Автор работы: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 14:52, реферат
Оқыту мақсаты: Болашақ мамандарды теориялык білім және тәжірибелік дағдыға үйрете отырып, өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларын жасауды, экологиялық қауіпсіздік бойынша қазіргі заманғы талаптарға сай жаңа техника және технологиялық процестерді жобалауды, табиғи апаттардың, зілзалалардың мүмкін болатын апат салдарынан халықты және шаруашылық нысандарының өндіріс қызметшілерін, ал сондай-ақ олардың салдарын жою барысындағы қорғаныс бойынша төтенше жағдайларды болжау және сауатты шешімдер қабылдауды, еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасауды, адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеудің жолдарын үйретуді мақсат етеді.
VII-тарау. Төтенше жағдай
Адамның жұмыстық қызметі экологиялық тепе-теңдікті бұзуға, аномальдік табиғи және техногендік жағдайларға, стихиялық және көптеген адам мен материялдық шығынға әкелуде.
Адамзат күнделікті көптеген
табиғи қауіп–қатермен кездесуде.Жер
шарында жыл сайын жобамен 10 мың су тасқыны, 100 мыңнан аса
жер сілкінісі, көптеген өрттер мен опырмалар,
вулкан атқылауы және тропикалық циклондар
болып тұрады. Біріккен ұлттар ұйымының
мәліметі бойынша соңғы 20 жылда стихиялық
апат пен катастрофаның арқасында 3 млн
артық адамдар қаза болған. Сол себепті
төтенше жағдайдың алдын алу, оның әсерін
жою қазіргі уақыттың актуальді проблемалары
болып табылады.Төтенше жағдай бола қалған
жағдайда адамдарды құтқарудағы білікті
қимыл жасау, оларға керек көмек көрсету
және апат ошағында құтқару жұмыстарын
тиімді ұйымдастыру адам мен материалдық
шығынды азайтуға мүмкіншілік жасайды.
Төтенше жағдайдың болуына негізінен ішкі және сыртқы әсерлер
ықпал етеді. Ішкі әсерге технологияның
күрделілігі арнайы мамандардың аздығы,
жобалау кезіндегі кемшіліктер еңбек
және технологиялық тәртіптің төмендігі
жатса, сыртқы әсерге кенеттен элекрэнергиясының
газдың, технологиялық өнімнің немесе
шикізаттың токтауы, сондай-ақ соғыс пен
терроризим жатады.
Төтенше жағдай келесі жағдайларда болуы мүмкін:
Төтенше жағдай деп табиғи стихиялық пен техногенді апаттарда пайда болатын әскери, әлеуметтік және саяси сипаттағы, адам өмірінің, экономиканың, әлеуметтік және табиғи нормаларының кенеттен өзгеруіне алып келіп соғатын жағдайды айтады.
Төтенше жағдай бұл аймағы жағынан үлкен маштабты және көптеген адамдарға төндіретін қауіпі бар оқиға. Көптеген жағдайда бұл оқиғаны авария және катастрофа деп те атайды. Бір қарағанда бұл екеуінің айырмашылығы жоқ. Ал олардың әкелген зияндығын, адам өлімін ескерген жағдайда ғана айырмашылығын білуге болады.
Авария - бұл машиналар, технологиялық процестердің және т.б. өндірістік орындарда болатын апат. Олар жарылыстарға, өртке, улы заттарды ауаға немесе суға тастауға әкеліп соқтыруы мүмкін. Бірақ бұл оқиғалардың әсері өте үлкен және адам шығыны көп емес. Катастрофа - бұл адам шығыны ауқымды болған жағдайдағы қайғылы оқиға. Ол бірнеше түрге бөлінеді:
Экологиялық катастрофа дегеніміз өмір сүру ортасына төтенше жағымсыз өзгеріс тудыратын үлкен өндірістік, транспорттық және стихиялық апаттар. Ол флора мен фаунаға, жерге,атмосфераға сонымен жалпы табиғатқа зиянын тигізетін құбылыс.
Техногендік катастрофа - кенеттен механикалық, химиялық, радиациялық тағы с.с. энергиялардың тасталуы, адам және материялдық шығындарға алып келіп соғатын үлкен апаттардың әсерінен болатын апат түрі.
Стихиялық апат- бұл қауіпті катастрофаға алып келетін геофизикалық, геологиялық, гидрогеологиялық, атмосфералық тағы сол сияқты процестер мен құбылыстардан тұратын апат. Бұл жағдай адамның өмір тіршілігін кенеттен өзгертіп материалдық ресурстарды бұзуға және құртуға әсер жасайды (19-сурет).
Төтенше жағдай, пайда болу әсерінің таралуы немесе ауқымы, өркендеу жылдамдығы және төтенше жағдайды жою мүмкіншілігі жағынан топталады. Төтенше жағдай пайда болу жағынан –табиғи, техногенді, экологиялық, биологиялық, антропогендік, әлеуметтік және біріккен немесе қосылған болып бөлінеді. Техногендік төтенше жағдайға - техникалық обьектілерден туындайтын төтенше жағдайлар жатады. Мысалы, өрттер, жарылыс, химиялық қауіпті обьектілердегі апаттар, радиоактивті және химиялық заттардың тасталуы, ғимараттың қирауы және адам тіршілігіне қажетті жүйелердің апаттары.
Табиғи төтенше жағдайға жер сілкісі, су алу, вулкан атқылауы, опырмалар, сел, дауыл, табиғи өрт және т.б. жатады.
Экологиялық төтенше жағдайға атмосфераның ластануы, азот қабатының бұзылуы, жердің шөлге айналуы, жердің тұздануы, қышқылдың жаңбырлар және т.б. жатады.
Биологиялық төтенше жағдайға эпидемия, эпизоотия және эпифитотия жатады.
Әлеуметтік төтенше
жағдайға - қоғамда болып жатқан
оқиғалар: ұлтаралық конфликттер,
Антропогендік төтенше жағдайлар адамның қате іс-әрекетінен туындайды.
Жергілікті, бір жердің
шеңберінен шықпайтын төтенше жағдайлар
- бұл өндіріс орынының бір ғана
жүйесінде,технологиялық
Төтенше жағдай обьектілері дегеніміз төтенше жағдайдың зардабы белгілі бір зауыттың, мекеменің, оқу орнының аумағынан асып кетпейтін кездегі жағдайды айтады. Бұл жағдайда да жергілікті төтенше жағдай секілді зардабын жоюға мекеменің өз күші жеткілікті. Жергілікті төтенше жағдай - бұл поселке, қала, аудан, облыс масштабындағы төтенше жағдай. Бұл төтенше жағдайдың зардабын жою үшін жоғарыда аталған әкімшілік –орталықтарының аумағындағы құзіретті органдар мен мекемелердің күштері мен құрамын жұмылдырады. Ұлттық төтенше жағдай - бұл үлкен региодағы және бірнеше облыстарды қамтыған төтенше жағдай. Ұлттық төтенше жағдайдың зардабын жою үшін регионалдағы масштабтағы құзіретті органдар мен өкіметтің арнайы құрған топтары айналысады. Сонымен қатар, құтқару жұмыстарына әскери орындардан да адамдар жұмылдыру ықтимал.
Глобальді төтенше жағдай
- бұл төтенше жағдайдың
7.2. Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдайды 5 топқа бөлуге болады:
Төтенше жағдай кезінде қоршаған ортаға зиянды заттарды тастауға алып келіп соғатын жағдайларға:
Жарылыс,өртке алып келіп соғатын төтенше жағдайларға жататындар:
Көлік жол қатынастарында орын алатын төтенше жағдайларға төмендегілер жатады:
Бейбіт уақыттағы әскери
саясаттың сипаттағы болатын
төтенше жағдайларға
Стихиялық апатқа әкеліп соқтыратын төтенше жағдайлары төмендегідей:
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай адамның өндірістік қызметіне байланысты және ол қоршаған ортаның ластануы және де ластамайтын жағдайда болуы мүмкін. Қоршаған ортаны ластауы өндіріс орындарының апаты әсерінен радиоактивті химиялық және биологиялық қауіпті заттардың ауаға тасталуына байланысты. Радиоактивті заттарды тастау қаупіне жататын апаттарына атом станцияларындағы ядролық қондырғылардағы, атом кемелеріндегі және тағы басқа апаттары жатады. Химиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға химиялық өндірістер мен обьектілердегі химиялық улану заттар қоймаларындағы апаттар және сол сияқтылар жатады. Биологиялық зиянды заттарды тастау қаупіне жататын апаттарға өндіріс орындары мен зерттеу орталықтарындағы бактериалдық құралдарды даярлау, жасап шығару,өндеу және тасымалдау кездегі апаттар жатады.
Қоршаған ортаға зиянды
заттар тастамайтын төтенше
7.4.Техногендік сипаттағы төтенше жағдайдың пайда болу әсері
Қазіргі кезде қоршаған ортаға және адамға тікелей зияны бар өндіріс орындары көптеп саналады. Бірақ ондағы технологияның деңгейі бақылау және жұмыс жүргізуі, сонымен қатар, орындау тәртібінде талапқа сай емес жағдайлар кездесуде. Оның үстіне бұл жағдайды экономикалық кризиспен экологиялық проблемалар қиындатып жіберді. Өндіріс орында болып жатқан апаттар мен катастрофаны талдап көргенде олардың орнын алатын жағдайлары технологиясы ескі, техникалары өзіндік ресурстарын тауысқан өндіріс орындарында көп кездесетіні анықталық отыр. Сонымен қатар қауыпты өндірістердің мекен жайларға жақын орналасуы да өзінің әсерін беруде.
Техногендік сипаттағы төтенше жағдай |
Сурет-20 Техногендік сипаттағы төтенше жағдайды топтау
7.5. Химиялық қауіпті обьектідегі апаттар
Химиялық өндіріс халық шаруашылығында кеңінен пайдаланады.Бірақ кейбір кездерде кішігірім апаттар орын алуда.Ол апаттар әсерінен химиялық зиянды заттар атмосфераға тасталынып қоршаған ортаны ластауда.Химиялық өндірістің қауіпсіздігі шикізаттың және өнімнің физика химиялық қасиетіне,қондырғылардың сенімділігіне, технологиялық процестің сипатына, химиялық зиянды заттардың сақталу және тасмалдау шарттарына, бақылау құралдардың деңгейі мен жағдайына, мамандардың профессионалдық біліктігі мен дайындығына және апатқа қарсы құралдардың тиімділігіне байланысты.Химиялық қауіпті заттардың тасталуы химиялық ластануға әкеліп соғады. Химиялық қауіпті заттар адам организміне тыныс алу жүйесі және тері арқылы енеді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне жара беттеріне де кіреді. Химиялық қауіпті заттар адам организміне әсер жағынан 4 қауіпті классқа бөлінеді:
7.6. Химиялық қауіпті обьектілердегі апатты топтау
Химиялық саладағы апаттар 2 категорияға бөлінеді:
Химиялық апаттардың топталуы.
Жеке - зақымдағы улы заттарды атмосфералық ауаға тастамаған апат.
Обьектілі-зияндығы жоғары улы заттардың санитарлық қорғау зонасының радиусынан аспайтын апат.
Жергілікті-зияндылығы жоғары улы заттардың қоймасының қирауынан туындаған апат.
Регианалды-зияндылығы жоғары улы заттардың үлкен көлемді тасталуына алып келген апат.
Глобальді-үлкен химиялық қауіпті өндірістік барлық зияндылығы жоғары улы заттардың барлық қоймаларының толық қирауының салдарынан болатын апат (20-сурет).
7.7. Радиакциялық қауіпті обьектілердегі апаттар