Қоршаған ортадағы ауыр металдар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Ноября 2011 в 13:55, реферат

Описание

Ауыр металдар – қоршаған ортаға көп мөлшерде түскенде организмдерді уландыратын металдар. Бұл терминмен соңғы жылдары тек қана мынадай элементтер: қорғасын, мырыш, кадмий, сынап, молибден, марганец, никель, қалайы, кобальт, титан, мыс, ванадий аталады. Бұл элементтер қоршаған ортаға түскенде экожүйелердің өздігінен тазалану процесімен ыдырамайды. Олар топырақта жинақталып, өсімдіктерге өтіп, әрі қарай биологиялық айналымға түсіп отырады. Ауыр металдардың жартылай ыдырау мерзімі ұзақ, мысалы: қорғасындыкі 740 жылдан 5900 жылға дейін, кадмийдікі -13-110 жыл, мырыштыкі – 70-510 жыл, мыстыкі – 310-1500 жылдар аралығына дейін созылады.

Содержание

Кіріспе
Негізгі бөлім: а)Ауыр металдармен ластану
ә)Қазақстан аймақтарының ауыр металдармен ластануы
б)Топырақтың ауыр металдармен ластануын зерттеу
в)Өсімдіктердің дамуына ауыр металдардың әсері
Ш. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Работа состоит из  1 файл

Документ Microsoft Word (2).doc

— 282.50 Кб (Скачать документ)

    Қаратал өзенінің бойындағы  белгіленген нүктелерден алынған шөгінділер сынамаларындағы ауыр металдардың  мөлшері

Өзен  шөгінділеріндегі ауыр металдардың  мөлшері  3-ші кестеде келтірілген.

Кесте 3 - Ауыр металдардың  шөгінділердегі  мөлшері (мг/кг)

                                                                                                               

Сынама  алынған нүктелер Сынама  алынған  күн Ауыр  металдардың мөлшері, мг/кг
Cu 2+ Pb2+ Zn2+ Ni2+ Cd2+
1 2 3 4 5 6 7
Талдықорған қаласынан төменгі көпірден кейін 19.06.03 11,00 55,50 145,00 46,00 0,25
Текелі  қаласынан төменгі көпірден кейін 19.06.03 7,70 30,75 87,00 62,00 0,25
Үштөбе  қаласынан 32 шақырым  төмен 19.06.03 8,70 13,00 42,00 78,50 0,75
Қаратал өзенінің Балхаш көліне құяр сағасында 20.06.03 4,00 9,25 13,00 46,75 0,25
 

    Үшінші  кестеден көріп отырғанымыздай  қай элементті алсақта мысалы, сынама алынған 1-ші нүктеде қорғасынның  мөлшері 55,50 мг/кг  болса, соңғы Балхаш көліне құяр сағасында 9,25 мг/кг дейін  төмендейді. Себебі, ауыр металдар тұнбаға  түсіп, шөгіндіде жинақталып, өзен суы табиғи жолмен тазарады. Бірақ, әрбір нүктедегі мөлшері  ШМК – дан  2,5 – 3,0 есе жоғары. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

      Топырақтың ауыр  металдармен ластануын  зерттеу нәтижелері 

 Ауыр  металдардың топырақта таралуы  көптеген факторға байланысты,   негізінен, метеорологиялық жағдайға, ластаушы көздің табиғаты мен топырақтың геохимиялық қасиеттеріне әсер етеді. 2002 және 2003 жылдың мамыр айында қалдық сақтау орнының төрт жағынан (оңтүстік, солтүстік, шығыс және батыс) алынған топырақ сынамаларындағы ауыр металдардың мөлшері  4-ші кестеде, 4-ші және 5-ші суреттерде келтірілген.

Кесте 4 -  «Казцинк»  ААҚ Текелі тау-кен байыту комбинатының  қалдық сақтау орындары маңындағы топырақтың ластану мөлшері (мг/кг) 

Ауыр  металдар Қалдық  сақтау орны, мамыр айы ШМК, (мг/кг)
Шығыс Солтүстік Батыс Оңтүстік
2002 2003 2002 2003 2002 2003 2002 2003
Pb2+ 65,6 67,5 76,2 83,1 65,9 67,8 98,4 100,2 30,0
Zn2+ 165,8 172,1 206,8 211,3 208,7 211,1 219,2 221,2 100,0
Cd2+   0,068 0,072   0,05   0,09   0,068 0,071    0,05     0,07 0,05
Cu2+    53,6 58,2 68,1   73,2    54,3 56,5    65,4     67,5 40,0
 

   Қалдық  сақтау орны маңайының ауыр металдармен  қаншалықты ластанғаны 4-ші кестеде  көрсетілген. Мысалы, қорғасынды алсақ  шығыс жағында (2002 ж) ең төменгісі  65,6±0,02 мг/кг ал, ең жоғарғысы оңтүстігінде 98,4±0,02 мг/кг, бұл көрсеткіш ШМК-дан 2,18±0,2 есе, ал оңтүстігінде 3,28±0,2 есе артық екендігін көрсетеді. Бұндай нәтижелер барлық элементтерге тән екендігін кестеден көруге болады.

 

    Өсімдіктердің дамуына ауыр металдардың әсері. Өсімдіктердегі ауыр металдардың фондық концентрациясын анықтау үшін  Қора өзенінің таулы жазығы мен Солдат сайы және қала маңын көгалдандыру мақсатында отырғызылған солпыншақ және үлпек қайыңдардың көктемгі дамуына зерттеу жұмысы жүргізілді. 7-ші кестеде фенологиялық бақылаулардың нәтижелері келтірілген.

Кесте 7 - Өсімдіктерге жүргізілген фенологиялық бақылаулардың нәтижелері 

 
Жапы-рақтау

уақы-ты

Гүлдеуі   Ағаш  сандары
        Ерте          Аралық         Кеш   
1
 
2
 
Бар-лығы
1+ 2++ Бар-лығы 1 2 Бар-лығы 1 2 Бар-

лы-ғы

Ерте 81±2 26±2 107±3 38±2 26±1 64±4 - - - 119±3 52±2 181±4
Ара-лық 10±2 - 10±2 20±1 16±2 36±4 4±1 5±2 9±3 34±3 21±2 55±4
Кеш - - - 2±1 - 2±2 1±1 7±2 8±2 3±1 7±2 10±3
Барлы-ғы 91±3 26±4 117±4 60±3 42±4 102±4 5±2 12±2 17±3 156±4 80±3 236±4 
Белгілері : + -салпыншақ қайың,  ++ - Үлпек қайың

 

 

     Бұл кестеде, тәжірибеге  алынған  ағаштардың жалпы саны 236, оның 156-сы  салпыншақ, 80-і үлпек  қайың  түрлері. Зерттелген ағаштардың 69,9 ± 0,1 %  ерте, 24,9±0,1 %  аралық  және  4,9±0,1 %  кеш жапырақтады және гүлдеді. Үш жылдық тәжірибе нәтижесінде алынған орташа мәндер қайыңның екі түрінде де гүлдену уақытының өзгергендігін, яғни, табиғи жағдайда өсетін салпыншақ қайыңда, ал қалалық жағдайда өсетін үлпек қайыңда 1-4 күн ұзарғандығын көрсетеді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                                   Қорытынды 

Ауыр  металдар адам өміріне үлкен қауіп  төндіреді. Ауыр металдар топырақ, ауа, тағамдар арқылы тарайды. Экологияны  ластайтын тек ауыр металдар ғана емес, баска  да өндірістегі заттар. Бұл өндірістер бізге қажет болғандықтан оларды тоқтата алмаймыз. Сондықтан, экологияны қорғау шараларын қолданғанымыз жөн. Металл өндіретін, кен байыту кәсіпорындары бар аймақтарды бақылап, сол жердің экологиясын үнемі бақылап отыру қажет. Барлық қауіпсіздік шараларын қолдану керек. Экологияны қорғаудың ең бір тиімді де жеңіл жолы көгалдандыру. Осы көгалдандыруды барлық кен орындар, металлургия кәсіпорындары бар аймақтарға қолданған жөн. Сонда ғана экологияның ауыр металдардан ластануынан қорғауға болады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                       Пайдаланған әдебиеттер 

  1. «Экология және табиғат қорғау» Бастерова  І. Алматы «Мектеп» 2007 жыл
  2. «Жалпы экологияның қысқаша курсы» Көшкімбаев Қ.С. Алматы «Ғылым» 1998 жыл
  3. «Экология және қоршаған ортаны қорғау» Асқарова Ұ.Б. Алматы 2008 жыл

Информация о работе Қоршаған ортадағы ауыр металдар