Орманды құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 14:49, реферат

Описание

Орман қорғау- орман қорын тиімді пайдалану,оны толықтыру,өрттен,зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ,ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнешетелімдерге бөлінеді де,олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу,ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың,малшылардың,т.б орман қорын сақтау бақыланады. Қазақстанда орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты,орман шаруашылығы мекемелері, т.б айналысады

Работа состоит из  1 файл

реферат основы права .docx

— 44.58 Кб (Скачать документ)

Құрамында биік беткелер,жайылымда,шабындықта және т.б шөбі қалың,орман мен  қамтылмаған жерлері бар орамдар,кесу қалдықтары қалған,өртемдері және өлген  ағаштары бар алқа ағаштар өрт  қаупі класына жатады.

Өрт қаупіне қарсы іс шараларды  жобалау кезінде,орман орналастыру  аймақтарына байланысты жасалған басты  жоспарлар мен өртке қарсы  құрлымдардың сүлбесі пайдаланылады.

Ормандарды орман заңдарының бұзылуынан қорғау. Бұрын болған орман  орналастыру кезінде орын алған  орман заңдарын бұзушылықтарын талдау негізіне сүйене отырып ағаштарды заңсыз кесудің алдын-алу,орманды пайдалану  ережесінің бұзылуына жол бермеу,санитарлық ережелерді бұзбау,жануарлар мен  өсімдіктер әлемін қорғау,заңдылық актілері ережелерінің бұзбау туралы ұсыныстар  беріледі.

Орманшылықтардың аудандарын мастерлік учаскелермен айналымдарға бөлу.Орманшылықтардың аудандарын шеберлік учаскелермен айналымдарға бөлу,олардың  аудандарының өрт қаупі кластарына бөлінуін және оларды пайдалану бағыттарын, бұрын жүргізілген талдауларды  ескере отырып,жүзеге асырылады.

Орман орналстыру кезінде  бөлінген аудандардың жобасы кішірейтілген  түрінде сүлбелерде көрсетіледі  және арнайы түсіндерме тақырыптарында жазылады. Мастерлік учаскелерімен  айналым аудандары,оларды бақылау  мүмкіншілігіне байланысты,дайындалатын және жергілікті тұрғындар жиі баратын орамдарды қорғау тиімділігіне ерекше назар аударылады.

Орман пайдалану құқығы

2.1 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы

1. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман  пайдалану құқығы тендер нәтижелерi  туралы хаттама және сол негiзге  алынып жасалған шарт негiзiнде туындайды.

2. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман  пайдалану құқығы орман билетiнiң негiзiнде туындайды.

3. Орман пайдаланушы жеке  тұлға қайтыс болған жағдайда  оған тиесiлi орман пайдалану  құқығы Қазақстан Республикасының  азаматтық заңдарында белгiленген  тәртiппен басқа адамға ауысады.

4. Орман пайдаланушы заңды  тұлға қайта ұйымдастырылған  кезде оған тиесiлi орман пайдалану  құқығы Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен  қайта ұйымдастырылған заңды  тұлғаның құқық мирасқоры - заңды тұлғаға ауысады.

5. Орман пайдалану құқығы - орман пайдалану түрi сақталғанда  ғана, құқық мирасқорында орман  пайдалануды жүзеге асыру үшiн  қажеттi қаражат пен өндiрiстiк  қуаттар және облыстық атқарушы  органдар айқындайтын тиiстi бiлiктiлiкке  ие мамандар болған жағдайда, ал орман пайдалану жөнiндегi қызметтiң  лицензияланатын түрi жүзеге асырылатын  жағдайда лицензиясы бар болған  кезде ғана ауысуы мүмкiн.

6. Орман пайдалану құқығының  ауысуы ұзақ мерзiмдi орман пайдалану  шартына, ағаш кесу билетiне, орман  билетiне өзгерiстер енгiзу арқылы  ресiмделедi.

2.2 Жекеше орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығының туындауы

Жекеше орман қоры учаскелерiнде  орман пайдалану құқығы Қазақстан  Республикасының заңдарына сәйкес жекеше орман иеленушi айқындайтын  тәртiппен туындайды.

2.3 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану

1. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде орман ресурстары  ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға  тендер хаттамасы негiзiнде және  кейiн қарауында мемлекеттiк орман  қоры учаскелерi бар уәкiлеттi орган немесе облыстық атқарушы  орган мен орман пайдаланушы  арасындағы шартпен ресiмделе отырып берiледi.

2. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiндегi орман ресурстары  орман пайдалануды жүзеге асыру  үшiн қаражаты мен өндiрiстiк  қуаттары және тиiстi бiлiктiлiкке  ие мамандары бар орман пайдаланушыларға 10 жылдан 49 жылға дейiнгi мерзiмге  ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiледi.

3. Орман ресурстарын сүрек  дайындау үшiн ұзақ мерзiмдi орман  пайдалануға берген жағдайда, орман  пайдаланушыға мемлекеттiк орман  қоры учаскесiнде сүрек ресурстары  орман орналастыру материалдарына  сәйкес сүрек ресурстарын ұдайы және сарқылмайтындай етiп пайдалануды қамтамасыз етуге мүмкiндiк беретiн, бiрақ орманшылық алаңынан аспайтындай етiп берiледi.

4. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде орман ресурстарын  ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға  беру сол аумақта тұратын халықтың  мүдделерi ескерiле отырып, жария жүзеге асырылуға тиiс. 5. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiндегi ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға берiлген, пайдаланылмаған орман ресурстары шарт мерзiмi өткен соң орман пайдаланушының меншiгiне ауыспауға тиiс.

2.4 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шартының талаптары

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман  пайдалану шартында мынадай талаптар:

1) орман пайдалану жүзеге  асырылатын мемлекеттiк орман  қоры учаскесiнiң шекаралары;  
2) мемлекеттiк орман қоры учаскесiнiң алаңы және мөлшерлеу көрсеткiштерi  3) орман пайдалану түрлерi;

4) орман пайдаланудың  көлемi (мөлшерi);

5) орман пайдалану мерзiмi;

6) орман пайдалану төлемақысының  мөлшерi мен оны енгiзу тәртiбi;

7) тараптардың орман ресурстарын  күзету, қорғау және молықтыру  жөнiндегi мiндеттерi;

8) тараптардың шарт талаптарын  бұзғаны үшiн жауаптылығы; 

9) лицензияның нөмiрi мен  берiлген күнi (орман пайдалану  жөнiндегi қызметтiң лицензияланатын  түрiн жүзеге асыратын жағдайда);

10) салық төлеушiнiң тiркеу  нөмiрi;

11) Қазақстан Республикасының  орман заңдарында көзделген және  тараптардың қалауымен анықталған  өзге деталаптар көрсетiледi.

2.4 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақмерзiмдi орман пайдалану шартының нысаны жәнеоны мемлекеттiк тiркеу

1. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман  пайдалану шарты жазбаша нысанда  жасалады және ол Қазақстан  Республикасының азаматтық заңдарында  белгiленген тәртiппен мемлекеттiк  тiркелуге жатады.  
     2. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде ұзақ мерзiмдi орман пайдалану шарты ол мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап жасалған болып есептеледi.

2.5 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман пайдалану

1. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiндегi орман ресурстары  қысқа мерзiмдi орман пайдалануға  мемлекеттiк орман иеленушiлер  беретiн орман билетi негiзiнде  бiр жылға дейiнгi мерзiмге берiледi.

2. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде қысқа мерзiмдi орман  пайдалану кезiнде орман пайдаланудың:

1) жанама орман пайдалану  ;

2) мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiн ғылыми-зерттеу мақсаттары  үшiн пайдалану ;

3) мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiн мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк және спорттық мақсаттары  үшiн пайдалану сияқты түрлерiн  ғана жүзеге асыруға болады.

2.6 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға беру жөнiнде тендерлер өткiзу тәртiбi

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман ресурстарын  ұзақ мерзiмдi орман пайдалануға  беру жөнiнде тендерлердi өткiзу тәртiбiн  Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

2.7 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануға рұқсаттама құжаттары

1. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде орман пайдалануды  жүзеге асыруға рұқсаттама құжаттары:  ағаш кесу билетi мен орман  билетi негiзiнде ғана жол берiледi.

2. Тендер нәтижелерi туралы  хаттама, ұзақ мерзiмдi орман пайдалану  шарты ағаш кесу билетiн беру  үшiн негiздеме болып табылады.

3. Ағаш кесу билетi орман  пайдаланушыға сүрек (қабығымен  iске жарамды және отындық), кесiлген  ағаштардың қалдықтары (ұшар басынан  алынған отын), шайыр, ағаш шырындарын  және қосалқы сүрек ресурстарын  дайындауға және тасып әкетуге  құқық беретiн құжат болып табылады.

4. Ағаш кесу билетi орман  ресурстарының сандық және сапалық  сипаттамасы, орманды пайдалану  төлемақысы мөлшерi, жұмыстар жүргiзудiң  мерзiмдерi, орманды молықтыру талаптары  мен ағаш кесу орындарын тазарту,  дайындау технологиясына қойылатын  орман шаруашылығы талаптары  туралы мәлiметтердi, ағаш кесу  билетiнiң қолданылуын тоқтату  шарттарын қамтиды. 

5. Ағаш кесу билетi орман  пайдаланушыға жыл сайын, оны  беру үшiн негiздеме болған  құжаттарда көрсетiлген орман  пайдалану түрлерiн ғана жүзеге  асыруға, белгiленген көлемде  және мемлекеттiк орман қорының  нақты учаскесiне арнап берiледi.

6. Шайыр және ағаш шырындарын  дайындауға арналған ағаш кесу  билетi орман пайдаланушыға сөл  ағызудың бүкiл мерзiмiне берiледi.

7. Мемлекеттiк орман иеленушi  аралық пайдалану мақсатында  кесудi және өзгедей мақсатта  кесудi, жанама орман пайдалануды  жүргiзген кезде ағаш кесу билетi  мен (немесе) орман билетi орманшылық  басшысына, ал орманшылық болмаған  жағдайда - аталған ағаш кесу мен  орман пайдалануды жүргiзуге жауапты  лауазымды адамға жазылады.

8. Орман билетi жанама  орман пайдалануды жүзеге асыруға,  мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн  аң шаруашылығы, ғылыми-зерттеу  , мәдени-сауықтыру , рекреациялық, туристiк  және спорттық мақсаттар қажеттiгi  үшiн пайдалануға құқық беретiн  құжат болып табылады.

9. Ағаш кесу билетiнiң  және орман билетiнiң нысанын,  оларды есепке алудың, сақтаудың,  толтыру мен берудiң тәртiбiн  уәкiлеттi орган белгiлейдi.  10. Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде жануарлар дүниесiн пайдалануға рұқсаттама құжаттары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен берiледi.

2.8 Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi құқықтары

1. Орман пайдаланушылардың: 

1) мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде орман пайдалануды  рұқсаттама құжаттарында көрсетiлген  көлемде жүзеге асыруға; 

2) өздерiне орман пайдалануда  берiлген орман ресурстары туралы  ақпарат алуға; 

3) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен  орман пайдалану мерзiмiне құрылыстар  мен ғимараттар, сүрек сақтау  қоймаларын салуға, ағаш таситын  жолдар тартуға, сүректi және мемлекеттiк  орман қоры учаскелерiн пайдалануға  байланысты басқа да орман  өнiмдерiн өңдеу үшiн жабдықтар  орнатуға;

4) мемлекеттiк орман қорының  санаттарының өзгеруi, сондай-ақ  мемлекеттiк орман қоры жерiн  мемлекет қажеттiктерi үшiн алып  қою салдарынан келтiрiлген шығындарға  өтем алуға құқығы бар.

2. Орман пайдаланушылардың  құқықтары бұзылған жағдайда  оларды қорғау сот тәртiбiмен  жүзеге асырылады. 

2.9 Орман пайдаланушылардың мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалануды жүзеге асырған кездегi мiндеттерi

Орман пайдаланушылар:

1) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану  шартының талаптарын, сондай-ақ ағаш  кесу билетiмен, орман билетiмен  белгiленген талаптарды сақтауға;

2) тұрғын халықтың денсаулығына  зиян келтiруiне жол бермеуге;

3) жұмысты топырақ эрозиясының  пайда болуына жол бермейтiн,  ормандардың жай-күйi мен молайтылуына, сондай-ақ су және басқа да  табиғи объектiлердiң жай-күйiне  терiс әсердi болдырмайтын немесе  оны шектейтiн және жануарлар  дүниесi мен олар тiршiлiк ететiн  ортаның сақталуын қамтамасыз  ететiн тәсiлдермен жүргiзуге;

4) сүрек дайындаған кезде  Қазақстан Республикасының заңдарында  белгiленген тәртiппен мемлекеттiк экологиялық сараптамадан өткiзiлген техника мен технологияларды пайдалана отырып ормандарды табиғи түрде молықтыру үшiн оңтайлы жағдайларды сақтау жөнiндегi талаптарды ұстануға;

5) мемлекеттiк орман қорының  өздерiне орман пайдалану үшiн  бөлiнiп берiлген учаскелерiнде  өрт қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, өртке қарсы iс-шараларды жүргiзуге, ал орман өртi пайда болған жағдайда оны сөндiрудi қамтамасыз етуге;

6) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану  кезiнде мемлекеттiк орман иеленушiлермен  келiсе отырып өртке қарсы iс-шаралар  жоспарын әзiрлеуге және бекiтуге, сондай-ақ оларды белгiленген  мерзiмдерде жүзеге асыруға;

7) мемлекеттiк орман қоры  аумағында өздерi мәдени-сауықтыру,  рекреациялық, туристiк, спорттық  және басқа да iс-шаралар мен  жұмыстарды өткiзетiн жерлерде  уәкiлеттi орган әзiрлеген және  Қазақстан Республикасының өрт  қауiпсiздiгi жөнiндегi орталық атқарушы  органы бекiткен нормаларға сәйкес өрт сөндiретiн құралдары болуына;

8) ағашы кесiлетiн жерлерде  оны дайындау мен тасып әкетудiң  белгiленген мерзiмi аяқталған  соң кесiлмеген және дайындалған  ағаш сүректерiн қалдырмауға; 

9) кеспеағаш аймағын кесiлген  ағаштардың қалдықтарынан сүрек  дайындаумен бiр мезгiлде тазартуға; 

10) мемлекеттiк орман қорының  орман пайдалану үшiн бөлiнген  учаскелерiнде заңсыз ағаш кесуге  және Қазақстан Республикасының  орман заңдарын, Қазақстан Республикасының  жануарлар дүниесiн қорғау, молайту  мен пайдалану туралы және  ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңдарын өзге де бұзушылықтарға жол бермеуге;

Информация о работе Орманды құқығы