Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 21:37, реферат
Шығыс Еуропада Румыния – ең алғаш мұнайға бұрғы салған ел. 1857 жылы әлемде тұңғыш қарамайға қол жеткізген бұл ел. АҚШ пен Ресей содан кейін барып бұл салаға түрен салды. Міне, жүз елу жылдан бері Румыния мұнай өндіру және өңдеу ісімен айналысып келеді. Қазақстан өз мұнайын Еуропа нарығына шығарарда, негізінен, мұнаймен ісі бар елдердің тәжірибесін көбірек зерттегені аңғарылады. Румын мұнай компаниясының активін сатып алуда да мәселенің осы жағына аса мән берілгені көрініп тұр.
“Қазақойл-Ембі”
– мұнай-газ өндірісі кәсіпорны. Ембі кәсіпорындарын
“Қазақойл-Тельф”
– мұнай өндірісі кәсіпорны. 1991 жылы құрылған.
Негізгі қызметі – мұнай өндіру, мұнай
мен өңделген мұнай өнімдерін ішкі және
сыртқы рыноктарға өткізу. 1999 жылы жалпы
өнім көлемі бір миллиард теңгеден асып, салық пен бюджетке,
басқа да төлем мөлшері 270 млн. теңгеге
жетті. Шығыс Көкарна сияқты кен орнын игеру
қолға алынды. 1999 жылы 260
млн. теңгеден аса қаржы жұмсады. Өткен
жылдар ішінде Жылыой ауданының
әлеуметтік саласына 25 млн. АҚШ доллары
бөлінді. Бұл қаржыға 64 тұрғын үй, дүкен,
инж. жүйелер мен басқа да қажетті нысандар
бой көтерді. Серіктестіктің қаржысы есебінен
жоғары және арнаулы техникалық оқу орындарында
40 студент оқиды, бұл мақсатқа жыл сайын
4 млн. теңге бөлінеді.
Қазақстанның мұнау өңдеу зауыттары
Атырау МӨЗ
Атырау
мұнай өңдеу зауыты өзінің айбынды
тарихымен, дәстүрлерімен және еңбектегі
жетістіктерімен мұнай айдау
саласындағы алғашқы
Зауыттың құрылысы 1943 жылы соғыс уақытының ауыр жағдайларында басталып, 1945 жылдың қыркүйек айында ол пайдалануға енгізілген болатын.
Бүгінде Атырау МӨЗ елдің ежелгі мұнай өндіру аймағында орналасқан қазіргі заманға сай ірі кәсіпорын болып табылады.
Атырау
мұнай өңдеу зауыты Қазақстанның
батыс аймағы кен орындарының
құрамында парафин мөлшері
Атырау МӨЗ қайта құрудың негізгі мақсаты ескірген құрылғыларды ауыстыру, Еуропалық Одақтың (ЕО) ерекшеліктеріне сәйкес жоғары сапалы өнімді шығару жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту, қосылған құны жоғары ақшыл мұнай өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру болатын.
Осы міндеттердің орындалуы үшін бензинді гидротазалаудың, дизель отынын гидротазалау/депарафиндеудің, изомерлеудің, газдарды аминді тазалаудың, сутегін алудың, ағынды суларды биологиялық тазартудың және күкірт өндірудің жаңа қондырғылары салынған болатын.
2007
жылдың басында Еуростандартқа (құрамындағы
күкірт 150 ррм-нен артық емес) сәйкес
келетін бензиннің және
Қазіргі кезде Атырау МӨЗ дамыту аясында мынадай инвестициялық жобалар іске асырылуда:
1.
«ЭЛОУ-АВТ қондырғысының
Жоба
құрылыс сатысында.
Жобаны іске асыру
мерзімі - 2008 - 2010 жыл.
2.
«Хош иісті көмірсутегін
Жобаның
ТЭН және ЖСҚ әзірленіп, ҚР Мемлекеттік
сараптамасы мақұлдады. ТЭН және
ЖСҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің
технология базасында орындалды. Құрылысқа
арналып алаңдар дайындалды.
Жобаны іске асыру
мерзімі - 2008 - 2013 жыл.
3.
«Мұнайды терең өңдейтін кешен
салу»
«Омскмұнайхимжоба» ААҚ Axens (Франция) лицензиары
үдерістерінің технология базасында жобалау-сметалық
құжаттамасын әзірлеуде.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.
Шымкент МӨЗ
Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 2000 жылы зауыттың Құмкөл тобы кен орындарының мұнайына ауыстырылуына байланысты дизельді отын мен керосинді гидротазалау секциясын қайта құру жүргізілді. Қазіргі кезде зауыттың белгіленген қуаттылығы жылына 5,25 млн. тоннаны құрайды.Өңделетін мұнай – Құмкөл кен орындарынан 80% мұнай мен Батыс Сібір кен орындарынан 20% мұнайдың қоспасы.Зауыттың өндірістік қуаты мынадай негізгі қондырғылардан тұрады: ЛК-6У құрама қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), мазут пен висбрекингті вакумді айыру қондырғысы.
Мұнай
өңдеу тереңдігін және мотор отыны
өндірісінің көлемін ұлғайту
мақсатында 1998 жылы мазуттың қуаттылығы
жылына 1,8 млн. тонна каталитикалық
крекинг қондырғысының құрылысы
басталған болатын, бірақ қаржы
тапшылығынан құрылыс тоқтап қалды.
Аяқталмаған құрылыс
2007 жылғы 6 шілдеде «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-тегі (Шымкент МӨЗ) 50%-ын сатып алу және оны «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ-на беру бойынша мәміле жасалды.
2009
жылы «Honeywell-UOP» (АҚШ)
Павлодар мұнай өңдеу зауыты
Павлодар мұнай өңдеу зауыты 1978 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 1978 жылы битум өндірісі жөніндегі қондырғы пайдалануға берілді. 1983 жылы МӨЗ ауқымды кеңейтілуі болды, оның ішінде терең өңдеу кешенін іске қосу да бар. 1986 жылы баяу кокстау қондырғысы іске қосылды. Зауыт Омск-Павлодар мұнай құбыры бойынша түсетін батыс-сібір мұнайының қоспасын өңдейді.
Бүгінгі күні зауыттың белгіленген қуаты жылына 5,0 млн. тонна шикі мұнайды құрайды.
МӨЗ негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), ал екіншісі – КТ-1 кешені (вакуумді айыру қондырғысы, вакуумді газойлді гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газ фракциялайтын қондырғы).
2008
жығы қыркүйекте зауытта
2009 жылы ПМӨЗ акциялық бақылау пакетін сатып алу бойынша мәміле аяқталды.
Қазақстан
Республикасындағы өнеркәсіп
ҚМГ және ЭНИ өкілдерімен бірлесіп, ПМӨЗ жаңғырту жобасын басқару жөніндегі бірлескен комиссия құрылды, ол жоба бойынша атқарылатын жұмыстарды бақылауға жауап береді.
Бренд – «ҚазМұнайГаз» («ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ)
ЖЖМ бөлшек сауда нарығын маркетингтік зерттеулер нәтижелері және тұтынушылардың пікірлері бойынша жанармай құятын стансалардың брендін өзгерту туралы шешім қабылданды.
«ҚазМұнайГаз»
жанармай құятын стансалардың жаңа дизайны
инновациялық стильді және компанияның
үздік әлемдік стандарттарға сәйкес болуға
ұмтылысын білдіреді.
Модульдік жанармай құятын стансалардың
жаңа корпоративтік дизайн үлгісіндегі
алғашқы партиясы «ҚазМұнайГаз» қайта
өңдеу және маркетингі» АҚ еншілес ұйымдарының
иелік етуіне тиді.
Жанармай құятын стансаларды автоматтандыру жүйесін енгізу жөніндегі алғашқы пилоттық жоба сәтті аяқталды, ол еңбек өнімділігін 9 пайызға арттыруға, жанармай құятын стансаларда мұнай өнімдерін бензин таситын машиналардан қабылдау кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік берді.
Жаңа технологиялар сатылатын мұнай өнімдерінің сервис сапасын жақсартуға, тұтынушыларға қызмет көрсету уақытын азайтуға ықпал ететін болады.
«ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетингі» АҚ ISO 9001:2000, ISO 14001:2004 и OHSAS 18001:1999 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін басқарудың интеграцияланған жүйесі енгізілген.
Сапаны толассыз бақылау жүйесі құрылды – мұнай өнімдерін өндіруден бастап оларды жанармай құятын стансаларда отынның сараптамасы мен сапасын бақылау жөніндегі зертханалар желісінің көмегімен сатуға дейін.
Астана, Алматы және Атырау қалаларында орналасқан үш стационар зерхана белгілі еуропалық және американдық өндірушілердің (Petrotest Instruments, Grabner Instruments, Phase Technology, PSL, Varian, Mettler –Toledo и др.) құралдарымен және жабдықтарымен жарақтандырылған.
Тоғыз мобильді сапа зертханалары (МСЗ) сатылатын отынның сапасын шапшаң тексеру үшін қажетті барлық құралдармен жарақтандырылған. МСЗ аз уақыттың ішінде (20 минуттан 1 сағатқа дейін) отынның экологиялық сипатын растайды немесе жоққа шығарады, яғни оның құрамындағы бензол, күкірт, хош иісті қосындылар, көмірсутегін (барлығы 30-дан астам параметрлер) анықтайды. Алынған деректер отынды пайдалану қауіпсіздігінің көрсеткіштері болып табылады.