Автор работы: Пользователь скрыл имя, 03 Марта 2013 в 20:36, реферат
Жалпы планетарлық деңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосферажәне құрылықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8% бөлігін алып жатыр. Бүкіл су қорының 97% Әлемдік мұхиттың үлесіне тиеді. Тұщы сулардың көпшілігі (70%) қар және мұздықтар түрінде. Жер асты сулардың еншісіне тұщы су қорларының 23% тиеді.
Қазіргі таңда тұщы сулардың әртүрлі ластаушылармен: пестицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
І. Кіріспе
Су ресурстарын қорғау
ІІ. Негізгі бөлім
Су қоры
Қазақстанның су қоры
Су ластануының проблемалары
Суды тазалаудың жаңа технологиялары
ІІІ. Қорытынды
Су ресурстарының экологиялық жағдайы және қорғаудың шаралары
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың 100-ден астам сапалық көрсеткішін ұсынған.
Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен-көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндері:
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар (ерімейтін, коллоидты, еритіндер), лас сулар (минералдық, органикалық, бактериалдық, биологиялық) деп жіктейді.
Су ластануының проблемалары.
Қазіргі таңда су нысандарының
ластануы өзекті проблема болып табылады,
өйткені барлығына мәлім ақиқат
«Су – өмірдің көзі». Сусыз
адам үш тәуліктен артық өмір сүре алмайды,
бірақ судың қаншылықты маңызды екенін
біле тұрып, су нысандарын өте қатаң, ұқыпсыз
пайдалануда, түсірілістер мен қалдықтарды
тастау арқылы судың табиғи режимін қайтарылмастай
етіп бұзуда.
Суды қорғау, су нысандарының барлық жиынтықтарынының
құрайтын, судың жинақталған аумақтары
біздің мемлекетіміздің жіті бақылауында.
Осыған орай Есіл экология департаменті
суды қорғау саласында белсенді жұмыс
атқаруда. Сонымен қатар су нысандарына
қалдықтар тастайтын табиғатты пайдаланушылар
расында үнемі бақылау жүргізілінеді.
Департаменттің зертханалық-аналитикалық
бақылау бөлімінің мамандары қалдықтарды
шамадан тыс тастауды сынап, іріктеу жұмыстарын
үнемі жүргізеді.
Астана қаласы құрғақ аумақта орналасқандықтан,
су ресурстарының шектеулі екендігін
аңғартады. Астана қаласындағы негізгі
әрі маңызды сулы артериясы Есіл өзені
болып табылады, және оның екі арнасы Сарыбұлақ
және Ақбұлақ.
Қаланың негізгі шаруашылық-ауыз сумен
жабдықтайтын көзі Есіл өзеніндегі жылына
67,2 млн. м3 көлемінде сумен қамтамасыз
ететін Астаналық су қоймасы.
Ағымдағы жылдың 3 кварталында су қоймасынан
18 млн. м3-тан астам, ал 2010 жылдың 9 айы ішінде
шамамен 50 м3 су алынды.
Астана қаласының шаруашылық-тұрмыстық
және өндірістік тұрып қалған сулар канализациялық
тазартылудан өткен соң, Талдыкөл жинаушы-буландырғышына
жіберіледі.
Талдыкөлге түскен тазартылған тұрып
қалған су көлемі 2010 жылдың 3 кварталы
2009 жылмен салыстырғанда көбейген.
Бұл шаруашылық-тұрмыстық су қалдықтарын
тастаудың көбеюі, қаланың шаруашылық
ауыз су қажеттіліктерін қамтамасыз ететін
су қақпасының ұлғаюы, сонымен қатар Астана
қаласының шаруашылық-тұрмыстық канализациясына
нөсерлі сулардың түсуі, қаланың сыртқы
аумағында және ішкі квартал бөліктерінде
нөсер су түсетін канализация жүйесінің
дамымағанына байланысты.
Ауыз судың сапасын жақсарту үшін, сумен
қамтамасыз ету желіліерінің сенімділігін
және қоршаған ортаның санитарлық жағдайы,
2010 жылы сумен қамтамасыз ету және су бұру
желілерінің сенімділігін арттыру үшін
«Астана Су Арнасы» МҚК жалпы аралығы
4070,56 м құрайтын сумен қамтамасыз ету және
су бұру желіліерінің қайта қалпына келтіру
шаралары жүрізілінді.
«Қазгидромет» РМК тұрақты түрде Астана
қаласының 13 гидрожармаларының жоғарғы
судың гидрохимиялық мониторингін жүргізеді.
Су нысандарының және су шаруашылық құрылымының
санитарлық-гигиеналық және экологиялық
талаптарға сай болуы үшін, ластануын
тоқтату, су құрамының жұтаңдануы мен
қоқыстануын болдырмау үшін су қорғау
аумақтары мен алабында пайдаланудың
ерекше жағдайлары дайындалуда. Жоспарланған
қаржының 90 %-ы игерілген.
Республикалық бюджеттің есебінен Есіл
өзенінің арналарын қайта қалпына келтіру
шаралары, арналарын қамыс пен тұнбалардан
тазарту, өзеннің кеңеюі, өзен жағасының
бағытының түзелуі мен көріктендіріліуі
іске асырылады.
Есіл экология департаменті Солтүстік
Қазақстан филиалы Солтүстік Қазақстан
облысындағы су нысандарын қорғау жұмыстары
үнемі жүргізілуде. Солтүстік Қазақстан
облысының су ресурстары Есіл өзенінің
тармақтары (Аққанбұрлық өзені, Иманбұрлұқ
өзені) Сілеты өзені, Чағлынқа, Қамысақты,
Ащысу, Қарасу және уақытша ағымды басқа
арналары бар.
Петропавл қаласының негізгі сулы қайнар
көзі – трансшекаралық Есіл өзені. 2010
жылы облыстың су қоймасы үстіне тасталынған
ластанған заттардың жалпы көлемі 4,9 мың
тоннаны құрады. 2009 жылдың осы кезеңімен
салыстырғанда 775 тоннаға азайған.
Қорытындылай келе, су нысандарының адам
өміріндегі ең маңызды рөл атқаратынын
атап айту қажет. Ал су қоймаларының ластану
көлемі жыл сайын көп мөлшерде көбеюде.
Сондықтан да әр адам су нысандарының
ластануы жайында аз да болса ойланып,
су ресурстарын және жалпы қоршаған ортаны
қорғау үшін әрекет етуі керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1) Экология (оқулық) - Алматы, 2008
2) Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
3) Биология: Жалпы білім беретін мектеп 2-басылымы, Л. Әбшенова. - Алматы: Атамұра, 2009. ISBN 9965-34-927-4
4) «Орталық Қазақстан» газеті.
22 қараша, 2003 ж.
Қ. Бекішевтің «Жасыл желекті тиімді пайдаланайық»
атты мақаласы
Жоспары:
І. Кіріспе
Су ресурстарын қорғау
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
Су ресурстарының экологиялық жағдайы және қорғаудың шаралары