Өндіріс объектілерін жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен норм

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Апреля 2013 в 15:52, реферат

Описание

Өндіріс объектілерін жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" Санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен нормалары (әрі қарай санитарлық ережелер) өндіріс объектілерін жобалаумен, салумен, қайта салумен және эксплуатациялаумен қызметі байланысты жеке және заңды тұлғалар мен ұйымдарға тағайындалған.

Работа состоит из  1 файл

экология СОЖ.docx

— 49.03 Кб (Скачать документ)

 

      109. Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға оның сәйкестілігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана орталықтандырылған канализациялық торапқа өндірістік ағынды суларды жіберу жүзеге асырылады.

      Өндірістік объектілердегі ағынды суларды тазарту бойынша локальды тазарту қондырғыларының қажеттілігі жобалау кезінде анықталады.

 

      110. Қалалық  тазарту қондырғыларына жіберілетін  ағынды сулардың құрамында өндірістің лабораториясы мен бақылаушы органдардың оңай анықтау әдістері жоқ зиянды заттар болмауы керек.

 

      111. Техникалық  сумен қамтамасыз етудің жабық  және ашық жүйелеріндегі технологияның  қажеттілігіне өндірістік объектілердің тазартылған ағынды суларын пайдалану мүмкіндігі туралы мәселе, санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге олардың сәйкестілігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда, әр нақтылы жағдайда шешілуі керек.

 

      112. Өндірістік ағынды сулардың және руданы бұрғылау кезінде түзілетін ұсақ ұнтақталған тау жынысын сақтау орнының тоған-жинаушысының, тұндырғыштарының құрылысы грунт және пластаралық жер асты суларының және олармен гидравликалық байланысты беткі су объектілерінің ластану мүмкіндігін шектеуі керек.

 

      113. Елді  мекенді сумен қамтамасыз етудің  орталықтандырылған жүйесі және канализациясы болмағанда, жергілікті жүйелер қарастырылады.

 

      114. Құрамында  радиоактивті заттары бар ағынды  суларды бөліп әкету жағдайы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 1999 жылдың 9 желтоқсандағы N 10 НРБ-99 туралы қаулысын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен 2003 жылы 13 қаңтарда N 97 бекітілген, Қазақстан Республикасы мемлекеттік нормативтік құқықтық актілер реестрінде N 2198 тіркелген, "Радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің санитарлық-эпидемиологиялық талаптары" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларының талаптарын басшылыққа алу керек.

 

      115. Ағынды  суларды беткей су қоймаларына  бұрғанда зиянды заттардың түсуінің мүмкіндік шегінің (ТМШ) жобалары және оған жеткізетін шаралары жасалуы керек. ТМШ-ін басқа өндіріс ұйымдарының ағынды суларымен су қоймасына түсетін ластауыш заттарды және ағынды суларды жобалап шығаратын жерден жоғары орналасқан қақпағындағы фактілі концентрацияны ескере отырып белгіленуі керек.

 

      116. Шаруашылық-фекалды  және өндірістік ағынды суларды  сіңіретін құдықтарға ағызуға рұқсат етілмейді. Өндірістік объектілердің сумен қамтамасыз ету және айналма сумен қамтамасыз ету жүйелерінен суды тек өндірістік канализацияға ағызуға рұқсат етіледі. Душтардан, қолжуғыштардан және санитарлық тораптардан ағынды суларды бұруға шаруашылық-тұрмыстық канализацияның тармағы қарастырылуы қажет.

 

      117. Газ бөлетін  өндірістік ағынды суларды бөлу кезінде, бөлмеге газдың енуіне қарсы шаралар қарастырылуы керек. Улы газдарды түзе алатын химиялық заттарды канализациялық тармаққа жіберуге рұқсат етілмейді.

 

      118. Зиянды  газдарды (күкіртсутекті, цианды сутекті, мышьякты сутекті) бөліп химиялық реакцияға түсетін, құрамында зиянды заттары бар ағынды суларды біріктіруге рұқсат етілмейді.

 

      119. Зиянды  булар және газдар (меркаптан,  күкіртсутек, цианды сутегі, мышьякты сутегі) түзілмесе және бөлінбесе немесе ағынды суларды тазартудың барлық процестері герметизацияланған және жергілікті ауаны шығаратын вентиляция құрылғысы болса, өндірістік ғимараттарға ағынды суларды тазарту құрылғыларын орналастыруға рұқсат етіледі.

 

      120. Өндірістік объектілеріне ағынды суларды жіберуді жобалағанда, өндірістік ағынды суларды тазарту қондырғыларын және өндірістік бақылауды ұйымдастыру қарастырылуы қажет.

 

      121. Қалдықтарды  зиянсыздандыру үшін имараттарды  салуға алаңды таңдау кезінде ауылшаруашылығына құнсыз жерлер қолданылуы керек.

 

      122. Утилизацияланбайтын  қалдықтарды көму және қоймалау  полигондары елді мекеннің және  өндірістік алаңның шегінде орналасуы керек.

      Полигондардың  жобасы объектіні салу жобасымен  қатар жасалады.

 

      123. Руданы  бұрғылау кезінде түзілетін пайдаланылған ұсақ ұнтақталған тау жынысын жинаушының беті битумды эмульсиямен немесе майлы саз бен құмнан тұратын тау жынысымен бекітіліп, көгалдандырылуы керек.

 

      124. Полигонның  жобаларында өндірістік қалдықтар жөнінде төмендегі ақпарат болуы керек:

      1) өндірістік қалдықтардың болжанатын мөлшерінің саны мен сапасы (қауіптілік класы бойынша), олардың физикалық-химиялық, токсикологиялық және радиациялық қасиеттері жөнінде мәліметтер;

      2) қоршаған  ортаға өндірістік қалдықтардың әсер етуінің мүмкін салдарының сипаттамасы;

      3) өндірістік қалдықтарды зиянсыздандыру, жою, көму мәселелерінің технологиялық шешімдері;

      4) зиянды  заттардан топырақты қорғау және бұзылған, ластанған топырақты рекультивациялау бойынша шаралар;

      5) қоршаған  орта объектілеріндегі зиянды  заттарды анықтау әдістемесі.

 

      125. Қалдықсыз  технологияны енгізудің техникалық  мүмкіндігі болмағанда, улы және  радиоактивті өндірістік қалдықтарды зиянсыздандыру, жою және көму бойынша кешенді шаралар қарастырылуы қажет.

 

      126. Улы қалдықтарды  жиюдың, жинақтаудың, зиянсыздандырудың  және көмудің тәсілдері мен  тәртібі химиялық заттардың қауіптілік  класын ескере отырып жүзеге  асырылуы тиіс, сонымен бірге жұмысшылардың қауіпсіздігін, қоршаған территорияның ластануын болдырмауды және қамтамасыз етуі керек.

 

      127. Объектілерде  немесе арнайыландырылған ұйымдарда  өндірістік қалдықтар жойылады және көміледі немесе утилизацияланады.

 

      128. Құрамында  улы заттары бар қатты қалдықтарды  қоймада ұстауға, сонымен қатар  өндіріс алаңдарында шламды жинағыштарды және шлам жиналуын орналастыруға рұқсат етілмейді.

 

8. Жарықтандыруға және ультракүлгін сәулеленуге қойылатын

санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      129. Кісілер  тұрақты түрде болатын өндірістік бөлмелерде табиғи жарық қарастырылуы керек.

      Метеорологиялық  жағдайлармен шақырылған, күндізгі  уақыт барысындағы табиғи жарықтың  өзгерістері, жұмыстың осы түріне арналған жасанды жарықтың нормасында белгіленген мәнінен жұмыс зонасындағы жарықтың төмендеуін шақырмауы керек. Жарығы жеткіліксіз жұмыс зонасындағы жарық құрылғыларын автоматты қосу жолымен, табиғи жарықтың төмендеуін жасанды жарықпен толтыру керек.

 

      130. Жасанды  жарықты жобалағанда жұмысшы,  апат және эвакуация жарығы  қарастырылуы керек. Орташа дәлдіктегі  жұмысты атқарғандағы жұмыс орнындағы  жарық 500 лк-тен кем, ал аз  дәлдіктегі және дөрекі жұмысты атқарғанда 200 лк-тен кем болмауы керек.

 

      131. Бинокулярлық  стереоскопиялық микроскоптарды  қолданып жұмыс атқарған жағдайда, микроскоптан тыс монтажды столдың жұмыс зонасының жарығы, осы санитарлық ережелердің 6-шы қосымшаның талаптарына сәйкес болуы керек. Микроскоптың аясындағы объектілердің жарығы бірқалыпты реттелуі керек және оның жоғарғы шегі 20 000 лк-ке жетуі қажет.

 

      132. Визуалды  бақылайтын экрандары бар жүктемелі көз жұмыстары үшін жарықтың деңгейі осы санитарлық ережелердің 6-шы қосымшасы бойынша алынуы керек.

 

      133. Шырақтардың  жарық техникалық сипаттамалары  және олардың жұмысшы зонасына  салыстырмалы орналасуы мен жабдықталуы  жұмысшыға тікелей және бейнелі жарқылдың зиянды әсерін болғызбауы керек.

 

      134. Шырақтардың  конструктивтік орындалуы жұмыс  істеу кезінде өрт және электр  қауіпсіздігін, өндірістік ортаның (өртке- және жарылғыш қауіптілігі, шаңға, химияға активтілігі) нақтылы жағдайында сипаттамаларының беріктігін, ұзақтығын және тұрақтылығын, сонымен қатар жұмысқа ыңғайлығын қамтамасыз етуі керек.

 

      135. Жобаның  құрылыс бөлімінде шырақты тазарту және жөндеу құралдарымен жабдықталған шеберхана, жарықтың газразрядты көздері мен жарық техникалық жабдықтарын сақтайтын қоймалар қарастырылады.

 

      136. Газразрядты  лампаларымен жарық беретін құрылғыларды  жобалағанда, сынап толтырылған  лампаларды сақтайтын бөлме қарастырылуы  керек.

 

      137. Өндіріс  бөлмелерінің жарық беретін құрылғыларының  құрамында ультракүлгін жеткіліксіздіктің  алдын-алу үшін профилактикалық  ультракүлгін сәулелену қондырғылары  қарастырылуы керек. Ұзақ әсер  ететін профилактикалық ультракүлгін  сәулелену қондырғылары ультракүлгін  сәулеленудің өндірістік көздері бар бөлмелерде қарастырылмайды.

 

9. Жұмысшыларға қызмет көрсететін бөлмелерге қойылатын

санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

      138. Жұмысшыларға  қызмет көрсететін бөлмелерді (санитарлық-тұрмыстық бөлмелерді, денсаулық сақтау объектілерін) жобалау осы санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізіледі.

 

      139. Санитарлық-тұрмыстық бөлмелердің құрамы осы санитарлық ережелердің 5-ші қосымшасының 3-ші кестесіне сәйкес анықталады.

 

      140. Объектілерде  фельдшерлік немесе дәрігерлік денсаулық сақтау пункттері, сонымен бірге сауықтыру кешендері қарастырылады. Фельдшерлік және дәрігерлік денсаулық пункттеріндегі бөлмелердің құрылымы мен алаңы осы санитарлық ережелердің 5-ші қосымшасындағы 1 - 2-ші кестелерге сәйкес алынады.

 

      141. Жекелеген  бөлмелердің алаңы, жабдықтар  мен процедураның жиынтығы әр нақтылы жағдайда объектінің қуаттылығын, еңбек процесінің қауіпті және зиянды өндірістік факторларының сипаттамасын ескере отырып шешіледі.

 

      142. Жұмыс  орнына тікелей жақын орналасқан, жұмысшыларды сауықтыруға қажет  емдік-сауықтыру кешенінің бөлмесі  магнитті және электромагнитті  өрістен салыстырмалы қорғайтын экрандармен және дыбыс изоляциясымен жобалануы керек, сонымен бірге цехтағы ластанған ауаның түсуін болдырмайтын герметизирленген есігі болуы қажет.

 

      143. Психофизиологиялық  жеңілдету бөлмелері айқын дене  және нервтік-жүктемелі еңбекпен  сипатталатын (гигиеналық жіктелу  бойынша ІІІ-ші топтан артығырақ) объектілерде қарастырылуы керек.

 

      144. Жұмыс  орнынан психофизиологиялық жеңілдету  бөлмелеріне дейінгі қашықтық 75 м-ден артық, ал жұмысшы орнынан  кәсіпорынның алаңында дейінгі қашықтық - 150 м-ден артық болмауы керек.

 

      145. Психофизиологиялық  жеңілдету бөлмелерінің пайдалы  алаңы бір орынға сағатына 4 кісі есебінен (сменасына 4 сағат жұмыста) отыратын орынның болуымен анықталады. Бір отыратын орынға 2м 2 -тан кем емес жер алынуы керек, бұл кездегі жалпы алаң 20м 2 -тан кем болмауы керек.

 

      146. Психофизиологиялық  жеңілдету бөлмесіне 6-8 м 2 -тық  нұсқаушы-әдістемешіге арналған қосалқы бөлме және шешініп-киіну үшін кіреберіс кіреді, оның өлшемі бір кісіге 0,5 м 2 -тан кем емес есебінен отыратын орынның санына байланысты болады. Бөлмелер шулы цехтарға тікелей жақын орналасқанда кіретін жер екі есіктің де дыбыс изоляциясымен, тамбур түрінде болуы керек.

 

      147. Психофизиологиялық  жеңілдету бөлмесіндегі жарық  қыздыру лампаларын және жарықты  (10-нан 200 лк-ке дейін) реттейтін  құрылғысын қолданумен табиғи  жарық сияқты, жасанды жарық та  қарастырылады. Шудың фондық деңгейі  60 децибелден (әрі қарай дБА) аспауы керек. Ауаның температурасы плюс 18-22 0 С шегінде болса, вентиляция кондиционердің көмегімен жүзеге асырылады.

 

      148. Психофизиологиялық  жеңілдету бөлмелері демалуға шынтақшасы бар жұмсақ орындықтармен жабдықталуы керек. "Түрегеп" жұмыс істеу үшін әр үстелге жұмсақ аяқ қойғыштар қарастырылуы керек.

 

      149. Ұзақ  уақыт "түрегеп" жұмыс істеуге  байланысты еңбекпен сипатталатын  объектілерде аяқ гидромассажына  арналған арнайы жабдықталған бөлмелер қарастырылуы керек.

 

      150. Аяқ гидромассажының  қондырғылары канализацияға қосылған және смеситель арқылы ыстық және суық суды беру үшін крандармен, отыратын ванналармен жабдықталған оқшауланған бөлмелерге орналастырады. Бөлмеде су құбырлары трубасының тұйық сымы қарастырылуы керек. Судың температурасы плюс 28-34 0 С-тың шегінде болуы керек.

 

      151. Гидромассажды  қондырғылары бар бөлмелер шулы  цехтарға тікелей жақын орналасқанда, шығатын жер екі есіктің де  дыбыс изоляциясымен тамбур түрінде болуы керек. Бөлмеге аяқ-киімді ауыстыратын және сеансқа даярлайтын кіре-беріс кіреді. Кіре-берістің алаңы қондырғылардың санына байланысты, бір кісіге 0,5 м 2 -тан кем болмауы керек. Жұмысшы орнынан қашықтығы 75 м-ден артық болмауы керек.

 

      152. Гидромассажды  қондырғылардың саны сменасына  4 сағат ішінде оны пайдаланған  кезде (әр кісіге 10 минуттан), 24 кісіге 1 қондырғы есебінен ең көп сменадағы жұмысшылардың саны бойынша анықталады. Қондырғылар арасындағы өтетін жердің кеңдігі 1,5 м-ден кем болмауы, ал қондырғылар арасындағы қашықтық 0,8 м-ден кем болмауы керек. Қондырғылардың ұсынылатын оптималды өлшемдері: еденнен биіктігі - 720 мм, кеңдігі - 490 мм, көлденең өлшемі - 670 мм.

 

      153. Бөлмелерде  радиаторлық немесе панелді жылыту, ауаны шығаратын және әкелетін  вентиляция немесе ауаны кондиционирлеу, табиғи және жасанды жарық  қарастырылуы керек, ауаның температурасы  плюс 18-25 0 С шегінде ұсталуы керек.

 

      154. Гидромассажды  бөлмелерде: әрбір қондырғыға винтті отырғыштар, қол жуғыштар, дезинфекциялық ерітіндісімен ыдыс, аяқ-киімді ауыстыратын орындықтар, келушілерді тіркейтін орын (үстел және орындық), бөлмені жинайтын инвеньтармен шкаф қарастырылуы керек.

 

      155. Монотонды  еңбекті және (немесе) гипокинезиямен  сипатталатын объектілерде тренажерлік  залдар қарастырылуы керек, олар  жұмыс бөлмесінен 150 м-ден алыс орналаспайды. Залға кіретін есік шу мен шаңнан изоляциялауды қамтамасыз ететін тамбур арқылы болуы керек.

Информация о работе Өндіріс объектілерін жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" туралы санитарлық-эпидемиологиялық ережелері мен норм