Стимулирование труда работников, на примере ОАО «Удачнинский ГОК»

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 14:44, реферат

Описание

Экономикалық мамандықтарына дайындалатын студенттерге арналған «Табиғат пайдалану экономикасы» пәнінің басты мақсаты табиғат пайдаланудың тиімді жолдарын таңдау үшін табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау, табиғат ресурстарын бағалау, табиғат пайдалану тиімдерін, шығындарын, табиғатқа келтірілетін зияндарды есептеу тәсілдерін үйрету, сондай-ақ табиғат қорғау мен пайдаланудың экономикалық әдістерімен таныстыру. Мұнда мынадай мәселелерге баса назар аударылады.
аталған мәселелерді кешенді зерттеу және олардың танымдық негіздерін айқындау;
табиғат кешендерінің өзара байланысын, қоғамдық өндіріске қатынасын анықтау;

Работа состоит из  1 файл

Лекция Семинар.doc

— 141.50 Кб (Скачать документ)

Семинар жоспары /4сағ./:

  1. Экономикалық зиян шамасын есептеу.
  2. Атмосфера қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау әдістері.
  3. Мәселелерді, кейсті талқылау.

Әдебиеттер: 4, 5, 10, 12, 13, 15, 16, 17.

 

9 тақырып. ТАБИҒАТ РЕСУРСТАРЫН КЕШЕНДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

 

Табиғат ресурстарын  кешенді пайдалану және кешенді  қорғау басты бағыттары. Ресурстардың аймақтық территориялық үйлесімділігі. Синергиялық тиім. Табиғат ресурстарын кешенді экономикғалық бағалау және кешенді пайдалану варианттарын таңдау.  Табиғат ресурстарын кешенді пайдаланудың табиғи ортаға әсері. Кешенді пайдаланудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтіе тиімділігі. Қазақстандағы территориялық өндіріс кешендері /ТӨҚ/.

Лекция жоспары /2сағ./

  1. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану
  2. Кешенді экономикалық бағалау: белгісі, көрсеткіштері, әдістері және ескерілетін тиімдер.
  3. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану тиімділігін анықтау.

Семинар жоспары /2сағ./

  1. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану  экономикалық тиімділігін есептеу. Варианттарды таңдау.
  2. Мәселелерді талқылау.

Әдебиеттер: 9, 11, 12, 15.

 

10 тақырып. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДАҒЫ ҒТЖ.  ӨНДІРІСТІК-ШАРУАШЫЛЫҚ ТӘРЕКЕТТЕРДІ ЭКОЛОГИЯЛАУ

 

Табиғат қорғау және пайдаланудағы ҒТЖ мағынасы, рөлі. ҒТЖ негізгі бағытттары және соларға сәйкес табиғат қорғауды табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды жетілдіру. Қалдықсыз, аз қалдықты технология қолдану. Табиғат ресурстарын өндіру, өндеу, пайдалану бағытындағы ҒТЖ. Сарқылмайтын табиғат ресурстарын молайту. Сарқылатын табиғат ресурстарын үнемдеу. Жаңа шикізат көздерін игеру, оларды өңдеу, қайта өңдеу техгологияларын жетілдіру. Өндіріс және тұтыным қалдықтарын пайдалану. Зиянды қалдықтарды залалсыздандыру. Энергия ресурстарының балама, экологиялық таза көздерін игеру. Экологиялық таза өнімдер өндіру. Экологиялық тәртіптер, талаптар, нормалар, стандарттар, сертификаттар т.б.

Лекция жоспары /2сағ./

  1. Табиғат пайдаланудағы ҒТЖ, оларды жетілдіру өндірісте қолдану мәселелері.
  2. Өндірісті экологизациялау: мағынасы, көрсеткіштері, экономикалық тиімділігі.
  3. Қалдықсыз, аз қалдықты өндіріс. Қалдықтарды залалсыздандыру, пайдалану мәселелері.

Семинар жоспары /2сағ/

  1. Қалдықтарды пайдалану, экологиялық таза өндірістің, өнімдердің тиімділігін анықтау.
  2. Мәселелерді, кейсті талқылау.

Әдебиеттер: 3, 5, 9, 12, 15, 16, 17.

 

11 тақырып. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУ ТӨЛЕМДЕРІ

 

Табиғат пайдалану төлемдері -  табиғатты қорғауға, оның ресурстарын  тиімді  пайдалануға жұмылдырылатын экономикалық механизм.  Нарық қатынастары және табиғат ресурстарын ақылы пайдалану. Табиғат пайдалану төлемдерінің түрлері оларды топтастыру және сұрыптау. Төлемдердің таңымдық және құқықтық негіздері. Төлемдерді анықтау принциптері, ставкаларын белгілеу, төлеу тәртіптері.

Жер қойнауының, байлықтарын /минералдық шикізат/ қорын пайдалану төлемдерінің ставкаларын анықтау әдістері. Жер, су, орман қорын пайдалану төлемдері.

Табиғи ортаны ластағаны  үшін алынатын төлемдер: нормативтерін  белгілеу, төлем алыну тәртіптері.

Шекті шамада және шектен артық табиғат ресурстарын ыцсырап еткені үшін, табиғи ортаны ластағаны үшін алынатын төлемдер.

Лекция жоспары /6сағ./

  1. Төлемдерді топтастыру, сұрыптау, анықтау принциптері, атқаратын қызметтері.
  2. Жер қойнауы ресурстарына төлемдер.
  3. Табиғи ортаны ластағаны үшін төлемдер.

Семинар жоспары /2 сағ./

  1. Төлем нормативтерін және шамасын анықтау.
  2. Төлем белгілеу, алу мәселелерін талқылау.

  Әдебиетттер: 12, 13, 14, 15, 17.

 

12 тақырып. ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУҒА, ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУҒА

                             ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЫНТАЛАНДЫРУ

 

Табиғат қорғау шығындарын қайтару? экономикалық тиімділігі. Табиғи ортаға ластаушы заттар шығару құқығы және оны реттеу /алғашқы иемдену және қайта бөлісу/.

Табиғат ресурстарын  тиімді пайдалануға ынталадыратын, жауапкершілігін арртыратын экономикалық механизм мен тетіктер жүйесі: рұқсат, лицензия, сертификаттар беру; төлемдер белгілеу; амортизация, баға, қаржы несие саясаты; жеңілдіктер, сыйлықтар беру; экологиялық қорлар; ластау құқығын сату, сатып алу нарықтық қатынастарын енгізу т.с.с.

Лекция жоспары /2 сағ/

1. Табиғи ортаны қорғауға, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға  ынталандыратын экономикалық механизм  мен тетіктер және оларды қолдану:

– баға, амортизация саясаты;

– қаржы-несие тетіктерін қолдану;

– салықтар мен төлемдер;

– жеңілдіктер мен салықтар;

– нормалау, сертификаттар, лицензия т.б.

Семинар жоспары /2 сағ/

1. Мәселелерді, кейстерді  талқылау.

Әдебиеттер: 4, 12, 14, 16.

 

13 тақырып. ТАБИҒАТ ПАЙДАЛАНУДЫ БАСҚАРУ.

                             ТҰРАҚТЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ

 

Табиғат қорғауды және пайдалануды басқару жүйесін жетілдіру. Басқарудың заңдық негіздері. Мемлекеттік басқару органдары, олардың құрылымы, атқаратын міндеттері. Жергілікті басқару органдарының жауапкершілігі және рөлінің артуы. Қоғамдық ұйымдардың ықпалы.

Басқару жүйелері, әдістері, міндеттері. Әкімшілік-құқықтық реттеу, экономикалық реттеу және нарық қатынастарын кеңінен қолдану. Басқарудың танымдық, құқықтық негіздері және қолданылатын әдістері, табиғат қорғауды, пайдалануды жоспарлау, нормалау, ережелер, тәртіптер бекіту. Табиғат кешендерінің мониторингі, есептелуі. Экологиялық сараптаулар. Макро-және-микро деңгейіндегі менеджмент. Басқарудағы ғылымның рөлі экономикалық есептеулер.

Лекция жоспары /2 сағ./

1. Табиғат пайдалануды басқарудың танымдық, құқықтық және тәжірибелік негіздері.

2. Басқарудың әкімшілік  жүйесі.

3. Экономикалық басқару  әдістер жүйесі.

4. Нарық қатынасына  өту кезінде басқару механизмін  жетілдіру.

Семинар жоспары /2 сағ./

1. Табиғат пайдалануды  жоспарлау, болжау.

2. Басқару шешімін  қабылдау мәселелерін талқылау.

Әдебиеттер: 1, 4, 12, 13, 15, 16.

 

14 тақырып. ТАБИҒАТ ҚОРҒАУДЫҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК ЖӘНЕ

                             ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ

 

Жер атмосферасының жылынуы, озон қабатының ыдырауы. Әлемдік  ластауларды болдырмау шараларын  экономикалық басқару механизмі. Табиғат қорғау жөнінде халықаралық келісімдер және ұйымдар. Атмосфера ауасын, мұхиттарды, су ресурстарын, ғарыш кеңістігін қорғау мәселелері.

Табиғат ресурстарының  сарқылуы туралы пікірлер. Әлемдік  даму моделдері. Экология және қоғамдық даму: қайшылықтары, тоқырау. Халықты азықпен, ауызсумен қамтамасыз ету мәселелері.

«Қазақстан 2030» даму стратегиясы  және табиғат қорғау мен пайдалану  мәселелері. Салауатты өмір салтын қалыптастыру.

Табиғат қорғау, пайдалану  саласында халықаралық қарым-қатынастарының қалыптасуы, негізгі принциптері мен бағыттары. Экологиялық қауіпсіздік және тұрақты даму.

 Лекция жоспары /2 сағ./ 

1. Табиғат қорғаудың  халықаралық мәселелері.

2. Табиғат ресурстары  және әлемнің дамуы.

3. Қазақстан табиғат ресурстары және даму стратегиясы.

Әдебиеттер: 8, 12, 17. Қосымша әдебиеттер.

 

IV. ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК

НҰСҚАУЛАР

 

Лекция сабақтарында оқытылатын пән бойынша толық  дәріс беріледі. Мамандықтар және оқыту түрлеріне байланысты лекциялық, семинар /практикалық/ сабақтар сағаттары белгіленеді.

Семинар /практикалық/ сабақтарға дайындық кезінде студенттер тыңдаған дәрістерін пайдаланды және ұсынылған  әдебиеттерді оқуы қажет. Оқулықтар, оқу  құралдарымен қоса қарастырылған мәселелер  бойынша ғылыми мақалаларды оқып, Қазақстан Республикасының заңдарымен, нормалық құжаттарын білу керек.

Семинар сабақтарында мәселелерді  талқылауға топтағы барлық студенттер қарастырылады, сөйтіп семинар пікірталас түрінде өткізіледі. Айтылған әртүрлі  пікірлер, мәселеге балама көзқарастар, қосымша ақпараттар қызығушылық тудырады және әрбір студенттің білімін бағалауға мүмкіндік береді.

Практикалық сабақтарда табиғат ресурстарын экономикалық бағалау, экономикалық зиянды есептеу, табиғат қорғау шараларының экономикалық тиімділігін анықтау есептері, табиғат пайдалануды басқару механизмдері қарастырылады. Кейстер бойынша табиғат қорғау жағдайлары және соған байланысты ұйымдастырушылық, басқарушылық шешімдер қабылдау қарастырылады.

Дәрістерге түгел қатысу семинар мен практикалық сабақтардағы белсенділік, баяндамалар, рефераттар даярлап, конференцияларда сөйлеу студенттерге емтиханнан сынақсыз өтуіне мүмкіндік береді.

Табиғат қорғау және табиғат  ресурстарын тиімді пайдалану ең маңызды мемлекеттік міндеттерінің  бірі болып табылады. Табиғи ортаға зиянды антропогендік әсерлерді жоюға, азайтуға және тиімді пайдалануға бағытталған барлық өндірістік-шаруашылық әрекеттер табиғат қорғау шаралары болып табылады.

Курс бойынша практикалық  сабақтардың мақсаты – «табиғат пайдалану экономикасының» теорияларын терең ұғыну және оны іс-тәжірибеде қолдануды үйрену.

Әдістемелік нұсқауларда  табиғат ресурстарының жеке түрлерін: минералдық шикізат, ауыл шаруашылық, жер, су, атмосфера қорғау, табиғат  ресурстарын тиімді пайдалану шараларын  экономикалық бағалау есептері берілген.

 

Минералдық  шикізат раесурстары

 

ҚР экономикасында кенкөздерін (орындарын) геологиялық-экономикалық бағалау өте өзекті мәселе. Қазақстан кен орындары бойынша бұрын құжаттар (ТЭД), (ТЭҚ) 1982–1990 жылдарда көтерме сауда бағаларын қолданып орындалған. 1991ж. кейін минералдық шикізаттан өндірілетін өнімдердің бағасы әлемдік баға деңгейіне жуықтады, өнімнің өзіндік құнының құрамы өзгерді.

Қазіргі жағдайда кен  көзін игерудің тиімділігі кеннен өндірілетін  өнімдерге сұраныс пен ұсыныс бойынша қалыптасатын нарықтың баға маңызды. Сонымен қатар, нарық қатынастарына өтуге байланысты геологиялық барлау, өндіру жұмыстарын мемлекеттік қаржыландыру жүйесі жойылып келеді. Осыған байланысты минералдық – шикізат базасын дамыту үшін қаржыландырудың басқа көздерін қарастыру керек. Қазіргі кезде банк несиесі және шет елдік инвестиция қаржыландырудың негізгі көзіне айналды. Осы жағдайда кен орындарын геологиялық – экономикалық бағалау әдістерін қолдану қажет болады.

Кен орындарын  пайдаланғаны үшін төлем мөлшерін анықтау. Пайдалы қазбалар кен орындарын пайдалану құқығы үшін төлем нарқы (ставкасы) әрбір кен орындарына немесе оның бөліктеріне, сатуға немесе өзі пайдалануға өндірілетін пайдалы қазбаның (компоненттің), әрбір түріне бнлгіленеді. Төлем нарқы белгілі тәртіппен бекітілген пайдалы қазбаның (компоненттің) өндірілетін қорының бір өлшеміне тағайындалады. Бекітілген қорды өндіру кезіндегі ысырабы есептелмейтін пайдалы қазбаларға (мысалы, мұнай, табиғи немесе ілеспе мұнай газы, газ конденсаты) төлем нарқы өндірілген өнімнің бір өлшеміне белгіленеді. Кешенді кен орындарына төлем мөлшері белгілі тәртіппен қоры бекітілген әрбір пайдалы қазбаға (компонентке) тағайындалады.

Кен орнын пайдалану  құқығы үшін төлем пайдалы қазбаның (компоненттің) әрбір түрі бойынша  белгілі мерзімге пайдалы қазбадан өндірілетін өнімнің бір өлшеміне немесе өнімнің құрамындағы пайдалы қазбаның (компоненттің) бір өлшеміне тағайындалған үлгілік жарна негізінде анықталады.

Нақты кен орнын пайдалану  құқығы үшін төлемнің үлгілік жарнасы  – роялти кәсіпорын сататын пайдалы қазбаның немесе одан өндірілетін тауарлы өнімнің бағасының бекітілген тұрақты бір бөлігі (пайызы) ретінде белгіленеді.

Роялти шамасы қазіргі  кезде пайдалы қазбалардың көптеген түрлері бойынша шикізат құнының 5-10 % - іне тең. Аса бағалы және сирек кездесетін шикізаттың кейбір түрлері бойынша – 20 %-ке жетеді.

Төлем жарнасын анықтағанда  шикізаттан алынатын тауарлардың әлемдік  бағасы, әлемдегі орташа өткен жылғы  немесе одан ұзақ жылдардағы баға деңгейінде келісімдерге сәйкес қабылданады.

Әлемдік баға деңгейі тауар биржаларының жарияланған құжаттары, әлемдегі басты компаниялардың анықтама бағалары, республикалық мемлекеттік шет елдермен байланысты реттейтін органдардың мәліметтері, сондай-ақ арнайы зерттеулер нәтижесі бойынша анықталды. Сонымен қатар, шикізаттан алынатын тауарлар мен әлемде үлгі ретінде қабылданған тауарлардың арасындағы сапалық айырмашылықтар ескеріледі.

Информация о работе Стимулирование труда работников, на примере ОАО «Удачнинский ГОК»