Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық қоспалардан уланған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 19:17, доклад

Описание

Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық заттардан уланған. Өткен айда теңіз жағасында қырылап қалған итбалықтардың өлексесін зерттеген Ұлттық ветеринария орталығының мамандары осындай шешімге келді. Жалпы бұл су жануарларының көптеп қырылуы, жыл сайын тіркеледі. Дегенмен бұған дейін олардың өліміне табиғи фактор немесе қандай да бір індет себеп болды деген тұжырымдар ғана айтылып келген еді.

Работа состоит из  1 файл

Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық қоспалардан уланған.docx

— 287.05 Кб (Скачать документ)

Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық қоспалардан  уланған

in

  • в Казахстане и Мире

Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық заттардан  уланған. Өткен айда теңіз жағасында  қырылап қалған итбалықтардың өлексесін  зерттеген Ұлттық ветеринария орталығының  мамандары осындай шешімге келді. Жалпы бұл су жануарларының көптеп қырылуы, жыл сайын тіркеледі. Дегенмен бұған дейін олардың өліміне  табиғи фактор немесе қандай да бір  індет себеп болды деген тұжырымдар ғана айтылып келген еді.

Естеріңізге салсақ, өткен  айдың соңында Баутино мүйісінде 35 өлі итбалық табылған болатын. Өлекселерді тексере келе, ветеринарлар олардың ағзаларынан көміртегі, фосфор және хлор сияқты бірнеше химиялық элементтердің көп мөлшерде екенін анықтаған. Құзырлы органдар осыған орай Каспий жағасында орналасқан бірнеше  мұнай-газ компанияларын жіті тексеруді  бастамақ. Алдағы уақытта қылмыстық  іс те қозғалуы мүмкін. Жалпы Каспийде итбалықтардың саны жылдан-жылға  азайып келеді. Осыдан ондаған жыл  бұрын олардың саны миллионнан асқан  болса, қазір тек жүз мыңға  жетер-жетпес.

Ссылка-источник: 

http://ktk.kz

АСА ҚАУІПТІ ТАБИҒИ БОМБА

Белгілі эколог-ғалым Муфтах Диаров:

– Қашаған кен орнын игеру жобасы бойынша мұнда жылына 63 миллион тонна мұнай өндірілуі тиіс. Ал экологиялық жағдайды ескерер болсақ, өндірілетін шикізат мөлшері 21 миллион тоннадан аспауы керек. Өйткені, Қашаған жер қыртысының тектоникалық белсенді аймағында орналасқан. Рихтер шкаласы бойынша 6 баллға жететін зілзала болуы әбден мүмкін. Қол тигізу – аса қауіпті табиғи бомба жарылысына әкеледі, – деген еді. Тек пайда табуды көздеген сыңаржақты әрекеттен 1985 жылғы теңізде болған  апатты жағдайды ұмыта қойған жоқпыз. 2000 жылдары Каспийдің қазақстандық бөлігіндегі шығыс жағалауында да шикізат атқылап, Қаламқас, Қаражамбас кен орындары су астында қалды. Мұнайлы өңірдегі экологиялық ахуалдың күрт нашарлауы қарт Каспийде ежелден тіршілік еткен жануарлар дүниесі мен өсімдіктеріне де зауал болып тиюде. Мезгіл-мезгіл теңіз қайраңы бауыры жарқырап өліп жатқан ірілі-ұсақты балықтардан көрінбейді.

Итбалықтардың жаппай қырылуын қалай түсінеміз? Соңғы он жыл бойы Маңғыстау түбегі жағалауынан топ-топ Каспий итбалығы күшіктерінің өлігі ұшырасады. 2007 жылдың сәуірінде жағалаудан 940 итбалық денесі табылғаны естеріңде болар. Жақында Түпқараған балық инспекциясы 35 өлі итбалықтың денесін тауып алды. Ескекаяқты сүтқоректілер отрядына жататын итбалықтардың бір түрі – Каспий итбалығы тек осы теңізде ғана ертеден тіршілік етеді. Кәсіптік маңызы бар теңіз жануарының өліміне не себепші? Еті, терісі, майы үшін де ауланатын, жергілікті жерде арнайы өсірілетін Каспий итбалығына қандай зауал туды? Көңілді мазалайтын сауал көп. Тұрғылықты халық емдік қасиеті үшін де кеңінен пайдаланатын итбалықтардың жаппай уланғаны анықталды. Мұнай шикізатының есепсіз төгілуінен теңіз суы құрамы қатты өзгеріске ұшыраған. Ластанған.

Каспий теңізі бес бірдей мемлекеттің шекарасын қамтиды. Бес ел де «қара алтынды» қарпып қалуға мүдделі. Сақтау, қорландыру, қорғау қағаз жүзінде ғана қалған. Өз қазынасымен өзіне қатер төндіріп отырғанын кәрі Каспий білер ме?! Әрине, жоқ. Теңізге тек саналы адамзаттың кең жүрегі, парасатты қатынасы ғана қамқоршы бола алады.

Қашаған кен орны орналасқан Солтүстік Каспий аймағы Еділ мен Жайықтың қосылған тұсында. Мұнда өсімдіктер мен жануарлардың әр алуан түрі тіршілік етеді. Осы өңірге отыз жасанды аралды өзара байланыстыратын суасты құбырлары жүргізілген. Алда-жалда құбырлардың бірі болмаса бірі істен шығар болса, қара алтын деп бағалаған мұнай теңізге төгіледі. Ондай жағдайда итбалықтар ғана емес, су айдынындағы баға жетпес басқа ел байлығы да құрдымға кетері даусыз. Бұл мәселені эколог Мэлс Елеусізұлы да мінберден талай айтып жүр. Құр тілеу тілеп отырудың уақыты әлдеқашан өткен. Нақты әрекетіміз керек. Құрамына бес мемлекет құтқарушылары кіретін бірыңғай халықаралық одақ құрып, тез арада қауіпсіздік шаралары жүзеге асқаны жөн. Заң бойынша, қауіпсіздік шараларын жасауға сол жерді пайдаланушылардың өздері жауапты көрінеді. Тиесілі аймақ қожайындары да «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», экологиялық оң өзгеріс жасауға асықпай отырғаны бүкіл қазақстандықтарды қынжылтады.

Бетті дайындаған Алма Үмбеттегі

Әзербайжандық экологтардың пайымдауынша, итбалықтар Каспийдің қазақстандық секторының ластануынан қырылуда

Жаңалықтар / Экология

18:15 07.05.2007  
 
текст: "Kazakhstan Today"  
Қаралғаны: [462]

Экология

Қазақстан мен ЮНЕСКО құрған тұңғыш Гляциология орталығы жылдың соңында іске қосылады

Су мен желге қарағанда "Фукусима-1"-ден шыққан радиацияны АҚШ жағалауына ертерек балық жеткізді - зерттеу

Уран өндіруші "КАТКО" қоршаған ортаны ластағандығы үшін небары 1 млн теңге айыппұл ғана төлеуі ықтимал

Әзірбайжан Каспий теңізіндегі бекіре балықтардың санын өсіру бойынша жұмысын жалғастырады

Экономикалық саясатты жүзеге асыруда экологиялық балансты сақтау қажет

БАКУ - АҚТАУ . 7 - мамыр. Kazakhstan Today. Әзербайжандық экологтардың пайымдауынша, итбалықтардың қырылуы Каспий теңізінің қазақстандық аумағының ластануынан болып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Әзербайжанның экология және табиғат ресурстары министрі Гусейн Багировтың журналистерге хабарлауынша, оның басқаруыныдағы мекеме Каспийдің әзербайжандық секторына үнемі мониторинг жүргізіп тұрады және де осы күнге дейін бір де бір итбалықтардың қырылу дерегі анықталмаған. "Сондықтан да, олардың қырылуы Каспийдің қазақстандық секторының ластануына байланысты, деп ойлаймыз, бірақ індеттің де болуын жоққа шығармаймыз. Егер біздің жағалауда да өлі итбалықтар табылған жағдайда індеттің болуы туралы нақты айтуға болады",- деді Г. Багиров.

Қазақстан Республикасының  қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақов бір ай бұрын, егер Каспийдегі итбалықтардың қырылуына мұнай өндіруші компаниялар кінәлі болса, олар тиісті жазаларын алады, деп уәде берген болатын. "Мұндай жағдайда шығынның орнын толтыратын айыппұлы салынады және бұрғылау жұмыстары тоқтатылады",- деп мәлім еткен Н. Ысқақов.

Сол кезде министр кімнің кінәлі екендігін айту әлі ерте деген болатын. "Меніңше (итбалықтардың жаппай қырылуының себебін және де бұған кімнің кінәлі екендігін анықтау үшін) тағы екі аптадай уақыт қажет",- деген ол.

Қазақстанның табиғатты  қорғау мекемесі басшысының айтуынша, Қазақстанның аймақтық суында "бірнеше қауіптер бар - олар өздігінен мұнай ағып жатқан ұңғымалар, жер қыртысының тектоникалық опырылуынан жер бетіне газдың шығуы және де барлау бұрғылаулар".

Қазақстанның зерттеушілері осы уақытқа дейін итбалықтардың қырылуының нақты себебін айтпай отыр. Өткен жұмада Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Қажымұрат Хайрушев әзірге үш институттың ресми қорытындысы бар екендігін хабарлаған болатын. Білім және ғылым министрлігінің биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының жүргізген зерттеулері жануарлардың өлігінен етқоректілердің оба қоздырғышын тапқан. Ауылшаруашылық министрлігінің референция, мониторинг, мал дәргерлік әдістемесі мен зертхана диагностикасы ғылыми орталығының жүргізген зерттеулерінің нәтижесінде өлген жануарлардан пастереллез анықтаған.

Қ. Хайрушев итбалықтардың қырылуына теңізде жүргізіліп жатқан мұнай операцияларының себеп болуы туралы болжамды жоққа шығарды. Сонымен қатар, оның пайымдауынша, кез-келген ауру, соның ішінде пастереллез бен оба өздігінен туындамайды. "Мұнымен тиісті институттар айналысады. Себебі кез-келген ауру өзінен - өзі пайда болмайды. Тиісті факторлар болуы керек",- деп қосты ол зерттеудің аяқталмағандығын еске сала отырып.

Үстіміздегі жылы өлі итбалықтар наурыздан бастап Қаламқас және Қаражанбас кеніштерінің арасынан, "Қаламқас" су бөгенінің аумағынан табылуда. Бүгінгі күнге дейінгі өлі итбалықтардың саны 885 жеткен, олардың көбісі - төлдері.

Каспий итбалықтары  мұздың үстінде төлдеп, онда күшіктерін қоректендіреді.

Каспийдегі итбалықтардың жаппай індетке ұшырауы күннен күнге жиілей түсуде. Өткен жүз жылдықтың екінші жартысында мұндай сегіз жағдай ресми түрде тіркелсе, осы ғасырдың бірінші онжылдығында небәрі үш оқиға тіркелген. Тек 2000 жылы Каспийде 30 мыңға жуық итбалығы қырылған, тек Қазақстан жағалауында 10 мыңнан астам өлі итбалық табылған. Осы жануарлардың өлі денелерін жел Каспийдің солтүстігінен оңтүсті акваториясына ағызып әкелген. Ол кезде итбалықтардың қырылу себебін хроникалық токсикоз деп атаған болатын: жануарлардың өлі денелерінен шикі мұнайдың ыдырау өнімдерін, отын мен флот мазутын, сондай-ақ, пестицидтерді тапқан, бұл итбалықтардың иммунитетінің кенет төмендеуіне және де олардың жұқпалы ауруға шалдығуына әкеп соқтырған. Соңғы жаппай індетке ұшырауы кезінде, 2006 жылдың көктемінде, 337 итбалық, сонымен қатар 2 мыңнан астам бекіре тұқымдас балықтар қырылған болатын. Сонымен қатар, 2001 жылы Маңғыстау облысы мен Түркіменстан жағалауының арасындағы акваторияда 250 мың тонна майшабақ қырылған болатын - бұл Каспий жағалауындағы барлық мемлекеттерге берілетін майшабақ аулаудың жылдық квотасы және де Каспий теңізіндегі барлық майшабақ қорының 40 пайызы. Өлген майшабақтардан ауыр металлдар мен мұнай өнімдері табылған.

ХХ ғасырдың басында каспий итбалықтарының популяциясы 1 млн-ға жуық болатын. 1989 жылы жүргізілген аэрофототсъемка жануарлардың саны 400 мыңға дейін қысқарғандығын көрсеткен. 2005 - 2006 жылдары жүргізілген соңғы аэрофототсъемка Каспий теңізінде небәрі 111 мыңға жуық қана итбалықтадың бар екендігін көрсеткен.

Мамандардың пікірінше, егер жуық арада Каспийді құтқаруға қатысты түбегейлі шаралар қабылданбаса, онда алдағы уақытта бұл экологиялық жүйе жойылып кетуі мүмкін. "Каспий қайраңында жіті өңдеу жұмыстарын жүргізу теңіздегі барлық жануарлардың қырылуына әкеп соқтырады. Каспийдегі итбалықтар мен бекіре тұқымдастырдың жуықтағы қырылуы осыны растап отыр",- деп мәлім еткен болатын бір жыл бұрын қазақстандық тәуелсіз эколог.

Каспийдің итбалығына індет неден келді?

17 Мамыр 2011, 14:10 9930 
Басып шығару

Жылда – осылай. Көктем шыға Каспий теңізінің жағалауы итбалықтардың өлекселеріне толып кетеді. Биыл да бұл жағдай қайталанбай қалған жоқ. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының тұрғындары теңіз жағасынан өлі итбалықтардың қаңқасын тауып алғандықтарын айтып, дабыл қақты. Әдеттегідей облыстық әкімдік жедел комиссия құрды, оның құрамына прокуратура, ішкі істер, төтенше жағдайлар органдарының, Жайық-Каспий экология департаментінің, балық инспекциясының, судан құтқару стансысының өкілдері кірді.

Кім өлтірді, неге өлді? 
 
Соңғы он жыл көлемінде осы сауал қанша қойылып келе жатса да, әзірге жаттанды жауаптан өзге ештеңе естіген емеспіз. Яғни «итбалықтар қырғынына» табиғи құбылыстар мен вирустық аурулар «кінәлі». Мәселен, бұл жолы да Микробиология институтының сарапшысы Айдын Қадырманов: «Итбалықтардың өлімі табиғи құбылыстарға – мұз шоғырының соққысы, антропогендік аурулар, өлімге байланысты болған», – деген пікірін айтты. Мамандардың енді бір тобының болжамы браконьерлер құрған ауға түсіп өліпті дегенге саяды. Шынына келгенде, су жануарлары санының кемуіне теңіз төсінде сайрандап жүрген браконьерлердің қосар «үлесі» де аз емес. Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Елдана Сәдуақасованың журналистермен кездесуде осы мәселеге айрықша тоқталғаны туралы «Алаш айнасы» бұдан бұрын да жазған еді. «Итбалықтар індетіне адамдардың әрекеті себеп болып отыр. Теңіз балығын аулау толастар емес, ал балық – итбалықтардың басты қорегі», – деп еді ол. Сонда «Каспий теңізінің экологиялық ахуалы – қыл үстінде, бекіре балықтардың азайып, итбалықтардың жыл сайын қырғынға ұшырап отырғанына басты кінәлі – теңіз төсін аяусыз тесіп жатқан мұнай компаниялары» десіп, дүрбелеңге түсіп жүрген экологтердікі бос әурешілік болғаны ма? Бұлай деуімізге негіз де жоқ емес. Табиғат жанашырлары түрлі деректер келтіріп, қанша жан ұшырып жүрсе де, «теңіз суы тап-таза» екен. Мұны Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының міндетін атқарушы Серік Еңсегенов айтып отыр: «Итбалықтардың өлексесі табылған жердегі теңіз суы мен топырағынан сынама алынып, экология департаментінің зертханасында зерттелді. Оның қорытындылары суда ешқандай зиянды заттар жоқ екенін көрсетті», – дейді ол. Ендеше, итбалықтарды кім өлтірді, неге өлді? Өйткені өткен ғасырдың орта кезінде теңіздегі су жануарлары миллиондап саналса, қазір жүз мыңның о жақ-бұ жағында. Алғаш рет 2000 жылы теңіз жағасынан тау болып үйілген итбалықтың өлексесі табылып еді. Ол кезде де әңгіме сан-саққа жүгірген. Бұл туралы «Каспий табиғаты» үкіметтік емес ұйымының төрағасы, эколог Махамбет Хакимов: «Қашаған» жобасының игерілгеніне бір жыл болар-болмастан 2000 жылдың қысында тұзасты қабатындағы мұнай мен газдың аса көп мөлшердегі қоры ашылуына байланысты миллиондаған жылдар бойы ұйқы құшағында жатқан жер қыртысы тыныштығын жоғалтты. Сол жылы көктемде ұңғымаларда атқылау, өрт орын алды. Біз, әйтеуір, апат болмады деп қуандық. Бірақ ауа қабаты мен теңіздің аумағы ластанды, сол жылы 10 мыңнан астам итбалық қырылды. Зерттеулер көрсеткендей, күкіртсутегі шикізатынан келетін қатерге адам мен итбалық бірдей душар болады. Олардың көпшілігі улы газдың кесірінен ұйықтап жатқан жерінен ажал құшады. Қазір Қашағанда 50 ұңғыма бар. Оларды алдымен сынап, кейін бұрғылаған кезде де қоршаған ортаға қалдықтар төгілмей тұрмайды, – дейді. 
 
Итбалықтар індетіне мұнай өндірісінің мүлдем әсері жоқ деу, әрине, қисынсыз болар. Бірақ әзірге экологиядан экономиканы жоғары қойып отырғандарға бұл сөз ұнай қоймайды. Қалай болған күнде де жанарлары жәудіреген су жануарларына қамқорлық қажет-ақ. Осы қарқынмен жүре берсек, енді бір жиырма жылдан кейін итбалықтың суретін кітаптан ғана көруіміз бек мүмкін.

Автор: Бақытгүл Бабаш

http://alashainasy.kz/society/22647/

Каспий жағалауынан өлі итбалықтар табылды

Маңғыстау облысының тұрғыны Каспий теңізінің  жағасында итбалықтардың өлі  денелері жатқанын хабарлады. Жергілікті экологтар олардың не себептен қырылғанын анықтауға енді кіріспек. Ал облыс  басшылары жеңіс күнін тойлап жүр.

  • Басып шығару
  • Досыңа жібер
  • Пікіріңіз (7)
  • Бөлісу
    • Digg
    • Facebook
    • Google Bookmarks
    • Mister Wong
    • MySpace
    • Reddit
    • Twitter
    • Technorati
    • Yahoo Bookmarks

Бөлісу туралы

 

Каспий  теңізі жағасында өліп жатқан итбалық. Азаттық радиосы оқырманы түсірген сурет. Маңғыстау облысы, 3 мамыр 2011 жыл.

Осы тақырыпқа қатысты  басқа мақалалар 

  • Атыраулық табиғат қорғаушы Макс Боқаев наразылық шарасын өткізді
  • Батыс Қазақстанда киік қырылып жатыр
  • Киіктер жұқпалы індеттен қырылған дегенге мамандар күмән келтіреді
  • Киіктердің жаппай қырылуына себеп болған індет әлі зерттелген жоқ
  • Арал тұрғындарын жұқпалы және онкологиялық дерттің көбеюі алаңдатады

Мәтін көлемі

Светлана  ГЛУШКОВА

10.05.2011

 
Маңғыстау облысының тұрғыны Эрик Өтебәлиев 3 мамыр күні серуендеп жүріп, Маңғыстау облысы Түпқараған ауданы төңірегіндегі Каспий теңізінің жағасынан өлі итбалықтар тауып алған.  
 
ОНДАҒАН ӨЛІ ИТБАЛЫҚ 
 
- Аумағы бір шақырымдай жерден 10-12 өлі итбалыққа кез болдым, - дейді Эрик Өтебәлиев. - Олар жағаға шығып қалыпты. Суретке түсіріп алдым. Шынында да жантүршігерлік жағдай. Бұл жолы үлкен итбалықтардың жанында кішкентай итбалықтар да жатты.

Эрик  Өтебәлиевтің әңгімесі

  • Менің тізімім
  • Жүктеу

 
 
Эрик Өтебәлиев итбалықтардың  жаппай қырылуына не себеп болғанын түсіне алар емеспін дейді. Оның бір  себебі теңізге тасталған өнеркәсіптік қалдықтар болуы мүмкін екенін де жоққа шығармайды.  
 
- Жергілікті тұрғындармен тілдескенімде әркім өзінше долбар айтты, - дейді Эрик Өтебәлиев. – Аурудан өлді ме, әлде Каспий теңізі қайраңындағы техникалық жұмыстар себеп болды ма деген де күмәнді ойлар айтылды.  
 
8 мамыр күні сол жерге қайта барған ол тағы да үш итбалық тауып алыпты. 
 
-Қазір жағада үш итбалық өліп жатыр,- дейді Эрик Өтембәлиев.

Информация о работе Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық қоспалардан уланған