Нашақорлық-қоғам дерті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:30, реферат

Описание

Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1.Нашақорлық-қоғам дерті

2. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу


ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

нашакорлык.doc

— 116.50 Кб (Скачать документ)
 

Жоспар: 

І. Кіріспе 

ІІ. Негізгі бөлім

  1. Нашақорлық-қоғам дерті

     2.  Нашақорлықтың бастапқы алдын алу      
 

ІІІ. Қорытынды 

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

      1. Егемен Қазақстан газеті. 2006 №25

      2.  «Основы физиологии человека» Агаджанян, Власова, Ермакова.

      3. Маринова Ю , Никитина А.А. «Возростная физиология» 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

            Нашақорлық-қоғам  дерті
            Ғасыр індеттерінің бірі нашақорлық бұдан былай да адамзат  тұрған жерде жойылмақ емес деген шешімге келген шетелдік ғалымдар мұны өркениетпен бірге жүретін қара құрт деп отыр. Осы індеттен қаржылық жағынан зиян шегіп отырған Америка Құрама Штаттары нашақорлыққа қарсы күрес жүргізудің үш тұжырымдамасын іске қосу мүмкіндіктерін қарастыруда. Біріншісі, АҚШ-тың өз ішіндегі сондай-ақ, елден тыс жерлердегі есірткі саудасымен айналысатындар және оны өндіретіндермен қатаң күрес жүргізу туралы айтылып, есірткіге қарсы заңдарды күшейту сынды дәстүрлі тәсілдерді жанжандыру қажеттілігі қарастырылған. Алайда, ол елде мұндай іс-шараларды сынап-мінеушілер де шығып отыр. Олар нашақорлықты түп қазығымен жойып жіберуі мүмкін емес екенін, өйткені есірткі пайдалану немесе тұтыну қай кезде де өркениеттің ажырамас бөлігі екендігін алға тартуда. Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.

           Нашақорлармен жұмыс істеу жалпы кезең-кезеңімен жүргізіледі. Бұл айтылған кезеңдердің ең біріншісі науқастың организмін ауыр халден босатып, аяғынан тұрғызу болып табылады. Ал бұдан кейінгі кезең-психологиялық көмек беру, екінші жұмыс алғашқыдан біраз күрделілеу. Өйткені, нашақорларды құрдымға кетіретін де олардың ішкі жандүниесінің әлсіздігі. Бұдан кейінгі емдеу жұмысы оларды еңбекке жарамды ету яғни реабилитация кезеңінен өткізу керек. Бір айта кететініміз нашақорлық тек медициналық ауру емес, бұл негізінен әлеуметтік дертке жақынырақ. Нашақорлықтан біржола құтылу мүмкін емес шығар сірә. Осы орайда, тағы да әлемдік зерттеулерге жүгінетін болсақ, есірткіге қарсы заңдарды қатайтудың салдарынан аз-маз мөлшерде есірткімен ұсталып жазықты болғандар есебінен әсіресе, дамыған елдерде темір торлар тұтқындарға толып кететінге ұқсайды. Құқық қорғау органдары ролінің күшейуі полицейлер мен арнайы қызмет мамандары тарапынан қызмет бабын асыра пайдаланушылыққа, заңды белден басып, бұрмалай қолдануға жол ашылады деп болжануда. Осындай іс-әрекет қарапайым халықтың азаматтық құқығын шектеуге ұрындырары хақ дейді ғалымдар. Қалай болғанда да Нарколог-мамандар мен ғалымдар және салауатты өмір салтына болысатындар түрлі амал-тәсіл ойлап табумен әлек. Ал нашақорлар болса, мұндай шараларадан бейхабар болуы былай тұрсын тіпті, өзінің болашағын ойлаудан да қалған.  
        Жоғарыда айтып кеткен АҚШ тұжырымдамасының Екінші бөлігінде есірткі тұтынуды азайтуға ерекше көңіл бөлу жағы қарастырылады. Әсіресе жұртшылық арасында бұған қарсы үгіт-насихат жумыстарын жургізуге баса назар аудару қажеттілігі айтылады. Есітркі саудагерлерін барынша қатаң жазаға тарту қажет. Ал, есірткіні тұтынғаны немесе сақтағаны үшін жазықтылар ауыр жазаға тартылуы тиіс. Мұндай стратегияны сынаушылар салауатты өмір сүру салтын насихаттау есірткі тұтыну деңгейін төмендетуге қауқары жетпейді деп пайымдайды. Сондай-ақ, есірткі саудагерлерінің нақты жазасын алмауы да есірткінің таралуына жол ашып, оның дәмін татып көруге бой ұрған адамдардың қатарын көбейте түседі деген қорытынды жасайды.  
         Біздің елдегі дәрігерлердің айтары АҚШ ғалымдарының үшінші тұжырымдамасына сәйкес, онда нашақорларға ықпал ету тәсілін өзгертуді ұсынады. Оларды қылмыскер ретінде емес, ауруға душар болған адамдар деген тұрғыдан қарап, жазалаудың орнына қайта емдеу қажет дегенді көлденең тартады. Мемлекет есерткі пайдалануды қылмыстық әрекетке жатқызбай, оның жарияланғанына жол ашқан жағдайда ғана олардың сатылуына бақылау жасауға мүмкіндік туады делінеді. Сөйтіп, жастардың қолына есірткіні түсіруге жол бермеу керектігі де түртілген. Сонымен бірге бұл стратегия қылмыстық топтардың күш-қуатын әлсіретеді. Ал, қарсы пікір айтушылар есірткінің болуы оның анағұрлым кеңінен таралуына жол ашады. Ал, есірткіге тәуелділіктен құтқаруға кепілдік беретін құрал әзірге қолда жоқ деп есептейді. Есірткі АҚШ-та ХІХ ғасырда пайда болды. Дәрігерлер алдына келген науқастарға, сай-сүйегіндей сырқырайтын ауруды басып, тез ұйықтататын дәрі-дәрмек ретінде адам ағзасынынң жалпы күш-қуатын арттыратын морфи мен апииннан алынатын препараттарды қолданатын.

          Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2006-2014 жылдарға арналған стратегиясы (бұдан әрі - Стратегия) Қазақстан қоғамының одан әрі дамуы, Қазақстан Республикасы азаматтарының құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету мүддесінде әзірленді. 
      Стратегия "Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 4 желтоқсандағы N 735 Жарлығының негізгі қағидаларына жауап береді, онда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болып айқындалған. Онда Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекеттердің басшылары 1999 жылғы 25 тамызда жариялаған Бішкек декларациясының, 2000 жылғы 21 сәуірде Ташкент қаласында Орталық Азия экономикалық қоғамдастығына қатысушы мемлекеттердің басшылары қол қойған Терроризмге, саяси және діни экстремизмге, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа және Тараптардың тұрақтылығына өзге де қатерлерге қарсы күрес жөніндегі бірлескен іс-қимыл туралы шарттың, сондай-ақ осы саладағы басқа да нормативтік құқықтық актілердің ережелері ескерілген.      

             Стратегия ахуалға  және ел Президентінің 2005 жылғы  18 ақпандағы "Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел  жаңару жолында" атты Қазақстан  халқына Жолдауында айтылған мемлекеттік органдар қызметінің перспективаларын бағалауға негізделген, онда нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес мемлекеттің басымдық міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.      

             Стратегияның  заңнамалық базасын "Есірткі,  психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы құрайды. 
      Стратегияда Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 16 мамырдағы N 394 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2001-2005 жылдарға арналған мұның алдындағы стратегияны және оны орындау үшін қабылданған 2000-2001, 2002-2003 және 2004-2005 жылдарға арналған бағдарламаларды іске асыру барысында қол жеткізілген нәтижелер баяндалған. 
      Осы Стратегия Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2005 жылғы 20 мамырдағы отырысының N 3 хаттамасына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 13 сәуірдегі N 411 қаулысына сәйкес әзірленді. 

            Проблеманың жай-күйін талдау      

             Қазіргі таңда  Қазақстан қоғамының алдында  тұрған және шұғыл шешуді талап  ететін өзекті мәселелердің ішінде  ел халқының денсаулығына және  тұтастай алғанда ұлттық қауіпсіздікке  төнген жаһандық қатер ретінде нашақорлықтың және есірткі бизнесінің өсу проблемасы алдыңғы орындардың біріне шығып отыр.     

             Соңғы 10 жыл  ішіндегі Қазақстандағы есірткі  ахуалына жасалған талдау республикада  оның тұрақты келеңсіз серпінге  ие айтарлықтай асқынуымен сипатталатындығын көрсетеді. 
      Қазіргі кезде Орталық Азия өңірі әр алуан шығу түрлері мен нысандардағы есірткілердің экспансиясына ұдайы ұшырап отыр. Оның негізгі себептері:    

             1) есірткі қаупінің  көзі болып табылатын мемлекеттерге  тікелей жақындығы, Еуропаға есірткі құралдарын контрабандалық жеткізу үшін географиялық жағынан қолайлы орналасуы және кеңейіп келе жатқан транзиттік мүмкіндіктер;      

             2) шекараларының  ұзындығы, посткеңестік елдермен  шекаралас учаскелерде демаркациялық  жұмыстардың аяқталмауы және соған байланысты олардың сырттан есірткінің енуінен жеткілікті түрде қорғалмауы; 
      3) Ауғанстанда есірткі заттарын өндірудің одан әрі өсуі, есірткі зертханаларының елдің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен (ТМД) тікелей шектесетін солтүстік провинцияларына көшірілуі және құрылуы; 
      4) Еуропадан келетін синтетикалық есірткілер контрабандасы көлемінің ұлғаюы болып отыр. 
      Республика өзінің географиялық орны жағынан іс жүзінде есірткіні заңсыз өндірудің және өткізудің әлемдік нарықтары орталығында қалып отыр, бұл біздің еліміздің есірткі бизнесімен байланысты халықаралық қылмыстық ұйымдар мен топтардың мүдделері аясына тартылуына объективті түрде ықпал етеді. 2004 жылы көп сатылы шұғыл іс-шаралар жүргізу нәтижесінде 2003 жылмен салыстырғанда есірткі 9 еседен көп алынды (2003 жылы - 192,518 кг болса, 2004 жылы - 1769,020 кг), ал 2005 жылдың қаңтар айынан бастап қыркүйек айын қоса алғандағы кезеңде 21635 кг-дан астам есірткі алынды. 
      Қазақстан аумағымен есірткі жолдарының өтуі республикада есірткіге тәуелді азаматтар санының көбеюіне айтарлықтай ықпал етеді. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың есірткі бизнесін бақылауға алуға ұмтылысына байланысты Қазақстанға есірткіні әкелудің, олардың транзиттік жөнелту көлемінің одан әрі ұлғаятынын, сондай-ақ ірі әкелу-әкету пункттерінің құрылуын болжауға болады. Осыған орай елде қылмыстық қызметке тартылатын азаматтар санының ұлғаю мүмкіндігі артады. 
      Мұны Қазақстанда тіркелетін есірткі қылмыстары санының 2003 жылғы 9 мыңнан 2004 жылғы 11 мыңға дейін және 2005 жылдың 9 айында 7 мыңға өсуі көрсетеді. 
      Есірткі бизнесінің ауқымын кеңейту үшін ұйымдасқан қылмыстық топтар билік өкілдерімен байланыс орнатуға ұмтылады, шекара маңындағы аудандардағы жалпы ахуалға ықпал етуге, оларды есірткі контрабандасының әкелу-әкету базасына айналдыруға тырысады. Орталық Азияның шекаралас мемлекеттеріндегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақсыздығы билік өкілдерінің ұйымдасқан қылмыстық наркотоптар бастаушыларымен араласуы үшін алғышарттар туғызады. Қоғамның әр түрлі топтарына барынша қатты қысым көрсететін есірткі лоббилерінің құрылу мүмкіндігі де елеулі қауіп төндіреді. 
      Халықаралық есірткі синдикаттары мен ұйымдасқан қылмыстық топтардың Қазақстан аумағын есірткі тасымалдау үшін транзиттік дәліз ретінде пайдаланудан аса жоғары пайда табуы біздің азаматтарды есірткі пайдалануға барған сайын көптеп тартуға жағдай туғызады. Алайда есірткі саудасынан түскен кірістерді "тазарту" фактілері іс жүзінде анықталмайды. 
      Соңғы жылдары республикада есірткі пайдаланатын адамдар қатарының (2004 жылы - 47903 адам, 2005 жылдың 6 айында - 51633 адам), сондай-ақ есірткіні өткізу фактілері санының (2004 жылы - 4435 факті, 2005 жылдың 6 айында - 2334 факті) өсуі байқалады.      

             Қазақстан үшін  қысқа мерзімді және орта мерзімді  перспективада есірткі бизнесі мен нашақорлықтың өсу проблемасы қоғамның мынадай маңызды салаларына елеулі нұқсан келтіруі мүмкін. 
      Әлеуметтік салада - бұл ұлттың салауатты тектік қорының сақталуына төнетін қатер.       Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің деректеріне сәйкес (2005 жылғы 30 маусымдағы жағдай бойынша) есірткі құралдары мен психотроптық заттарды теріс пайдаланатын 51633 адам есепте тұрады, бұл 2004 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8,6 % артық, оның ішінде 4866 әйел (4,1 %-ке артық), 3942 кәмелетке толмағандар (218,2%-ке артық), оның ішінде 14 жасқа дейінгілерді қоса алғанда - 771 (294,1 %-ке артық). Әйелдер мен кәмелетке толмағандар арасында есірткіге тәуелділер санының өсе түскені айрықша алаңдаушылық тудырып отыр.     

             Сараптамалық  бағалар бойынша еліміздің әрбір  он бірінші тұрғыны есірткі  қаупі аймағына түседі.      

             Саяси салада - бұл есірткі мафиясы өңірлік  және ұлттық тұрақтылыққа мүдделі  еместігінен туындайтын қауіп.  Есірткіден түсетін пайда Орталық Азия өңірі мемлекеттеріне әсер етуге тырысатын күштерді қолдауға жұмсалады. Есірткі проблемасы халықаралық терроризмді және діни экстремизмді қаржыландырумен тығыз ұштасқан. 
      Экономикалық салада - бұл өтпелі кезеңде есірткі бизнесінің дамуы мен нашақорлықтың өсуі үшін жағдайлар туғызатын экономикалық проблемалардың шиеленісуі. Орталық Азия елдеріндегі есірткі ахуалының нашарлауына ықпал ететін факторлардың қатарында халық кедейшілігінің жоғары деңгейінің сақталуын, жұмыссыздықты және көлеңкелі шаруашылық қызметінің дамуын айтуға болады.     

             Бүгінгі таңда  Қазақстанда есірткі нарығын  қарқынды құрылымдық қайта құру  жүруде, өсімдік тектес дәстүрлі  есірткілерді (марихуана, гашиш және  т.б.) "ауыр" есірткілермен (ең  алдымен героин) ауыстырудың белсенді  процесі жүріп жатыр. Әсері күшті, қымбат тұратын және денсаулыққа барынша қауіпті синтетикалық есірткі құралдары мен психотроптық заттарды (ЛСД, экстаздар, амфетаминдер) пайдалану артып отыр. 
      Қалыптасқан ахуалдың күрделілігі мен оның маңыздылығын Қазақстанның барлық облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты жүргізген, жасы 18-ден жоғары 12000 адам қатысқан әлеуметтік сауалнаманың нәтижелері де дәлелдейді. Сауалнамаға қатысушылардың басым көпшілігі нашақорлық пен есірткі бизнесінің таралуын барынша күрделі қатерлердің бірі деп есептейді. Атап айтқанда, сауал салынғандардың 30,3 %-і есірткінің таралуы - бүгінде Қазақстан үшін ең өткір проблема деп мәлімдеген.      

             Әділет министрлігі  Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің  деректері бойынша 2003 жылы түзеу  мекемелерінде ұсталатын сотталғандарда 15561 наркологиялық ауытқу тіркелген  (2002 жылы - 14375), олардың 8871-і есірткі  препараттарын пайдалану салдарынан  болған. 2005 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша түзеу мекемелерінде есірткіге тәуелді 4094 адам ұсталды, олардың 2560-ы мәжбүрлеп емдеудегі адам, 1534-і сот шешімі бойынша емдеуден босатылған, 425-і әйелдер, 7-еуі кәмелетке толмағандар. 2004 жылдың осындай кезеңінде есірткіге тәуелді 4364 адам ұсталған, олардың 2637-і мәжбүрлеп емделген, 1727-сі сот шешімі бойынша емдеуден босатылған, 557-сі әйелдер, 17-сі кәмелетке толмағандар. 
      Наркологиялық ауытқулармен ауыратын адамдарды емдеуді және оңалтуды, есірткіге деген сұранысты қысқартуға бағытталған мақсатты республикалық және өңірлік бағдарламаларды іске асыруды, нашақорлықты емдеудің қазіргі заманғы әдістерін әзірлеуді және енгізуді, сондай-ақ нашақорлыққа анағұрлым көп ұшыраған өңірлерді анықтауды құрамында "Нашақорлықтың медициналық-әлеуметтік проблемалары республикалық ғылыми-практикалық орталығы" (бұдан әрі - НМӘП РҒПО) РМҚК, "Психиатрия, психотерапия және наркология республикалық ғылыми-практикалық орталығы" мемлекеттік мекемесі бар республикалық денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау органдарының наркологиялық қызметтері жүзеге асырады. 
      2005 жылдың алты айында нашақорлықпен бастапқы ауыру 100 мың халыққа шаққанда 323 оқиғаны құрады (2004 жылы - 318). Бастапқы ауырудың жоғары көрсеткіштері Павлодар (828), Атырау (735), Шығыс Қазақстан (526), Ақмола (492) және Қарағанды (373) облыстарында тіркелді. 
      Есірткіге тәуелділердің арасында АҚТҚ/ЖҚТБ-нің таралу проблемасы айрықша алаңдаушылық тудырады. ЖҚТБ-ның алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталықтың деректері бойынша 2005 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда АҚТҚ жұқтырған 5090 адам ресми түрде тіркелген, оның ішінде егу арқылы қабылданатын есірткілерді пайдаланатындар 63,4 %-ті құрайды. Осы ретте АҚТҚ-ны жыныстық жолмен жұқтыру 25,5 % -ті құрайды. 
      Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес проблемалары айқын халықаралық сипатқа ие, осыған байланысты тек қана мемлекеттік деңгейде шешілуі мүмкін емес. 
      Қазақстан есірткіге қарсы қызметтегі халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамытуда айтарлықтай ілгерілеуге қол жеткізді. Бірқатар үкіметаралық және ведомствоаралық келісімдер мен шарттар жасалды. ТМД мемлекеттерімен қатар АҚШ, Канада, Еуропалық Одақ елдері осы саладағы біздің дәстүрлі әріптестерімізге айналды. 
      Мұның алдындағы Стратегия мен оны орындау үшін қабылданған бағдарламалық құжаттардың нәтижелерін талдау барлық жоспарланған іс-шаралар толық көлемде орындалғанын дәлелдейді. Қазақстанда есірткінің айналымы саласында бірыңғай және теңестірілген мемлекеттік саясат қалыптасты және іске асырылуда, елдегі есірткі ахуалының дамуына мемлекеттік және әлеуметтік бақылау орнатылды. Оны тұрақсыздандыруға және оның Қазақстанның ішкі және сыртқы қауіпсіздігінің жай-күйіне, халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына теріс ықпал етуін шектеуге қол жеткізілді. 
      Солай бола тұра, проблема өткірлігі бәсеңдер емес, оған бір-бірімен өзара байланысты бірқатар факторлар әсер етеді, олардың бірі біздің еліміз арқылы есірткі, ең алдымен Ауғанстанда жасалған есірткі трафигінің күшеюі болып табылады. Ауғанстанмен шекаралас өңірлерде есірткіге қарсы белдеу ұру жөніндегі құқық қорғау шаралары кешенін іске асыруды шұғыл қолға алу қажеттілігі барған сайын артып отыр. 
      Сонымен бірге есірткі бизнесіне қарсы уәкілетті мемлекеттік органдар қолданып отырған кешенді іс-қимыл шаралары қалыптасқан жағдайға толық барабар емес, есірткіге тәуелділіктің алдын алу, есірткіге тәуелділерді емдеу және кейіннен оңалту проблемасы тиісті деңгейде шешілмейді. Осыған орай және қалыптасқан жағдайға жедел ден қойып, нашақорлықтың бастапқы алдын алу жөнінде қажетті шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінің Қазақстан Республикасындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті орган ретіндегі құқықтық мәртебесін дамыту мен жетілдіруге ерекше назар аудару қажет болады. 
      Проблеманың өткірлігі осы бағыттағы жұмыстың барынша жетілдірілген нысандары мен әдістерін әзірлеу және іске асыру қажеттілігін негіздейді. 

Информация о работе Нашақорлық-қоғам дерті