Су ресурстарын қорғау

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:36, реферат

Описание

Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосферажәне құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.

Содержание

І. Кіріспе
Су ресурстарын қорғау
ІІ. Негізгі бөлім
Су қоры
Қазақстанның су қоры
Су ластануының проблемалары
Суды тазалаудың жаңа технологиялары
ІІІ. Қорытынды
Су ресурстарының экологиялық жағдайы және қорғаудың шаралары

Работа состоит из  1 файл

су ресурстарын коргау.docx

— 81.95 Кб (Скачать документ)

Кейбiр iрi өзендер бассейнінің  жеке проблемалары және олардың су қорларының қолдануы.

Сырдария өзенi бассейіні  күрделi жағдайлармен ерекшеленедi, әсiресе оның төменгi жағында. Өзеннің төменге  ағысына түсетін табиғи су қорының  қысқаруы және оның жоғарғы деңгейде ластануы, табиғи ортаның сапасының  және Арал маңайындағы тұрғындардың өмiр жағдайларының төмендетуiне әкеп соқты. Арал теңiзi үшiн де, төменгi жағының табиғи кешенi де өзеннiң дельтасы реттейтiн мәнін жоғалтты. Шөлдену процессі 2 миллион гектар аумақты қамтыды. Коллекторлы - дренажды және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын Сырдарияға тастау оның химиялық және бактериялық ластануына және тұрғындардың денсаулығына үлкен әсер етті. Өлкедегi су мәселесi шешiмiнiң күрделiлiгi сол, жалпы бассейін бойынша жер беті су қорының толық игерілгендігінде. 
Бұл дефицитті жоюдың бірден-бір жолы, қазiргi деңгейде шаруашылық құрылымдарда су сақтайтын және үнемдейтін шараларды енгізу, суды көп шығындататын және пайдалануы мүмкiн шараларды қысқарту. Ол үшiн негiзiнен.экономика, бастысы егiн шаруашылығында принципті өзгеріс енгізу және мемлекетаралық кооперацияны күшейту керек болады.  
Орал өзенiні бассейні өте суы тапшы, бұл жерде экономика салаларын орналастыру және дамыту экономиканың бар шикiзат қорлары және қажеттiктерiне сәйкестендірілмей iске асырылған. Нәтижесінде суға деген қажеттілік оның қанағаттандыруының нақты мүмкiндiктерiн едәуiр жоғары болуына, әсiресе сусыз жылдарда орын алады. Мұның бәрі Орал бассейнінің суларын қарқынды ластануына әкеп соғады. 
Орталық және Солтүстiк Қазақстан өзендерiнiң бассейіндері шамамен су көлемінің аздығымен және жылдың iшiнде бір қалыпсыздығымен ерекшеленеді: су қорының негізгі 90 % көктемнің 1-2 айларын да өтедi.  
Су қорларының жетіспеушілігі еліміздегі маңызды орын алатын өнеркәсiптiң дамуына кері әсерін тигізетін бөгет болып табылады.  
Бұл аймақта электрэнергияның 76%, көмірдің 98%, темiр кенінің 99%, мыстың негізгі бөлігі өндіріледі. Өлкеде көмiр, темір және мыстан басқа химия өнеркәсiбiнiң дамытуы үшiн маргандық және қорғасын-мырыш кендердiң үлкен қоры, вольфрам, молибден, бокситтер шығарылады.  
Келешекте жоғарғы потенциалдық шикiзат қорларын игеру үшін мұнда көршілес өзен бассейіндерінен су қорларының тартылу мүмкiндiктерiн анықтауды қажет етеді. Мұндай жағдайда бұл өлке үшiн су көзі болып Ертiс өзенi табылады. Одан Орталық Қазақстандарға су беру үшiн, Қанышы Сатпаев атындағы (Ертiс - Қарағанды) канал құрастырылған, дегенмен оның нашар техникалық күйі оның қуатын төмендетіп, су тұтынушыларың экономикалық қатынастарын қалыптастыруды реттей алмауда. 
Ертiс өзенiнi бассейні, оның сулығының жоғарылығына қарамастан, су жетіспеушілік орын алады және су шаруашылығы балансы өте шиеленіскен. Сонымен қатар, өзеннiң бассейіні өте күштi өнеркәсiптiк ластануға ұшыраған. 
Ертiс өзенiнiң бассейніне Қытай, Қазақстан және Ресейдің аймақтары енеді, олардың әрқайсысы оның суын қолдануда өз мүдделерiн ойлайды.  
Ертiс өзені бассейнінің су қорлары мәселелерiн мемлекетаралық тұрғыда қарастырғанда негізінен оның ластануын болдырмау, мемлекет шекарасында берілетін су қорының сапасының сақталуын, одан алынатын су көлемінің шығын келтірмейтін жағын анықтау керек. 
Балқаш көлі бассейні Іле өзенінен алынатын қайтарымсыз су қорының өсуінен экологиялық жағынан және елімізді сумен қамтамасыз етуде ең сәтсiз бассейін болып табылады және ол қарқынды ластануда.  
Балқаш көлін сақтау және ондағы табиғи объекттердi сақтаудағы негізі мәселенiң шешiмi суды үнемдеу, өнеркәсiп және ауыл шаруашылығының сарқынды суларын тастауды тоқтатуға арналған шаралардың шұғыл жүзеге асыру болып табылады. Іле өзенінің суының балансы көпшілігіңде Қытай тарапымен су қатынастарының реттелуімен анықталады. 
Елімізді сумен қамтамасыз етудің негізгі шешiмi, пайдаланатын су қорларының жеткiлiктi етіумен қатар, көпшiлiгiнде су шарушылық жүйелердiң жағдайына тәуелдi болады. 
ССРО-ның ыдырауынан кейін және 2000 жылға дейін елдiң күрделi экономикалық жағдайына байланысты, су шарушылық объекттердiң қаржыландырылуы қалдық қағида бойынша iске асты.  
Жоғарғы деңгейде пайдалану, жөндеу жұмыстарына және қызмет көрсетуге қаржыландырудың қысқартылуы көптеген өлкелердегі су объектлері мен гидротехникалық құрылыстардың техникалық жағдайының, халықтың және экономиканың қауіпсіздігін сақтаудың төмендей бастауына жағдай тудырды. 
Өндiрiстiң төмендеуі және тұщы суды пайдалану көлемдерiнiң төмендеуiне қарамастан, су пайдалану мәселесіндегі ұқыпсыздық жойылмауда. Мәселен, жыл сайын таза суды тасымалдау кезінде жоғалтылатын су шығыны 4, 94 км3, оның мішінде қайтарымсыз су тұтыну, табиғи су объекттерiмен салыстырғанда 15, 28 км3 құрайды. Осылай суды тиімсіз пайдалану суармалы жерлердің тұздануы мен лайлануына әкеп соқтырады. Қалалардағы жоғалан су сумен жабдықтау және канализация жүйелерінде су басу, үйлердің фундаменті мен астындағы су құбырларын шірітуге әсер етеді.  
Тұрмыстық-коммуналды секторларда су тасымалдау кезіндегі жоғалатын су көлемі алынған су көлемінің 35% құрайды, әр адамға сөткесіне 240-420 л су жұмсалады. Республикадағы 100 км су құбырының желiлерiнде жалпы саны 70 астам апат тіркеледі, еуропалық деңгейде бұл көрсеткiш небәрі 3 апатты құрайды. 
Ауыл шаруашылығы негiзгi су тұтынушы болып табылады, жалпы су қорының 80% суармалы жерлерді суландыруға жұмсалады. 
Өнеркәсiп. Соңғы жылдары өнеркәсiптiк сектордың су тұтынуы 4, 0 км3 дейiн қысқарды. Сырт және қайта сумен жабдықтауды қолданудың жеткiлiксiз деңгейi, жүйелерiнiң қанағаттанарлықсыз күйi су беру және су пайдалану коэффицентінің (ПӘК) төмендігі өндірілетін өнімге жұмсалатын таза су шығынының өте жоғары болуына әсер етуде. Бүгінгі күні ауыз су деңгейіне дейінгі тазартылған судың 40% өндірістік қажеттілікке жұмсалады. 
Судың тиімсіз пайдалануы барлық өзендер бассейнінде су қорларының жетіспеушілігіне және ластануына, қоршаған табиғи ортаның азып-тозуына, көл және өзеннiң экосистемалардың кеуiп кетуi, тұрғындардың ауруының өсуіне алып келедi.

Елдi сумен қамтамасыз етудiң негізгі мәселелері

1. Сумен жабдықтау су беруді қамтамасыз ету және ауыз су сапасының талаптарына сай емес 
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен жабдықтау мәселелерi еліміздің барлық облыстары және қалалары, Астананы қоса қамтиды. Республика бойынша орташа қала халқының 70-75% су құбырлары суымен, 15-18 % - орталықтандырылған су бастауларының суымен, қалған бөлiгi ашық суаттардан және басқа жақтан әкелiнген тасымал (500 мыңнан астам адам) сумен қамтамасыз етіледі. 
Су құбырларының көпшiлiгi 20-25 жыл, Қазақстанның солтүстiгiнде 30 жылдан астам бұрын пайдалануға берілген немесе күрделі жөндеуден өткізілген. 
2. Айналмалы қолданудың және қайтадан сумен жабдықтаудың деңгейі төмен. 
Өнеркәсiптiк өндiрiс салалары және бөлек алған кәсiпорындарда су пайдалану көпшiлiгiнде жоғары шығынды болып қалуда және оны қайта пайдалану тәсілдері қолданылмайды.  
3. Су шарушылық объектілері және жүйелердiң техникалық күйi өте төмен деңгейде. 
Күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаражаттың жетіспеушілігінен каналдар мен гидротехникалық құрылыстардың су жоғалту көрсеткіштері жоғары болуда.  
4. Шекарааралық мәселелер. 
Бүгінгі күні мемлекетаралық су қатынастарын реттеу бұрынғы одақ кезінде игерiлген су қорларын кешенді пайдалану мен қорғаудың бассейнді схемасы негiзінде іске асырылады. Сондықтан кез келген шекараға шектес елдер су бөлісу, яғни су қорларының көлемдерi шарттарының қайта қаралуы туралы ұсыныстар енгізе алады. Бұл әсіресе Арал теңiзi бассейнінде орналасқан елдер үшiн көкейкестi мәселе. 
5. Су қорларының ластануы. 
Түгелдей дерлiк iрi өзендердiң суы сапа жағынан қазiргi талаптарға сәйкес келмейдi. Су қорларының ластануы елді мекендердегі сарқынды, өнеркәсiптiк кәсiпорындардың, суармалы жерлердегі коллекторлы - құрғату сулардың тасталуына байланысты. Көп қалаларда канализациялық суды тазартатын арнайы құрылыстар жоқ. Сарқынды суларды жинақтағыштар шектi белгiлерге дейiн толтырылып, бөгеттерде жұлып кету қаупін тудырады.  
6 Арал теңiзiнiң мәселесi 30 жылдан астам уақыт зерттеушiлердің назарында.  
Арал маңайындағы шаруашылықтың тиімсіз жүргізілуінен Арал теңізі бассейніндегі елді мекендерде әлеуметтiк және экологиялық мәселелер ұлттық деңгейге көтерілді. Сырдария өзенінің төменгі сағасындағы су қорларының дефицитi жылына 1, 2 - 3, 5 текше км-ге жетедi. Ол Сырдария дельталарындағы экосистемалардың азып-тозуына әкеп соқты. 
Сырдария өзені Қызылорда және Оңтүстiк қазақстан облыстарын сумен қамтамасыз етудегі - негізгі су қоры, ол Қырғыз Республикасының аумағында басталып, Өзбекстан және Тажiкстан Республикаларында қалыптасады. Өзен үш iрi су қоймаларымен реттелген.  
Сырдария өзені бассейнінің қазақстандық бөлігінде жалпы 2,5 миллионнан астам халық тұрады (Оңтүстiк Қазақстан облысында – 1,998 млн, Қызылорда облысында – 0,601 млн) . Мұндағы халықтың негізгі жұмыс саласы ауыл шаруашылығы болып табылады. 
Оңтүстiк аймақты сумен қамтамасыз етуде Тоқтағұл су қоймасы маңызды рөл атқарады, яғни көптеген жылдар бойында суды жинақтай отырып су аз жылдары суға деген қажеттілікті (дефициттi) толықтырады. 
Сонымен бiрге, тәуелсіздік алғанға дейін Орталық Азияның елдерiндегі Сырдария өзенiнде орналасқан барлық су шарушылық объектілері өзара байланысты жүйе болып қаралатын, Тоқтағұл су қоймасы осы жүйедегі негізгі реттеуші және суды тиiмдi пайдалануды iске асыратын объекті болатын. 
Соңғы жылдары Тоқтағұл су қоймасының жұмыс режімі, Қырғыз Республикасының меншiгiндегі объектi ретiнде, Орта - Азия мемлекеттерімен келісілмей, электр энергиясын өндiруге бағытталып iшкi қажеттiк үшiн және экспортқа арзан электр энергиясын сату арқылы қысқы мерзiмде су қоймасынан жоғарғы өтімде су тасталады. Бұл басқа су шарушылық обектілерінің жұмыс режіміне сәйкес келмейдi. 
Әсіресе қысқы мерзімде тасталған жоғарғы өтімді су қазақстан аумағында төтенше жағжайлар туындатып, үлкен аумақтарды су басуда.. Нәтижесінде Сырдария өзенінің төменгi сағасына түсетін су көлемi 1994 -2000 жылдар аралығындаы 10 км3-те 5, 4 км3ке дейiн азайды. Сонымен бiрге Арал теңізіндегі судың көлемі 230 км3 аспай, тұздылығы 46 мг/л жетті.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті елімізді сумен қамтамасыз етуде жан-жақты шаралар қабылдады.

Қазақстан Республикасы Президентінің  жарлығын орындау мақсатында 2000 жылдың 17 ақпанында № 344-шi «2030 жылға дейінгі Қазақстанның даму стратегиясын iске асырудың ары қарайғы шаралары туралы» және 2000 жылдың 21 қарашасындағы №30 Қазақстан Республикасының үкiметiнiң хаттамалық шешiмiне сәйкес жасалған және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен 2001 жылдың 21 қаңтарында мақұлданған «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейiнгі су экономика секторының дамуы және су шарушылық саясатының тұжырымдамасы» бойынша іс-шаралар жүзеге асырылды.  
Қазақстан Арал теңізінің міселесін шешуде бүкіл дүние жізі елдерінің назарына ілінген «Сырдария өзенінің арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтау» жобасының (бұдан әрі – САРАТС) бірінші кезеңінің құрамындағы Көкарал бөгетінің құрылысын 2005 жылы бітіруі және судың мол болуына байланысты 2006 жылдың наурыз айында Кіші Аралдың суы жобада қарастырылған деңгейге, яғни Балтық жүйесімен 42 метр деңгейге жеткізді.  
Ондағы бөгет салынғаннан кейінгі ауланған балық мөлшері (шамамен жылына 1500-2000 тонна) бөгет салынғанға дейінгі ауланған балықтың мөлшерінен ( 51.5 -700 тонна) 2.5 -3 есеге өсті. 
Егемендік алғалы бері Сырдың мінезі өзгерді. Бұрын көмірін, мазутын, газын және тағы басқа энергия көздерін ортақ есептен алып тұрған қырғыздар ондай мүмкіндіктен айырылды. Халқын және кәсіпорындарын электр энергиясымен, жылумен және жарықпен қамтамасыз ету үшін, олар Тоқтоғұл су қоймасының мүмкіндіктерін пайдалана бастады. Оның жұмыс кестесін ирригациялық бағыттан энергетикалық бағытқа бұрып жіберді. 
Тоқтоғұл Сыр бассейніндегі ең үлкен су қойма. Оның көлемі 19,5 млрд. текше метр. Ол көпжылдық кестемен жұмыс істеп, Сыр бассейніндегі мүмкін болатын қуаңшылықтың алдын алып отыратын. Енді энергетикалық кестемен жұмыс істеп, бүкіл бассейндегі жағдайды өзгертіп жіберді. Бұрын Сыр өзені көктем айлары (қар ерігенде) мен жаз айларында (мұздақтар ерігенде) таситын. Бұл табиғи жағдай, барлық жан-жануарлар мен өсімдіктер осындай үрдіске бейімделген. Өткен ғасырдың 90-шы жылдарынан бері бұл үрдіс түбегейлі өзгерді, тасқын су қысты күні келе бастады, зиянды әсері айтпаса да түсінікті. 
Тоқтоғұлдың жұмысы өзгергелі бері Шардара су қоймасының да жағдайы қиындады. Жыл сайынғы қысты күнгі көп суды сиғыза алмай Арнасайға тастай бастадық. 1991 жылдан бастап 2003 жылға дейін орта есеппен жылда 3,3 млрд. текше метр су тастап отырдық. Кейбір жылдары 9,5 млрд. текше метрге дейін тастадық. Сөйтіп ол су Арнасай арқылы Айдаркөлге түсіп оны толтырды. Ол жерлер қазақтың тарихи жерлері, Әйтеке бидің жайлаулары. Қазір де ол жерлерде қазақ ағайындарымыз тұрады. Олардың көптеген жайылымдары мен қыстаулары судың астында қалды. Баймұрат ауылын да су баса бастады.  
Осыны ескеріп өзбектер Арнасайда су қоймасын салып тастады да, 2004 жылдан бастап секундына 2160 текше метр өткізетін арна 500 текше метр су ғана өткізетін болып қалды. Осының салдарынан Шардараға үлкен қауіп төнді. Көп суды сиғыза алмай күзден бастап төмен қарай секундына 700 текше метр су тастай бастадық. Мұзды осы деңгеймен қатыруға көштік. Бұл өте қауіпті, сең жүргенде жылда төтенше жағдай жариялап, елді мекендерді суға бастырып алып жүрміз. Құлаған үйлер мен ғимараттарды қалпына келтіруді былай қойғанда, бесіктегі бала мен еңкейген қарияларға дейінгі жандардың шеккен зардаптарын немен өлшеуге болады? 
Сырда қалыптасқан қазіргі жағдайда ең қауіптісі Шардараның жағдайы болды. Егер келген су қоймаға симай бөгеттен асып түссе, бөгет бұзылады да, Аралға дейінгі барлық елді мекендер, Қызылорда қаласын қоса, топан су астында қалады. Одан артық апат болмайды. Оны болдырмау үшін, кейбір жағдайларда төмен қарай секундына 1000 текше метрден астам су тастауға тура келуі мүмкін. Елді мекендерді қорғау үшін өзен жағалай салынған бөгеттер шыдас бермейді. Үйткені Сыр өзенінің қысты күнгі табиғи су өткізу қабілеті секундына 400 текше метрден аспайды. 
Осы жағдайларды ескере отырып, 2008 жылғы 7 сәуірде еліміздің Президенті Н. Назарбаев Үкімет басшыларына Көксарай су реттегіші қоймасын салуды тапсырды. 
Үкімет басшысы К. Мәсімов 2008 жылғы 7 сәуірде № 324 қаулысымен Көксарай су реттегіші қоймасын салу туралы қаулыға қол қойды. 
Нәтижесінде 2010 жылғы көктемгі су тасу мезгілінде оған 1 млрд текше метр су жиналса, 2011 жылғы көктемде 2 млрд текше метрден астам су тоқтатылды. Жиналған су вегетациялық мезгілде Сырдарияның төменгі ағысына жіберіліп, Қызылорда облысын суармалы сумен қамтамасыз етуде үлес қосты. 
Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi 2002 жылғы 23 қаңтарда «Ауыз су» Салалық бағдарламаны бекітті.  
Бағдарламаның мақсаты – тұрғындарды қажетті көлемде және сапалы ауыз сумен орнықты қамтамасыз ету. 
Тұрғындарды сумен қамтамасыз ету мәселелердiң негiзгi бағыттары - бұл сумен жабдықтаудың варианттары, тұтынылатын судың сапасын жақсарту, тиiмдi қолдану, су объекттерiнiң экологиялық күйiн жақсарту, ақпараттық ортаның жасалуы, ауыз суды тиiмдi қолдануға себепшi болатын мәселелерді үйлестiру және дамыту, олардың техникалық күйiн жетiлдiру және қалпына келтiру. 
Аталған бағдарламаның жүзеге асырылуы жасалған іс-шаралар жоспарына сәйкес жүгізілді, ол атқарушы органдар мен су шаруашылығы мекемелерінің ықыласын жұмылдыруға және нақты нәтижелерге ие болуға мүмкiндiк береді.

Су қорларын тиiмдi пайдалану мәселелерiн шешудің негiзгi жолдары

Су ресурстарын қорғау, сонымен бiрге су қатынастарының заңға сүйеніп реттелуі едәуiр дәрежеде олардың тиiмдi пайдалануына әсер етеді. Тап осы негізде су қорларының қолайлы, ұқыпты және тиiмдi қолдануына қамтамасыз етуге жағдай жасау керек. 
Ирригация мен гидроэнергетика аралығында ұтымды балансты iздестiру, өлкенiң мемлекеттерi арасында трансшекаралық өзендердің суын пайдаланудың шарттарын қамтамасыз етуде, басты мiндет, су қорларын басқарудағы үйлесiмдi саясатты талап ететiн жолдарды іздестіру. Сондықтан қойылған мақсаттың табысты болуы, су қорларын басқарудың төңiрегiдегi халықаралық заңдарға сүйене отырып, ұлттық заңдардың бір-бірімен жақындасуына тәуелдi болады. Бұл салада мұндай заңды базаның жасалуы, халықаралық тәжiрибеге сүйене отырып, сөз жоқ аймақтық жағдайлар есепке алынуы тиiстi. Шекарааралық өзендердi басқаруда, халықаралық тәжiрибенiң негiзiнде, аймақтық ынтысақтастықты нығайту керек. 
Халықаралық тәжiрибенi есепке ала отырып ұлттық және аймақтық деңгейлерде су қорларын бiрлесіп пайдалану бойынша ортақ заңның механизімін жасау Орталық Азияның су қорларының пайдаланудағы көп қайшылықтардың шешуiнiң негiзi болып табылады. Өлкенiң орнықты экономикалық дамуы өзара мемлекетаралық қатынасқа және ынтымақтастыққа, су қатынастарының саласындағы тиiмдi заңға сүйенген базасының негiзiне қатысты болады. 
Қолданыстағы су қорларынның ұлғайтылуы оның тиiмдi пайдалануына, сонымен бiрге су қоймаларының саны мен сапасының артыуына тікелей байланысты. Ол үшiн келесі мәселелерге назар аударылуы тиіс: 
• Әлеуметтік және экономикалық салалар бойынша басты мәселелерді шешу; 
• су көздерінің күйін және оған қатысты экологиялық жағдайды жақсарту, ұйымдастыру, институционалдық, әкiмшiлiк, техникалық және тағы басқа көп қаржы керек етпейтiн шараларды іске асыру. Республикадағы тұрғындардың және өлкенiң тiршiлiк әрекетi үшiн маңызды қаржы керек ететiн объекттер (сумен жабдықтау саласы) мемлекетпен қаржылануы тиiстi; 
• өндiріс күштердi орналастыруға және дамытуға талдау жасау, шаруашылық маңыздылығы және өсіп келе жатқан су шарушылық балансындағы дефициттi есепке ала отырып су тұтынудың деңгейі мен құрылымын анықтау; 
• сумен жабдықтау саласында жаңа су көздерін іздестіру және жабдықтауын жаңғырту бойынша жұмыстар жүргізу; 
• Су қорларының сапасы және сандық жүдеуiн сақтап қалу бойынша шараларды iске асыру. Сулардың ластанумен белсендi күрес жүргізу су шарушылық балансының шиеленісуіне бермейді, оның шығын бөлiгiнiң қысқартуына мүмкiндiк туғыза түседi; 
• Өнеркәсiптегi суды қайтадан және бiрнеше рет қолдануының енгiзілуi, сонымен бiрге материалдардың өңдеуiнде қосымша суды талап етпейтін принциптi жаңа, қалдықсыз технологиялық сұлбаларын iздестiру; 
• Су қорларын басқарудың мемлекеттiк жүйесiн, олардың пайдалануын реттеу, экосистема әдiстерiнiң қолдануын, бар су шарушылық шараларын жоспарлауды жетiлдiру; 
• Су сақтаудың мәселелерiн кезеңдi, бiртiндеп және шешiмiне барлық қатысушыларды үйлесiмдi жолдарын енгiзу; 
• Тиiмдi су ресурстарын пайдалануды, оның ластануын сақтап қалуға бағытталған меншiктi табиғи ортаны қорғау шараларының жұмыстарын ынталандыру, мадақтау; 
• Суды нормативтен тыс пайдалануды болдыртпау. Су пайдаланудың шарттары бұзылған жағдайда су пайдаланушыларға әсер ететіндей, құны табиғат қорғау іс-шараларының құнынан жоғары айыппұл салынуы керек; 
• Сарқынды суларды тазартуынан және суды үнемдеуден түскен барлық пайданы кәсiпорындардың қарамағына беру; 
•  су үнемдейтін шарушылық жабдықтарға және экологиялық таза өнiмге қосымша және мадақтау бағалар енгізу; 
• Су қорларының жағдайы және су сақтау туралы информациялық - үгiттеушi жұмыстар жүргізу. 
•  iрi су шарушылық ұйымдарда су саясатының іс-шараларын өңдеуге және жоспарлауға тiкелей араласатын қоғамдық өкiлдерден бақылаушы кеңестер құру; 
Келешекте су қорларының ұлғаюы елдегі су шарушылық объекттерiнде жоғалтатын суды азайту арғылы қол жеткізілуі тиіс.

 

Су қоры


Жер бетінің 77.5 процентін (мұздарды, батпақтарды қосып есептегенде) су алып жатыр. Су қорларына өзен, көл, теңіз, жер асты, таулар мен поляр шеңбердегі мұздар, атмосфералық ауадағы ылғал кіреді.

Өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, тұрмыстық қажетке көбіне өзен, көл  және жер асты тұщы сулар жұмсалады. Олардың қоры бүкіл гидросферадағы судың тек 1 проценті ғана. Гидросферадағы су қорлары төмендегі мөлшерде бөлінген. Көлемі және су қорларының мөлшері жөнінде гидросфераныңең ірі бөлігі - мұхиттар. Мұхит суларында пайдалы кендер, биологиялық ресурстар, энергия қуаты,химия және дәрі-дәрмек өндірістері үшін қажетті шикізаттар қоры өте көп. Құрлықта жыл сайын азайып бара жатқан пайдалы кендер орнын мұхит суларынан алып толтыруға әбден болады. Міне, сондықтан да ірі мемлекеттер мұхиттардыөзара бөлісіп «менің меншігім» деген белгілерін қойып жатыр.

Теңіз суында алтынның, магниттің, платинаның, алмаздың, тантал-ниобиттің, цирконийдің, тағы басқаларының қоры құрлықтағы мөлшерге тең. Онда көмірдің, темірдің, мыстың, никельдің, қалайының қорлары да көп.

Теңіз суында минералды заттар да аз емес. Ондағы ас тұзын, натрий сульфатын, калий тұзын, бромды, магнийді иодты бірқатар елдер қазірдің өзінде пандаланып жүр. Теңізде құрылыс материалдары да бар. АҚШ пен Ұлы Британия жыл сайын 600 млн. тонна құм, қиыршық және ракуш тастарын алады. Теңіз түбінде фосфорит, қызыл саз, әк қорлары да жеткілікті.

Мұхиттар мен теңіздер жер шарында өнетін биологиялық өнімдердің 43 процентін, оттектің 50-70 процентін береді.

1900 жылы дүние жүзінде  7 млн. тонна балық ұсталса, 1980 жылы 64.6 млн. тоннаға жетті. Балықты  енді теңіз жағалауында ғана  емес, ашық теңізге шығып, жағадан  алыс кетіп, ұзақ уақыт жүріп аулайтын болды. Теңіз суларынан криль аулау, тағы басқазооплактондарды ұстау да тез өсіп келеді.

Теңіз су толқындары, әсіресе көтеріліп жағадан шыққанда және кері серпіліп қайтқанда, энергия қуатын беретіні белгілі. Мысалы, Ла-Маншта болатын толқын есебінен бүкіл Еуропа елдерінің электр қуатын көп пайдаланатын кездегі қажетін өтеуге болар еді.

Дүниежүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын  алаңдатып отыр. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.

Су айдындарының ластануын  былайша топтайды:

  • биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш бейімді заттар;
  • химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
  • физикалық ластану: жылу-қызу, электр-магнитті өріс, радиоактивті заттар.

Информация о работе Су ресурстарын қорғау