Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық қоспалардан уланған

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 14 Февраля 2013 в 19:17, доклад

Описание

Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық заттардан уланған. Өткен айда теңіз жағасында қырылап қалған итбалықтардың өлексесін зерттеген Ұлттық ветеринария орталығының мамандары осындай шешімге келді. Жалпы бұл су жануарларының көптеп қырылуы, жыл сайын тіркеледі. Дегенмен бұған дейін олардың өліміне табиғи фактор немесе қандай да бір індет себеп болды деген тұжырымдар ғана айтылып келген еді.

Работа состоит из  1 файл

Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық қоспалардан уланған.docx

— 287.05 Кб (Скачать документ)

Каспий  теңізі жағасында өліп жатқан итбалық. Азаттық радиосы оқырманы түсірген сурет. Маңғыстау облысы, 3 мамыр 2011 жыл.

- Қаңғыған иттердің итбалықтардың  өлігін қалай жеп жүргенін  өз көзіммен көрдім, біраз өліктерді  кешегі дауыл теңізге алып  кеткен болуы мүмкін, - дейді Эрик  Өтебәлиев. - Ал қалған өліктер  қашан шіріп таусылғанша сол  жерде жата береді, оларды ешкім  жинамайды. 
 
«САРАПТАМА КӨРСЕТЕДІ» 
 
Маңғыстау облысында ондаған итбалықтың өліп жатқаны туралы ақпаратты «ЭКО Маңғыстау» үкіметтік емес ұйымы да растады. Ақтау қаласындағы үкіметтік емес бұл ұйымның директоры Кирилл Осин Азаттық радиосына 10 мамырда өздерінің Түпқараған ауданына барып, итбалықтардың өлі денелерін сараптамаға әкетуге дайындалып отырғанын айтты.  
 
Қазір экологтардың қолында өлген итбалықтардың тек фотолары ғана бар. Кирилл Осиннің сөзіне қарағанда, әзірге қандай да бір қорытынды шығаруға ертерек, сараптаманың қорытындысын күту қажет.  
 
- Сараптамаға итбалықтардың миы, бауыры мен асқазанын тапсыруды жоспарлап отырмыз, - дейді Кирилл Осин. - Итбалықтарды уландырған заттар осы органдарда жиналады жән сол арқылы олардың қырылуына не себеп болғанын анықтауға болады.  
 
Кирилл Осиннің сөзіне қарағанда, жағада қазір бес-алты итбалықтың өлі денесі жатыр, ал «ЭКО Маңғыстау» мамандары сараптамаға қажетті органдарды жинауға кіріскен.  
 
Кирилл Осин осыдан екі жыл бұрын да осы аумақта итбалықтардың жаппай қырылғанын айтады. Ол кезде билік «оба дертіне ұшырауы мен ауа-райының қолайсыздығының салдарынан қырылды» деген уәж айтқан еді. 
 
- Дегенмен сырттай бір әсердің бар екенін барлығы біледі, - дейді Кирилл Осин. - Неге екені белгісіз, итбалық басқа жерде емес, теңізді белсенді түрде игеріп жатқан жерлерде өледі. Соңғы он жылда итбалықтың жаппай қырылуы жиілеп кетті. Сондықтан оған табиғи жағдайлар себеп болды дегенге сену қиын.  
 
«ЭКО Маңғыстау» мамандары сол себепті де тәуелсіз сараптама жасатпақ. Экологтың сөзіне қарағанда, теңіздің қай тұсы ластанып, қай тұсқа қоқыс тасталғанын анықтап отыратын мониторингтік жүйенің жоқтығы - бүгінде Каспий теңізіндегі ең басты проблеманың бірі.  
 
Тіпті қазір ласталған күннің өзінде ол екі сағаттың ішінде ағыспен ағып кетеді, сондықтан дәл себебін анықтау өте күрделі.  
 
- «Итбалықтар теңіз ластанғаннан кейін қырылды» деген шешім шығарылғанын осы уақытқа дейін естіген емеспін, - дейді Кирилл Осин.  
 
КӨШЕРБАЕВ ПАРАДТА ЖҮР  
 
Маңғыстау облысының әкімдігі Азаттық радиосының тілшісіне итбалықтардың не себептен өлгені туралы ақпарат бере алмады. Облыс әкімінің қабылдау бөлмесі әкім Қырымбек Көшербаевтың 9 мамыр мерекесіндегі парадта жүргенін айтты. 
 
- Ертеңнен бастап облыс әкімі демалысқа кетеді, - деді қабылдау бөлмесіндегілер, - барлық сұрақтарыңызды бірінші орынбасарына қойыңыздар.  
 
Бірақ оны демалыс күні телефон арқылы табу мүмкін болмады.  
 
ИТБАЛЫҚТЫҢ КЕЗЕКТІ ҚЫРҒЫНЫ  
 
2000 жылы Каспий теңізінің Маңғыстау облысына қарасты жағасында мыңдаған итбалықтың өлі денесі табылды. «Созылмалы токсикоз ауруымен ауырған» деген диагноз қойылды. Жергілікті баспасөзде «жануарлардың денесінде мұнай токсиндері мен ауыл шаруашылық пестицидтері бірнеше жылдар бойы жиналып, итбалықтар иммунитетінің күрт төмендеуіне себеп болды» деген ресми қорытынды жарияланды.  
 
2006 жылы көктемде кем дегенде 330 итбалық өлді. Бұл жануарлардың қырылу себебін зерттеген комиссия «оба дертінің вирусы болуы мүмкін» деген қорытынды шығарды. Сонымен қатар ауа-райының қолайсыздығы да атап өтілді. 
 
Алайда Микробиология және вирусология институтының вирустар экологиясы лабораториясының өкілдері Маңғыстау облысында итбалықтардың жаппай қырылуына балық аулаудың күрт күшеюі себеп болды деген болжам жасады.  
 
2007 жылы бұл оқиға тағы да қайталанып, жағаға шығып қалған өлі итбалық саны мыңға жуықтады. Өлі итбалықтар Қаламқас пен Қаражанбас мұнай кеніштерінің арасындағы жағалаудан, «Қаламқас» су бөгетінің төңірегінен табылды.  
 
2009 жылы мамырда Каспий жағасына жүздеген итбалықтың өлі денесі тағы шықты. Маңғыстау облысына қарасты осы Түпқараған ауданынан 350 итбалықтың өлі денесі табылды.  
 
2010 жылы наурыз айында, Aktau-news сайты қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Эльдана Сәдуақасованың «Каспий теңізіндегі итбалықтар адам факторының себебінен азайып барады» дегенін мәлімдеді. 
 
«Ең бірінші себеп, Каспийде балықтың аса көп аулануы. Ал балық - итбалықтардың негізгі азығы. Біздің аумағымызда итбалық популяциясының 8 мыңдай тұқымы жыл сайын барынша азайып келеді», - деп мәлімдеді Эльдана Сәдуақасова. 
 
2010 жылы мамыр айында парламент депутаты Виктор Киянский елдің премьер-министр сауал жолдады. Бұл сауалда депутат «сайлаушылар сауықтыру, ескерту және алдын-алу шараларының азаюы Каспийде итбалықтьар мен балықтардың жаппай қырылуына, ал енді оралдық киік популяциясының күрт азаюына әкеліп отырғанын айтуда» деп мәлімдеді.  
 
Депутат жабайы жануарлардың жаппай қырылуына жол бермеу үшін үкіметтің қандай шара қолданып отырғанын білгісі келетінін айтты.  
Кейбір қазақстандық экологтар итбалықтардың жаппай қырылуына Каспий теңізінің қорық аймағында мұнай-газ кеніштерінің белсенді игерілуі себеп дегенді айтады.


Информация о работе Каспийдегі итбалықтар теңіздегі қауіпті химиялық қоспалардан уланған