Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 02:45, реферат

Описание

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.
«Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының шеңберінде орындалған Қазақстан Республикасында парник газдары шығарындыларының көздеріне өткізілген түгендеудің нәтижелері бойынша соңғы 5 жыл ішінде атмосфераға парник газдары эмиссияларының жыл сайынғы ұлғаюы 6,7% құрағандығы анықталған. Қазақстандағы парник газдары эмиссияларының негізгі көзі энергетикалық қызмет болып қалады, оның үлесі іс жүзінде өзгермеді, 2005 жылы 78,0% құрады.
Озон қабатын бұзатын заттар эмиссияларының қазіргі көлемдерін және оларды 1987 жылғы 16 қыркүйектегі озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының шеңберінде болжанатын рұқсатты көлемдерін ескере отырып, ХХІ ғасырдың алғашқы бірнеше онжылдықтары озондық қысқару үшін неғұрлым құбылмалы кезеңдер ретінде бағаланады. Қазақстан үстінде-де, жалпы планета үстінде-де, озон қабатының қалпына

Работа состоит из  1 файл

коршаган орта.docx

— 45.35 Кб (Скачать документ)

 Қоршаған  ортаның қазіргі жай-күйі 

Қазіргі уақытта  Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.

«Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының шеңберінде орындалған Қазақстан Республикасында парник газдары шығарындыларының көздеріне өткізілген түгендеудің нәтижелері бойынша соңғы 5 жыл ішінде атмосфераға парник газдары эмиссияларының жыл сайынғы ұлғаюы 6,7% құрағандығы анықталған. Қазақстандағы парник газдары эмиссияларының негізгі көзі энергетикалық қызмет болып қалады, оның үлесі іс жүзінде өзгермеді, 2005 жылы 78,0% құрады.

Озон қабатын  бұзатын заттар эмиссияларының қазіргі көлемдерін және оларды 1987 жылғы 16 қыркүйектегі озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының шеңберінде болжанатын рұқсатты көлемдерін ескере отырып, ХХІ ғасырдың алғашқы бірнеше онжылдықтары озондық қысқару үшін неғұрлым құбылмалы кезеңдер ретінде бағаланады. Қазақстан үстінде-де, жалпы планета үстінде-де, озон қабатының қалпына келуі кейінгі отыз жылда озон қабатын бұзатын заттардың шығарылуы тоқтатылатын жағдайда басталуы мүмкін.

Биоалуан түрлілікті сақтау проблемасы республика бойынша әлі күнге дейін өзекті болып қалып отыр. Қорғауды қажет ететін сирек кездесетін жергілікті және тарихи түрлердің арасында өсімдіктердің 400-ден астам түрі мен омыртқалы жануарлардың 300 түрі бар, олардың едәуір бөлігіне жойылу қауіпі төніп тұр.

Республиканың мәнді экологиялық проблемасы әлі күнге дейін шөлейттену болып отыр. Шөлейттену және азып-тозу үдерістеріне республика аумағының әртүрлі-деңгейде 70% жерлері ұшыраған, бұл көбінесе елдің табиғи ерекшелігімен шартталған. Ел жайылымының 188,9 млн. гектарында азып-тозудың ең шеткі дәрежесі 26,6 млн. га байқалады. Аудандардың қысқаруымен, улы өсімдіктермен ластанумен, бұталанумен айқындалған барынша көп азып-тозуға ауылдық елді мекендер маңайындағы жайылымдар мен шөп шабындықтар ұшыраған. Суармалы жерлердің тұздануы тұйық бассейндердегі сазды шөлдер ауданының өсуіне және суармалы жерлердің қайталама тұздануына әкеледі. Тұзданған топырақтың үлесі барлық суармалы егістік көлемінің 31,3% құрайды. Жалпы республика бойынша жер сапасы нашарлауының: қара шірінді болуының, биогендік элементтердің, өсімдіктердің түрлік құрамының, биологиялық өнімділіктің төмендеуі орнықты үрдісі байқалады.

Арал теңізі акваториясының апаттық қысқаруы Арал өңірін экологиялық зілзала аймағы деп жариялауға себеп болып отыр.Арал маңының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі бағдарламаны іске асырудың нәтижесінде 2004 — 2006 жылдары Арал теңізінің солтүстік бөлігінің деңгейі Балтық жүйесі бойынша 41,4 метр белгіге жетті, жобаны іске асыру басталмай тұрғанда 39 метр болған. Бұл ретте су айнасының ауданы 2006 жылдан бері 3156,6 шаршы метрге, су көлемі — 17,7-де 25,2 текше метрге ұлғайды, ал судың минералдануы бір литрге 23-тен 12 грамға дейін азайды.

Қазалы және Қызылорда гидротораптарынан төменірек Сырдария өзенінің өткізу қабілеті 60-тан 400 текше м/сек. дейін және тиісінше 400-ден 760 текше м/сек. дейін ұлғайды.

Жалпы, қолданылып жатқан шараларға қарамастан, өңірдегі экологиялық ахуал күрделі болып қалуда, бұл халық денсаулығына әсер етеді. Арал өңірінің проблемаларын бұдан әрі шешу мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 26 қыркүйектегі қаулысымен Арал өңірі проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2007 — 2009 жылдарға арналған бағдарламасы бекітілген.

Республикада Семей сынақ ядролық полигоны әлі күнге дейін бірден-бір қолайсыздардың бірі болып қалуда. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 20 қыркүйектегі қаулысымен бекітілген Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының проблемаларын кешенді шешу жөніндегі 2005 — 2007 жылдарға арналған бағдарлама шеңберінде зерттеулер алаң аумағында радиоактивті ластанудың бар болуын растайды, сондай-ақ суда техногендік радионуклидтердің нормадан жоғары болуы анықталды.

Жоғарыда аталған  Бағдарламаны іске асыру ядролық және радиациялық қауіпті объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындауға мүмкіндік берді, оның ішінде радиациялық ластануды таратпау режимін сақтау, ядролық қару-жарақтық қызметтің қалдықтарын жою және консервациялау жөніндегі, радиациялық ластанған аумақтарды қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралардың қатары өткізілген. Бұл аумақтағы радиациялық жағдайдың дұрыс карталарын жасау жөніндегі жұмыстар жүргізілуде.

Семей сынақ  ядролық полигоны аумағының және ел аумағында ядролық жарылыстарды өткізудің басқа орындарының радиациялық ластануының ұзақ мерзімді сипатын ескере отырып, ядролық жарылыстар жүргізілген барлық жерлердің радиологиялық мониторингін және ремедиациясын іске асыру бойынша кешенді шараларды әзірлеу жөніндегі ұсыныстарды енгізу қажет.

«Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберінде орындалған зерттеулер мұнай өндіру кәсіпорындары Қазақстанның мұнай газ кенорындарын 100-жылдық игеру кезінде Каспий маңындағы бірқатар аудандардың экологиялық ахуалын едәуір төмендеткенін растайды. Топырақтың ластануы, жағалаудағы көптеген мұнай амбарлары мен ұңғылар, сондай-ақ танкерлік флот Каспий теңізінің суына токсиканттар түсуінің басты көздері болып табылады. Мұнай өндіру кәсіпорындарында, ағынды суларды кәдеге жаратудың тиімді жүйесінің болмауы кәсіпшіліктер аумағында құрамында тұзданған сулар және уытты химиялық заттар бар ауқымды тіршіліксіз су қоймаларының пайда болуына әкеліп соғады. Мұнай кәсіпшіліктер аумағының радиациялық ластануы өзекті мәселе болып отыр, бұл көптеген мұнай кенорындарының қабатты сулары радионуклидтердің жоғарылаған нормасын қосуымен шарттасқан.

Мұнай өндіру аумақтарында төрт ұрпағы атмосфераның, топырақтың және су ресурстарының мұнай өнімдерімен  белсенді ластануының аймағында тұрақты тұратын халықтың денсаулығы ерекше алаңдатушылықты туғызады. Бірқатар аурулардың, мысалы қан және қан жасау органдарының ауруы (республикалық деңгейден 2 — 4 есе жоғары) мұнаймен ластанумен байланыстылығы туралы зерттеулер бар. Солтүстік Каспий ихтиофаунасының өмірлік қызметінде өзгерістер сондай-ақ белгіленеді, бұл бекіре балықтарды аулаудың көлемі 3 есеге қысқарғанының себебі болып табылады.

Бұл барлық факторлар Қазақстанның Каспий маңы өңірінің экологиялық проблемаларына мемлекеттік органдардың мемлекеттік органдарының басты назарын талап етеді. Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес Қазақстанның Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі Негіздемелік Конвенцияны (2003 жылғы 4 қараша) ратификациялау шартымен және оның 2006 жылғы 12 тамызда күшіне енуімен Каспий теңізінің қоршаған ортасының жай-күйін тұрақтандырудағы және жақсартудағы біздің еліміздің жауапкершілігі едәуір артады.Жер асты және жер беті суларының сапалық және сандық құрамына әсер ететін факторлар әлі күнге дейін табиғи суды қайтарымсыз алу, жеткіліксіз тазартылған сарқынды сулардың төгінділері нәтижесінде су объектілерін ластау болып табылады. Туындаған ахуалдың себебі республиканың су бұру жүйесі имараттарының және желілерінің көбісі 20 — 30 жылдан астам бұрын пайдалануға енгізілгендіктен немесе күрделі жөнделгендіктен болып отыр. Тазартылмаған, ағындар Тараз қаласындағы секілді немесе жинағыштарға (Көкшетау, Қызылорда, Орал, Петропавл, Қостанай қалаларында) тікелей сүзу алаңдарына төгіледі. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың ағынды суларының едәуір көлемі (жеке қалаларда 24%-ға дейін) тікелей қалалық тазарту құрылыстарына келіп түседі, бұл ретте канализациялық тазарту имараттарының көбісі аса жүктемемен жұмыс істейді, бұл, ағынды суларды тазарту технологиясының жобалық деректерге сәйкессіздікке келмеуіне әкеліп соқтырады. Талдықорған, Атырау, Павлодар, Өскемен және Семей қалаларындағы бар тазарту имараттары 1,5–2 есе аса жүктемеге душар болып отыр. Сарқынды суларды жинағыштар қоршау бөгеттерінің авариялық бұзылуының тұрақты қауіпін тудыра отырып шекті белгілерге дейін жиі толады. Ағынды сулардың жер беті суларына төгінділерінің көлемі 2006 жылы 2005 жылғы көрсеткіштен 8%-ға асты және 2,8 миллиардтан астам текше метрді құрады.Күн тәртібінен сапалы сумен, әсіресе ауылдық жерде қамтамасыз ету мәселесі алынбайды. Республиканың барлық облыстарында дерлік ауыз сумен қамтамасыз етуде қиындық шегіп отырған елді мекендердің анықталған саны бар.

Шекаралас аумақтарда қалыптасатын және республика аумағына бірден ластанып болып келетін трансшекаралық өзендердің жай-күйі сондай-ақ алаңдатушылықты туғызады, бұл шекара маңы өңірлеріндегі экологиялық ахуалды шиеленістіре түседі.

Тарихи ластанулар проблемасы сондай-ақ өзекті болып отыр. «Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберінде қоршаған ортаға әсерді талдау және оларға мұнайгаз кешенінің, жылу энергетикасының, тау рудалық және өндеу өнеркәсібінің бұрынғы қызметінің қалдықтары, сондай-ақ консервацияланған мұнай және қысымдық ұнғымалар, өз бетінше төгілетін гидрогеологиялық ұңғылар жататын тарихи ластануларды жою жөніндегі ұсыныстар әзірленген.

Соңғы уақытта  олар зымыран тасығыштардың сынамалық және оқулық ұшырулары олардың ұшу траекториясындағы ауқымды аумақтарының ластануымен байланысты екендігін растайтын әскери-ғарыштық және сынақ кешендерінің қоршаған ортаның жай-күйі мен халық денсаулығына әсерін бағалау жөніндегі көптеген зерттеулер өткізілді. Табиғи объектілерге едәуір зиян зымыран тасығыштарының бөлінетін бөлшектері конструкцияларының элементтерінен-де, отынның жанып бітпеген компоненттерінің қалдықтарынан да келтіріледі. Бір ластанудың ауданы зымыран тасығышының бөлінетін бөлшектерінің құлау орнының метеорологиялық және географиялық ерекшеліктеріне байланысты бірнеше гектарға жетуі мүмкін, бұдан өзге сұйық зымыран отынының компоненттері және олардың өзгерген өнімдері табиғи суларымен бірнеше жүз шақырымға дейін көше алады.

Атмосфералық  ауаның ластануы проблемасы бұдан әрі өз шешімін талап етеді. Қазіргі уақытта, Қазақстан Республикасы бойынша орташа, бір тұрғынға есептегенде, атмосфераға жылына 200 кг-дан астам әртүрлі химиялық қосылыстар шығарылады, ал 2000 жылы бұл көрсеткіш 163 кг-ға тең болатын.

1-суреттегі графикті талдау көрсеткендей, соңғы жылдары шамамен ішінде республика бойынша стационарлық көздерден шығарындылардың жылына 3 миллион тонна-деңгейінде тұрақтануы байқалады, ал автомобиль көлігінен ластаушы заттардың шығарындылары тоқтаусыз өсуде, бұл автокөлік құралдары санының республика аумағындағы күрт өсуімен шартталған. Атмосфералық ауаның ластануы проблемасы қалалар үшін неғұрлым өзекті. Республиканың көптеген ірі қалаларында ауа бассейнін ластауға автокөліктердің үлесі жалпы қалалық жалпы шығарындыдан 60%-ға және одан да астам, ал Алматы қаласында — 90%-ға жетеді. 
 

1-сурет —  Қазақстан Республикасының стационарлық  және жылжымалы көздерінен жалпы шығарындылары санының динамикасы, мың тонна

Қазақстан Республикасында атмосфералық ауаның стационарлық көздерінен ластануының негізгі себептері мыналар болып табылады: көптеген өндірістердің ескірген технологиялары; тозаң және газ тазартқыш қондырғыларының жеткіліксіз саны; бар тазарту қондырғыларының тиімділігінің; жұмыстың технологиялық режимін бұзушылық; энергетикада төмен сапалы көмірлерді пайдалану. 

 

2-сурет —  Қазақстан Республикасы қалаларының ластану индексінің динамикасы

2006 жылы 2005 жылмен салыстырғанда Астана, Теміртау, Павлодар қалаларында атмосфералық ауаның ластану-деңгейі едәуір артты. Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Балқаш, Қостанай, Петропавл, Риддер, Тараз, Орал, Екібастұз қалаларында және Глубокое кентінде атмосфералық ауаның ластану-деңгейі аса өзгерген жоқ, Алматы, Қарағанды, Семей, Өскемен және Шымкент қалаларында — төмендеген (2-сурет).

Қазақстан Республикасы аумағында бұрынғы Семей сынақ ядролық полигонының қызметімен, атом өнеркәсібі кешені кәсіпорындарының қызметімен, радиоактивті элементтердің жоғары құрамы бар пайдалы қазбаларды өндірумен және өңдеумен, халықтың мекендеу орындарындағы және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын жер асты суларындағы табиғи радиоактивті аномалиялармен негізделген радиациялық ахуалдың асқынуы «Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберінде орындалған зерттеулермен расталады.

Химиялық ластану проблемасы адам шаруашылық қызмет үдерісінде пайдаланатын, арасында тірі, ағзада жинақталу қасиеті бар, табиғи ортада баяу ыдырайтын берік органикалық ластанулар аса қауіпті химиялық белсенді заттардың кең таралуымен байланысты. Жеткілікті мөлшерде пестицидтерді сақтау үшін қоймалардың және пайдалануға жарамсыз пестицидтер мен олардың ыдыстары үшін жұмыс істеп тұрған мамандандырылған көмінділердің жоқ болуына байланысты пестицидтер мен улы химикаттардың ыдысын кәдеге жарату елеулі проблема болып қалып отыр.

Республикада жерлердің ластануының негізгі көздері өнеркәсіп, энергетика кәсіпорындарының қалдықтары және басқалары болып табылады. Экономиканың өндіріс қалдықтарының ең үлкен көлемін құрайтын салалары қара және түрлі-түсті металлургия және көмір өндіру өнеркәсібі болып табылады. Түрлі-түсті металлургия қалдықтарын жинақтауыштар алып жатқан аудандар15 мыңға жуық га. құрайды, оның ішінде тау жыныстарының үйінділері 8 мың га., байыту фабрикаларының қалдықтары — 6 мыңға жуық га. және металлургия зауыттарының үйінділері — 500 астам га. Қоймаланатын қалдықтардың тұрақты өсіп отырған көлемі қоршаған ортаға кері әсер ете отыра, жаңа техногендік ландшафттарды құрады.

Информация о работе Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі