Экологиялык проблемалар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 17:30, реферат

Описание

Химия саласында ғылым мен техниканың қарыштап өскендігі соншалық, өткен ХХ ғасырды – химия ғасыры деп те атады. Химияның өнімдері біздің өміріміздің барлық саласында қолданылады., ұлы ғалым М.В. Ломоносовтың сөзімен айтсақ: «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз – химияның ғажайыптары… Химия адам ісіне құлашын кең жаяды…».

Работа состоит из  1 файл

Экологиялық проблемалар.doc

— 151.00 Кб (Скачать документ)

      Қазақстандағы басқа  да өзен-көлдердің экологиялық  жағдайы жақсы емес. Әсіресе Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Нұра, Тобыл, Көксу  өзендері өндіріс қалдықтары мен тұрмыстық лас сулар, ауыр металдар, химиялық зиянды заттармен ластануда. Ал Каспий теңізінің мұнай өнімдерінен ластанғаны сонша, судағы балықтар мен жағалаудағы құстардың, итбалықтардың жаппай қырылып қалу фактілері жиі кездеседі.

      Елімізде  су айдындары мәселелерімен қатар  топырақтың құнарсыздануы, шөлейттену, жайылымдардың, табиғат ландшафтылардың өзгеруі табиғи ортаға кері ықпалын тигізуде.

      Қазақстанның  экологиялық жағдайы табиғатты  тиімді пайдалану, көркейту және қорғау мен қайта қалпына келтіру  жұмыстарын жүйелі әрі ғылыми негізде, кешенді тұрғыда жүргізуді қажет етеді.

            Сорбұлақ апаты әкелетін зардаптар қандай болмақ?

Сорбұлақ жасанды  көлінің су сапасы өте қауіпті. Су құрамында көп мөлшерде уыттар (токсин), фенолдар, мұнай өнімдері, нитриттер, ауыр металдар, т.б. зиянды химиялық заттар жинақталған. Зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері (ШРМ) есепке алынбаған. Су құрамындағы химиялық қоспалар тіршілікке өте қауіпті диоксин тәрізді заттарды түзуі мүмкін. Ал диоксинді екінші дүниежүзілік соғыста улағыш қару ретінде қолданған. Әрине Сорбұлақ көлінде судың өздігінен тазалану процесі жүріп жатыр.Бірақ оның тұрақты тазалану механизміне үздіксіз ағып келіп қосылып жатқан лас сулар мүмкіндік бермей отыр.

      Тағы  бір қаіпті мәселе – көлдегі органикалық  заттардың есебінен жәндіктердің көбейе түсуі. Нәтижесінде Сорбұлақ жағалауында құстардың, суында балықтардың саны артып отыр. Көлден айналадағы малдар еркін су ішеді. Осының бәрі айналып келіп қоректік тізбектер арқылы өсімдіктер, жәндіктер, жануарлар, құстар, адамдар болып жалғасып, ақырында, адам организміне айықпас дерт әкелмесіне кім кепіл?

      Сорбұлақ  мәселесін шешуге бола ма? Бүгінгі өмір сүріп отырған ғасырымыз ғылым мен білімнің шарықтаған дәуірі. Адамның ақыл-ойы табиғат апараттарының бәрін шешуге дайын. Сорбұлақ мәселесі – ғалымдарды, қоғамдық ұйымдарды бейжай қалдырмауда. Кейбір жобалар ұсынылып та үлгерді. Соның бірі – Сорбұлақ көлінен канал арқылы суды Күрті суқоймасына жеткізу. Жол бойы суды тазартудың лазерлік агрогидромодуль жүйесін қолданып, суды залалсыздандыру құрылысын салу.

      Екінші  жоба – Сорбұлақ суын канал арқылы Кұрті суқоймасына әкеле отырып, оны қосымша тазартып, одан соң  Іле  өзеніне құю. Мұны жүзеге асыру  үшін суды қайта тазарту және жасанды  биотоғандар салу, суды хлорлау станцияларын іске қосу қажет.

      Үшінші бір топ ғалымдардың пікірі бойынша – қала суын қайта тазартудың жаңа технологиясын қолдана отырып, судың сапасын жақсартып, қайта пайдалану.

      Келесі  бір болашағы зор бағыт – Сорбұлақ суын құрылыс ағаштарын өсіруге  пайдалану. Бұл мәселе экологиялық  жағынан қауіпсіз әрі шаруашылық салалары үшін – арзан ағаш материалдарын дайындаудың көзі болмақ. Егер жоспарланған 400 мың га жерге терек отырғызылатын болса, онда оған жылына 30 млн метр куб су жұмсалып,  Сорбұлақ суының деңгейін тұрақтандыру жүзеге асары сөзсіз. Ал бұл мәселені көкөніс пен дәнді дақылдар егіп шешуге мүлдем болмайды.

      Қорыта  айтқанда, Сорбұлақ мәселесі барлық ірі  қалаларға тән жағдай. Оны шешу қоршаған ортаның тазалығы мен адам баласының салауатты өмір салты  үшін ауадай қажет. Ең бастысы - өндірісте тұрмыстық-коммуналдық суларды тазартудың бүгінгі күн талабына сай жаңа технологиясын енгізу жолы ғана бұл мәселені дер кезінде шешері сөзсіз.

                           Табиғаттағы адамның іс-әрекеттері

      Қазіргі заманда жер шарындағы халық  санының артуы заңды құбылыс. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы адамзат қауымының тез көбеюіне қолайлы жағдайлар туғызуда. Бірақ барлық мемлекеттерде халық санының өсуі біркелкі емес. Ол сол елдің әлеуметтік экономикасы мен экологиялық жағдайына тікелей байланысты болып отыр. Ең маңызды фактор – қоршаған ортаның сапасы. Бұл проблема дүние жүзі халықтарының тағдырына, тұрмыс-салтына, әлеуметтік және демографиялық жағдайларына өз ықпалын тигізуде. Әсіресе әлеуметтік-экологиялық проблемалардың құрылымы өте күрделеніп, барлық тіршілік орталарын қамти түсуде.

                        Әлемдік экологиялық проблемалар

   Уытты заттармен ластану     Радиоактивті  заттармен ластану
  

   Жылу  эффектісі

   Қышқыл  жуындары

   Топырақтың  тозуы

   Орманның  кесілуі

   Мұхиттардың ластануы

   Климаттың  өзгеруі

   Адам  экологиясы

   Биокөптүрліліктің  азаюы

 
    Озон қабатының жұқаруы

    Фотохимиялық  у түтін

    Қоқыс,  қалдықтар

    Шөлге  айналу

    Биосфера  құрылымының 

    өзгеруі

 

      Қоршаған  ортаға қауіпті заттарға: уытты заттар, ауыр металдар, нитриттер, пестицидтер, т.б. жатады. Бұл заттар Шығыс Қазақстан аймағында (Өскемен, Риддер, Зырян) шекті рауалы мөлшерден асып кетуде. Кең таралған химиялық заттардың ішінде канцерогендердің өте қауіптісі – бензапирен. Бұл заттармен ластаны, әсіресе Алматы, Атырау, Теміртау, Жезқазған, Тараз,Шымкент, Қаратау қалаларында байқалып отыр. Бұл заттар адам организміне ауаның құрамы, су және азық-түлік арқылы түседі.

      Мұндай  улы заттар көбіне тыныс мүшелерінің - өкпе мен қолқаның қызметін бұзады. Егер біз өкпе арқылы тәулігіне 2000 л ауа өткізсек, онда ауаның құрамындағы зиянды газдарды қоса қабылдайтынымыз белгілі. Сондықтан болар Арал, Атырау, Орталық  Қазақстан, Оңтүстік  Қазақстан, Шығыс Қазақстан аймақтарында тұрғындардың өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, өкпе ісіктері, ентікпе ауруларына шалдыққандары басым.

      Қоршаған  орта өндірістік шығарындылар мен автокөлік  у түтіндерінен ластанғанда, ауыл шаруашылығы  өнімдерінің сапасы төмендеп, сол  арқылы адамдардың денсаулығы зиян шегеді. Әсіресе минералды тыңайтқыштар мен зиянкестерге қарсы қолданылатын пестицидтер жеміс-жидек арқылы адам организміне нитрат түрінде түседі. Мерзімінен ерте піскен көкөністерде (қарбыз, қауын, картоп, пияз, сәбіз, орамжапырақ, т.б.)  нитраттар көп болады. Мысалы, мамыр айларында піскен көкөністерде кейде зиянды заттардың шекті рауалы мөлшері 2-3 есеге артып кетеді. Сондықтан ерте піскен көкөністерді пайдаланғанда сақ болған жөн. Нитраттардың мөлшері базарларда санэпидемиялық зертханаларда тексеріледі. Экологиялық таза өнімдерге мемлекеттік сапа сертификаты беріледі.

      Соңғы жылдары азық-түлік құрамында  химиялық бояғыш заттардың мөлшері  көбейіп, адамдардың уланып қалуы жиі  байқалуда. Сондықтан бояғыш заттардың  мөлшері мен құрамына қатаң бақылау  жасалып отыруы керек.

      Адамдардың  ауыр металдардан зардап шегуі дүниежүзілік проблема деңгейінде қалып отыр. Сынап, кадмий, қорғасын, мырыш, т.б. металдар азық-түлік арқылы адам организміне  түсіп, түрлі аурулар туғызады. Мысалы, организмде кадмий мөлшері көбейген жағдайда Жапонияда кең таралған итай-итай ауруы пайда болған. Оның негізгі белгілері – бүйрек қызметінің бұзылып, сүйектің майысуы. Бұл аурумен бір жылдары Жапонияда 3000 адам ауырғаны тіркелген.

      Жапонияның  Минамата өзені бойындағы тұрғындардың 1956 жылы сынаппен уланғаны белгілі. Соның салдарынан пайда болған ауру түрі жергілікті жердің атымен минамата деп аталған. Аурудың белгілері – есту, көру және сөйлеу мүшелері қызметінің бұзылып, адамдардың халының нашарлап, тіпті өлімге душар болуы. Оның пайда болу себебі - өндіріс шығарындысы арқылы сынаптың өзенге көп мөлшерде түсуінен екендігі анықталған.

      Этилендірілген  бензинді пайдалану кезінде адам организміне түсетін қорғасын да өте қауіпті.

      Қазақстан жағдайында ластағыш заттармен қатар  радиациялық ластану жиі байқалады. Радиациялық ластану, әсіресе уран шикізатын өндіретін орындарға болады. Мысалы, Оңтүстік  Қазақстан облысындағы Қызылқұм және Созақ аудандарында су құрамында торий шекті рауалы мөлшерден 2-400 есе, радий 30 есе артық екендігі тіркелген. Батыс Қазақстан, Алматы, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында уран кенін өндіргенде бөлінетін радиоактивті қалдықтардың көп жинақтадуынан радионуклидтердің мөлшері көбейген.

      Аталған фактілердің барлығы Қазақстандағы  экологиялық жағдайдың қалыпты емес екендігін көрсетеді. Оның залалы тұрғындардың денсаулығының нашарлануынан көрінеді. Өнеркәсіп орындарының шоғырлануы, зиянды заттардың шектен тыс кобеюі, атмосфераның ластануы, т.б. экологиялық жағдайларды нашарлатады. 

Экологиялық жағдайы нашар  аумақтардағы халық

денсаулығы  туралы деректер

Аймақтар Ауру түрлері
1. Арал  өңірі (Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан  облыстары) Жұқпалы аурулар, жүрек, қан қысымы, жүйке аурулары, тері аурулары
2. Семей  ядролық полигоны аймағы (Шығыс  Қазақсатн, Павлодар, Қарағанды облыстары)  
Қатерлі ісік, қаназдық, сәулелік ауру,жүйке, сезім  мүшелері, өкпе-тыныс жолдары аурулары
3. Солтүстік  Қазақстан Жұқпалы аурулар, жүйке аурулары, қан қысымы, өкпе-тыныс  жолдары аурулары
4. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстары) Жұқпалы аурулар, жүйке, сүйек, бұлшық ет аурулары, түсік тастау, туа біткен кемістік
5. Атырау, Маңғыстау облыстары Жұқпалы аурулар, өкпе-тыныс жолдары аурулары, тері жаралары, кемтар балалардың туылуы

Арал теңізінің  экологиялық жағдайы мен Каспий теңізі деңгейінің көтерілуі осы аймақтарда қатерлі ісік, жұқпалы аурулар, жүйке және тері ауруларын, т.б. ауруларды өршіте түсуде. Ал полигондар болған жердегі халық қаназдық, сәулелік аурулардан және қатерлі ісіктен зардап шегіп отыр.

      Республикамызда адам денсаулығын жақсарту мақсатымен қоршаған ортаның сапасына көңіл бөлініп, көптеген шаралар жүргізілуде. Ең алдымен, ауаның, судық және азық-түліктің сапасына бақылау жасауды күшейту іс-шараларынан мемлекеттік мониторинг жүйесі жұмыс істеуде. Оның мақсаты – адамға қатысты барлық заттардың құрамын, сапасын анықтап, баға беріп бақылау жүргізу.

Табиғи  ортаның сапасы және ластануы

      Қазіргі кезеңдегі шиеленісіп отырған экологиялық  мәселелерге байланысты табиғи ортаның  сапасын жақсарту өзекті мәселе болып  отыр. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану оның қорларын азайтумен қатар, сапалық күйін де нашарлата түсті. Жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттары болуда. Оған топырақтың құнарсыздануына байланысты ауыл шаруашылығы өнімдерінің төмендеуін, шөлге айналған экожүйелерді, өзен мен көлдердің тартылуын, климаттағы өзгерістерді, қуаңшылықты, фауна мен флораның азаюын, т.б. көптеген табиғат факторларын мысал ретінде келтіруге болады.

      Өнеркәсіптің  қарқынды дамуы мен адамның іс-әрекетінің нәтижесінде қоршаған табиғи ортаның тепе-теңдігі бұзылуда. Табиғатқа қатты, сұйық, синтетикалық, газ күйінде заттар шығарылып, су, ауа, топырақ сапасын төмендетті. Зиянды заттардың адам тіршілігіне қажетті азық-түлік, су, т.б. құрамында мөлшерден тыс көп болуының салдарынан адам мен табиғат зардап шегуде. Осыған байланысты барлық елдерде азық-түлік, су, ауа, топырақ сапасына бақылау жасалып, ондағы зиянды заттардың мөлшеріне шек қойылған. Мысалы, азық-түліктің құрамындағы қорғасын 0,001 мг/л-ден аспауы тиіс. Осы мөлшерден асқан жағдайда азық-түлік жарамсыз немесе денсаулыққа қауіпті деп есептеледі. Сондықтан жұмыс істейтін орындардың ауасы, азық-түліктің құрамы, су, көкөністер мен ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасы мүмкіндігінше үнемі тексеріліп тұруы тиіс.

      Қоршаған  орта сапасы, негізінен, адам дансаулығымен  бағаланады.

      Табиғи  ортаны ластаушы заттар, негізінен, 3 топқа  жіктеледі. Айталық, адам организміне  түскен улы заттардың аз мөлшерінің өзі адамның басын айналдырып, құстырып, есінен тандырады. Ал организмге осындай зиянды заттардың шектен тыс мөлшері түссе, тіршілігін жоюы әбден мүмкін.

      Қоршаған  ортаны ластайтын химиялық заттар тіршілікке өте қауіпті келеді. Қазіргі кезде  ауаны ғана ластайтын улы заттардың 150-ден астам түрі белгілі.

      Өнеркәсіп, зауыт, жылу қазандықтары, автокөліктер, ұшақтар жұмыс істегенде химиялық зиянды заттар бөлініп отырады. Олар – қатты, сұйық, газ күйінде болуы мүмкін. Сондықтан өзен, көл суын қайнатпай ішуге, жеміс-жидекті жумай жеуге болмайды. Әсіресе ірі қалаларда, өнеркәсібі дамыған жерлерде, зауыт, фаврикалар маңында зиянды заттардың мөлшері шамадан тыс көп болады. Сондықтан химиялық заттармен улану бұл жерлерде жиі байқалады.Өйткені улы заттар адам организміне түсіп, бүкіл денеге тарайды да, адам тез шаршап, жұмыс қабілеті нашарлайды, тәбеті төмендеп, ұйқы басып тұрады. Одан әрі организм уланып, ішкі мүшелердің қабынуына, жүйкенің жұқаруына немесе ентікпе, аллергия, қатерлі ісік ауруларына шалдығады.

Информация о работе Экологиялык проблемалар