Нашақорлық-қоғам дерті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Ноября 2011 в 14:30, реферат

Описание

Ал, біздің елдегі нарколог-мамандар да мұнымен күресудің қашанда күрделі екендігін тағы да нақтылады.

Содержание

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім
1.Нашақорлық-қоғам дерті

2. Нашақорлықтың бастапқы алдын алу


ІІІ. Қорытынды

IV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Работа состоит из  1 файл

нашакорлык.doc

— 116.50 Кб (Скачать документ)

              Нашақорлықтың бастапқы  алдын алу      

             Қазақстандық  қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік  мәдени факторлары (моральдық-этикалық  нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді. 
      Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс. 
      Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс. 
      Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді. 
      Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет. 
      Аталған міндет екі негізгі құрамдас бөліктің болуын көздейді: ПБЗ-ны теріс пайдаланудың алдын алу мәселелері жөніндегі білім беру мекемелерінің қызметкерлерін даярлау, қайта даярлау процесін жолға қою және олар бойынша педагогтар алдын алу жұмысымен айналыса алатындай арнайы әдебиет пен құралдар шығаруды ұйымдастыру қажет. 
      Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің "жеңіл" стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс. 
      Бұдан басқа, тікелей есірткіге қарсы насихат есірткіге қарсы жарнаманың орналасуын және баспа және электронды БАҚ-та жүйелі қоғамдық-саяси, талдамалық және көркем жарияланымдарды дайындауды, сондай-ақ есірткіге қарсы тақырыптағы тұрақты теледидар бағдарламалары мен хабарларын ұйымдастыруды және өткізуді қоса алғанда, мемлекеттік тапсырысты орындайтын бұқаралық ақпарат құралдарында болуға тиіс. 
      Есірткіге қарсы қоғамдық ұстанымды күшейтудің маңызды факторы жастар арасындағы патриоттық көңіл-күйдің өсуі болып табылатындықтан, кең көлемді мәдени-тәрбие жұмысын және оқушылардың, студенттердің, олардың ата-аналарының арасында есірткіге қарсы белсенді насихат жүргізуді негізге ала отырып, оқушылар мен студенттердің "Нашақорлық - Қазақстанның болашағына төнген қатер" атты бүкіл қазақстандық қозғалысын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды жалғастыру қажет. 
      Кәмелетке толмаған балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қоғамдық құнды ынталары мен бейімділіктері негізінде ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бұл үшін спорттық секциялар, қызығушылығы бойынша шығармашылық үйірмелер, аула клубтары желілерін жер-жерлерде кеңейту, балалардың бос уақытын ұйымдастыру кезінде пікір сайыстар, дискотекалар, плакаттар мен суреттер конкурстарын, викториналарды және есірткіге қарсы бағыттағы басқа да іс-шараларды өткізуді көздеу қажет. 
      Сонымен бірге, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 27 қарашадағы N 1190 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясат тұжырымдамасын негізге ала отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 шілдедегі N 999 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында әйелдердің жағдайын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарға сәйкес бұл жұмысқа салауатты өмір салты, отбасын жоспарлау орталықтарын және әлеуметтік саладағы басқа да агенттерді тарта отырып, әйелдердің, әсіресе фертилді жастағылардың, есірткі қабылдамауға деген тұрақтылыққа бағытталған толық ауқымды үгіт саясатын жүргізу қажет. 
      Бұдан басқа, есірткіге иммунитетті қоғамның өзі қалыптастыруы тиіс. Мемлекет нашақорлықтың және есірткі бизнесінің таралуына қарсы күресте азаматтық қоғам институттары, түрлі қоғамдық-саяси және үкіметтік емес ұйымдар, жекелеген азаматтар арасында бастамашылықты дамыту және көтермелеу үшін барлық қажетті жағдайларды жасауы қажет. Алдын алу жұмысына мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру арқылы үкіметтік емес ұйымдарды неғұрлым белсенді түрде тарту, қызметі ПБЗ-ға тәуелділіктің бастапқы алдын алуға бағытталған қазіргі қоғамдық ұйымдарды қолдауды жүзеге асыру және жаңаларын құруға барынша жәрдемдесу, осы салада ғылыми-талдамалық және зерттеу жұмысын жүргізу қажет. 
      Дінге сенетіндер мен олардың жақындарының есірткіні қабылдамауын орнықты қалыптастыру бойынша діни конфессиялармен тығыз ынтымақтастықты ұйымдастыру қажет. 
      Нашақорлықтан зардап шегетін адамдарға деген теріс көзқарасты жеңу мемлекет пен қоғамдық ұйымдар қызметінің негізгі бағыттарының бірі болуға тиіс. 
      Аталған іс-шаралар кешені есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыруға және қоғамның есірткіге бейімделуінің әлеуметтік-мәдени факторларының әсерін төмендетуге мүмкіндік береді. 

              Есірткіні теріс  пайдаланатын адамдарды емдеу және 
әлеуметтік оңалту      

             Тәуелсіз сарапшылардың  бағалаулары бойынша есірткіні  шамадан тыс пайдаланудан Қазақстанда  әр тәулікте төрт адам қайтыс  болады. Елде соңғы 12 жылда нашақорлықпен  ауыратын адамдардың жалпы саны 10 есеге, оның ішінде жасөспірімдер арасында 17 есеге артты. Сондықтан да Стратегияның осы бөлігі қазіргі заманғы әлеуметтік індеттердің таралуының негізгі тетіктерін зерделеу саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер бағдарламасын іске асыруды (ЖҚТБ/АҚТҚ-мен бірге жүретін есірткіге тәуелділік; қылмыстық, діни-экстремистік, террористік ұйымдарға тартумен психологиялық тәуелділік); жоғарыда аталған әлеуметтік індеттерге халықтың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыру технологиясын әзірлеумен және олардың Қазақстан Республикасының аумағына таралуына тиімді түрде тосқауыл қоюды қамтамасыз етумен байланысты зерттеулер жүргізуді; ПБЗ-ға тәуелділердің алдын алудың, диагностикалаудың, емдеу мен оңалтудың неғұрлым тиімді технологияларын әзірлеу және Орталық Азия елдеріне тарату мақсатында НМӘП РҒПО базасында Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының (бұдан әрі - БҰҰ ЕҚБ) өңірлік Ресурстық ғылыми-ақпараттық орталығын ұйымдастыруды; НМӘП РҒПО жанынан "нашақорлық", "клиникалық психология" және "әлеуметтік психология" мамандықтары бойынша диссертациялық кеңестер ұйымдастыруды көздейді. 
      Қойылған міндеттерді орындау үшін ел халқының психикалық денсаулығын және психологиялық тұрақтылығын қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасын одан әрі жетілдіруді, республикада психотерапевтік, консультативтік-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жүйесін дамытуды жалғастыру қажет болады. 
      Қазақстан Республикасының наркологиялық емдеу-алдын алу мекемелерінің құрылымдарын, технологияларын, штаттық қамтамасыз етілуін және материалдық-техникалық базасын қазіргі заманғы наркологиялық көмекті ұйымдастырудың заңнамада бекітілген стандарттарына қатаң түрде сәйкес келтіру, қазіргі заманғы әлеуметтік індеттерге тартылуға халықтың, психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруды тікелей қамтамасыз ететін, Қазақстан Республикасының халқына психотерапиялық, консультативтік-психологиялық, әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету жүйесі мекемелерінің (бөлімшелердің, кабинеттердің) технология, кадрмен қамтамасыз ету құрылымдарын аталған айқындамалар бойынша бекітілген кәсіби стандарттарға сәйкес келтіру. 
      Наркология, психотерапия, клиникалық және консультативтік психология, наркологиялық, психотерапевтік және медициналық-психологиялық көмек жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс бейіндері бойынша мамандарды даярлауға қойылатын жаңа біліктілік талаптарын, сондай-ақ үздіксіз оқыту бағдарламаларын әзірлеу және бекіту керек. Денсаулық сақтау саласы және әлеуметтік сала мамандарын есірткіге қарсы қазіргі заманғы технологиялар бейіні бойынша кең ауқымды оқыту керек. Перспективті мамандарды шетелдік мамандандырылған оқу орындары мен клиникаларда оқыту; Қазақстан Республикасының мамандандырылған оқу орындарында әлеуметтік педагогтарды, мектеп психологтарын, валеологтарды, салауатты өмір салты орталығының қызметкерлерін қашықтықтан оқытуға арналған бейнематериалдарды тарату; педагогтар, мектеп психологтары, әлеуметтік педагогтар, әлеуметтік қызметкерлер мен тәрбие және білім беру жүйесіндегі әлеуметтік жұмыс жөніндегі мамандар үшін есірткіге қарсы тақырып бойынша арнайы білім беру циклдерін әзірлеу және жүргізу керек. 
      Стратегияны іске асыру барысында Қазақстан Республикасының халқын қазіргі заманғы әлеуметтік індеттерге (ЖҚТБ/АҚТҚ-мен бірге жүретін нашақорлық, қылмыс, терроризм, діни экстремизм) тартылуға азаматтардың психологиялық тұрақтылығын қалыптастыруды қамтамасыз ететін тиімді бастапқы алдын алу бағдарламаларымен, жоғары қатерлі топтардың, оның ішінде кәмелетке толмағандар мен әйелдердің аталған індеттерге тартылуына психологиялық тұрақтылық қасиеттерінің жедел дамуын қамтамасыз ететін бастапқы-алдын алу бағдарламаларымен толыққанды қамту көзделетін болады; Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарында әрбір тест тапсырушының химиялық және психологиялық тәуелділікке тартылу қатерінің дәрежесін айқындай отырып, аталған қатерді төмендету жөнінде неғұрлым оңтайлы ұсынымдар беру арқылы автоматтандырылған психологиялық тестілеудің арнайы компьютерлік бағдарламаларын, сондай-ақ алдын алу бағытындағы: "Тиімді отбасының өз бетімен үйрену құралы", "Тиімді ата-ананың өз бетімен үйрену құралы" атты екі ақпараттық оқу құралын әзірлеу және тарату; Қазақстан Республикасының барлық оқу орындарын НМӘП РҒПО-ның ғылыми зертханаларында әзірленген, есірткіге қарсы мектепке арналған бейнеқормен және кітапханамен қамтамасыз ету; Орталықтың қызметкерлері әзірлеген, есірткіге қарсы отбасылық бейнеқорды қажет ететін барлық адамдар үшін еркін қол жетімділікті қамтамасыз ету; НМӘП РҒПО жанынан филиалдары Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде жұмыс істейтін психологиялық-педагогикалық алдын алу, оңалту және әлеуметтік қайта бейімдеу ғылыми-эксперименттік зертханасын ұйымдастыру және жабдықтау керек. 
      Қайталама алдын алу үшін алдыңғы қатарлы отандық және шетелдік технологиялардың негізінде ПБЗ-ға тәуелділерді диагностикалаудың, емдеудің, оңалтудың клиникалық стандарттарын, сондай-ақ әр түрлі сатыдағы наркологиялық көмек көрсету бағдарламаларының кең ассортиментін әзірлеу және енгізу; мамандандырылған наркологиялық көмек көрсетудің әр түрлі режимдерін (аутрич, диспансерден тыс, амбулаторлық, жартылай тұрақты, тұрақты, мамандандырылған тұрақты, рецидивтікке қарсы) ұйымдастыру; ПБЗ-ға тәуелділер контингентін пациенттердің ұзақ және сапалы ремиссиясын, есірткіге тәуелділіктен босатуды (25-30%-ке дейін) қамтамасыз ететін медициналық-әлеуметтік оңалтудың әр түрлі әдістерімен және түрлерімен толыққанды қамту қажет. 
      Үшінші алдын алу үшін Қазақстан Республикасының наркологиялық көмек көрсету жүйесіне қызметтердің барынша көп мүмкін болатын түр-түрі бар (диагностика мен коморбидтік дерттерді емдеуді қоса алғанда) үшінші алдын алудың (зиянды төмендету) әр түрлі бағдарламаларын әзірлеу және енгізу; есірткілерді егу арқылы нақты тұтынушылардың кемінде 80 %-ін үшінші алдын алу бағдарламаларымен қамту, осы бағдарламаларға үшінші алдын алу бағдарламаларымен қамтылған есірткі тұтынушылардың жалпы санының жыл сайын 20 %-ін ауыстыруды қамтамасыз ете отырып, толыққанды емдеу-оңалту бағдарламаларының шеңберіне дәлелді кеңес беру және психотерапия компонентін міндетті түрде қосу; ЖҚТБ/АҚТҚ-ның таралу серпінін және аталған індетке қатысты зиянды төмендету бағдарламаларының бастапқы алдын алу функциясының тиімділігін бақылау мақсатында есірткілерді егу арқылы тұтынатындардың арасында ұдайы эпидемиологиялық қадағалау өткізу қажет. 
      Емдеу мен оңалтуды үйлестіру мақсатында ПБЗ-ға тәуелділіктің таралу проблемасын шешу үшін әлеуметтік саланың ресурстарын (материалдық-техникалық, ұйымдастырушылық, кадрлық, ақпараттық және т.б.) топтастыру; психикалық денсаулық және психологиялық көмек қызметтерінің (наркологиялық, психиатриялық, психотерапевтік, медициналық-психологиялық) есірткіге қарсы қызметтің, сондай-ақ осы проблемаға тікелей және жанама қатысы бар медициналық қызметтердің (наркологиялық, салауатты өмір салтын ұстау орталықтары, АҚТҚ орталықтары, жұқпалы, тері-венерологиялық, терапевтік және басқалары) бірлескен жоспарларын әзірлеу; әлеуметтік саладағы есірткіге қарсы қызметтің (денсаулық сақтаудың, білім берудің, тәрбиелеудің бейінді мекемелері, БАҚ, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдар, қорлар және басқалары) негізгі агенттерімен бірге бірлескен жоспарлар әзірлеу қажет. 
      Стратегияны іске асыру барысында НМӘП РҒПО базасында Орталық Азия елдерінде әлеуметтік саланың есірткіге қарсы бейіндегі мамандарын даярлау үшін халықаралық білім беру орталығын, Орталық Азия елдерінің (БҰҰ ЕҚБ бекітілген стратегиясын іске асыру шеңберінде) халқына наркологиялық көмек көрсету жүйесін нығайту үшін ПБЗ-ға тәуелділік проблемасы жөніндегі өңірлік Ресурстық ғылыми-ақпараттық орталық ұйымдастыруды көздейтін нашақорлықты емдеу мен оңалту саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жолға қою; есірткіге қарсы бағыттағы қолданыстағы және жоспарланып отырған халықаралық жобаларды іске асыруға республикалық наркологиялық мекемелер мен ұлттық үйлестірушілердің белсене қатысуын, наркология және психотерапия бойынша халықаралық конференциялар өткізуді қамтамасыз ету қажет.
 
 
 

Информация о работе Нашақорлық-қоғам дерті