Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2012 в 09:26, курсовая работа
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Ормандкарда ағаш, бұта шөптесін өсімдіктер, мүк, қына өседі. Орман қорлары бүкіл биосферадағы тіршілік үшін, оның ішінде адамзат қоғамы үшін аса маңызды. Тиімді пайдаланған жағдайда өз - өзінен қайта қалпына келіп тұратын таусылмайтын табиғи қор. Шөлдену процесі - адамның шаруашылық әрекетінің ықпалы мен өсімдік жамылғысы сирек шөлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы.
Құрлықтың 2,83 млрд гектары - шөлейттенген.
Шөлейттену – адамның шаруашылық іс - әрекетінің ықпалымен өсімдік жамылғысы сиреп, шөлге ұқсас ландшафтардың пайда болуы. Дүние жүзінің климаттық өзгеруі мен қуаңдануының өсуіне байланысты шөлейттену процесі қарқынды жүруде.
Шөлейттену нәтижесінде биологиялық өнім мен түр санының азайып, топырақ құнарсыздана бастайды. Қазірге кезде құрлық бетінің 1/3 бөлігінде топырақтың құнарлы қабатының жоғалу қаупі ьар, ал оның әсерінен Жер шары халқының 1/5 зардап шегуі мүмкін . Соңғы 50 жыл бойында дүние жүзінде 800 млн.га-дан астам жердер шөлейттенуге ұшыраған. Мұның негізгі бөлігі Африка құрлығына келеді. Мысалы, Сахара шөлі оңтүстікке қарай 650-700 км шамасында жылжыған, Ғалымдардың болжамы бойынша 2020 жылы Оңтүстік Африканың 60 млн тұрғыны жарамды жерлердің шөлейттенуі салдарынан өздерінің атамекенінен басқа аудандарға қоныс аударуға мәжбүр болады. Шөлейттену процесі Орта Азия елдерімен Қазақстанда да жылдам қарқынмен жүруде. Түкіменстанда ұзындығы 1000 км Қарақұм каналының бойында 100 км-лік аймақта топырақ қайталама сортаңданып, шөлге айналған. Арал теңізінің дейгейі 14 м-ге төмендеп, аумағының азаюы салдарынан 2,5 млн.га – дан астам жер қу тақырға айналды. Бұл өңірден жыл сайын 75 млн тонна тұз желмен көретіліп, 100 км және одан да шалғай өңірлерге жайылуы салдарынан шөлейттену процесі одан әрі үдей түсіп отыр. Арал түбінің тұзы Тянь – Шань мен Памирдің мұздықтарына жетіп, олардың еруіне ықпалын тигізуде. Арал өңірі тұздарының тіпті Солтүстік Мұзды мұхиттан да табылғаны анықталып отыр. Сондықтан БҰҰ-ның эксперттері Орталық Азия аумағындағы елдер өзара бірлесу арқылы кешенді іс-қимылға (орман- мелиорац,. гидро –тех., сексеуіл егу, т.б.) және табиғатты ұтымды пайдалануға (малды жайып бағуды ретттеу, жер-су қорларын тиімді қолдану, т.б.) тезірек көшсе ғана бұл мәселе оң шешімін тауып, нәтижесін береді деген тұжырым жасады.
2.2 Жерлердің тұздануы және құмдануы
Топырақтың тұздануы шөл және шөлейт өлкеде, құрғақ далада кездеседі. Топырақтың тұздану үшін жауын – шашын мөлшері жер буланатын ылғалдан аз болса жетіп жатыр.
Топырақтың тұздану себебі – егістік алқаптарда көп жыл бойы көлдетіп суару. Бас кезінде топырақтағы тұздар сумен төмен қарай кетіп, жер тұшыланып, өнім көбейеді. Бірақ бірнеше жыл өткен соң жағдай өзгеріп, булану көбейген сайын жер асты суларының деңгейі көтеріліп, онымен тұздар да жер бетіне шығып жазда жауған қар сияқты болып жатады.
Топырақтағы тұз 1%-ға көбейгенде, өнім 30 – 35 %-ке азайып, 2 – 3 %-ке көбейсе - өсімдіктер өмір сүре алмайды.
Пәкістан, Парсы, Сирия елдерінде жерлердің 70%-ы Мысырда үштен бір бөлігі тұзданып істен шыққан.
Оңтүстік Қазақстан обылысындағы « Мақтаарал » совхозында 23 жылда жер асты сулар 5,2 м тереңдіктен 1,8 м- ге дейін көтеріліп, егістік жерлері екінші рет тұзданып кеткен. Тұзды азайту үшін қыс айларында егістік өңірге су жайып жер бетін жауып, жер асты суларды сорғыштармен сорып деңгейін төмендетуге мәжбүр болды. Әрине егістік бетіне көлдетіп су жаю немесе арықпен суару жетістік емес. Онан да жауын сияқты бүрку немесе тесік құбырлармен өсімдік тамырына суды тамшы түрінде жеткізу т. б. Жаңа әдістерді қолдану арқылы топырақты тұзданудан сақтауға, суды үнемді жұмсауға, өнімді көп алуға болар еді.
Күшті жел мен дауыл, қатты ағын сулар, басқа да күтпеген табиғи құбылыстар (апаттар) жер бетін бүлдіріп топырақтың үстіңгі құнарлы қабатын алып кетіп жатады. Бірақ жерге зиянды табиғаттан гөрі адамдар зиян келтіреді. Африкада, Оңтүстік Америкада, Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Азияда орсан зор алқаптар арнайы егіншілік , жөнсіз қолданған техника, жүйесіз пайдаланылған жайылым мен шексіз кесілген орман салдарынан құрғап, кеуіп құмға айналады.
Топырақтың үстіңгі нағыз құнарлы қабаты желдің күшімен ұшып, қар мен жаңбыр суларымен ағып кетіп, өсімдіктерге қажетті құнарлы заттар (гумус-қарашіріктер) азайғанынан кейін жер азып, өнім бермейтін халге түседі. Бұл апаттың қанша қауіпті екенін түсіну үшін осы күнге дейін істен шыққан жерлердің оннан тоғыз бөлігі осы себептен болғанын ескерген жөн.
АҚШ-тың 300 миллион, Ресейдің 100 миллионға жуық жерлері шөлденуден кейін жарамсыз болып қалады. Мадагаскар елінің 58 миллион гектар жерінің тек 5 миллионында ғана өсімдіктер бар.
М.М.Шевцовтың мәліметтері бойынша құнарлы топырықты жермен салыстырғанды аза бастаған жерлер 10-15, орташа азған жерлер 20-40, толықтай азған жерлер 50-60 %-ке дейін өнімді аз беретін көрінеді.
2.3 Топырақ, жел және су эрозиялары
Жер су және жел эрозиясының әсерімен азғындайды.
Топырақ эрозиясы дегеніміз – оның сыртқы қабатының бұзылуы, бөлшектерінің су ағысымен жылжуы (су эрозиясы) немесе желдің күшімен үрленуі (жел эрозиясы).
Көптеген капиталистік елдерде, әсіресе АҚШ – та топырақ эрозиясы ұлттық жұтаңшылыққа айналып отыр. Әсіресе топырақты жаппай жырту кезеңінен бастап (бұдан 150-170 жыл бұрын) эрозия процесі кең етек ала бастады.
Латын Америкасы елдерінде топырақ эрозиясы жайлылымның 75% дейінін қамтыды.
Эрозия Батыс елдерінде, Қытайда, Үндістанда, Иранда, Африкада кең етек алды. Бұл дүние жүзінде етек алып келе жатқан қауіпті биологиялық процес. Көп елдерде болашақта Сахара сияқты тіршіліксіз кеңістіктің пайда болуы мүмкін. Мұның өзі дүние жүзі халқының алдына топырақты қорғау жөнінде өте үлкен міндеттер қойып отыр. Бір ғасырдың ішінде дүние жүзінде өңделетін жердің ауданы 15 %-ке азайғанын еске түсірсек, топырақ эрозиясының қаншама қауіпті екенін көз алдымызға елестету қиын емес. Болашақта жердің бұрынға кездерімен салыстырғанда көбірек пайдаланылатыны, оған экономикалық салмақтың көбірек түсетіні белгілі.
Топырақ ағын сулармен жойылып кету нәтижесінде су көздері тайыздайды, өзендер шөгіп қалады, жер суару жүйелері кірленеді. Балық шаруашылғына, тұргын және өндірістік үйлерге көптеген шығын келтіреді, жануарлар мен өсімдіктер зардап шегеді. Осы айтылғандардың ішінен топыраққа шамадан тыс су беруден балық шаруашылығына келетін зиянды айта кетсек, оның бірнеше бағыттары бар: балық қоры суды дұрыс пайдаланбаудан, су қорын шаруашылықтың әр саласына бөлгенде, оның мұқтажын есептемеуден зардап шегеді. Мысалы, теңіздердің, көлдердің, өзендердің деңгейі төмендеп кетеді. Екіншіден, егістік далаларға су жібергенде оның ішінде балық тұқымдары бірге ағып кетеді де, оның қорының сақталуына нұқсан келеді.
Топырақ эрозиясынан ауыл шаруашылығына келетін зиян шексіз. Оның мөлшері құрғақшылықтан, аурулар мен ауыл шаруашылығы зиянкстерінен келетін шығынынан әлдеқайда көп. Себеп, топрақтың алғашқы түрінің 2 – 3 см түзілуі үшін 200 – ден 500 – жылға дейін уақыт өтеді. Сондықтан да, топырақ эрозиясымен күресу егіншіліктің өте жоғары мәдениеттілігін керек етеді.
Топырақтың сумен шайылуы еріген қар суынан, жаңбырдан т.б. болады. Әсіресе нөсер жаңбырдан топырақ көп дуылады, құрамы өзгереді, ондағы пайдалы элементтер шайлып кетеді.
Қатты су ағыстарының әсерінен үлкен сайлар пайда болып, топырақтың беті жырымдалады.
Бұл сияқты эрозиялық процестерді болдырмас үшін барлық ылғалды топырақта сақтай білу керек, оның топырақты жуып кетуіне жол бермеген жөн. Ол үшін қыстыгүні далаларда қар тоқтату, ал жазда ағаш, тамырлары шөптерді егу жұмыстарын үзбей жүргізу керек.
Жердің жоғары бетіндегі құнарлы қабаты жойылып кететін болса, оны қайтадан орнына келтіру онайлыққа түспейді. Мысалы, баяғы замандағы тақыр жерлер бар. Бірақ оларды егін егіп, жеміс беретіндей ажқсы жағдайға келтіру ешбір ұрпақтың қолынан әлі келген емес. Жерді жыл сайын жытру, үнемі бір дақылды еге беру, тыңайтқышты молынан пайдалану, экологиялық жағынан тиімді емес. Соңғы 100 жыл ішінде АҚШ – тағы осындай тозған жерлер 120 миллион гектарға жетті. Бір ғана 1956 жылы АҚШ –та топырақ эрозиясынан болған шығын 40 миллиард доллар болды. Бұл Үндістан, Қытай, Жапония т.б. елдерде де кездеседі.
Жер жүзінде 1,5 миллиард гектардан астам егістік бар. Жан басына 0,5 гектардан егістік келеді. Осы жерлер адам баласына қажет азық – түліктің 90 % - тей мөлшерін, ал дүние жүзі мұхиттары 10 % - ке жуығын береді. Демек тіршілік үшін құрлықтың, оның құнарлы топырағының алатын орны орасан зор деген сөз.
Орманды жерде топырақ эрозиясы болмайды. Ағаштан, шөптен айрылған жер аза бастайды. Егістік жерлерді өсімдіктерді ауыстырмай үнемі бір түрін, мысалы жүгеріні, өсіре берсе 10-15 жылдан кейін жер аза бастайды. Шөпсіз ашық топырақ 2-3 нөсер жауыннан кейін кетеді де, оны табиғи жолмен қалпына келтіруге 2-7 мың жыл уақыт қажет.
Топырақтың құнарлығына жел эрозиясы да үлкен әсер етеді. Топырақтағы құнарлы гумустар, ұсақ қара топырақтар үрленіп келеді, қатты желдің әсерінен өсімдіктердің тамыры ашылып қалады. Содан кейін қурайды. Осыған байланысты топырақтың құнарлылығы кенет төмендеп ол істен шығып қалады.
Топырақтың пайда болуында әр түрлі тірі организмдер маңызды рөл атқарады. Олар топытақтың шығымдылығын көтереді. Құнарлық дегеніміз – топырақтың өсімдіктерді керекті мөлшерде сумен, ауамен, тамақтың элементтерімен қамтамасыз етіп тұру қабілеті.
Табиғатта топырақтың геологиялық эрозиясы және адамдар қызметінің әсерімен болатын экономикалық эрозия кездеседі. Гоелогиялық эрозия өте баяу жүреді, сондықтан оның әсері топырақтың құнарлығынан байқалмайды. Геологиялық эрозия табиғатта болуға тиісті биологиялық процесс ол топырақты жаңартуға көмегін тигізеді. Сондықтанда, оны жағымсыз фактор есебінде қарауға болмайды.
Топыраққа зиян келтіретін фактор – экономикалық эрозия. Бұл әсіресе жер байлығын тиімді пайдаланбағанда, оны ғылымға негіздемей жырта беруден болады. Мысалы топырақтың беткі 20 см қалыңдығы құнарлы бөлігі болып есептеледі. Оны құру үшін табиғатта 2-7 мың жыл кетеді.
Топыраққа зиян келтіретін үшінші фактор – ирригациялық эрозия адамдар қызметіне байланысты және оны болдырмау қолдан келетін жағдай болып табылады.
Ирригациялық эрозия – су эрозиясының бір түрі. Егер су эрозиясы табиғатқа байланысты жаңбырдың, нөсердің, су тасқынының әсерінен болса ирригациялық эрозия – адамдардың қолда бар су ресурстарын дұрыс пайдаланбауынан дәлірек айтқанда, суды ысыраппен пайдаланудан келіп туады. Суды нәтижесіз көп беру салдарынан топырақтың беткі құнарлы бөлігі шайылып кетеді де, ауыл шаруашылығы өнімі аз шайылатын топырақтарда 10-15 % ке төмендейді, орташа шайылатын топырақтарда 15-40 % ке, күшті шайылатын топырақтарда 2-3 есе төмендейді.
Ирригация жүйелеріне суды көп беру нәтижесінде жер суару режимі бұзылады, эрозия күшейеді, топырақты су басып кетеді, жер асты суларының деңгейі көтеріледі, осының әсерінен топырақтағы құнарлы қөректік нәрселер жуылып кетеді де су қоймалары мен тоғандар бітеліп қалады. Осы айтылғандардан ирригациялық эрозия топырақтарда, егіннің өнімділігіне зиянды әсер етеді.
Жел эрозиясының ең жаман түрі – шаңды қара дауылдар. Олар әсіресе Ақтөбе, Қостанай, Жезқазған, Атырау облыстарында жиі болып тұрады.
Жел эрозиясы нәтижесінде құм массавтері пайда болады. Олар егістікке құнарсыз өлі топырақтар. Ғалымдардың есептеуі бойынша еліміз де шабындық жер көлемі азайып келеді. Жер көлемі бір адамға шаққанда 0,8 га астам кем болмау керек. Бірақ, соңғы жылдары егіншілік мақсатында жайылымдар мен шабындықтардың молынан жырту жер пайдаланудың құрылымын бұзды. Егістікпен шабындықтың, шабындықтық пен жайылымдық жердің арасында негізделген ғылыми ара қатынас болуы тиіс.
2.4 Шөлденуге қарсы күрес шаралары
- Үлкен территорияларда өсімдік жабынын жаюға алып келетін табиғи эко жүйелерге тигізетін әсерді шектеу. Бұл орманды пайдалануға қатысты.
- Жерді уланудан қорғау. Ауадағы радио активті заттар, ауыр металдар, күкірт қышқылы зиянды қалдықтар топырақты ластайды.Пестицидтер мен миниралды тыңайтқыштар мөлшерден тыс қолданса жер уланады. Жерді уланудан қорғау үшін химиялық препараттарды белгілі бір мөлшерде қолдану қажет. Технологиялық қалдықтардың өте қауіпті ластаушы екенін ескере отырып мемлекеттік стандарт ( ГОСТ № 17-4-3-01-83) химиялық заттарды ерекше бақылауға алуға ұсынды.
- Топырақты тұзданудан сақтау үшін - гидротехникалық шаралар қолданылады. Гидротехникалық шара дегеніміз – топырақ бетін сулар жумау үшін судың ағымын тежеп оның жылдамдығын азайту. Ағыстың бағытын бұру немесе шашыратып жіберу үшін су жолдарына, сайларға кедергі ретінде гидро техникалық құрылыстар салып, каналдың сайдың түбіне, су құятын жерлерге бетон немесе тас төсейді.