Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Октября 2011 в 02:45, реферат

Описание

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында неғұрлым өзекті экологиялық проблемалар әлі күнге дейін климат пен озон қабатының өзгеруімен, биоалуан түрліліктің қысқаруымен, шөлейттенумен, су ресурстарының, ауаның ластануымен, өндіріс және тұтыну қалдықтарының жинақталуымен байланысты проблемалар болып отыр.
«Қазақстан Республикасының 2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасының шеңберінде орындалған Қазақстан Республикасында парник газдары шығарындыларының көздеріне өткізілген түгендеудің нәтижелері бойынша соңғы 5 жыл ішінде атмосфераға парник газдары эмиссияларының жыл сайынғы ұлғаюы 6,7% құрағандығы анықталған. Қазақстандағы парник газдары эмиссияларының негізгі көзі энергетикалық қызмет болып қалады, оның үлесі іс жүзінде өзгермеді, 2005 жылы 78,0% құрады.
Озон қабатын бұзатын заттар эмиссияларының қазіргі көлемдерін және оларды 1987 жылғы 16 қыркүйектегі озон қабатын бұзатын заттар жөніндегі Монреаль хаттамасының шеңберінде болжанатын рұқсатты көлемдерін ескере отырып, ХХІ ғасырдың алғашқы бірнеше онжылдықтары озондық қысқару үшін неғұрлым құбылмалы кезеңдер ретінде бағаланады. Қазақстан үстінде-де, жалпы планета үстінде-де, озон қабатының қалпына

Работа состоит из  1 файл

коршаган орта.docx

— 45.35 Кб (Скачать документ)

Ірі қалалардың барлығында дерлік қарқындап өсіп келе жатқан тұрмыстық қалдықтарды сақтау және қайта өндеу мәселелері маңызды болып отыр. Оларды қоймалау орындары санитарлық-гигиеналық нормативтерге сәйкес келмейді, қоршаған ортаға, оның ішінде жерлердің жай-күйіне-де кері әсер етеді. 

Қазақстанда 2000–2006 жылдар мерзімі ішінде 197 мыңнан астам төтенше жағдайлар және табиғи және техногендік сипаттағы оқиғалар тіркелген, зардап шеккендердің жалпы саны 117 мыңнан астам адамды құраған. Ірі көлемді табиғи және техногенді төтенше жағдайлар негізінен ауыр экологиялық салдармен ілеседі. Әсіресе залалы 2000 жылдан бастап 2 млрд. теңгені құраған орман өрттері үлкен зиян келтіреді. Төтенше жағдайлардың 2003 жылы 33375-тен 2006 жылы 23835-ке дейін едәуір азағаны байқалып отырғанын атап өту қажет.

Республиканың экологиялық проблемаларының едәуірі шешілмегендігіне байланысты халық денсаулығы көрсеткішінің нашарлауы, әсіресе өнеркәсіптік қалалар мен орталықтарда айқындалуда. «Қазақстан Республикасының

2005 — 2007 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау» бағдарламасы шеңберінде халықтың ауруға шалдығуы мен қоршаған ортаның сапасы арасындағы байланысты зерттеу жөніндегі алдын ала зерттеулер орындалған болатын, олар өздерінің жалғастырылуын талап етеді.

Көптеген елдер ластану көздерінің ұқсастығы себебімен ауаның, судың және топырақтың ластануымен байланысты ұқсас проблемаларға тап болады. Еуропа Одағының шешуші директивалары Қазақстанда табиғат қорғау саясатын реформалауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ шаруашылық қызметтің тұрғындарға, флораға, фаунаға, топыраққа, су ресурстарына, климатқа және ландшафтқа әсерін талдау және бағалау кезінде бағдар қызметін атқара алады.

Соңғы он жылдықтарда  Еуропа Одағы елдерінде ластаушы заттардың шығарындыларымен күресу жөнінде, жекелегенде «Ауаны алыс қашықтықтарға трансшекаралық ластау туралы» 1979 жылғы 13 қарашадағы конвенция шеңберінде күрделі жетістіктерге қол жеткізілген. Бұл Конвенцияның іс жүзіндегі 27 жылында Еуропадағы неғұрлым маңызды жетістік ластаушы заттар шығарындыларын төмендету саясатын енгізу болып табылады. Бұл Конвенция хаттамаларын жүзеге асыру нәтижесінде Еуропадағы ауа едәуір жақсарды. 1980 жылғы салыстыру бойынша күкірт шығарындылары 60%-дан астамға кеміген, 1990 жылғы-деңгеймен салыстыру бойынша азот тотықтарының шығарындылары 25%-ға, ұшпа органикалық қосылыстар — 35%-ға, аммиак — 20%-ға кеміген. 

Еуропа Одағының елдері сондай-ақ қалдықтарды басқаруда едәуір жетістіктерге қол жеткізді. Қалдықтарды жекелеп жинауды кеңінен енгізу, қалдықтарды қайталама қайта өңдеу және энергетикалық пайдалану көмуге жататын материалдардың санының тұрақты кемуіне әкеледі.

Әлемнің көптеген мемлекеттері экологиялық таза өнімді өндіруді «жасыл» деп аталатын мемлекеттік сатып алуларды — өнімдері (қызметтері) ең жақсы экологиялық стандарттарға сәйкес келетін жеткізушілерді басымды таңдау үдерісін жүзеге асыру арқылы ынталандырады.

Информация о работе Қоршаған ортаның қазіргі жай-күйі