Тіршілік қауіпсіздік негіздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:52, реферат

Описание

Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді.

Работа состоит из  1 файл

tirwilikkauip.doc

— 866.00 Кб (Скачать документ)

 

 

а)                                                  б)

 16-Сурет. Шефер әдісімен жанды тыныс алдыру:

а) ауа  жұту;  б) ауа  шығару

 

 

 

 

 

 

Шефер әдісі (16-сурет)

а) ауа жұту; б) ауа шығару


17-Сурет. Жүректің  сыртқы  сылауы

 

Жүректің   жанама сылауы жасанды тыныс алдырумен үйлесімді жүргізіледі (17-сурет). Бұл жағдайда зардап шегушіге көмекті екі адам көрсетеді. Біріншісі жүрекке жанама сылау жасайды (18б-сурет), ал екіншісі «мұрынға ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыру жүргізеді (18а-сурет). Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын қысуға болмайды. Бұл шаралар кезекпен жүргізіледі.

 Ауа шығарған кезде кеуде клеткасын  төрт-бес рет қысу, одан кейін  ауаны кеудеге үрлеу (ауа жұту) жүректің жанама сылауымен үйлесімді  жасанды тыныс алдыру клиникалық өлім жағдайындағы адамды реанимациялаудың (тірілтудің) қарапайым әдісі болып табылады (18б-сурет).               

 

                

 

 

 

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

18-Сурет. Жасанды тыныс  алдыру және жүректі жанама  сылау.

а) ауа  жұту;   б) ауа  шығау

6.2. Электр жарақаты

 

  Электр тоғының немесе найзағайдың- атмосфералық электр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.

Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күйуінен көрінеді. Тоқтың соғуы- организмге термиалық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі химиялық-физикалық құбылыс.

Электр тоғы өткен  кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері  әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрысуы, дірілдеу.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірігінің сырқырауы. Тоқтың әсерінін  жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денесіндегі ауырлықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді.

Электр жарақаты кезіндегі  жүйкі  жүйесіне электр тоғының әсері  нәтижесінде пайда болған ортақ  құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының   зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар  ауыр күйде бастан өткереді. Естен  айырылу, дене температурасын төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы,  жүрек  қызметінің әлсіреуі, дененнің құрысуы.

Тоқтың денеге кіретін  нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы ” тоқ ілгегі” деп аталады.Ол төменгі, жоғары толық ілгек болып бөлінеді:

Төменгі ілгек-аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).

Жоғарғы ілгек – қолдан-қолға (қауіптірек).

Толық ілгек- өте қауіпті.Бұл  жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ-қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.

Электр жарақаты  төрт дәрежеге бөлінеді:

I-дәрежеде зардап шегуші  есінен айырылмай бұлшық етінің  дірілін сезінеді;

II-дәрежеде зардап  шегушінің бұлшық еті дірілдеп, артынша есінен айырылады;

III-дәрежеде зардап  шегушіде есінен айырылумен қатар   жүрек қызметі мен тыныс алуы  бұзылады;

IV-дәрежеде зардап шегуші клиникалық өлім жағдайында болады.

 

6.3. Электр жарақатындағы  алғашқы медициналық көмек

 

Алғашқы  көмек көрсеткен  кездегі басты сәттердің бірі- зардап шегушіні электр тоғынан тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, өте мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбектен тоқты ажырату, рубильникті,  қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқ пен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған  өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін  оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиалық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.

 Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқуға болған жерде жедел және үздіксі көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайында адамға “ауызға-ауыз” және “мұрынға-ауыз” әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.

Электр жарқатын алған  барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай  сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды  тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.

Жүрек тоқтаған кездегі  алғашқы көмек  жасанды тыныс  алдыруы мен жүректің сыртқы сылауын  біруақытта  жүргізу арқылы ертерек  басталуға тиіс.

Егер жасанды тыныс  алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі-дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-4 мл 25пайыз  ерітіндісі, кофеиннің 1 мл 5 пайыз ерітіндісі ) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1 мл цититон, терінің астына лобелиннің 1 мл 1 пайыз ерітіндісі ) берумен орайластыру қажет. 

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп  тастауы керектігі туралы пікір  өрескел қате болып табылады.

 Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастауы керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады.Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тиым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды туғызады: тыныс алуды нашарлатады,зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады,ең бастысы пәрменді көмек көрсету уақытын созады.Жылыту,жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау-зардап шегушіні құтқарудың бірден-бір ықтимал нұсқасы болып табылады.

 

  1. 4. Күннің өтуі

 

Ыстық күндері адамның  басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құюлуы байқалады (гиперемия).

Беттің қызаруы мен  бастың қатты ауыру күннің өтуінің  алғашқы белгілері болып табылады.Сонан  соң жүрек айниды,бас айналады,көз қараутады және құсқысы келеді. Ауру естен танады,тыныс алуы жиілей түседі,жүрек қызметі әлсірейді.

Басты орамалмен жабу,сондай-ақ басқа суық су құю алдын алу  шаралары болып табылады.

   Ыстық тию. Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-40) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады. Ол жоғары немесе  әдеттегідей жылу реттегіштің қызметі кеміген немесе тоқтатылған кезде пайда болады.

Денеге ыстық тиюдің үш себебі:

  • жоғарғы  сыртқы температура;
  • дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;
  • ауыр жұмыс істеу.

 

Ыстық тию тек ыстық  күндерде емес ол жылы және қапырық  бөлмелерде, ыстық цехтарда, ұзақ жорық  пен марштар кезінде болады. Ыстық  тию әсіресе көрсетілген үш себептер қосылған кезде пайда болады.

Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде  ыстық тию пайда болады. Бұл  организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына акеп соқтырады.

Ыстық тиюдің алғашқы белгілері- аурудың әлсіздгі, қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-40 градус дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кейде құрысу пайда болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық  көмек. Зардап шегушіні суық жерге, көлеңкеге немесе жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып, температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тағам береді. Жүрек-тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10 пайыз кофейн ерітіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10 пайыз лобелин ерітіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.

 

    1. Жүрек-тамыр аурулары

 

Сіз, әрине, кеудеңізде жүректің соғып тұрғандығын  білесіз. Алайда қан айдайтындығы туралы бір сәтке  ойланып көрдіңіз бе? Адам шаршаса  жатып демалады, ұйықтайды. Жүрек  үздіксіз жұмыс істейді,  адамның  ми клеткалары басқа  органдарына өмірлік қажетті оттегіні, қант пен өзге затты жеткізеді.

 Жүректің әрбір қысқарған уақытында ол ірі тамырларға елу, жүз текше сантиметр қан жөнелтеді. Ширек стақан, бір қарағанда аз сияқты, алайда осы санды бір минуттағы 60-80 қысқартуға көбейтіңіз, сонда 4-8 литр, ал тәулігіне 10 мың литрға жуық қан айдайды! Жүректің осы бір алып жұмысы ол өзінің жұмысын ақаулы атқарғанша күн сайын қайталанады. Алайда жүректің құрылымы қандай болса да, табиғат оған қандайда бір күшпен төзімділікті сыйласа да ауруға шалдығуы мүмкін.

Жүрек тамыры ауруларының  халықтың арасында қазіргі уақытта  таралғандығы соншалық оны ХХ ғасырдың ауруы деп атай бастады. 19 ғасырда  тырысқақ жайлады, ХХ ғасырдың басында  халық туберкулезден, сүзектен басқа да жұқпалы аурулардан шетінеді. Біздің жүзжылдықтың алдыңғы жартысында жүрек пен тамыр аурулары алдыңғы қатарға шығып, қазіргі адам үшін №1 тажалға айналды.

Жастардың арасында өз денсаулығына немқұрайды қарау орын алып отыр. Олар кейде ауырған кезде бірақ емделеміз деп даңдайсиды. Ең бастысы ауруға шалдыққанша оның алдын алған жөн. 19 ғасырдың белгілі  терапевті М.Я. Мудров былай деген еді: «Дені сау адамдарды өз қолына алу, оларды аурудан сақтау, оларға лайықты өмір салтын көрсету-дәрігер үшін емдеуден гөрі оңай міндет».

 

    1. Газбен улану 

 

Тұрмысымызды анағұрлым  жеңілдетіп жүрген осы затқа арнайы күтім мен ұқыптылық қажет. Сондықтан, газды дұрыс пайдалану жөніндегі  төменгі кеңестерге назар аударыңыз! 
Газдың сыртқа шығуының негізгі себептері:

  • жалғастырушы түтіктердің ақаулары;
  • түтіктің редуктормен және газ құрал – жабдығымен нығыздап жалғанбауы;
  • бұрандалы жалғастырушылардың нығыз еместігі;
  • майлайтын жабдықтардың нығыздап қатайтуындағы шүмектердің жалғастырушы сабақтарының тығыз еместігі;
  • оттыққа сұйықтың құйылуы немесе жел өшіргенде газдың шығуы;
  • оттықты дұрыс тұтандырмау болуы мүмкін.

 

Газ баллондарын өз беттеріңізше орнатып, газ құрал – жабдықтарын  өз бетіңізше жөндемеңіз. Бұл әрекетіңіз – қайғылы оқиғаға апарып соғуы  мүмкін.

Газ ошағы. Газ ошағын тек жақсы желдетілген үй-жайда пайдалануға болады. Газ ошағының ішкі қуысының оттығын тұтатарда оның есігін бірнеше рет ашып – жабу арқылы желдету қажет. Газды жағарда алдымен жанып тұрған шырпыны оттыққа жақындатыңыз, сосын шүмекті ашыңыз. Түбі үлкен ыдысты қақпаққа қоярда кең қабырғалы тіреуді пайдалану қажет. Газ ошағын үйді жылыту мақсатында пайдалануға мүлде болмайды. Себебі, желдетілмеген үй-жайдағы көмір қышқылды газдың жиналуы және иісті газдың бөлінуі адам ағзасының улануына апарып соғады. Газ баллоны толтырылған әрі ақаусыз газ баллондарын тек арнайы мамандандырылған газ қызметтерінен ғана сатып алыңыздар! Бұрандалы қосылған жер мен баллонның редуктормен қосылған жерін сабын көбігімен тұрақты тексеріп тұрыңыздар. Жалғастырушы түтіктің дұрыс қосылғанын қадағалаңыз!

Баллон мен газ ошағының арасы 0,5 метрден жақын болмауы  керек. Сондай – ақ жылу радиаторына  немесе пешке 1 метрден жақын орнатылмауы  тиіс. Мөлшерден тыс газбен толтырылған  баллон жылы жер де (жылы үйге кіргізіп жылы- тқанда) жарылуы мүмкін.Газ  баллонының қақпағы көп қабатты үйлерде газ баллондарын пайдалануға үзілді – кесілді тыйым салынады! 
27 литрлік баллонды ауыстырғанда немесе оған газ толтырғанда қақпақтың саңылаусыз жабылғанын тексеруді талап етіңіз. 
Нығыздаушы шығыршықтың жай – күйін үнемі тексеріп отырыңыз. Дұрыс шығыршықта кесілген жарық, кедір – бұдыр сияқты ақаулар болмауы тиіс.  Газ құрал – жабдықтарын орнату мен жөндеу кезінде тек тиісті құжаты бар мамандарға ғана рұқсат беріңіз. Газды пайдаланып болғанда газ құрал жабдық-тарындағы және олардың алдындағы шүмектерді жабу керек. Ал ас үйдің ішіне баллондарды орнату кезінде баллондағы қақпақты немесе редуктор жалғаушысын жабу қажет. Дұрыс жанғанда жалын бір қалыпты, көгілдір – жасыл түсте болады. Түтіндіктің жыл сайын тексерілуін қадағалаңыз. 
Тарту күшінің болмауы газдың толық жанбай, иісті газдың бөлінуіне себеп болады.

 

Маңызды төрт қағиданы есте сақтаңыз!

 

Газ құрал – жабдықтарын өз бетіңізше  жөндемеңіз. 
Газ түтіктеріне кір жаятын жіпті байламаңыз. 
Газ желісі түтіктерінің ақауларын жөндемеңіз! Аспаптан қатерлі ұшқын шығуы мүмкін. Газ құрал – жабдықтарын жұмыс істеп тұрғанда, әсіресе, оларға балалардың қолдары жететін жағдайда қараусыз қалдырмаңыз. Егер сіз газдың өткір иісін сезсеңіз, 
шүмекті дереу жабыңыз.Үйді желдетіңіз (терезе, есіктерді ашыңыз). 
Газ шыққан жерді тек сабын көбігінің көпіршіктері арқылы ғана анықтауға болады. 4.104 телефоны арқылы газ апаттық қызметін шақырыңыз (телефонды газдың иісі жайылмаған бөлмеден немесе көрші пәтерлерден пайдаланған жөн).

Информация о работе Тіршілік қауіпсіздік негіздері