстың негізгі ерекшелігі және бұрынғылардан басты айырмашылығы – оның бүкіл ғаламдық сипаты. Ол біздің бүтін ғаламшарымызға таралуда немесе таралу қаупін төндіріп тұр. Сондықтан да жаңа аумақтарға қоныс аудару арқылы дағдарыстан шығудың дәстүрлі іс жүзінде жүзеге аспайды. Бұл дағдарыстан шығу жолдарын тек өндіріс тәсілдерін, табиғи ресурстарды пайдалану мөлшерін және тұтыну нормаларын өзгерту арқылы ғана жүзеге асыруға болады.
Адам қазіргі кезде шамамен жылына 140-150 млрд. т қатты тау жыныстарын өзіне белгілі барлық тәсілдерімен өндіріп, оларды қоршаған ортаға шығарып отыр. Химиялық элементтер мен эрозия өнімдерін құрлықтан мұхитқа шығару жалпы табиғидың 50 %-не жетті және жылына 40 млрд. т асып отыр. Мұның барлығы енді міне, ХХІ ғасырда табиғи ресірстардың таусылуы тәрізді ғаламдық проблеманың туындағанын білдіреді.
Ғаламдық экологиялық жағдайдың өзгеруінде биосфераның тұрақтылығының бұылуына әкеліп соғатын табиғи экожүйелердің бүлінуіне ерекше мән беріледі.
Солтүстікамерикалық орталыққа АҚШ, жартылай Канада мен Мексика кіреді. Еуропа орталығы бұрынғы КСРО республикалары кіретін Батыс, Орталық және Шығыс Еуропаны, сондай-ақ Ресейдің Еуропалық аумағының көлемді бөлігін қамтиды. Азия орталығына Индостан елдері, Цейлон, Малайзия, Бирма, Индонезия, Қытай мен Тайвань, Жапония, Корея түбегі, Филиппины кіреді.
Еуропада, Солтүстік Америкада және Жапонияда аумақтар көбірек деңгейде бұзылған. Халқының тығыздығы жоғары дамушы елдер де жер бетіндегі экологиялық жағдайдың тұрақсыздануына өз үлестерін қосуда.
Соған қарамастан жер бетінде қоршаған ортаны тұрақтандыру орталықтары болып саналатын ірі аумақтар сақьалып қалған.
Қоршаған ортаны тұрақтандырудың қуатты орталығы болып дүние жүзілік мұхит болып табылады.
Осылайша, ХХ ғасыр – адам әрекеттілігінің барлық салаларындағы басты ерекшелігі қоршаған ортаға антропогенді жүктемелерді арттыру болған күрт өзгерістердің ғасыры болып шықты. Тұтынудың артуы, шаруашылық жүргізудің қарқынды әдісіне, өнімдер өндірудің үдемелі факторларын пайдалануға көшу дамыған елдерде қоршаған ортаға антропогендік әсер етудің күрт өсуіне әкеп соқты, бұл табиғи экожүйелердің бұзылуымен қосарланды.
Азаматтың ғаламдық экологиялық проблемалары – «демографиялық күрт өсудің» ықпалымен қалыптасатын және адамзаттың тіршілік етуіне қауіп төндіретін себептердің кейінгі қалдырылатындығымен сипатталатын қоршаған орта күйіндегі проблемалық жағдайлар жиынтығы.
2.2.ХХІ ғасырдағы ғаламдық проблемаларды шешу жолдары
Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білімді оқушылардың санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып қана сіңіру керек. Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. Өкінішке карай, аға ұрпақтың санасезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келді. Ол олардың табиғатқа "байлық көзі немесе табыс көзі" ретінде қарауы. Осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы ада-күде болуға тиіс. Қысқасы, экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Заңдылығы деген не? Ол-жердің беткі қабаты-литосфера, оның үстіндегі гидросфсра, оның жоғарғы қабатын құрайтын - атмосфера, осы үшеуінің ара қатынасындағы биосфера - тіршілік қабаты. Осы үшеуі бір-бірімен үйлесімді ұштасып жатқан уақытта ғана жер тозып, ауа ластанбайды. Мен мысалы, Финляндияда болдым, онда тал тұрмақ бір бұтақ кестірмейді. Базардың өзін олар тазалық үшін уақытша пайдаланады. Яғни біздегідей тұрақты орны жоқ.
Экология қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген ғылым. Сәкеннің "Көкшетауын" алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, "көк шөпті баспа", "суға түкірме" деп үйреткен, "ботам", "құлыншағым", "қошақаным" деп еркелеткен. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі табиғатпен етене өскеннің арқасы. Мұны мен жаңа бағыттағы ғылымда этноэкология деп атадым.
Қазіргі таңда экология мөселесі атом қаруынан да қауіпті. Себебі экология қазір ғаламдық проблемалық сипат алып отыр. Кез келген өркениетті ел өзінің экологиялық мөселесін шешуде ең қауіпті деген экологиялық апатты аймақтарын БҰҰ-ның алдына мәселе етіп қояды. Біздің елімізден Елбасы БҰҰ-ға Арал мәселесін қойып отыр. Экологиялық қауіп дегенде алдымен XX ғасырдың ортасынан бастап ғаламдык экологиялық апатты аймақтардың ерекше көбейіп кеткендігін айтқан жөн. Бұл-ғылыми-техникалық прогрестің кері сипаттағы нәтижесі. Біз көп жағдайда, әсіресе, кеңестік дәуірде табиғаттың бермесін тартып аламыз деген жалған ұранның жетегінде кетіп, оның соны Қазақстан жеріндегі экологиялық апатты жағдайға алып келгені жұрттың бәріне түсінікті. Айталық, Семейдегі ядролық жарылыс, Тайсойган, Каспий, Арал, Балқаш, Байқоңыр, міне, осылардағы болып жатқан экологиялық мәселелер. Сол жердің тұрғын халқына, әлеуметтік жағдайына, денсаулығына төніп отырған үлкен қауіп-қатер. Осы аймақта дүниеге келіп жатқан сәбилердің басым көпшілігі туа сала шетінеп кетеді, не кемтар болып келеді, аналары аурушаң, басқаны қойғанда жастардың жүйке дертіне ұшырауы көбейіп, өзіне-өзі қол салушылық жағдайы туындап жатыр. Экологиялық қауіптің екінші түрі ретінде өтпелі кезеңдегі сырттан келіп жатқан азық-түлік, халыққа керекті күнделікті тауарларды айтамыз, олардың қаншалықты зиян әкелетіні жайында енді ғана ойланып, экологиялық сараптама жасауды жаңа-жаңа қолға алудамыз. Осы жайларға байланысты Елбасы "Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына" қол қойды. Бірақ ол тұжырымдама жергілікті аудан, облыс әкімдері, министрліктер тарапынан жүзеге асырылмай отыр. Себебі экология - көзге көрінбейтін ең қауіпті процестердің бірі. Экономикалық жағдайға байланысты халықтың қарны тояр-ау, ал экологияның әкелген зардабын қалпына келтіре аламыз ба? Экологиялық қауіптің халыққа әкелген зардабын талдап, соны мемлекеттік тұрғыда шешу үшін Елбасы шығарған арнайы жарлық бар ма, бар. Ендеше Жоғары оқу орындарында ода, орта білім саласында бұл мәселе кең тұрғыда қамтылып, оқушылардың, тіпті ата-аналардың да сауатын аша отырып, экологиялық жағдайдан хабардар етуіміз керек. Экология қазір біздің тұрмыс-салтымызға түбегейлі еніп кетгі. Көбісін халық біле бермейді. Ол үшін бұған барлық ақпарат құралдары ат салысып, әрбір экология саласының әкеліп жатқан зияны мен зардабын халыққа жете түсіндіруі, сауаттандыруы керек. Мысалы, өндірістен бөлінетін улы заттар, әлеуметтік экология, азық-түлік экологиясы, химия ғылымының әкеліп жатқан экологиялық зияны, өтіп жатқан жиын да аз емес. Бірақ бәрінде әржақты тар шеңберде ғана сөз қозғалып, оның адам өмірін қысқартуға, болашақ ұрпаққа қаншалықты қауіпті екені жайында ешкім ешнерсе айтпайды. Байқоңыр, Арал, Ақдала жайы, Каспий аймағындагы мұнай экологиясы қай дәрежеде зерттеліп, халыққа қаншалықты зиян әкелуде, сол тұрғыда дәйекті ғылыми талдау жасалынған, соған сай дайындалған толыққанды тұжырымдама күні бүгінге дейін жоқ.