Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 17:40, реферат
Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта, адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы, адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст.
Негізгі бөлім
Экологиялық құқық және қоршаған орта жөніндегі нормативтік актілер
Қоршаған ортаны қорғау туралы заң
Экологиялық тұжырымдама
(Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы)
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Академик
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті
РЕФЕРАТ
Тақырыбы:
Қоршаған
орта туралы заңдық
және құқықтық қатынастар
Орындаған: .
Тексерген:
.
Қарағанды-2011
ЖОСПАР
Кіріспе
Негізгі бөлім
(Қазақстан
Республикасының 2004-2015 жылдарға
арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы)
Қорытынды
Қолданылған
әдебиеттер
Кіріспе
Қоршаған орта – адамзат қоғамы өмір сүретін табиғи және антропогендік орта, адамдар мен олардың шаруашылығына бірлесе және тікелей әсер ететін биоталық, абиоталық және антропогендік орталардың жиынтығы, адамдар, жануарлар немесе объектілер тіршілік ететін немесе әрекет ететін орта немесе контекст.
Қоршаған орта мәселелерімен шұғылданатын бірнеше халықаралық ұйымдар құрылған. Олар: Қоршаған орта жөніндегі ғылыми комитеті (СКОПЕ, 1969 жылы құрылған), Қоршаған орта жөніндегі мониторингінің жаһандық жүйесі (1970), Қоршаған орта мен даму жөніндегі халықаралық институт (1971), Қоршаған орта мен даму жөніндегі бүкіл дүниежүзілік комиссия (1983), Қоршаған орта жөніндегі халықараралық ақпараттық жүйе (ИНФОТЕРРА, 1997), т.б.
Қоршаған ортаны сөз еткенде экологиялық құқық мәселесіне тоқталмай кете алмаймыз. Экологиялық құқық - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Реферат жұмысында аталған мәселе төңірегінде тоқтала отырып, экологиялық құқық және қоршаған орта жөніндегі нормативтік актілер, қоршаған ортаны қорғау туралы заң, экологиялық тұжырымдамаларды (Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауiпсiздiгi тұжырымдамасы) сөз еттік.
Қоршаған ортаны сөз еткенде экологиялық құқық мәселесіне тоқталмай кете алмаймыз. Экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.
Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:
Құқық саласының принциптерімен негізгі басшылыққа алатын ережелер танылады, оларға сәйкес белгілі бір қатынастар реттеледі. ҚР-ның "Қоршаған ортаны қорғау туралы" заңында былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:
Экология құқығының жүйесі әдістемелік жағынан екіге бөлінеді: жалпы бөлім және ерекше бөлім.
Қазақстан Республикасы экология құқықтарының қайнар көздеріне – айналадағы табиғи ортаны қорғау, оны пайдалану, сапасын арттыру және табиғи ресурстар жөніндегі қоғамдық қатынастарды реттейтін нормативтік актілер жатады. Кейбір нормативтік актілер экологиялық заңдардың құрамына кірмеуі де мүмкін. Мысалы: Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі – экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауаптылықтарды реттейтін нормалардан тұрады, сондықтан ол экологиялық құқықтың қайнар көзіне жатады, бірақ экологиялық заңдылықтардың құрамына кірмейді, өйткені қылмыстық заңдардың құрамына кіреді, сол сияқты Азаматтық кодекс, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстері де экология құқығының қайнар көздеріне жатады, бірақ экологиялық заңдардың құрамына кірмейді. Сондықтан «Экологиялық құқықтың қайнар көздері» деген ұғым «Экологиялық заңдар» деген ұғымнан кең.
Экология құқықтарының кешенді қайнар көздеріне нормативтік актілер жатады, егер құқықтық реттеудің объектісіне бүкіл табиғи ресурстар мен табиғи орта жатса, оған «Айналадағы қоршаған ортаны қорғау туралы» , «Экологиялық сараптама туралы» заңдарды жатқызуға болады. Экология құқықтарының ресурстық қайнар көздеріне нормативтік актілер, егер құқықтық реттеудің объектісіне жеке табиғи ресурстар жататын болса, мұнда Жер кодексі, Су кодексі, Орман кодексі және т.б. жатады. Экология құқықтарының ең негізгі қайнар көзіне Қазақстан Республикасының Конституциясы жатады. 2) Экология құқықтарының қайнар көзіне «Айналадағы табиғи ортаны қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңы жатады. Бұл заң қазіргі және болашақ ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеу шараларына бағытталған. 3) Экология құқықтарының қайнар көздеріне министрліктер мен ведомстволардың нормативтік – құқықтық актілері жатады. Министрліктер мен ведомстволардың актілері салалық басқаруды жүзеге асырады.
Табиғат пен оның байлықтары Қазақстан Республикасы халықтарының өмірі мен қызметінің, олардың тұрақты әлеуметтік – экономикалық дамуы мен әл-қуатын арттырудың табиғи негізі болып табылады.
Осы Заң қазіргі және болашақ ұрпақтардың мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін белгілейді, сонымен бірге экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, шаруашылық және өзге де қызметтің табиғи экологиялық жүйелерге зиянды әсерін болғызбауға, алуан түрлілікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған.
Жалпы ережелер.
1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар.
Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:
қоршаған орта – табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, сондай – ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;
қоршаған ортаны қорғау – табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен толықтыруға бағытталған мемлекеттік жіне қоғамдық шаралақ жүйесі.
қоршаған ортаны қорғау объектілері – қоршаған ортаны қорғау заңдары мен қорғалатын құрамдас бөліктері.
табиғи ресурстар – қоғамның материалдық, және мәдени басқа қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық және тағы басқа қызмет прцестерінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері.
табиғатты пайдалану – адамның шаруашылық және өзге де табиғи ресурстарды пайдалануы.
3-бап. Қоршаған ортаны орғау негізгі принциптері.
Олар:
Адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;
Экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасық ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;
Биологиялық алуан түрлікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтаудың қамтамасыз ету.
Халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы. Жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, орман мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі.
Табиғи экологиялық жүйелер климат және жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.
Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қорғалуға тиіс.
VII тарау. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мониторнингі.
24-бап.
Қоршаған орта мен табиғи
1. Қоршаған орта мен табиғи ресурстардың мемлекететтік мониторингі қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқару міндеттерін атқаратын арнайы өкілдік берілген мемлекеттік органдар жүзеге асырылды және онда:
1) қоршаған орта мен табиғи ресурстардың жай-күйіне, сондай-ақ оларға антропогендік ықпал жасау көздеріне белгілі бір бағдарлама бойынша жүргізілетін бақылау;
2) аталған бақылау обьектілерінің жай-күйін бақылау;
3) олардағы
өзгерістерді болжау қамтылады.
Х тарау. Шаруашылық және өзге де қойылатын эколиялық талаптар.
47-бап. Табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар.
Жерді, жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, ормандарды және өзге де өсімдіктерді, жануарларды ерекше құнды қоршаған ортаны қорғау объектілері, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды және экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтарды пайдалану кезіндегі экологиялық талаптар заңдар мен және өзге де нормативтік- құқықтық акктілермен белгіленеді.
9. 2. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заң.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар мен қорғауға алынған жерлер, экологиялық, ғылыми және мідени жағынан ерекше құнды, Қазақстан Республикасының ұлттық байлығы болып табылады.
Осы заң ерекше қорғалатын табиғи аумақтар қызметінің құқықтық, экономикалық, әлеуметтік және ұйымдық негіздерін белгейді.
1-бап. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ұғымы.
Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар – ерекше құқықтық қорғау режимі бар не мемлекеттік табиғи – қорық қорын сақтау мен қалпына келтіруді қамтамасыз ететін шаруашылық қызметі режимімен реттелетін жер, су, орман және жер қойнауы учаскелері.
Информация о работе Коршаған орта туралы құқықтық қатынастар