Экологиялық проблемалардың жаһандануы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Марта 2013 в 21:31, реферат

Описание

Экология бастапқы кезде биологиялық ғылымның құрамына еніп, организмдер мен қоршаған ортаның өзара тығыз байланысын ғана зерттеумен шектелген болса, қазіргі заманда экологияның шеңбері одан әрі кеңіп, көптеген ғылымдармен, атап айтқанда, география, геология, агрономия, химия, архитектура, математика, физика, генетика, медицина, қысқасы ғылымның барлық. салаларымен қоян-қолтық араласып кетті.
Осылай қазіргі заманғы экология - әмбебап, зор қарқынмен дамып келе жатқан, біздің планетамыздың барлық тұрғындары үшін іс жүзінде аса зор маңызы бар іргелі, кешенді ғылым болып саналады. Экология болашақтың ғылымы және адамдардың өзінің өмір сүруі осы ғылымның тікелей үдемелі дамуына байланысты болуы да мүмкін деуге жатады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................
1 тарау.Экологиялық дағдарыс туралы түсінік...............................................
1.1. Экологиялық дағдарыс ұғымы....................................................................
1.2. Экологиялық дағдарыстың құрылымы.....................................................
1.3. Экологиялық дағдарыстың себептері........................................................
2 тарау. Экологиялық проблемалардың жаһандануы....................................
2.1.ХХІ ғасырдағы экологиялық дағдарыс және табиғатты тиімсіз
пайдалану......................................................................................................
2.2.ХХІ ғасырдағы ғаламдық проблемаларды шешу жолдары.....................
Қорытынды................................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................................

Работа состоит из  1 файл

ref_2656.doc

— 149.00 Кб (Скачать документ)

Тіпті кейбір мектептерде, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысындағы  көптеген орта білім ошақтарында  бір сыныпта қырық, елу көгенкөз отырады, олардың білімді игеруі қалай, отырған орындары сай ма, олардың осындай экологиялық жағдайын зерттейтін елімізде бірде-бір арнайы орталық жоқ. Мысалы, кез келген адам Алматының экологиясын нашар дейді, сол нашар экологияны қалай жақсарту жолдары бар, соған қандай дайындық шараларын жүргізуіміз керек, біздің дайындап жатқан  мамандарымыздың оған қосар үлесі қандай, осыны да ойлануымыз керек. Педагогикалық университетте дайындалып шығатын эколог бұл-мектепте экология пөнін оқытатын мамандар. Себебі бізде таза эколог дайындайтын негіз, база жоқ. Ол үшін кең көлемдегі химиялық зертханалар болуы керек. Үшіншіден, экология жайлы көп айтылады, бірақ халыққа, студенттерге, мектеп окушыларына, балабакша балаларына оны қарапайым әрі жатық тілмен түсіндіретін қазақша оқулықтар да, әдебиеттер де жоқтың қасы. Елбасының "Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттык стратегиясы" және Білім және ғылым министрлігінің бекіткен "Экологиялық білім бағдарламасы" негізінде экологияны жеке пән ретінде мектептерге енгізу көзделген. Осы мемлекеттік құжаттарды толық жүйеге асыру бүгінгі күндегі кезек күттірмейтін өзекті іс. Мектептердің оқу жоспарына экология пәнінің енуі міндетті. Осыны Елбасы жүктесе де әлі күнге тиісінше көңіл бөлінбей келе жатыр.

Ғаламдық экологиялық  мәселелердің қазіргі алдында тұрған ең өзекті нәрсе - бүткіл ғылымның осы  кезге дейінгі және болашақтағы  жетістіктерін адамға, адамның өміріне, соған бағыттай отырып, соған сәйкес толыққанды тұжырымдама жасау. Қазір  біздің алдымызда тұрған негізгі міңдет те осы - адамның болашағына экологиялық қауіптің тигізетін зияны мен зардабынан қорғану мәселесі болуы керек. Алысқа бармай-ак, қарапайым нәрседен қозғасақ, улы тағам, спиртті ішімдіктердің өзінен қаншама адам өмірін улап, көктей солуда, Алматы қаласындағы байлардың таудың басына дейін зәулім үйлер тұрғызуы, оның үстіне қаптаған машинадан бөлініп жатқан улы заттар ауамызды қалайша ластауда? Міне, осындай жайларды ғылыми тілде аша отырып, соған сай толыққанды тұжырымдама жасауымыз керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі экологиялық  дағдарыстың негізгі ерекшелігі және бұрынғылардан басты айырмашылығы – оның бүкіл ғаламдық сипаты. Ол біздің бүтін ғаламшарымызға таралуда немесе таралу қаупін төндіріп тұр. Сондықтан  да жаңа аумақтарға қоныс аудару арқылы дағдарыстан шығудың дәстүрлі іс жүзінде жүзеге аспайды. Бұл дағдарыстан шығу жолдарын тек өндіріс тәсілдерін, табиғи ресурстарды пайдалану мөлшерін және тұтыну нормаларын өзгерту арқылы ғана жүзеге асыруға болады.

"Экологиялық білім  бағдарламасында" адамның болашағына экологиялық қауіптің тигізетін зияны мен зардабынан қорғану мәселесі, экологияны жеке пән ретінде мектептерге енгізу, өндірістен бөлінетін улы заттар, әлеуметтік экология, азық-түлік экологиясы, химия ғылымының әкеліп жатқан экологиялық зияны болашақ ұрпаққа қаншалықты қауіпті екені, Семейдегі ядролық жарылыс, Тайсойган, Каспий, Арал, Балқаш, Байқоңыр, міне, осылардағы болып жатқан экологиялық мәселелер, әлеуметтік жағдайына, денсаулығына өз әсерін тигізіп отыр. Төніп отырған үлкен қауіп-қатердің бірі, дүниеге келіп жатқан сәбилердің басым көпшілігі туа сала шетінеп кетеді, не кемтар болып келеді, аналары аурушаң, басқаны қойғанда жастардың жүйке дертіне ұшырауы көбейіп, өзіне-өзі қол салушылық жағдайы туындап жатыр. Сондықтан да бұл мәселелерді шешу тек  қана  бір ғана елдің еншісі  емес, бұл бүкіл әлемнің де міндеті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қолданылған әдебиеттер

  1. «Экология негіздері» М.Молдахметов, А.М.Ғазалиев, С.Д.Фазылов
  2. Воронцов Н.Н. Экологические кризисы в истории человечества. //Соросовский образовательный журнал. 1999 г. № 10, с. 2 – 10.
  3. Лисичкин Г.В. Экологический кризис и пути его преодоления. // Соросовский образовательный журнал. 1998 г. № 12, с. 65 – 70.
  4. Ережепова Ғ. Экология – ел тағдыры// Атамекен. – 2002. – 10 шілде.

 

 

 


Информация о работе Экологиялық проблемалардың жаһандануы