Орманды құқығы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Января 2013 в 14:49, реферат

Описание

Орман қорғау- орман қорын тиімді пайдалану,оны толықтыру,өрттен,зиянкестерден және аурулардан қорғау, сондай-ақ,ағаш өнімін арттыру шаралары. Орманды алқаптарда орман қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнешетелімдерге бөлінеді де,олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Орман қорғау жұмысында өртке қарсы шаралардың мұқият орындалуы бақыланады. Орманды рұқсатсыз кеспеу,ағаш дайындаушылар мен пішен шабушылардың,малшылардың,т.б орман қорын сақтау бақыланады. Қазақстанда орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты,орман шаруашылығы мекемелері, т.б айналысады

Работа состоит из  1 файл

реферат основы права .docx

— 44.58 Кб (Скачать документ)

11) мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде жұмыс аяқталғаннан  кейiн оларды мемлекеттiк орман  иеленушiлерге тапсыруға;

12) мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде басты пайдалану  мақсатында ағаш кескен кезде,  орман орналастыру жобасына сәйкес, орманды қайта жаңартуды қоса  алғанда, ағашы кесiлген алаңының  екi еселенген мөлшерiнен астам  алаңына орманды молықтыруды  жүзеге асыруға; 

13) ағашы кесiлген жерлерде  және өздерiнiң қызметi салдарынан  өскiндер жойылған, ағаш пен бұта  өсiмдiктерi құрып кеткен алаңдарда  ормандарды молықтыруды өз есебiнен  жүзеге асыруға; 

14) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен орман шаруашылығы шеккен шығындар мен шығасыны өтеуге;

15) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен  орманды пайдаланудың төлемақысын  уақтылы енгiзуге;

16) ормандардың санитариялық  жай-күйiн қамтамасыз ету мен  жақсарту жөнiндегi ережелердi (бұдан  әрi - ормандардағы санитарлық ережелер) сақтауға;

17) ұзақ мерзiмдi орман  пайдалану кезiнде мемлекеттiк  орман қоры учаскелерiн орман  зиянкестерi мен ауруларынан қорғау  жөнiндегi iс-шараларды жүзеге асыруға;

18) мемлекеттiк орман иеленушiлердi мемлекеттiк орман қорының орман  пайдалану үшiн өздерiне бөлiнiп  берiлген учаскелерiнде орман  зиянкестерi мен ауруларының пайда  болғаны туралы хабардар етуге; 

19) өзге орман пайдаланушылардың  құқықтарын бұзбауға;

20) Қазақстан Республикасының  заңдарында белгiленген тәртiппен  уәкiлеттi органға және оның аумақтық органдарына, облыстық атқарушы органдар мен мемлекеттiк статистика саласындағы уәкiлеттi органға орман қорының мемлекеттiк есебiн, мемлекеттiк орман кадастрын, мемлекеттiк орман мониторингiн жүргiзу, орман пайдалану төлемақысының мөлшерiн анықтау үшiн қажеттi ақпаратты берiп тұруға;

20-1) Қазақстан Республикасының  Экологиялық кодексiне сәйкес қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру кезiнде экологиялық рұқсат алуға;

21) Қазақстан Республикасының  заңдарында көзделген өзге де  мiндеттердi орындауға мiндеттi.

2.9 Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану құқығын тоқтата тұру мен шектеу  негiздерi

1. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:

1) орман пайдаланушы Қазақстан  Республикасы орман заңдарының, Қазақстан Республикасының жануарлар  дүниесiн қорғау , молайту мен  пайдалану және ерекше қорғалатын  табиғи аумақтар туралы заңдарының  талаптарын бұзған;

2) орман пайдаланушы ұзақ  мерзiмдi орман пайдалану шартының, ағаш кесу билетiнiң, орман билетiнiң  талаптарын орындамаған жағдайларда  тоқтатыла тұруы мүмкiн.

2. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде орман пайдалану  құқығы:

1) мемлекеттiк орман қорының  орман пайдалану жүзеге асырылатын  учаскелерiнде орман ресурстарының  жай-күйiнiң нашарлауына әкеп соқтырған  табиғи және техногендiк сипаттағы  төтенше жағдайлардың басталуы  нәтижесiнде олардың қоры азайған;

2) орман зиянкестерi мен  ауруларына қарсы күрес жөнiндегi авиахимиялық, авиабиологиялық және  аэрозольдық iс-шаралар өткiзiлетiн  жағдайларда, сондай-ақ орманда  өрт қаупi жоғары болатын кезеңде  шектелуi мүмкiн. 

3. Егер орман пайдалану  құқығының шектелуiн не тоқтатыла  тұруын тудырған мән-жайлар немесе  жағдайлар жойылса, орман пайдалану  құқығы толық көлемiнде қалпына  келтiрiледi.

4. Орман пайдаланушы өзiнiң  орман пайдалану құқығын шектеу  туралы немесе тоқтата тұру  туралы шешiммен келiспеген жағдайда, оның бұл шешiмге сот тәртiбiмен  шағымдануға құқығы бар. 

5. Орман пайдалану құқығын  шектеу немесе тоқтата тұру  орман пайдаланушыларды Қазақстан  Республикасының орман заңдарын  бұзғаны үшiн әкiмшiлiк және  өзге де жауапкершiлiктен босатпайды.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану  құқығын тоқтату негiздерi

1. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде орман пайдалану құқығы:

1) орман пайдаланушы орман  пайдалану құқығынан ерiктi түрде бас тартқан; 2) орман пайдалану мерзiмi өткен;

3) орман пайдаланушы заңды  тұлға таратылған;

4) орман пайдаланушы орман  пайдаланудың белгiленген ережелерiн  немесе ұзақ мерзiмдi орман пайдалану  шартында, ағаш кесу билетiнде,  орман билетiнде көзделген талаптарды  үнемi (екi және одан да көп рет)  бұзған;

5) мемлекеттiк орман қорында  орман пайдалануды жүзеге асыруға  кедергi келтiретiн өзгерiстерге әкеп  соқтырған табиғи және техногендiк  сипаттағы төтенше жағдайлар  басталғанда; 

6) орман пайдалану төлемақысын  енгiзудiң белгiленген мерзiмiн  үнемi (екi және одан да көп рет)  бұзған немесе орман пайдаланудың  төлемақысын белгiленген мерзiмнен  кейiнгi үш ай iшiнде енгiзбеген;

7) мемлекеттiк орман қоры  жерi мемлекет қажеттiктерi үшiн  алып қойылған, мемлекеттiк орман  қоры учаскелерiнде орман пайдалануды  шектеудiң неғұрлым қатал режимi  белгiленген жағдайларда тоқтатылады.

2. Мемлекеттiк орман қоры  учаскелерiнде орман пайдалану  құқығын тоқтату орман пайдаланушыларды  Қазақстан Республикасының орман  заңдарын бұзғаны үшiн әкiмшiлiк  және өзгедей жауапкершiлiктен  босатпайды.

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану  құқығын тоқтату тәртiбi

Мемлекеттiк орман қоры учаскелерiнде орман пайдалану  құқығы:

1) ұзақ мерзiмдi орман пайдалану  шартының бұзылуы; 

2) орман пайдаланушының  жазбаша өтiнiшi;

3) ағаш кесу билетi, орман  билетi қолданылуының уәкiлеттi орган  белгiлеген тәртiппен тоқтатылуы;

4) лицензияның лицензиядан  айыру (орман пайдалану жөнiндегi қызметтiң лицензияланатын түрi  жүзеге асырылған жағдайда) негiзiнде  тоқтатылады. 

2.10 Жеке тұлғалардың мемлекеттiк орман қоры аумағында болуы

1. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк  орман қоры аумағында болу  тәртiбi мен шарттары мемлекеттiк  орман қорының санатымен, аумақтың  абаттану деңгейiмен және орман  пайдаланудың түрiмен, ерекше  қорғалатын табиғи аумақтар туралы  жеке ережелермен айқындалады. 

2. Жеке тұлғалардың рұқсаттама  құжаттарынсыз демалысын өткiзу, мәдени-сауықтыру, рекреациялық, туристiк  және спорттық iс-шараларға қатысу, жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк  шикiзатты және өзге де орман  ресурстарын өз қажетi үшiн  жинау мақсатында мемлекеттiк  орман қоры аумағында тегiн  болуға құқығы бар. 

3. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк  орман қоры аумағынан жабайы  өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды,  жидектердi, дәрiлiк шикiзатты, өзге  де орман ресурстарын жинауына  өз қажетi үшiн облыстық атқарушы  органның ұсынуы бойынша облыстық  өкiлдi органның шешiмiмен бекiтiлген  нормалар шегiнде рұқсат етiледi.

4. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк  орман қоры аумағында болуына  және жабайы өскен жемiстердi, жаңғақты, саңырауқұлақтарды, жидектердi, дәрiлiк шикiзатты және өзге  де орман ресурстарын жинауына  Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес, халықтың денсаулығын қорғау, өрт қауiпсiздiгi, жаңғақ кәсiпшiлiгi, орман-жемiс, орман тұқым және  аңшылық шаруашылықтарын жүргiзу  мүддесiне орай шектеу қойылуы  мүмкiн.

5. Қазақстан Республикасының  арнайы заңдарында белгiленген  жағдайларды қоспағанда, Қазақстан  Республикасының Қызыл кiтабына  енгiзiлген жабайы өсiмдiктер мен  саңырауқұлақ түрлерiн, сондай-ақ  құрамында есiрткi заттар бар  өсiмдiктер мен құрамында есiрткi  заттар бар табиғи шикiзат жинау  мен дайындауға тыйым салынады.

6. Жеке тұлғалар өрт  қауiпсiздiгi ережелерiн сақтауға, ағаштар мен бұталарды сындырмауға  және кеспеуге, орман ағаштарының  зақымдануына, ормандардың ластануына, құмырсқа илеулерiнiң, құс ұяларының  бұзылуына жол бермеуге, жабайы  өскен тағамдық орман ресурстарын,  дәрiлiк шикiзатты олардың молықтырылуына  нұқсан келмейтiн мерзiмде және  тәсiлдермен жинауға мiндеттi.

7. Жеке тұлғалардың мемлекеттiк  орман қоры аумағында аң аулау  және балық аулау мақсатында  болуы осы Кодекспен регламенттеледi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер

 

1 Қазақстан Республикасының Орман кодексі

2 Қазақ энциклопедиясы VII-том;

 


Информация о работе Орманды құқығы