Автор работы: Пользователь скрыл имя, 11 Ноября 2011 в 17:30, реферат
Химия саласында ғылым мен техниканың қарыштап өскендігі соншалық, өткен ХХ ғасырды – химия ғасыры деп те атады. Химияның өнімдері біздің өміріміздің барлық саласында қолданылады., ұлы ғалым М.В. Ломоносовтың сөзімен айтсақ: «Қайда қарасақ та, қайда көз жіберсек те көретініміз – химияның ғажайыптары… Химия адам ісіне құлашын кең жаяды…».
Улы заттардың қатарына темекі мен есірткі заттары да жатады. Темекіні жиі тарту (әсіресе балалар) өкпе мен қолқаның созылмалы ауруына, өкпе жолдарының қатерлі ісік ауруларына апарып соғады. Есірткі заттары да қолқа мен өкпенің қатерлі ісік ауруларын туғызады.Қоршаған ортаның химиялық ластануы дүниежүзілік экологиялық мәселелерге жатады.
Табиғи ортаның радиациялық ластануы да қазіргі кездегі өзекті мәселелердің бірі. Оның химиялық ластанудан өзіндік ерекшелігі бар. Атомдар қаруларын сынаған кезде кейбір химиялық элементтерден зиянды сәулелер бөлінуі радиациялық ластануға апарып соғады. Ол сәулелер көзге көрінбейді, бірақ тірі организм клеткаларына өтіп, оны зақымдайды, қанның құрамын бұзып, тоқтаусыз дамиды. Мұндай қауіпті сәулелер көбінесе ядролық сынақтар жасаған полигондарда, ғарышқа ұшатын және ірі кешенді өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда болады. Қарапайым мысал ретінде кәдімгі рентген аппаратын келтірейік. Адам рентгенге түскенде радиациялық сәуленің шекті мөлшерін ғана алады. Оның зияны болмайды.
Ірі өнеркәсіп, атом реакторларының қалдықтары, ғарыш кемелерінің сынықтары – барлығы зиянды сәулелер шығарады.
Сәулелік ауру, аққан ауруы, қатерлі ісік аурулары радиоактивті заттардың әсерінен болады. Сәулелік аурумен, әсіресе қарттар және жас сәбилер жиі ауырады. Оның негізгі белгілері: әлсіздік, бас айналу, көздің бұлдырауы, жүректің айнуы, құсу, іш өту, терінің бозаруы, қан қысымының ауытқуы. Мұндай жағдайда адамдар тез арада дәрігерге көрінгені жөн.
Жер шары бойынша адам бірнеше тарихи радиациялық апаттардың куәсі болып, зардап шекті. Мысалы, 1945 жылы АҚШ-тың Жапониядағы Хиросима, Нагасаки қалаларына атом бомбасын тастауының салдарынан күні бүгінге дейін мыңдаған адамдар сәулелік аурудың зардабын шегуде. Одан кейінгі жылдары атом қаруларын суда, жер астында және атмосферада сынау басталды. Сол сияқты ірі елдерде атом электр станциялары, мұз жарғыш кемелер, ядролық қондырғылары бар сүңгуір қайықтар кең түрде пайдаланыла бастады. Әрине, атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану өте тиімді әрі арзанға түседі. Атом электр станциялары мен кемелерде сәтсіздіктің болуы қоршаған ортаға өте қауіпті. Оған Чернобыль АЭС-індегі апатты мысалға келтіруге болады. Апат кезінде атмосфераға радиоактивті заттар 3000 шақырым көлемінде тарады.
Біздің республикамызда 40жылдан астам уақыт бойы Семей өңірінде, сол сияқты Тайсойнған, Азғыр, Нарын жерінде 500-ден астам ядролық сынақ жасалғаны белгілі. Оның әрбіреуінің қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан кем болмады.
Табиғи ортаның биологиялық ластануы да ерекше орын алады. Биологиялық ластаушыларға ауру туғызатын микроорганизмдер, вирустар, құрттар, қарапайымдылар жатады. Олар ауа, су, топырақта, тірі организмдердің ішінде адамда кездеседі. Тек адам организмінде 500-дей паразиттер тіршілік етеді. Паразиттер, мысалы, бүрге, маса, сүлік, кенелер адам денесін уақытша мекендеп, безгек, тырысқақ, қотыр, сүзек, оба ауруларын таратады. Бұл аурулардың көбісі жұқпалы әрі тез таралады. Ауру адамнан сау адамға ауру түрлері бірнеше жолмен түшкіргенде, жөтелгенде ауа арқылы жұғады. Кейбір ауру түрлері азық –түлікпен таралады. Оларға дизентерия, тырысқақ, сальмонеллез, полиомиелит, т.б. аурулар жатады.
Аурудың енді бір тобы қан арқылы тарайды. Мысалы, бүрге, маса, сона, қандала, бит, кене, т.б. жәндіктер шаққан кезде вирустар қанға түседі. Бұл аурулар тобына безгек, бөртпе, сүзек, оба, туляремия, мидың қабынуы (энцефалит), т.б. жатады.
Соңғы жылдары жұқпалы аурулардың бір тобы жыныс жолдары арқылы кең таралуда. Бұлар: мерез, соз, ЖИЖС (СПИД), т.б. Солардың ішінде ЖИЖС - өте қауіпті ауру.
В.И.Вернадский
биосфера туралы ілімін тұжырымдай келіп,
ондағы тіршіліктің тұрақты дамуындағы
адамның рөлін жоғары бағалайды.
Ол: «Биосфераның болашағы адамның
парасатты ақал-ойына
Сонымен қатар В.И.Вернадский соңғы жалдардағы ғылыми – техникалық прогрестің дамуына баға бере келіп, адамның биосфераны қарқынды меңгеруінен сақтандырды. Ол: «Егер адамзат табиғатты осылайша пайдалана берсе, бүкіл биосфера тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін», деген болатын.
Шын мәнінде, адам ғылымды, алып техниканы, атомды игеріп, ғарышты зерттей бастағалы биосфераға бұрын-соңды болмаған салмақ салды. Жер шарында халық санының артуына байланысты азық-түлік, энергетика, шикізат мәселесі туды. Табиғат ресурстарын игеру 10-100 есе артты. Жер шарында жыл сайын 100 млрд т қазба байлықтары өндіріліп, 500 млн тоннадан астам химиялық заттар егістіктерге төгілді, 20 млрд т зиянды заттар мен 10 млрд т синтетикалық немесе қорытпа заттар, улы газдар қоршаған ортаға шығарылды.
Қазіргі кезде биосфера және газ құрамының өзгеруі байқалып отыр. Атмосферада көмірқышқыл газы көбейіп, керісінше, оттек азайып кетті. Сол сияқты ауадағы азот 110 пайызға, азот диоксиді 7 пайызға, ал күкірт 75 пайызға көбейген.
Жер шарының гидросфера бөлігінде де шешілмеген мәселелер көп. Судың мұнай өнімдері, өндіріс қалдықтары, ауыр металдар, улы химиялық заттармен ластануы етек алуда. Көптеген елдерде таза су сапасының төмендеуі, ауыз су тапшылығы байқалуда.
Топырақ экожүйесі де күрделі өзгерістерге ұшырады. Топырақтың құнарсыздануы, шөлейттенуі, ластануы, батпақтануы, сорлануы мен топырақ эрозиясы жер шарының оңтүстік аймақтарында жиі байқалуда.
Биосфера
шегіндегі тепе-теңдіктің
Қазақстанда
экожүйелердің бұзылуы, сапасының
төмендеуі, жер ресурстарының тозуы,
деградацияға ұшырауы, ластану сияқты
мәселелер ешбір сын
Қазақстанда су айдындарының ластануы, ауыз су тапшылығы, жалпы су проблемасы өз шешімін таппай отыр. Әлемдік назарға ілінген Арал, Балқаш, Каспий проблемаларының қатарына Сырдария, Іле, Шу, Ертіс, Нұра, Есіл сияқты өзендер қосылып, экологиялық жағдайды одан әрі шиеленістіре түсуде.
Аталған экологиялық мәселелер экожүйе тұрақтылығын сақтауды, табиғат ресурстарын қорғауды бүкіл адамзат алдына жүктеп отыр. Сондықтан Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) жанындағы ЮНЕСКО (Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы) барлық елдердің табиғатты тиімді пайдалануы және қорғауы мақсатында бағдарламалар қабылдап, оны қадағалап отырады. Біздің республикамыз да БҰҰ-ның мүшесі ретінде бүкіл дүниежүзілік табиғат қорғау ісіне белсене араласып келеді.
Табиғат қорлары – адам баласының материалдық игілігін қамтамасыз ететін ең қажетті құрамбөліктер. Оларға ауа, су, топырақ, орман, қазба байлықтары, өсімдіктер әлемі, жануарлар дүниесі, т.б. жатады.
Табиғат қорларын: сарқылмайтын және сарқылатындар екі топқа бөлінеді. Сарқылатын қорлар қайта қалпына келмейтіндер және қалпына келетіндер деп бөлінеді.
Сарқылмайтын қорларға Күн энергиясы, атмосфера ауасы, теңіздер мен мұхиттардың сулары, жер, т.б. жатады. Бұлардың кейбіреулері адамның теріс іс-әрекетінен бүлініп немесе ластанып, сарқылатын қорларға айналып кетуі мүмкін. Мысалы, су қорлары.
Сарқылатын
қорларға таза ауа, таза су, құнарлы
топырақ, өсімдіктер әлемі мен жануарлар
дүниесі, қазба байлықтар, т.б. жатады.
Табиғат қорларының негізгі типтері былайша
топтауға болады.
Табиғат қорларының кейбіреулеріне сипаттама берейік. Мысалы, ауыз су сарқылмайтын қорға жатады. Себебі, судың негізгі қорын Дүниежүзілік мұхиттар мен теңіздер құрайды. Судың үлкен айналымы заңдылығы бойынша құрлықтағы өзендер мен көлдер үнемі қоректеніп отырады. Арал теңізінің тартылуы немесе басқа да кішігірім өзендер мен көлдердің жер бетінен біржола құрып кетуі мүмкін. Бірақ бұл сол аймаққа ғана тән құбылыс және адамның іс-әрекетінен де болады.
Өзен
мен көлдердің қуаңшылық
Еліміздің топырақ қорлары да жылдан – жылға сапасы төмендеп немесе құнарсызданып барады. Соңғы мәліметтер бойынша республика жерінің 60 пайызы жарамсыз жерлерге немесе шөлге айналып кеткен. Солтүстік облыстарда тың игеру науқанына байланысты топырақ қарашірігінің 25-30 пайызын жоғалтқан.
Батыс Қазақстан аймағының мұнай-газ кешендерінің қарқындап дамуы есебінен жер қорлары ластаны, бүлініп жатыр. Бұл аймақта топырақтың мұнаймен ластануы, топырақтың техногендік бүлінуі 2,5 млн га жерді қамтып отыр.
Сол сияқты табиғи жайылым қоры да бұл аймақта нашарлап барады. Тек қана Азғыр ме Тайсойған сынақ полигондары шамамен 1,4 млн га жерді бүлдіріп жарамсыз етті. Оның үстіне, соңғы жылдары Каспий теңізінің көтерілуі оған шектеліп жатқан мыңдаған гектар жердегі мұнай ұңғымалары мен мұнай қорларын су астында қалдырып, топырақты ластап жатыр.
Орталық,
Солтүстік, Оңтүстік, Шығыс аймақтардағы
жер қорлары да осындай күй
кешуде. Мысалы, Іле-Балқаш, Сырдария, Талас,
Шу, өзендерінің алабы бойындағы
жайылымдар мен құнарлы жер қорлары
ауыл шаруашылығына барынша
Соңғы жылдары республикамыздың ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлері 2-3 есе азайып кетті. Соның есебінен жер қорларының қайта қалпына келуі табиғи процесі жүріп жатыр. Бұл табиғаттың «өз жарысын өзі емдеу» заңдылығы болып табылады. Осы кезеңде жерге адам қамқорлығы өте қажет. Жер Ананың қадірін түсінетін уақыт жеткен сияқты.
Қазақстанның қазба байлықтары өте мол болғанымен, ысырапшылыққа көп жол берілгенін бүгінгі ұрпақ біледі. Себебі көп жылдар бойы қазба байлықтарды игеру жоспардан тыс есепсіз жүргізілді. Қазба байлықтар есепсіз шетелдерге шығарылды, оны өңдеу технологиясы да талапқа сай болмады.Соның есебінен қазба байлықтар, минералдар қазір сарқылуға жақын. Соңғы жылдары өндіріске жаңа технологияны енгізу жұмыстары қазба байлықтар қорын тиімді пайдалану мен үнемдеуге жол ашты.
Қазақстанда орман қоры 21,8 млн га жерді алып жатыр. Бұл - өте аз көрсеткіш. Яғни барлық жердің 3,35 пайызын ғана құрайды. Біздің орман қорымыз, негізінен, сексеуіл, қылқан жапырақты және аралас орман ағаштарынан тұрады. Ал тоғайлар өзен бойларында ғана кездеседі.
Орман қоры жыл сайын азая түсуде. Оның бірден-бір себебі – қаскерлік жолмен орман ағаштарын есепсіз кесу, содан соң орманды өрт шалуы және зиянды заттармен барынша ластануы.
Орманның адам үшін пайдалы жақтары өте көп. Орман – аң мен құстың мекені, жеміс-жидек пен дәрігерлік өсімдіктердің қоры. Адам үшін – тіршілік тынысы.
Орман бүкіл жер шарының «өкпесі» деп аталады. Сондықтан орман қорын сақтау баршаның міндеті болып саналады.
Қазақстанда орман шаруашылығын жақсарту бағытын көптеген игі істер жүргізіліп жатыр. Мысалы, орман алқаптарын көбейту, ағаш, егу, қорықтар ұйымдастыру, т.б. Біздің жерімізде өсімдіктердің, шамамен 5700 түрі өссе, оның 50 пайыз түрі адамның қамқорлығын қажет етеді. Осының бәрі – еліміздің өсімдік қоры. Өсімдік қайта қалпына келетін қорға жатқанымен, он есепсіз пайдаланса, біржола құрып кетуі әбден мүмкін.
Елімізде жануарлар қоры да көп. Қазақ жері түз тағыларына өте бай. Мысалы, бізде сүтқоректілердің 155, құстардың 481, бауырымен жорғалаушылардың 48, қосмекенділердің 33, балықтардың 140 түрі тіршілік етеді. Бұлар біздің ен байлығымыз.