Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 09:26, курсовая работа
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Ормандкарда ағаш, бұта шөптесін өсімдіктер, мүк, қына өседі. Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Тиімді пайдаланған жағдайда өз - өзінен қайта қалпына келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор. Шөлдену процесі - адамның шаруашылық әрекетінің ықпалы мен өсімдік жамылғысы сирек шөлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы.
Орман шуды кемітеді, дыбыстың таралу қашыктығын төмендетеді. Өсімдіктердің ластаушыларды нейтралдауы мен олардың өсімдіктердің тіршілік қызметіне зиянды әсер етуі қатар жүреді.
Ормандардың климаттық жане метеорологиялық қызметі. Ормандар метеорологиялық факторларға да әсер етеді. Олар атмосфералық құбылыстарға әсер ете отырып, өзіне тән ерекше ортасын түзеді. Метеорологиялық көрсеткіштердің өзгеруі орманнан тыс жерлерге де таралады. Осы қасиетіне байланысты ормандарды топырақты, егіс танабын, жолдарды, тұрғылықты жерлерді қорғауда пайдаланылады.
Орман мен ашық жерлердегі ауаның температурасы мен ылғалдығы арасында айтарлықтай айырмашылықтар жоқ. Тек жазда ашық ауа райы кезінде ғана ормандарда 2—5°С төмен болуы мүмкін. Орташа алғанда жазда орманда 1—2°С ғана салқын. Қыста орманда едәуір жылы болады.
Ормандар күн радиациясына көп әсер етеді. Ашық жердегі күн радиациясын 100% деп алсақ, онда орманның жарық сүйгіш өсімдіктер (қарағай, қайың және т.б.) белдеуіне 10—15%, ал көлеңке сүйгіш ағаш түрлерінен тұратын (шырша, самырсын) орман белдеуіне тек 3—5% гана жарық түседі.
Орманда ауа мен топырактың жоғары қабатында ылғалдылың жоғары болады. Орман астындағы топырақтың терең кабаттары болса, шөптесін өсімдіктер бірлестігімен салыстырғанда құрғак.
Орман өзінен алшақ жатқан жерлерге де әсер етеді. Орман белдеуінің шекаралас жатқан территорияларға әсер ету дәрежесі ағаштардың биіктігіне, тығыздығына байланысты.
Адамдар ерте кездердің өзінде өзен суының және құдықтағы судың деңгейінің ормандардың болуына тәуелді екенін байқаған. Әсіресе, XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында ормандар мен су мәселесіне көп көңіл бөліне бастады. Орман грунт суларымен қоректендіреді. Олар беттік су ағысының көп мөлшерін жер астына өткізеді. Грунт сулары өзендерді қоректендіре отырып, олардағы су деңгейінің кыс пен жазда жоғары болуын камтамасыз етеді. Көктемде және жаздың жауын кезінде өзендерге су ормансыз жерлерден беттік ағыс бойынша келеді. Бұл судың топырақ эрозиясының өнімі мен басқа да агенттермен ластануына әкеледі.
Ормандардың грунт суларын арттырьш, беттік ағысты кемітуінің негізгі себебі, ондағы топырақтың су өткізгіштігінің жақсы болуына (жабық қабатымен, тамырлармен қопсытылған) және оның бетіне ылгалдың біртекті түсуіне байланысты.
Ормандар күшті экожүйе ретінде өздігінен тазару мен техногенездің бұзушы күштеріне қарсы тұру кабілетінің жоғары болуымен сипатталады.
Орман экожүйелерін ластанған суларды тазарту үшін де колданады. Ені 30 м орман белдеуі арқылы өткен суда аммоний тұздарының мөлшері 5 есе аз, SO2 — 6 еседен астам, фосфор мен калий 10 есе кеміген.
Орман экожүйелері судың бактериалдық және физикалық қасиеттеріне қолайлы әсер етеді. Eгic танабынан альшған жауын суының коли-индексі (1 л судагы ішек таякшасынын саны) 18-ге тен, ал 45 метрлік орман белдеуі арқылы өткенде 9-ға дейін кеміген. Судың мөлдірлігі 5 есе артқан.
Орман кесілгенде, оның су қорғау және басқа да қасиеттері жойылады. Екінші реттік сукцессия нәтижесінде орман қалпына келсе, бұл қасиет те қалпына келеді.
Ормандардың қоршаған ортаны тазарту функциясы, олардың зақымдануының тұрақтылығының төмендесуімен, жойылуымен байланысты. Ормандардың зақымдануының жалпы заңдылықтары мен одан қорғау іс-шаралары төмендегідей:
1. Ормандардың зақымдануы күкіртті ангидрид пен оның туындыларымен (күкірттің триоксиді мен күкірт қышқылы) ластанудан болады. Сонымен қатар азот тотықтары, фтор, хлор, фото – химиялық смог өнімдері де айтралықтай әсет етеді.
2. Улы заттар өсімдіктерге не құрғақ тұнбалар түрінде, не қышқылдық жауын – шашынға айналғанда әсер Ең алдымен ассимилияциялаушы аппарат зақымданады (жабын ұлпалары, хлорофилл, клеткалық құрылымдарға әсет етеді). Сонымен қатар токсиканттар, әсіресе қышқылдық жауын түрде, өсімдіктердің әр түрлі бөліктерінен биогендік және басқа да заттардың сілтіленуі, топырақтың қышқылдануы, тамыр жүйесінің улануы мен бұзылуы арқылы әсер етеді. Жер асты мүшелеріне минералдар мен қосылыстардан (саз) токсиканттардың әсерінен бөлініп шығатын алюминий күшті уландырушылық әсер етеді. (Альцгеймер ауруы).
3. Улы заттардың өсімдіктерге әсері баяу (созылмалы) улану немесе күюі түріндегі күшті зақымданулар түрінде болуы мүмкін. Ормандардың жойылуы да баяу (сиректену және толық ыдырау) немесе бірлен (катастрофа) болуы мүмкін.
4. Улануға және жойылуға көбіне қылқан жапырақты ормандар ұшырайды. Бұл құбылыстың себебі – ұзақ өмір сүретін (5-7 жыл) қылқанның улануы. Сондықтан қылқанжапырақты ағаштардың зақымдануның бірінші белгілеріне қылқаннның өмір сүру уақытының кемуі мен ағаштың қылқандарының санының кемуі жатады. Тұрақты түрлерге көгілдір шырша жатады. Сондықтан бұл ағашты қалаларда жиі өсіреді.
5. Жалпақ жапырақты ағаштардан улы заттардың әсетінен емен, бук және басқа қатты сүректі ағаштар тез зақымданады. Жұмсақ жапырақты ағаштар (қайың) тұрақтырық. Сондықтан олар қалаларда, өндіріс орындарының айналасында олар қылқандапырақты ормандарды ауыстырады. Өте күшті ластанған жерлерде жапырақты ағаштарды жағдай талғамайтын шөптесін өсімдіктер алмастырады.
6. Улы заттарға қыналардың сезімталдығы жоғары. Оларды ластаудың индикаторлы ретінде пайдаланылады. Токсиканттар мен көптеген мәдени дақылдар тез зақымданады (томат, қияр, гладиолустар).
7. Ластанған атмосферада ағашты және көптеген көпжылдық өсімдіктердің өмір сүру уақыты қысқарады. Бұл ағзалардың созылмалы улануына және жасқа байланысты ..............................
8. Адам үшін жасалған ластаушы заттардың шекті рұқсат етілген концентрациясын (ЗЖҚ) көптеген өсімдіктерге қолдануға болмайды, Себебі, өсімдік ағзасының сезімталдығы жоғары.
9. Атмосфераның ластануының ормандарға тигізетін зиянды әсерін кеміту үшін ормандарда биологиялық іс-шаралар қолданылады. Олардың формаларын (экотиптер) анықтау мен пайдалану топырақтың құнарлығын арттыру (тыңайтқыштар, суару), фитоценоздарды жылдам жаңарту, жаңа қолтұқымдарды шығару және т.б. жатады.
1.4 Ормандардың азаю мәселесі
Ормандардың үлесіне құрлық бетінің 10% немесе барлық ормандардың 20% - ы сәйкес келеді. Ормандарда құрлықтың өсімдік массасының 50 - % -дан астамы және орман экожүйелерінің биомассасының 60 % - ы жиналған. Олардың жылдық өнімділігі 15 -20 т/га ( тайга ормандарында 2-3 есе кем) болады. Ормандар түрлік құрамы бойынша ең бай экожүйе. Бұл ормандарда Жерде тіршілік ететін өсімдіктер жануарлардың түрлерінің 70% - ы мекендейді. Түрлік құрамы бойынша Оңтүстік Америка ( негізінен Бразилия), Африка ( негізінен Заир ) және Индонезия ормандары түрлік алуантүрлілігі бойынша да, органикалық заттық қоры бойынша да ең бай болып табылады.
Өзінің тарихында адам шамамен 2/3 орманды аудандардағы ормандарды жойған. Мұның нәтижесінде ормандылық бастапқы 75%-дан қазір 25—30%-га дейін кеміген. Ормандарды аудандарының кему процесі қазір де жалғасуда. Бүл процесс тропиктік ормандар үшін өте қауіпті болып отыр.
Соңғы кезде, әсіресе, шаруашылық қызметтің әсері тимеген немесе әлсіз болған ормандарды есепке алу мен қорғауға көп көңіл бөлінуде.
Мәліметтер бойынша тропиктік ормандар 12-14 млн. га жылына немесе әр минут сайын 20-25 га жылдамдықпен жойылуда. Олар көбінесе анторпогенді факторлардың әсерінен жойылып отырады. Мысылы, сөнбей қалған шоқтар, шаруашылық мақсатта қолдану үшін ағаштардың кесілуі және т.б.
Орман өрті – абайсыз жағылған от, сөнбей қалған шоқ, кейде найзағайдан да пайда болатын апат. Орман өрті көбінесе құрғақшылық жылдары, ерте көктемде және күзде болады. Оның негізгі себебі – ауыл шаруашылық қалдықтарын өртеген кезде қауіпсіздік талаптарының бұзылуынан туындайды. Орман өрттері ағаш қорын кемітумен қатар ағаштың өсуін нашарлатады. Орманда зиянды жәндіктердің ағаш ауруларының таралуына өте қолайлы жағдай жасайды. Орман өртттері жер бетін қамтыған кезде жапырақ, бұта, шөп- шалам, көк шөп, ағаштың жас өркендері жанады, от қызуы 400-900 ºС-қа жетеді, жалын 0,5-1 м-ге көтеріледі, өрт сағатына 0,25-5 км жылдамдықпен таралады. Көлемі кішкене шарпыма өртті топырақ химиялық заттар (диамоний фосфат, амммоний сулфаты, т.б.), су шашып, жасыл бұталармен соққылап сөндіріледі. Қаулама өрт жалыны ағаш басын шалады, оның бұтақтары, жапырақтары жанады. Өрт жел бағытына, күшіне қарай сағатына 5 – 25 км-ге дейін өршиді. Жер астындағы кеулеме өрттте топырақ арасындағы өсімдік шірінділері, шымтезек жанады, от жалыны көбіне сыртқа шықпай, бықсып жанады. Мұндай өртті өшіру үшін жанған жердің айналасын тереңдігін ыза суға жеткенше, енін 1 м етіп қазады. Орман өрттерін сөндіру үшін табиғи кедергілер - өзен, жыра батпақ, жол арнайы жасалынған орман аралық ағашсыз жолақтар пайдалынылады. Қарсы о салып та тоқтатылады. Күшті өртке ұшақтар мен тікұшақтар арқылы жоғарыдан су, химикаттар шашады.
Орман зиянкестерінен ормандарға өте көп зиян келеді. Орман зиянкестеріне ағаш бұта өсімдіктерін зақымдайтын жәндіктер, кейбір кене түрлері, ормыртқалы жануарлардан қоян, тышқан тұқымдас кемірушілер жатады. Қазақстанщда орман зиянкестернің ішінде жиі кездесетіні жәндіктер қоректену түріне қарай: жарырақ жегілер, дің кемірушілер, тамыр зиянкестері немесе топырақ мекендеушілер немесе топырақ мекендеушілер және жеміс, тұқым зиянкестері деп бөлінеді. Бұлардан көбелектер, құмырсқа, ышбындар ткачтер тез көбейіп кететін болса, жапырақ жегілер, бізтұмсықтар, улы алагүлдіктер т.б. біркелкі көбейіп әсірсе жас ормандарда, саябақтарда, егін қрғау алқабында белгілі бір аймақты таралады. Дің зиянкестері негізінен қоңыздар кейбір жарғақ қанатттылар және көбелектер. Бұл зиянкестер ағаш тінін, сүрегін кеміреді. Ағашты қуратады. Тамыр зиянкестеріне қоңыз, қарақоңыздар, тақта мұртты қоңыздардың дернәсілінде жатады. Орман зиянкестеріне қарсы олардың көбею таралуының алдын алатын және жойып жіберетін химиялық және биологиялық шаралар қолданылады. Үлкен аймақтарда ұшақпен пестицидтер себіледі. Дің зиянкестері таралиау үшін орманда өсетін ағаштар құрамы жақсартылады, зиянкестерге төзімді ағаштар түрлері егіледі, орман кесу ережелері, орманды тазалау т.б. шараларды дұрыс іске асыру қадағаланады.
Орман қорғау – орман қорын тиімді пайдалану, оны толықтыру, өрттен, зиянкестерден және аурулардан қорғау сондай – ақ, ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орманды қорғау шараларын тиянақты жүргізу шін орман бірнеше телімдерге бөлінеді де, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі.
Ормандарды қорғау мақсатында «орман мелиорациясы» жүргізіледі. Орман мелиоризациясы дегеніміз – орман шаруашылығының құрғақшылық, ағаштардың қурауы мен топырақ эрозиясына қарсы күрес шараларының жүйесі. Ол қорғаныштың орман алқабтарын өсіру, құмды жерлерді ормандандыру, басқа да агротехникалық, гидротехникалық ұйымдастыру шаруашылық шараларының жүзеге асыруын қамтиды. Орман өскен жерлердің топырағы атмосфералық жауын – шашын суларын тез сіңіреді, осының әсерінен судың жер бетімен ағысы болмайды. Орман мелиорациясы топырақты су және жел эрозиясынан жапқсы қорғайды, жел жылдамдығын азайтады, егіс танаптарының ылғалдығын арттырады
ІІ-тарау. Шөлдену және оған қарсы күрес шаралары
2.1 Жерлердің шөлденуі және шөлденуі
Шөлдену шөлге тектес жатқан жерлердің құнарсызлануы барысында шөлді аумақтардың ұлғаюы. Шөлденуге табиғи және анторпогендік факторлар басты әсер етеді. Табиғи факторлар дегеніміз – климаттың циклдік өзгеруі нәтижесінде ағын сулардың өзгеруі салдарынан кезеңдік қуаңщылықтардың қайталанып отыруы, ал анторпогенді факторлар дегеніміз – ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің жамуы, т.б.
Шөлдену процесі - адамның шаруашылық әрекетінің ықпалы мен өсімдік жамылғысы сирек шөлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы. Шөлдену процесі кезінде өсімдік жамылғылары аумағының азаюы (әсіресе ағаштар мен бұталардың азаюы), топырақтың, судың және желдің эрозиялары, топырақтың тұздануы, көп жылдық өсімдіктердің жойылуы нәтижесінде құмдардың құнарлы жерлерді басуы байқалады. Ал дамзаттың шаруашылық іс - әрекеті нәтижесінде бұл процестер жеделдей түседі де шөлдену аумығы тез өседі.
Шөлдену кезінде биологиялық өнім мен түрлер молдығы азайып, топырақтардың құнарлығы кемиді. Шөлдену процесіне барлық континеттер шалдыққан, әсіресе Африка елдерінде қауірт жүруде. Судан – Сахель зонасында 1965 – 1973 жж. Болған құррғақшылық мыңдаған адам өмірін алып кетті, миллиондаған жабайы және үй жануарлары құрыды. 1983 – 1988 жж. Болып көрмеген құрғақшылыққа 150 млн халқы бар 34 Африка елдері шалдықты. Шөлдің өнімді жерлерді басуы жылына 60 мың шаршы км қарқынмен жүреді. Шөлдену себебі тек құрғақшылық емес, ол ормандардың жойылуы, ағаш өсімдіктердің деградациясына әкеледі, жайылымдарды артық пайдаланудан шөпті жамылғыларда жойылады. Қазіргі кезде жер бетінің өнімді жерлерінің 7 пайызы құнарсызданды.
Адамзат өз тарихында кезінде өнім беріп келген шамамен 1 млрд га– дай жерді шөлге айналдырған. Қазіргі кезде Жер бетінің 3,6 млрд. га жерін шөл және шөлденуге бейімді жерлер алып жатыр. Олар әсіресе Еуропа аумағынан 3 есе, немесе жер бетінің 1/5 бөлігін, яғни 25 % - ға жуығын қамтыған. Шөлдену процесі Антрактидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі және ол 110 мемлекетт аумағында қамтиды. Шөлдену процесі ХХ – ғасырдың 70 – жылдарынан бастап адамзатқа үлкен қиыншылықтар туғызуда. Мысалы, 1968 – 1973 жылдар аралығында Сахараның оңтүстік белдемінде (Сахелияда) қуаңшылықтың салдарынан 2500 мың дамдар көз жұмып, малдардың 40 % – ы қырылған. Ал 80 – жылдардың ортасында осы белдемдегі қуаңшылық салдарынан 3 млн.-га жуық адам қырылған. Мұнда бәрі табиғатқа анторпогендік келеңсіз әсерлер нәтижесінде болып жатқан құбылыс. Климаттың жаһандық жылынуына байланысты шөлдену үрдісі Еуропаның оңтүстік белдемдерін және Оңтүстік – Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия елдерінің орталық және солтүстік белдемдерін қамти бастады.