Климаттың өзгеруі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2012 в 13:49, реферат

Описание

Климат – белгілі бір аумаққа тән ауа райының ұзақ жылдар бойы қайталанып отыратын жиынтығы. Жер шарының кез келген аймағындағы климаттың қалыптасуына, ең алдымен, оның географиялық орны, атмосфера циркуляциясы, жер бедерінің сипаты, сондай-ақ теңіздер мен мұхиттардың ықпалы себепші болады. Жер шарындағы климаттың қалыптасу заңдылықтарын, климат пен оның жіктелуін және антропогендік әрекеттің климатқа әсерін климатология ғылымы зерттейді.

Работа состоит из  1 файл

Реферат экология климат.docx

— 440.71 Кб (Скачать документ)

      Киото хаттамасын біткеннен кейін нақты жобалар мен іс-шараларды іске асыруды көздейтін Қазақстан Республикасында қызған газдардың шығарындыларын азайту жөніндегі 2015 жылға дейінгі бағдарлама әзірленетін болады.

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-пікір

      Климаттың өзгеруі тікелей антропогендік фактордың әсерінен болып отыр. Жер бетіндегі әрбір адам осыны ұғынып, жауапкершілікті сезінуі керек. Бұл ғаламдық проблеманы міндетті түрде шешу қажет, өйтпесе оның дамуы апатқа ― өркениеттің жойылуына дейін апарып соғады. Оны шешу үшін ғаламдық, аймақтық, ұлттық бағдарламалар жасалған, бірақ оларға келісушілік және үйлестірушілік жетіспейді.

      Табиғат – Анамыз! Климатты қорғау – табысты іс, біздің болашағымыздың кепілі. Әрбір адам климатты қорғауға өз үлесін тигізуі қажет, мысалы, қарапайым автомобильдегі артық жүрістерді азайту, энергияны үнемді пайдалану, т.с.с. Біздің ойымызша, табиғатпен тіл табысу үшін, біріншіден, өндірісті экологиязациялауды іске асыру қажет. Табиғатты қорғау үшін барлық елдердің күш қуатын біріктіргенде ғана экологиялық шаралар тиісті нәтиже бере алады.

      Адам мен табиғаттың қарым-қатынасын  жақсартуға бағытталған тағы  бір шара – табиғат байлықтарын тұтынуды ақылға сыйымды мөлшерде өзіне-өзі шек қою. Сонымен қатар халықтың экологиялық санасын қалыптастыру қажет.

    Климаттың өзгеруі проблемасының ғаламдығы оны шешу үшін барлық елдердің жігерін жұмылдыру қажеттігін тудырып отыр; қарудың барлық түрлерін азайтпай экологиялық дағдарыстан айырылу мүмкін еместігі; биосфераның жалпыға ортақ ластануына қарай ядролық соғыс ғана емес, тіпті жай соғысты жүргізудің мәнсіздігі; қазіргі өркениеттің технологиялық құрылымын қайта құру, өмір негізі болатын табиғатпен өзара іс-әрекеттің жаңа сапалы әдістері мен құралдарын жасау; қоршаған ортаны қорғау проблемасы бойынша БҰҰ органдары жұмысының тиімділігін арттыру және оларга төтенше өкілеттік беру.

Әрбір экономикалық табысымыз үшін табиғат бізден кек  алады.

Сондықтан біз табиғатты аялай білейік!


Информация о работе Климаттың өзгеруі