Стимулирование труда работников, на примере ОАО «Удачнинский ГОК»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:44, реферат

Описание

Экономикалық мамандықтарына дайындалатын студенттерге арналған «Табиғат пайдалану экономикасы» пәнінің басты мақсаты табиғат пайдаланудың тиімді жолдарын таңдау үшін табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау, табиғат ресурстарын бағалау, табиғат пайдалану тиімдерін, шығындарын, табиғатқа келтірілетін зияндарды есептеу тәсілдерін үйрету, сондай-ақ табиғат қорғау мен пайдаланудың экономикалық әдістерімен таныстыру. Мұнда мынадай мәселелерге баса назар аударылады.
аталған мәселелерді кешенді зерттеу және олардың танымдық негіздерін айқындау;
табиғат кешендерінің өзара байланысын, қоғамдық өндіріске қатынасын анықтау;

Работа состоит из  1 файл

Лекция Семинар.doc

— 141.50 Кб (Скачать документ)

К І Р І  С П Е

 

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму стратегиясы қоғамдық өндірістің табиғи ортамен үйлесімділігін қалайды. Өндіргіш күштер, жалпы қоғам табиғи ортада және табиғат ресурстарын  пайдаланып дамиды. Табиғи ортаның  тазалығы қоғамның дамуының басты шарты. А талған үйлесімділікке табиғат қорғау мен пайдалануды ғылыми негізде басқару арқылы қол жеткізуге болады.

Экономикалық мамандықтарына дайындалатын студенттерге арналған «Табиғат пайдалану экономикасы» пәнінің басты мақсаты табиғат пайдаланудың тиімді жолдарын таңдау үшін табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау, табиғат ресурстарын бағалау, табиғат пайдалану тиімдерін, шығындарын, табиғатқа келтірілетін зияндарды есептеу тәсілдерін үйрету, сондай-ақ табиғат қорғау мен пайдаланудың экономикалық әдістерімен таныстыру. Мұнда мынадай мәселелерге баса назар аударылады.

    • аталған мәселелерді кешенді зерттеу және олардың танымдық негіздерін айқындау;
    • табиғат кешендерінің өзара байланысын, қоғамдық өндіріске қатынасын анықтау;
    • қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін табиғат пайдаланудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік салдарын және нәтижелерін ескере отрырып, табиғатты тиімді пайдалану мен қорғау мәселелерін шешуге студенттерді үйрету.

Пәнді оқытудың әдістемелік  негізі ғылыми, іс-тәжірибелік тұрғыдан экологиялық және экономикалық білімдердің біртұтастығы, бір-бірімен тығыз байналыстылығы.

 

ТАҚЫРЫПТЫҚ  ЖОСПАР

 

Тақырып атауы

Барлығы

Лекция

Семинар

Студенттердің өз бетімен жұмыстары

1

2

3

4

5

1. Табиғат пайдалану  экономикасына кіріспе

2

2

-

-

2. Табиғат қорғау және  табиғат ресурстарын тиімді пайдалану  экономикасы

 

2

 

2

 

-

 

-

3. Табиғи ортаның сапасын  және табиғат ресурстарын экономикалық  бағалау теориясы

 

2

 

2

 

-

 

-

4. Қалпына келмейтін  табиғат ресурстарын қорғау, тиімді  пайдалану және экономикалық бағалау

 

 

8

 

 

4

 

 

2

 

 

2

1

2

3

4

5

5. Жер ресурсын қорғау  және тиімді пайдалану экономикалық  мәселелері

 

10

 

4

 

4

 

2

6. Су ресурсын қорғау  және тиімді пайдалану

8

4

4

-

7. Биологиялық ресурстар,  оларды қорғау және тиімді  пайдалану экономикасы

 

8

 

2

 

2

 

4

8. Әуе кеңістігін қорғаудың  әлеуметтік-экономикалық мәселелері

 

10

 

4

 

4

 

2

9. Табиғат ресурстарын  кешенді пайдалану және кешенді  бағалау

 

6

 

2

 

-

 

4

10. Табиғат пайдаланудағы  ҒТЖ өндірістікті шаруашылық  әрекеттерді экологиялау 

 

 

4

 

 

2

 

 

-

 

 

2

11. Табиғат ресурстарын  пайдалану төлемдері 

4

2

2

-

12. Табиғат қорғауға, тиімді  пайдалануға экономикалық ынталандыру

.

 

4

 

 

2

 

 

-

 

 

2

13. Табиғат пайдалануды  басқару. Тұрақты экономикалық  даму

 

2

 

2

 

-

 

-

14. Табиғат қорғаудың  глобалды және халықаралық мәселелері

 

2

 

2

 

-

 

-

 

72

36

18

18


 

 

III. КУРСТЫҚ БАҒДАР ЛАМАСЫ

 

1 тақырып. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫНА КІРІСПЕ

 

Табиғи орта, табиғат ресурстары және оларды қорғау, тиімді пайдалану  ұғымдары. Қоғамның дамуындағы табиғат  ресурстарының ролі. Табиғат ресурстарын сұрыптау. Табиғат пайдалану принциптері мен міндеттері. Табиғат пайдаланудағы әлеуметтік экономикалық қатынастар. Табиғат пайдалану экономикасының қоғамдық, техникалық, жаратылыстану ғылымдарымен байланысы. Экологиялық, әлеуметтік, экономикалық процестерді тарихи, диалектика әдістеріменбіртұтас және қарым-қатынаста зерттеу және қолданылатын ғылыми әдістер. Табиғат пайдалану экономикасының негізгі мәселелері және міндеттері. Табиғат заңдылықтары мен қоғам заңдылықтарын үйлестіру. Қолданылатын негізгі ұғымдар, категориялар мен экономикалық көрсеткіштер және оларды анықтау әдістері.

Лекция жоспары /2 сағ./

  1. Табиғи орта және табиғат ресурстары, оларды сұрыптау.
  2. Табиғи орта, табиғат ресурстары және экономикалық даму.
  3. Табиғат пайдалану экономикасының қоғамдық, техникалық және жаратылыстану ғылымдары мен байланысы.
  4. Пәнді оқытудың мақсаты және міндеттері.
  5. Табиғат пайдаланудың негізгі принциптері және заңдылықтары.

Әдебиеттер: 1,2,4,8,12,13,17.

 

2 тақырып. ТАБИҒАТ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЭКОНОМИКАСЫ

 

Табиғат ресурстары мен  табиғи ортаның сапасы экономикалық дамудың негізі. Экономикалық игіліктер  және табиғи орта. Қазақстан экономикасының құрылымы, табиғат ресурстарын пайдалану  жағдайы. Табиғат пайдаланушы өндіріс  салаларының даму болашағы. Экологиялық шығындар және оларды қысқарту жолдары. Табиғи ортаның ластануынан болатын зияндар. Табиғат қорғау шығындары. Экономикалық оптимум. Өнім өндіру экологиялық шығындар. Табиғи ортаның сыйымдылығы. Ішкі және сыртқы шығындар, нәтижелер, олардың мағынасы және экономикалық ролі. Кәсіпорындардың ішкі және сыртқы экологиялық шығындары, олардың байланысы және қайшылығы, реттеу механизмі.

Қазақстанда табиғат пайдалану  құқықтық негіздері және заңдар /кодекстер/

Лекция жоспары /2 сағ./

  1. Табиғат ресурстары және табиғи орта- қоғамның тұрақты экономикалық даму негізі.
  2. Қазақстанда табиғат пайдалану: міндеттері және болашағы.
  3. Табиғат сыйымдылығы, табиғи ортаға келетін зиян және табиғат қорғау шығындары.
  4. Табиғат пайдалануды реттеудің құқықтық негіздері.

Семинар жоспары /2 сағ./

  1. Мәселелерді және кейстерді талқылау.

Әдебиеттер:12,17.

 

3тақырып.ТАБИҒИ ОРТАНЫҢ САПАСЫН ЖӘНЕ ТАБИҒАТ    РЕСУРСТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ ТЕОРИЯСЫ

 

Табиғат пайдалану және табиғат ресурстарын, табиғи ортаны бағалау қажеттілігі. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалау: танымдар және қағидалар. Экономикалық бағалау мәні, мағынасы, атқаратын қызметтері, міндеттері. Экономикалық бағалау көрсеткіштері және оларды анықтау әдістері. Әртүрлі экономикалық бағалаулардың ерекшеліктері және қолданылуы. Экономикалық бағалау, құн және баға айырмашылықтары.

Табиғи ортаның сыйымдылық потенциалы және оны экономикалық бағалау. Сыйымдылық потенциалын иелену және табиғи ортаға ластанушы заттар шығарылуын реттеу негіздері.

Лекция жоспары /2 сағ./

  1. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалаудың мәні, мағынасы және атқаратын қызметі.
  2. Экономикалық бағалаулар түрлері.
  3. Экономикалық бағалау танымы және қағидалары.
  4. Экономикалық бағалау көрсеткіштері, әдістері және ескерілетін факторлар.

Семинар жоспары /2 сағ./

  1. Шеткі /жоғарғы/бес, келтірілген шығындарды, рентаны ангықтау әдістері.
  2. Мәселелерді және кейстерді талқылау.

Әдебиеттер:6,7,12,15,17.

 

4 тақырып. ҚАЛПЫНА КЕЛМЕЙТІН ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ

 

Мәселенің өзектілігі. Ресурстардың абсолютті және салыстырмалы сарқылуы. Ресурс тапшылығы. Минералдық шикізат қорын, кен орындарын экономикалық бағалау белгісі, принциптері. Экономикалық бағалау тәртібі, қолданылатын әдістер. Бағалау түрлері оларды қолдану бағыттары. Минералдық шикізатты тиімді пайдалану жолдары. Жер қойнауы байлықтарын қорғау. Кен қоры және кондициясы, анықтау көрсеткіштері.

Лекция жоспары /4 сағ./

  1. Қазақстанның минералдық шикізат қоры және оны тиімді пайдалану мәселелері.
  2. Минералдық шикізат қорын бағалау ерекшеліктері.
  3. Бағалау белгісі, әдістері, көрсеткіштері.
  4. Кен кондициясын, пайдалану қорын игеру мерзімін анықтау.

Семинар жоспары /4 сағ./

  1. Минералдық шикізат қорын экономикалық бағалау әдістері.
  2. Жер қойнауының байлығын қорғау, тиімді пайдалану мәселелерін талқылау.

Әдебиеттер: 2,11,12,15,16,17.

 

5 тақырып. ЖЕР РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ 

                 ПАЙДАЛАНУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Жер қорын бағалау  әдістері. Жердің абсалютті және салыстырмалы құндылығы. Жер пайдалануды жобалау  үшін және жерді ауыл шаруашылық айналымнан алғанда экономикалық бағалау. Негізгі бағалау белгілері, көрсеткіштері, оларды анықтау әдістері.

Жерді тиімді пайдалану  мәселелері. Жер қорын қорғау, тиімді пайдалану бағыттары. Жердің табиғи және жасанды өнімділігі. Салыстырмалы өнімділік, табыс, пайда, рента және тиімділік көрсеткіштері. Жерді қалпына келтіру құны және экологиялық бағалау. Жер қатынастарын басқару құқықтық негіздері, экономикалық механизм.

Лекция жоспары /4 сағ./

  1. Қазақстан ресурстары, оның сипаты.
  2. Жер қорын қорғау, тиімді пайдалану мәселелері.
  3. Экономикалық бағалау ерекшеліктері.
  4. Ауыл шаруашылық жерлерін бағалау әдістері.
  5. Баға және жаңғырту құны.

Семинар жоспары / 4 сағ./

  1. Жердің өнімділігі, топырақ бонитеті, жер рентасы, экономикалық зиян, рекультивация шығындары.
  2. Ауыл шаруашылық жерлерін  экономикалық бағалау, тиімді пайдалану бағытын анықтау.
  3. Мәселелерді, кейсті талқылау.

Әдебиеттер: 1, 7, 13, 15, 16, 17

 

6 тақырып.  СУ РЕСУРСТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ            

                            ПАЙДАЛАНУ

Судың табиғаттығы, адам өміріндегі маңызы. Қазақстан су ресурстары және оларды пайдалану. Су қорғау және тиімді пайдалану  шаралары.  Су ресурстарын бағалау: белгісі, көрсеткіштері және әдістері.

Су қорын кешенді, үнемді пайдалану экономикалық тиімділігі. Су қорын қорғау, қалпына келтіру, тұтыну шығындарын есепьеу.

Су көздерінің ластануынан  болатын  және ластануды болдырмау  шаралары.  Судың ластануынан  болатын экономикалық зиянды анықтау  және су қорғау шараларының экономикалық тиімділігін есептеу.

Лекция жоспары /4 сағ./

  1. Қазақстан су ресурстары, оларды қорғау және тиімді пайдалану  мәселелері.
  2. Су қорын экономикалық бағалаудың ерекшеліктері.
  3. Экономикалық бағалау белгісі, көрсеткіштері және әдістері.

Семинар / 4 сағ./

  1. Су көздеріндегі шығындарды, сумен қамтамассыз ету шығындарын анықтау.
  2. Су рентасын есептеу.
  3. Мәселелерді және кейсті талқылау.

Әдебиеттер: 1, 2, 12, 13, 15, 16, 17.

 

7 тақырып. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БИОЛОГИЯЛЫҚ РЕСУРСТАРЫ, 

                 ОЛАРДЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ  ПАЙДАЛАНУ  

                  МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Қазақстан ормандарының халық шаруашылық маңызы және атқаратын  қызметтері. Орман қорын қорғау, мрлайту, кешенді пайдалану мәселелері. Орман қорын қорғау мен табиғат  қорғау байланысы. Орманның табиғат  ортасының сапасына ықпалы. Орманның табмғат қорғау құндылығын бағалау. Орман қорының шаруашылық пайдалану тиімділігін арттыру. Орман қорын экономикалық бағалау ерекшеліктері, бағалау белгісі, көрсеткіштері мен әдістері. Орман қорын жаңғырту құндылығын анықтау. Орман қатынастарының құқықтық негіздері, экономикалық реттеу. Ренталық қатынастар. Орман өсіру, өорғау шығындарының тиімділігін анықтау.

Қазақстан жайылымдарының қоры, оларды қорғау, молайту мәселелері. Дәрілік, техникалық өсімдіктерді қорғау және тиімді пайдалану.

Балық, жабайы аңдар, құстар және т.б. биологиялық ресурстарды қорғау, молайту және пайдалану мәселелері.

Лекция жоспары /2 сағ./

  1. Қазақстанның орман ресурстары, оларды қорғау және кешенді пайдалану мәселелері.
  2. Орман ресурстарын экономикалық бағалау ерекшеліктері және әдістері.
  3. Баға, өсіру құны және экономикалық  бағалау.
  4. Басқа биологиялық ресурстар, оларды қорғау, молайту және тиімді пайдалану.

Семинар жоспары /2сағ./

  1. Орман қорын қорын қорғау, бағалау экономикалық әдістері.
  2. Мәселелерді және кейсті талқылау.

Әдебиеттер: 1, 3, 7, 12, 15, 16, 17.

 

8 тақырып. ӘУЕ КЕҢІСТІГІН ҚОРҒАУДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Атмосфераны ластаушы көздер, ластаушы заттар, олардың табиғи ортаға әсері. Ластаушы заттарды шығарудың, табиғи ортада шоғырлануының жол берілетін  шектері туралы ұғым. Атмосфера қорғау шаралары және олардың тиімділігін анықтау. Атмосфераның  ластануынан болатын  экономикалық зиянды есептеу әдістері. Экономикалық, экологиялық, әлеуметтік зияндарды есептеу, зиянды болдырмау шығындары, зиянның зардаптарын жою, орнын толтыру шығындары. Болдырмаған зиян шамасын есептеу. Әуе кеңістігін қорғаудың халықаралық, әлемдік мәселелері. Ауаның тазалығын арттыру шаралары.

Лекция жоспары /4сағ./:

  1. Атмосфераның ластануы және оны қорғау мәселелері.
  2. Атмосфераның ластануынан болатын экономиалық  зиянды есептеу.
  3. Әуе кеңістігінің сапасын бағалау.
  4. Атмосфера қорғау шараларының экономикалық тиімділігін арттыру.

Информация о работе Стимулирование труда работников, на примере ОАО «Удачнинский ГОК»