Мұнай компаниялары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 21:37, реферат

Описание

Шығыс Еуропада Румыния – ең алғаш мұнайға бұрғы салған ел. 1857 жылы әлемде тұңғыш қарамайға қол жеткізген бұл ел. АҚШ пен Ресей содан кейін барып бұл салаға түрен салды. Міне, жүз елу жылдан бері Румыния мұнай өндіру және өңдеу ісімен айналысып келеді. Қазақстан өз мұнайын Еуропа нарығына шығарарда, негізінен, мұнаймен ісі бар елдердің тәжірибесін көбірек зерттегені аңғарылады. Румын мұнай компаниясының активін сатып алуда да мәселенің осы жағына аса мән берілгені көрініп тұр.

Работа состоит из  1 файл

Мұнай компаниялары.docx

— 57.20 Кб (Скачать документ)

                                       Мұнай компаниялары 

   Шығыс Еуропада Румыния – ең алғаш мұнайға  бұрғы салған ел. 1857 жылы әлемде тұңғыш қарамайға қол жеткізген бұл  ел. АҚШ пен Ресей содан кейін барып бұл салаға түрен салды. Міне, жүз елу жылдан бері Румыния мұнай өндіру және өңдеу ісімен айналысып келеді. Қазақстан өз мұнайын Еуропа нарығына шығарарда, негізінен, мұнаймен ісі бар елдердің тәжірибесін көбірек зерттегені аңғарылады. Румын мұнай компаниясының активін сатып алуда да мәселенің осы жағына аса мән берілгені көрініп тұр. 
Румыния осыдан екі жыл бұрын Еуроодаққа мүше болып кірді. 2007 жылдың сәуір айында Еуропарламент Румыния мен Болгарияның Еуроодаққа кіруін құптады. Бұрынғы социалистік жүйеден нарық қатынастарына өтіп, одан демократияландыру жолына түсіп, дамудың жаңа сатысына қадам басқан елде қат-қабат өзгерістер жүріп жатыр. Жыл сайын ішкі жалпы өнім көлемі 4,5-5,3 пайызға өсіп келеді. Бұл – бүкіл Шығыс Еуропа үшін үлкен көрсеткіш. Экономиканың дамуына мұнай саласындағы инвестиция мен іскерлік байланыстардың терең тамыр жая бастауы қолайлы әсер етіп отыр. Қазақстан үшін Румыниямен іскерлік айланыс орнатудың бірнеше пайдалы жағы бар. Біріншіден, біз өз мұнайымызды осы ел арқылы Еуропа нарығына жеткізе аламыз. Екіншіден, Қазақстан Румынияға инвестиция салу арқылы тұрақтылыққа табан тірейді. Румыния да – біз құсаған момақан, ешкімге өз бетінше ұрынып, қақтығысып жатпаған ел. Елдегі тыныштық – қашанда тұрақтылық кепілі. Үшіншіден, Қазақстан Румыниямен арадағы байланыстарын өрбіте отырып, Еуроодақ көлемінде ынтымақтастық жасау аясын кеңейте түседі. Мұнайгаз секторындағы ынтымақтастық екі елдің де ішкі мүдделеріне сай келеді. Бірінде жоқты бірі толтырады. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан тарапынан Румынияның мұнай активтерін иемдену әрекеті дер кезінде жасалған оңды тірлік екенін аңғару қиын емес. 
Румынияда қазір жыл сайын мұнай бұрынғыай аста-төк күйде өндіріліп жатқан жоқ. Әйтсе де ішкі нарыққа керекті мұнайы баршылық. Бірақ жылына миллиондаған тонна мұнай өндіреміз дегенімен оның қоры сарқылуға жақын. Осы жағдайда Қазақстан мұнайы игергенге дөп келіп отыр. Қазақстан үшін мұнайды өңдеуге дайын жерге жеткізу бір мәселе болса, екінші жағынан, құр шикізат аса көп пайда бермейді. Бар әңгіме түпкі өнімде! Түпкі өнім түрлерін неғұрлым көп шығарып, оны тұтыну нарығына тезірек ұсынатын болса, қай жақ та ұтады. 
Бұл елдің бір артықшылығы, мұнай өндіру және мұнай өңдеу саласы бойынша білікті мамандары көп, бұл салада жинақтаған тәжірибесі де өте зор. «Мылқаудың тілін шешесі түсінеді» дегендей, Қазақстан мұнайшылары мен румын мұнайшыларының өзара тіл табысуы да қиындыққа түспеген сыңайлы. 
Қазақстанның румын мұнай компаниясы акциясының 75 пайызын сатып алуы екі елдің арасындағы ынтымақтастыққа жаңа серпін бергені анық. Біз жолығып, әңгімелескен румынның мұнай мамандары бұл жобаның екі ел үшін де тиімді жақтары көп екенін сөз етті. Румынияға инвестиция салу арқылы біздің еліміз «екі жеп, биге шыққалы» отыр. Өз мұнайын Еуропа нарығына емін-еркін жеткізу мен өткізу ісінен бір ұтса, Румыниямен ынтымақтастық жасау арқылы Еуроодақ шеңберіндегі өз мүддесін қорғау мен кеңейтуге және қол жеткізіп жатыр. 
ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша, Қазақстан мен Румыния арасындағы тауар айналымы былтыр 757,3 миллион АҚШ долларына жеткен. Бұл да – көңіл тоғайтарлық көрсеткіш. Бұл көрсеткіштің өсуіне екі елдің арасындағы мұнай саласына қатысты келісімдері айтарлықтай ықпал еткенін тәптіштеп жату артық тәрізді.

   ConocoPhillips - американдық мұнай компаниясы. Штаб-пәтері - Техас штатында,Хьюстонда. Компания Fortune Global 500[1] (2009 жыл) бойынша 7 орын алады. Компания 2002 жылы Conoco (1875 жылы Continental Oil & Transportation деген атаумен негізі қаланды) және Phillips Petroleum (1905 жылы негізі қаланды) компанияларының қосылуы жолымен құрылды. «Коноко Филипс» компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы — Джеймс Малво

   2008 жылы қазанда «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы АҚ, Conoco Phillips және Mubadala Development Co Каспийдың қазақстандық қайраңында орналасқан Н блогын барлау және игеру шарттарын келісу мақсатында өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

   Rompetrol Group N.V. (“TRG”) компаниясы

   2007 жылғы 24 тамызда Алматы қаласында «ҚазМұнайГаз» бен The Rompetrol Holding S.A. (Швейцария) арасында The Rompetrol Group N.V. акцияларының 75%-н сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

   The Rompetrol Group N.V. (TRG) негізгі офисі Нидерландада орналасқан, көптеген операциялар мен активтер Румынияда, Францияда, Испанияда және Оңтүстік-шығыс Еуропада орналастырылған. TRG еуропалық стандарттарға сәйкес тұтынушыларға шикізат пен өнімдерді тұрақты жеткізіп тұруды қамтамасыз етеді. TRG мұнай өңдеу, мұнай-химия, мұнай өнімдерінің көтерме және бөлшек маркетинг саласында белсенді қызмет етеді, сондай-ақ барлау, өндіру бойынша операцияларды жүзеге асырады және мұнай өнеркәсібі саласында басқа да қызметтер көрсетеді.

   Румыния – бұл Оңтүстік-шығысЕуропадағы 22 миллион халқы бар ірі нарық, онда көлік отынына деген сұраныс жылына баламалы түрде 15 млн. тоннаны құрайды. Мқнай өнімдерін тұтынуға сұраныс барған сайын өсіп келеді. 

   Румыниядағы мұнай өңдеу кәсіпорны, Румыниядағы, Болгариядағы және басқа да ОШЕ елдеріндегі, сондай-ақ Франция мен Испаниядағы маркетингтік кәсіпорындар The Rompetrol Group N.V. (TRG) компаниялар тобының меншігінде және ол оны пайдаланады. TRG компаниясының қызметі мұнай-химия өндірісін де, трейдингтік және мұнайсервистік қызметтерді де, өндіруші бөлімшелерді де қамтиды. TRG өзінің Petromidia және Vega екі зауытының арқасында елдегі мұнай өңдеу көлемінің шамамен 25 пайызын бақылайды.

   Соломон компаниясының деректері бойынша, «Петромедия» МӨЗ Оңтүстік-шығыс Еуропадағы анағұрлым бәсекеге қабілетті мұнай өңдеу активтерінің бірі болып табылады.

   2008 жылғы 20 желтоқсанда Ромпетрол 3000 тонна көлемінде Евро-5 дизельді отынының және 4 600 тонна көлемінде Евро-5 стандартты RON95 маркалы автобензиннің алғашқы партиясын Турцияға «Тоталь» компаниясы үшін өзінің 9А айлағынан жаңа құбыр арқылы жөнелтті.

   Осылайша, «Ромпетрол» компаниясы 2008 жылы қуаты жылына 24 млн. тонна мұнайды жөнелту жөніндегі Теңіз терминалын, мұнай өнімдерін сыйымдылығы 20 000 тонна танкерлерге тиеу үшін 9А, 9В, 9С айлақтарын және Дунай бойынша жеткізу үшін баржаларды пайдалануға берді және Евро-5стандартты автобензин мен дизельді отын өндірісін бастады.

   2009 жылы қалған 25% акцияларды сатып алу бойынша келісім жасалды, сонымен «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ The Rompetrol Group N.V. компаниясының 100% меншік иесі болып табылады. 

   2010 жылы «Петромедия» МӨЗ толық жүктелуіне – 5 млн. тонна және Евро-4 өнімін шығаруды тоқтатып, Евро-5 бензинін өндіруді 100%-ға жеткізуге қол жеткізуді жоспарлап отыр. 

   Қазақ түрік мұнай - көмірсутек шикізатын барлаумен, өндірумен, өңдеумен және өткізумен айналысатын Түркия-Қазақстан бірлескен кәсіпорны. 1993 жылы құрылған. ҚұралтайшыларыТүркия Ұлттық мұнай компаниясы және "Қазахойл" Рұхсатты ҚР Үкіметі 1995 жылы берген.Кәсіпорынның таяудағы жоспарлары: ашылған мұнай кен орындарын барлау және нақтылау, Кенқияқ Оңтүстік Қаратөбе және Елемес - Опор- ный жаңа мұнай құбыларын пайдалануға беру, өндірілген мұнайды темір жол арқылы сыртқы экспортқа шығаруға мүмкіндік беретін мұнайқұятын темір жол эстакадасын іске қосу. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                     Қазақстанның мұнай компаниялары 

   Шеврон  Мұнай-Газ Корпорациясы– байырғы аса ірі мұнай компанияларының бірі. 1873 жылыЛос-Анжелесте (АҚШ) құрылған. 1900 жылы компанияны Д.Рокфеллер сатып алған. Қазіргі кезде штаб-пәтері — Сан-Францискода (Калифорния штаты). Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы мұнай-газ өнеркәсібі қызметінің барлық салаларына: көмірсутектерді барлауға, өндіруге, тасымалдауға және өткізуге қатысады, сонымен бірге мұнай-химия өнімдерін өндіру, оларды бөлшек сауда бағасымен сату ісімен де айналысады. Корпорация дүние жүзінің 90-нан астам елінде жұмысжасайды, 23 елде мұнай мен табиғи газды барлап өндіреді. Қызметкерлерінің жалпы саны 34 мың адамға жуық. Ол АҚШ-та мұнай өнімдерін сататын жетекші кәсіпорын, өз елінде табиғи газөндіру жөнінен 3-орын алады. Компания жыл сайын 75 миллион тонна мұнай, 26 млрд. м3-ге жуық табиғи газ өндіреді. Қазақстанда компания бірнеше жобаға қатысады, “Теңізшевройл” бірлескен кәсіпорнының басты құрылтайшысы. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Шеврон Мұнай-Газ Корпорациясы арасындағы 1993 жылы қол қойылған келісім бойынша ол Атырау облысындағы Теңіз мұнай кенішінде 40 жыл бойына көмірсутектерді барлап, өндіреді. Ол Теңіз — Новороссийск мұнай құбырын салуға қатысты, сондай-ақ Каспий мұнай құбыры консорциумына белсене қатысушы. 

   ҚазМұнайТеңіз, теңіз мұнай компаниясы - жабық акционерлік қоғам. «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясың акционерлік қоғамының жүз пайыз қатысуымен 2003 жылдың 14 наурызында құрылды. Қызметінің негізгі бағыттары: жер қойнауын пайдалану құқығына ие болу, шикізатты барлаудың, өндірудің, оның өңдеу өнімдерін тасымалдаудың және өткізудің тікелей интеграцияланған табыскер құрылымдарын құру, сол сияқты құрылган бизнеске басшылық ету; Каспий және Арал теңіздерінің және оларга көршілес орналасқан құрлық бөлікшелерінің көмірсутек ресурстарын барлау және өндіру жөніндегі мұнай операцияларын дайындау және іске асыру; бұрынырақ құрылған немесе енді құрылып жатқан бизнеске қосылу арқылы Каспий теңізінің және онымен көршілес құрлық бөлікшелерінің көмірсутек ресурстарын барлау және өндіру жұмыстарына байланысты мұнай операцияларын іске асырудың коммерциялық жобаларын жүзеге асыруға қатынасу. «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясың акционерлік қоғамының функциялары: жер қойнауын пайдалану құқықтарын алу және оларды іске асыруды орындау жөніндегі коммерциялық жобаларды ұйымдастыру және жүзеге асыру; жер қойнауын пайдала- ну жөніндегі келісім-шарттарда мемлекеттік коммерциялық мүдделерді өкілетті мекеме функцияларын атқару арқылы қамтамасыз ету, жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісім-шарттарда үлестік қатынасқа қол жеткізу; жобаларды жүзеге асыруға және оларға қатынасуға қажетті жер қойнауын пайдалануға жасалған келісім-шарт жобаларын және өзге де құжаттарды дайындау; көмірсутек ресурстарын барлау және өндіру операцияларын жүзеге асыруды ұйымдастыру; жер қойнауын пайдалану келісім-шарттары бойынша мердігердің функцияларын қамтамасыз ету; мұнай операцияларын жүзеге асырушы заңдық тұлғалардағы үлестік қатынастарды иелену, қолдану және оларды өткізу. «ҚазМұнайТеңіз» теңіз мұнай компаниясың жабық акционерлік қоғамы 2003 жылы 16 мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің №1095 Указымен бекітілген Каспий теңізі қазақстандық секторын игерудің Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында құрылды. 

   Солтүстік-Батыс  түтіксым "Мұнай  Tac" компаниясы - Рамолық келісімге сәйкес "Кенқияқ - Атырау" мұнайсым құрылыс үшін 2001 жылы қазанның 3-ші жұлдызында "Қазақстандагы КННКИнтернационал" Қытай Ұлттық Компаниясы мен АҚНК "ҚазМұнайГаз" екеуі құрылды.

   Қуатамлонмұнай – мұнай-газ өнеркәсібінің бірлескен кәсіпорны, ЖШС «Қуат» холдингілік компаниясы мен ағылшынның «Амлон Тройдинг ЛТД» компаниясының бірлесуі негізінде Қызылордада 1994 жылы құрылған. Мұнай мен газды өндіру, барлау, тасымалдау, сыртқа шығару және өткізу ісімен айналысады.

   Қазақойл– Қазақстанның мұнай-газ өндіруші кәсіпорны. 1997 жылы мартта құрылған. Өндірістік тізбектің барлық сатыларында: кеніштерді барлаудан және мұнай-газ өндіруден бастап, ұқсатуға, түпкілікті өнімнің маркетингіне дейін мұнай операцияларын жүргізу;көмірсутектерді барлауды, өндіруді, тасымалдауды, ұқсатуды жүзеге асыратын бірлескен жобаларда мемлекеттің мүддесін қолдау және осындай жаңа жобаларды дайындап іске асыру мақсатын көздейді. Мұнай-газ кешенінен түсетін барлық салықтың 25%-дан астамы және экспорттық түсімнің 14%-ы “Қазақойлдың” үлесінде болды (2001). Компания дүние жүзінің жетекші мұнай-газ компанияларымен тығыз серіктестік қатынас орнатты. Ұлттық компанияның қарамағында мұнай өндіретін екі еншілес кәсіпорын – “Өзенмұнайгаз” және “Қазақойл-Ембі” ашық акционерлік қоғамдары жұмыс істеді. Олар 2001 жылы тиісінше 4,0 және 2,35 млн. т мұнай өндірді. Компания “Арман”, “Қазақтүрікмұнай”, “Қазақойл-Тельф” және “Матин”, бірлескен кәсіпорындарында жиыны 1 млн. т мұнай өндірді. Мұнай ұқсату секторында ішкі рынокты мұнай өнімдерімен молықтыру мәселесін шешуге үлес қосты.2000 жылы еншілес Атырау мұнай айыру зауытында 2,2 млн. т мұнай ұқсатылды, оның 80%-дан астамы “Қазақойлдың” меншікті қорларынан жеткізілді. Маркетинг аясында компания еншілес кәсіпорын – “Казахойл-Продактс” ЖШС-н құрды, ол мұнай және мұнай өнімдерін өткізумен,Қазақстан аумағында фирмалық авто- және газ құю станцияларының желісін құрумен айналысады. Қазақстанның батыс аймағында және Астана қаласында осындай станциялар ашылды. Экспорттан алынған табысты ұлғайту үшін ТМД елдерінің рыноктарын игере бастады.1999 жылдың аяғынан бастап компания Херсон мұнай айыру зауытын басқарады.Жекешелендіру тендерінің нәтижесінде зауыт акциясының 90%-ынан астамын иеленді.Компания әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруға, демеушілік көмек көрсетуге баса ден қойып келеді. Жаңа Өзен қаласында көп пәтерлі тұрғын үй, Теңге қыстағында перзентхана,мектеп пайдалануға берілді, Каспий теңізінің жағалауында екі тұрғын үй, мейманхана, демалыс базасы салынды. Мұнайшыларды экологиялық қолайсыз аймақтардан көшіру бағдарламасы шеңберінде Жаңа Қаратон қыстағында мектеп, сауда орталығы салынды, инженерлік коммуникация кешені бар үйлер құрылысы жүргізілді. Мұнайгаз кешенін басқарудың тиімділігін арттыру мақсатымен 2002 жылы 20 ақпанда “Қазақойл” ұлттық мұнай компаниясы мен “Мұнай және газ көлігі” ұлттық компаниясы қосылып, “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясына айналды. 
 

Информация о работе Мұнай компаниялары