Климаттың өзгеруі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:49, реферат

Описание

Климат – белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедерінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін климатология ғылымы зерттейді.

Работа состоит из  1 файл

Реферат экология климат.docx

— 440.71 Кб (Скачать документ)

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Физика-техникалық факультеті

 

 

 

 

 

 

 

 

 

РЕФЕРАТ

Тақырыбы:   Климаттың өзгеруі

 

 

 

 

 

 

                      Тексерген:  Таныбаева Айнұр

Орындаған:    Капурнова Салтанат

Орынғалиева Назерке

Ғабиденқызы Нұргүл

РЭТ мамандығы, 329-топ

      Климат – белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедерінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін климатология ғылымы зерттейді.   

      Климаттың өзгеруі қазіргі таңда ғаламдық проблемаға айналып отыр. Климат Жердің геологиялық тарихында күшті өзгерістерге түскен. Климат өзгерістерін Жер шарының көптеген аудандарынан қазіргі кезде де байқауға болады. Оған Күннің қарқынды сәуле шашуы, геомагниттік өріс әсерінің күшеюі, атмосфераның жалпы циркуляциясындағы ғасырлық өзгерістер, соңғы ғасырлардағы адам әрекетінің ерекше қарқын алуы және т.б. себепші болуда. Климат өзгерістері Жер шары бойынша жылдық орташа температураның жоғарылауынан (0,5°С-1°С), «жылыжай эффектісінің» белең алуынан, кейбір аудандарда жауын-шашын мөлшерінің күрт артуынан немесе керісінше күрт азаюынан, кейбір мұхит ағыстарының бағыты мен қасиетінің өзгеруінен айқын көрінеді.

 

                        «Жылыжай эффектісі» (Парникті эффект)

 

                               

 

      Жанғыш қазбаларды өртеу және басқа да өнеркәсіптік процестер әсерінен бөлініп, атмосферада жинақталатын көмірқышқыл газы (СО2 ), көмірсутектер, яғни, метан (СН4), этан (С2Н6) және т.б. (жоғары концентрациясы болмаса бұл заттар жекелей аса қауіпті емес) газдары жылыжай эффектісінің пайда болуына алып келеді. Жылыжай эффектісінің механизмі қарапайым. Бұлтсыз ауа райы ашық кезде күн сәулелері Жер бетіне оңай жетіп топырақ, өсімдіктер жамылғысымен сіңіріледі. Жер беті қызған соң жылу энергиясын ұзын толқынды сәулелену түрінде атмосфераға қайта береді. Алайда бұл жылу энергиясы атмосферада шашырамай жоғарыда айтылған газдардың молекулаларымен сіңіріліп (СО2 жылу энергиясының 18%-ын сіңіреді), молекулалардың қарқынды қозғалысына және температураның көтерілуіне алып келеді. Атмосфералық газдар ― азот, оттегі, су булары ― жылу сәулелерін сіңірмей, керісінше оларды шашыратады. СО2-нің концентрациясы жыл сайын 0,8-1,5 мг/кг-ға көтерілуде. Зерттеулер бойынша СО2-нің мөлшері ауада екі есе көбейсе, орташа температура 3°С-5°С-қа көтеріледі. Бұл өз кезегінде климаттың ғаламдық жылынуына, яғни, Антарктидадағы мұздықтардың жаппай еруіне, қар сызығының жоғарылауына, Әлемдік мұхиттың орташа деңгейінің көтерілуіне, көптеген жердің су астында қалуына, су тасқындарының жиі қайталануына және басқа да жағымсыз жағдайларға алып келеді. Егер Жер шарындаға орташа ауа температурасы 1°С-қа жоғарыласа, Дүниежүзілік мұхиттың деңгейі 16 см-ге көтеріледі. Соның әсерінен мұхит жағалық сызықтарының ойпатты бөліктерін су басуы мүмкін. Қазіргі кезде климаттың апатты құбылыстарын болжау және олардың алдын алу бағытында ғылыми зерттеулер жүргізілуде.

Климаттың ғаламдық жылынуы

     1980 жылы әлемдік қоғамдастықтың назары ғаламдық жылыну проблемасына ауды. Климаттың ғаламдық жылынуы - биосфераның антропогендік ластануының бір көрінісі. Бұл климаттың және биотаның өзгеруі: экожүйедегі өнімділік процестерінің, өсімдіктер қауымдастықтары шекараларының, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігінің өзгеруінен білінеді. Әсіресе климаттық өзгерістер Солтүстік жарты шардың жоғары және орта ендіктерінде қатты байқалады. Бұл аймақтардың табиғаты әртүрлі әсерлерді қабылдағыш келеді, сондықтан да оның қайта қалпына келуі өте баяу жүреді. Болжамдар бойынша, температураның көтерілуі дәл осы жерлерде жоғары болады. Тайганың аумағы кей жерлерде солтүстікке қарай 100-200 км-ге, кей жерлерде одан азырақ жылжиды. Температураның көтерілуіне байланысты мұхиттардың деңгейі 0,1- 0,2 м-ге көтеріледі. Бұл өз кезегінде үлкен өзен аңғарларының (әсіресе Сібір өзендерінің) су астында қалуына алып келеді.

     Атмосфераның ластануы, жыл сайын ауа температурасының көтерілуі полюстердегі мәңгілік мұздардың еруіне алып келіп, соның салдарынан мұхит суларының деңгейі көтеріліп, жағалау бойына жыпырлай орналасқан ірі қалалар, елді мекендер су астында қалады деген қауіп айтыла бастады. Бұл алдымен адамның табиғатқа тигізіп жүрген залалын ойланбастан жасаған шаруашылық қызметінің салдары, көмірқышқыл газы мен метанның ауаға шамадан тыс бөлінуінің әсері. Шынында да, жыл сайын ауаға көтерілген метан мен көмірқышқыл газы жерді қатты қызып кетуден сақтайтын инфракүлгін сәулелерді жұтып, планета температурасының көтерілуіне алып келді. Әсіресе, жылу, жарық беретін станциялардан, қаладағы кәсіпорындардан бөлінген көмірқышқыл газы атмосфералық қабатқа өтетін газдың 1/3 бөлігін құрайды. Планетадағы жасыл алқаптар – ормандар бұл газдың біраз бөлігін қажетіне жаратқанымен, барлығын жұтуға шамасы жетпейтін болды.

      Мәліметтер бойынша келесі ғасырдың басына дейін Жер бетінің температурасы 1,4°С-қа көтеріледі. 1997 ж. Киото хаттамасына сәйкес, өнеркәсібі дамыған елдер 2008-2012 жылдары 1990 жылмен салыстырғанда парникті газдардың атмосфераға бөлінуін 55%-ға дейін азайту керек. Алайда бұл хаттаманың шешімдері әлі күнге дейін күшіне енген жоқ. Өйткені дамыған елдер бұл шешімнің дұрыстығына күмәнмен қарауда. 2000 жылы Гаага қаласында өткен конференцияда әрбір индустриалды елде зиянды заттарды атмосфераға бөлуді азайтудың ұлттық саясаты жүргізілу керектігі туралы шешім қабылданды. Өкінішке орай, көптеген елдер көміртегінің атмосферадағы азаюын ормандар мен топырақтың сіңіруінен емес өздерінің іс-әрекеттері арқасында деп көрсеткісі келеді. Қазақстан да 2006 жылға дейін 2008-2012 жылдар аралығында парникті газдарды атмосфераға шығаруды азайту бойынша міндеттеме алып, анықталуы керек еді. Бірақ іс жүзінде бұл мәселе тек қағаз жүзінде қалып отыр.

 

Киото хаттамасы

     Киото хаттамасы  – халықаралық деңгейде экологиялық проблемамен бірлесе күресуге бағытталған тұңғыш құжат, 1997 жылы Жапонияның Киото қаласында қабылданған.

     Зиянды газдардың  ауаны ластауы Солтүстік Америка мен Еуропаның дамыған елдерінде және Қиыр Шығыстың индустриясының дамуы қарқын алған елдерінде көбірек орын алуда. Атмосферадағы антропогендік өзгерістердің Жер шарының жылыну проблемасына алып келетіндігін ресми мойындау 1980-жылдардың соңы мен 1990-жылдардың басында Біріккен Ұлттар Ұйымының Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сараптау тобының баяндамаларынан бастау алады. 1992 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Жаһандық орнықты даму саммитінде антропогендік өзгерістерге ұшырамау үшін ауаға бөлінетін газдың мөлшерін тұрақтандыру, климаттық балансты сақтау міндеті қойылды. Бұл конвенцияға 186 ел қосылатындығын білдіріп, ол 1994 жылдан бастап күшіне енді.

     Жалпы, климаттың антропогенді өзгеруінің әсері қай деңгейде болуы мүмкін деген сауалға жауап іздеп көрейік. Ғалымдар планетадағы климат жылылығы 2 градусқа жоғарылағанның өзінде Жер шарында 500 млн. адам ауыз судан тапшылық көреді, 3 градусқа жылығанда 3 млрд. адам ауыртпалық тартады деп есептейді. Себебі, климат өзгеріске ұшыраған сайын тегеурініне шыдас бермейтін қатты дауылдар, топан сулар қаптауы жиілей беретін болады. Бұдан, әрине, бірінші кезекте ауыл шаруашылығы үлкен зиян шегетіндігі айқын. Ал ол өз кезегінде азық-түлік тапшылығына алып келеді. Әлемдік мұхит деңгейінің өсуінің де қатері аз емес, географиялық картаның суреті қазіргі уақытқа мүлде ұқсамай, Голландия сияқты елдер мен Нью-Йорк секілді жағалауға жақын орын тепкен қалалар мен көптеген әсем аралдардың су астына кету қаупі бар. Нидерланды, Ұлыбритания сияқты аралдағы мемлекеттер, Кариб бассейніндегі және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы арал мемлекеттер үшін бұл қиындықтың салмағы тым ауыр болмақ.

 

 

     Жердің орташа температурасы қазіргі кезде 14°С, Фаренгейт бойынша 57 градусты көрсететіні есептеп шығарылды. Негізінен атмосфераға булы газдардың көтерілуі табиғи нәрсе. Алайда, ғалымдар адамдардың тіршілігінің нәтижесінде булы газдардың көтерілуі молайып кеткендігін алға тартады. Әсіресе, ол соңғы 50 жылда қатты көтерілген. Олардың ішінде көмірқышқыл газының көтерілуінің салдары Жер шарының жылынуына алып келеді дегенімізбен, бұл орайда ғалымдардың пікірінің де түрлі екендігін айта кеткен жөн. Біріккен Ұлттар Ұйымының 130 елінен 1000-ға тарта ғалым тартылған “Климат өзгеруін зерттейтін үкіметаралық сарапшылар тобының” (КӨҮСТ) 2007 жылғы төртінші соңғы есебінде 1906-2005 жылдар аралығында жер температурасының жылынуы 0,74 градусты құрады делінген. Мұхит сулары терең қабаттардағы мұздай сумен араласуынан Жер шарының оңтүстігінде олардың жылыну деңгейі төмен, ал солтүстіктегі құрлықта жылыну жоғары. Спутник арқылы жүргізілген зерттеулер 1960 жылдан бері екі полюстегі мұз қабаттарының аумағы 10 пайызға азайғандығын көрсеткен. Әсіресе, Солтүстік жартышарда оның аумағы 15 пайызға дейін кеміп, мұздың қалыңдығы 40 пайызға жұқарған. Гренландия мен Арктика мұздарының жылдамдықпен еруі зардабының дәмін алғашқы болып солтүстіктің ақ аюлары татып жатса керек.

      Бұл орайда, Вашингтон университетінің ғалымдары Игнатиус Ригор мен Джо Валластың соңғы 25 жылдың ішінде жүргізген зерттеулері де көңіл аударарлықтай. Мұз көлемінің азаюы мен жұқаруының Солтүстік мұзды мұхитындағы ағыстар мен Арктикаға ғана емес, Солтүстік Атлантикаға да әсері бар екендігі айтылады. Ғалымдар арада 30-40 жыл өткенде Солтүстік мұзды мұхитының жылдың жылы мезгілдерінде толығымен мұз құрсауынан босанатындығын алға тартады. Әлемнің ең биік мұзарт шыңды Гималай тауларының да мұздықтарына еру қаупі төнген. Егер дәл бүгінгі қарқынмен ол әрі қарай жүре берсе, онда 2060-жылдары мұздықтардың үштен екісі, ал 2100 жылдары барлығы еріп кетеді.

      Экожүйедегі ауытқулардың фауна мен флораға әсері де айтарлықтай. Жыл құстары ерте келіп, кеш кетуді бастаса, өсімдіктердің 30-40 пайызына ортасының өзгеруіне байланысты жойылып кету қаупі туған. Өйткені, жүздеген, мыңдаған жылдар бойына қалыптасқан тірлік ырғағының ауысуына тез арада ілесе алмау жер бетіндегі түрлердің жұтаңдануына алып келмек. Ауа температурасы 1 градусқа жылыған күнде ормандардың да басына қауіп төнеді екен. Орман жүйесі болса көміртегінің 80 пайызын табиғи сіңіруші, ал орман ағаштары типтерінің ауысуы орасан мол мөлшерде көміртегін бөлу арқылы жүреді.

     КӨҮСТ-тің соңғы есебінде сондай-ақ орташа температураның өсу деңгейі сақталады, бірақ оның жылдамдығы мен ұзақтығы болашақта булы газдардың эмиссиясының азаюына тәуелді деген ұйғарым жасалған. Белгілі ағылшын экономисі Лорд Николас Штерн 2050 жылы миллиондаған адам ұзаққа созылған құрғақшылық пен өзге де климаттық ауытқулар: су басу мен жойқын дауылдардан, аштықтан қашқан “климат босқыны” болуы мүмкін деген қауіп айтады. Нобель сыйлығының лауреаты, БҰҰ КӨҮСТ-нің басшысы Др. Пачаури адамзат баласының қазіргі жағдайды өзгертуге 10 жылдай ғана уақыты бар деп есептейді. Сайып келгенде климаттың антропогенді өзгеруінің салдары көлік және басқа да инфрақұрылымдарға да орасан зор зиянын тигізбек. Бұлардың бәрі, тұтастай алғанда, жаһандық тұрғыда алға шығатын экономикалық, әлеуметтік, саяси проблемалардың қаншалықты күрделі болатындығын бүгінгі күннің өзінде ұғындырса керек. Ал эмиссия көлемі жөнінен ТМД мемлекеттері ішінде Ресей мен Украинадан кейін тұрған біздің еліміз үшін ол әсер жоқ десек, шындықты бұрмалағанымыз болып шығар еді.

      Киото хаттамасының экономикалық негіздемесінің басты тіні етіп англо-америкалық экономист Рональд Коуздың экономикалық жекеменшік құқық теориясы алынған. Коуз теориясына дейін қоршаған ортаның ластануын зерттеушілер онымен күресте мемлекет өндіріс қалдықтарындағы зиянды заттар концентрациясының ең жоғары нормасын және ауаға шығарылатын зиянды заттардың ең жоғары нормасын анықтап, одан асып кеткенде нормативті бұзғаны үшін айыппұл салып, жауапқа тартып отыру қажет деп келді. Ал Коуз және оны жақтаушылар жоғарыда көрсетілген шаралардың жетімсіз болатындығын алға тартты. Олар бекітілген нормадан ауытқымаса да қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорынның ешкімге жауап бермейтінін, әрі жоғарыдағы нормалар барлық кәсіпорындар үшін бірдей алынғандығын

 

 

көлденең тарта отырып, мұндай үдерістен пайда жоқ деп  санайды. Сондықтан, реттеу шығарылған өнім қоғамға қаншалықты қажет деген  критериймен өлшенуі керек дейді. Сол себептен, Коуз дау тудырушы нысан ретінде кәсіпорынның өзін емес, қоршаған ортаға зиян келтіретін кәсіпорынды пайдалану құқығын  қарастырады. Мұндай құқық кәсіпорынның кімге тиесілі екеніне қарамастан, келісім мен сату және сатып алу  нысанына айналады. Коуз идеясы бойынша, бұл құқық сату-сатып алу актілерін  жасау арқылы түптің-түбінде нысанды  тиімді пайдаланатынның қолына өтеді.

      Коуз көзқарасы қоршаған ортаны ластаумен күрестегі ұстанымдарды түбегейлі өзгертті. Енді, мемлекет, жоғарыда көрсетілгендей, зиянды қалдықтар шығуының нормативін жасаумен шұғылданбайды, тек зиянды заттар шығуының ең жоғары көлемін хаттама негізінде белгілейді, сол көлемде ластауға лицензия беріп, оны аукцион арқылы ең көп ақша төлегеніне сатады. Кейін лицензияға сәйкестік қана қадағаланып отырады. Сонда зиянды қалдықтар мен зиянды заттар концентрациясын бөлу ақылы болып, мемлекеттік аукциондарда лицензияны сатып алушы фирма оны басқаларға өсіріп сатуға да мүмкіндік алады. Осылайша кейбір дамыған елдер атмосфераға зиянды заттар бөлудің ұлттық рыноктарын құра бастады.

      Егер мемлекет өзіне тиесілі квотаны толық жұмсамайтын болса, онда өзінен артылған бөлігін өзге елге сата алады. Бұл ретте көршіміз Ресей өзінің квотасын толық көлемде жұмсай алмай отыр. Ал біздің елде квотаның мұрты да бұзылмайтындай шамада. Хаттаманың тағы бір маңызы – дамыған елдер мен өтпелі экономикадағы елдер булы газдардың атмосфераға шығарылуын азайтуды бірігіп атқаратын мүмкіндігі бар. Ол қалай жүзеге асады? Мәселен, бір елдің атмосфераны ластау деңгейі төмен де, енді біреуінікі жоғары. Төмен деңгей көрсеткен ел атмосфераға газ шығарудан өзі жинаған бірліктерін жаңағы мұқтаж елге беріп, пайдасын көреді.

Қазақстан және Киото хаттамасы

     Қазақстан 1995 жылы Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ Үлгілік конвенциясын бекітті, ал 1999 жылы осы Конвенцияда Киото хаттамасына қол қойды.

     Аталған хаттаманы бекіткен және ол күшіне енген жағдайда Қазақстан қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелерді өзіне жүктейді.

     Қазақстанның Киото хаттамасын бекітудің мақсатқа лайықтығын айқындау үшін 2004 жыл барысында қызған газдардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі сандық міндеттемелердің Қазақстанның экономикасына әсері туралы зерттеулер жүргізу қажет.

     Талассыз экологиялық тиімділігінен басқа, Киото хаттамасын бекіту біздің ел үшін халықаралық инвестицияларды тарту, басқа елдердің экономикасына активтерді орналастыру мүмкіндігімен инвестор рөліндегі бірлескен жүзеге асыру жобаларына және «таза даму» процестеріне қатысу, өндірістік энерготиімділігін арттыру үшін жаңа технологияларды қолдану, сыртқы энергетикалық рынокта елдің экономикалық мүдделерін қорғау үшін көміртегі кредиттерін шоғырландыру, қызған газдардың шығарындыларына квоталар жөніндегі перспективалары ашады.

Информация о работе Климаттың өзгеруі