Ағаш өңдеу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 14:57, доклад

Описание

Технология – қоғамға қажетті заттарды дайындау барысында техникалық әдістерді және еңбек түрлерін қолдану туралы ғылым. Мақсаты- адам еңбегімен құралдар қызметін аз мөлшерд е қолдану және шыққан шығынды қысқа мерзімде қайтару.
Технологиялық процесс – өндірістік процесстің бір бөлігі, өндірістік заттың өзгеру стаысын білдіруші.

Содержание

1. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу
2. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесс
3. Ағаш станогында өңдейтін жұмысты ұйымдастыру
4. Бөлшектердің сыртын жонып өңдеу
5. Ағашты өңдеуге құрылымдық жабдықтау. Доңғалақ арасы бар станок

Работа состоит из  1 файл

Ағаш өңдеу технологиясы.docx

— 138.33 Кб (Скачать документ)

Жоспары

  1. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу
  2. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесс
  3. Ағаш станогында өңдейтін жұмысты ұйымдастыру
  4. Бөлшектердің сыртын жонып өңдеу
  5. Ағашты өңдеуге құрылымдық жабдықтау. Доңғалақ арасы бар станок

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ағаш  өңдеу технологиясы

    Технология – қоғамға қажетті заттарды дайындау барысында техникалық әдістерді және еңбек түрлерін қолдану туралы ғылым. Мақсаты- адам еңбегімен құралдар қызметін аз мөлшерд е қолдану және шыққан шығынды қысқа мерзімде қайтару.

    Технологиялық процесс – өндірістік процесстің бір бөлігі, өндірістік заттың өзгеру стаысын білдіруші.

    Ал технологиялық жүйе, жалпы айтқанда, технологиялық машинаның, жабдықтардың, құралдардың және өңделмелі нәрсенің бірігіп жұмыс істеуінен тұрады.

                               Ағашты механикалық тәсілмен  өңдеу

    Ағаш өңдейтін тәсілдердің екі түрі бар, олар: кесу және қысу. Аңаш материалдарын кесу арқылы өңдейтін машинаны станок деп, ал қысу арқылы механикалық тәсілмен өңдейтін машинаны пресс деп атайды.

    Кез келген станок қозғаушы, жеткізуші және атқарушы механизмдердің, сондай ақ басқару реттеу мен бақылау механизмдерінің кешенді жиынтығы болып табылады. Қозғаушы механизм (қозғаушы тетік)қуаттың өзге түрлерін (электр, химия) қозғалыстың механикалық қуатын айналдыру үшін қажет. Станоктар электрлік, гидравликалық, механикалық, пневматикалық және басқа жетек түрлерімен іске қосылады. Жеке электр жетегі бар станоктар неғұрлым кеңінен тараған. Жеткізуші механизм қозғалыс параметрлерін қозғаушы тетіктен (қозғалтқыштан) атқарушы механизмдерге жеткізу және өзгерту үшін қызмет етеді. Станоктың атқарушы механизм кесу мен беріліс жөніндегі жұмысшы қозғалысын қамтамасыз етеді. Кесудің басты қозғалысын жеткізуші механизм (басты жетек) жұмысшы біліктің айналысын іске қосуға арналған. Механизм қозғалысының екі түрлі сұлбасы бар. Бірінші жағдайда, қозғалыс қорғаушы тетіктен (қозғалтқыштан) жұмысшы білікке бірден жеткізіледі. Мұндай кезде кескіш аспап қозғаушы тетік білігінің айналу шапшандығына тең шапшандықпен айналады. Сондықтан оның айналу шапшаңдығын өзгерту мүмкін емес. Ал екінші жағдайда, қозғалыс қозғаушы тетіктен (қозғалтқыштан) жұмысшы білікке жеткізуші механизм арқылы беріледі. Бұл механизмнің көмегімен қозғалыстың өлшемдерін өзгертуге болады. Беріліс механизмі дайындалған ағаш материалдарын немесе аспапты өңдеу кезінде бір орыннан екінші орынға жеткізіп беруді қамтамасыз етеді. Беріліс механизмі қозғалысының қуат алатын қайнар көзі жеке немесе басты қозғаушы тетік болуы мүмкін, ал қозғалысты жеткізіп беріп, іске қосу жеткізуші механизмдердің көмегімен жүзеге асырылады. Қозғалысты жеткізуші механизмдер құрылымы жағынан белдікті, шынжырлы, тісті жеткізушілер деп бөлінеді. Қозғалысты беріліс механизміне жеткізу үшін көбіне бұрандалы, білтелі және басқа механизмдер қолданылады. Беріліс механизмі құрылым жағынан айналмалы біліктер, конвейрлі таспалар, шынжырлар, шынжыр табанды болып жасалуы мүмкін.

    Басқару және реттеу механизмдері кесу мен беру шапшаңдығы, кесу тереңдігі сияқты негізгі көрсеткіштерді жөнге келтіруді, реттеп отыруды қамтамасыз ету үшін қажет. Бақылау механизмдері өңдеу ісінің мөлшері үлгісін, сапасын өлшеу мен бақылау қызметтерін, сондай ақ бұйымдардың санын есептеу, салмағын анықтау, түр түрін іріктеп, сұрыптау сияқты қызметтерді атқарады.

    Әр станоктың құрамында мынадай негізгі құрылымдық бөлшектер бар: станок орнатылатын негізгі жұмыс үстелі, жұмыс білік, кескіш аспап. Ал қосалқы құрылғыға мыналар жатады: қоршау, бағыттаумен және қысып ұстайтын құрылғылар, тоқтату жүргізу тетіктері, май жағуға арналған тетіктер т.б.

    Станок орнатылатын тіректі негіз көбінесе шойыннан құйылып жасалады. Оған станоктың барлық бөлшектері орнатылып, тұрақты, берік, тұруы қамтамасыз етеді.

    Жұмыс үстелі дайындалған ағаш материалдарын өңдеу үшін қажет. Құрылымдық жағынан ондай үстемдер бір орыннан қозғалмайтын тұрақты, жазылмалы т.б. болып келеді. Жұмыс үстелі көбінесе беті тегістеліп дәл өлшенген, жылтыр тақта түрінде шойыннан жасалады. Жұмысшы біліктер жанып жону тәсілмен болаттан жасалады. Олар өзінің құрылым жағынан алуан түрлі болып келеді.

Ағаш  өңдеу ісіндегі кескіш аспаптар

    Әр түрлі мақсатқа қолданылады, сондай- ақ олар өздерінің түрі, мөлшері мен құрылымы жағынан сан алуан. Осындай аспаптарға аралар, әр түрлі үлгідегі және циклді пышақтар, фрезлер, бұрғылар, ұңғу шыжырлары, токарьлық кескіш тістер, тегістеуші пышақтар жатады. Кескіш аспаптар көміртегі шыңдалған әрі тез кесетін қатты болаттардан жасалады.

    Үшбұрышты, төртбұрышты сызғыштар ағашты өңдеу кезінде олардың қозғалысына бағып беріп отыру үшін қолданылады. Қысып ұстайтын қондырғылар дайындалған ағаш материалдарын өңдеу кезінде қажетті жағдайда ыңғайлы етіп ұстап тұрады. Олар құрылымы жағынан шиыршықты серіппе, аумақша, экцентрик түрінде жасалады, сондай- ақ гидравликалық, пневматикалық және басқа болып келуі мүмкін.

    Қоршау құрылғылар  мен тетіктер адамдардың қауіпті  аймаққа өтуін шектейді немесе тіпті өткізбейді. Олар электрлі қозғалтқыштарды, кескіш аспаптарды немесе тұтастай жұмысшы біліктерді, жеткізуші механизмдердің, станоктың басқа да қауіпті бөлшектерін қоршап, шектеп тұрады. Құрылымы жағынан олар қаптамалар, қорғаушы қалкандар,ұшқын қағарлар мен сәуле түсірмейтін тетіктер, перделер,қақпақтар түрінде жасалады.   

    Тоқтату- жүргізу құрылғылары қозғалтқыштарды (қозғаушы тетіктерді) іске қосуға немесе тоқтатуға, айналып тұрған тетіктерді баяулатып тежеуге және басқа мақсаттарға пайдаланылады. Олар түймелерді басу, сапты тұтқаларды бұру, ажыратқыштарды іске қосу арқылы жүзеге асырылады.

             Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесі

    Технологиялық процесс өндірістік процестің бір бөлігі болып табылады. Ол өндірістік шикізат пен материалдың мөлшерін, түрін немесе қасиетін өзгертумен тікелей байланысты жүргізіледі. Ағаштан түрлі бұйымдар жасаудың технологиялық процесс бірнеше кезеңге бөлінеді. Олар: материалдарды кептіріп құрғату, дайындауға арналған ағаш материалдарын өлшеп кесу, дайындалған ағаш материалдарын дұрыс үлгі мен дәл өлшемдерге келтіру үшін механикалық тәсілмен өңдеу, дайындалған құрамдас ағаш материалдарын бір-біріне желімдеп жапсыру мен шебіктеу, тазартылған ағаш материалдарын ақтық үлгіге келтіруге үшін  механикалық тәсілмен өңдеу, бөлшектерді бір тұтас құрастырылған бірлік өлшеміне жинақтау, оларды механикалық тәсілмен өңдеу, дайын болған тұтас бұйымды біржола өңдеп бітіру.

    Технологиялық  процестің бұл сатының кезеңдерінің реттілігі бұл сатының кезеңдерінің реттілігі бұйымның құрылымына, шикізаттың түріне, өңдеу жұмыстарының тәсілдеріне, өндірісті ұйымдастыру ісіне, механикаландыру құралдарына байланысты жағдайларға қарай өзгеріп тұрады. Технологиялық процестің әрбір сатылық кезеңінде жұмыстың белгілі бір түрлері мен технологиялық операциялар атқарылады.

    Операциялар өңдеу  жұмыстарының сипатына және станоктың  түрлеріне қарай өтпелі немесе позициялы болады. Өтпелі операциялар кезінде дайындалған бөлшекті өңдеу процесі станоктың бір шетінен екінші шетіне дейін өтеді. Ал позициялы операциялар кезінде бөлшек станокқа тапжылмай етіп мықтап бекітіледі де, кескіш аспап іске кіріседі.

    Технологиялық  операцияларды атқару тәсілдерінің  құрылымы жұмыстың түріне, станоктың түріне, бөлшектердің құрылымына және басқа жағдайларға қарай өзгеріп отырады. Мысалы қондырғылар мен позициялар тек қана позициялы операциялар кезінде, ал өткелдер мен өтпелілік тен өтпелі операциялар кезінде орын алады.

    Бұған мысал  ретінде тік бұрышты бөлшекті  қиюластыру операциясының құрамдас  бөліктерін қарастырайық. Операция  төрт өтпелі бөліктен тұрады, яғниағаштың бетін екі рет, шетін екі рет жону керек. Сөйтіп, ағаштың әр түрлі төрт бөлік бетін өңдеуге тура келеді. Ал өз кезегінде ағаштың екі бетімен екі шетін қиюластырудың кем дегенде екі өтпелі операциясы болады. Соның әрқайсысының нәтижесінде ағаштың бір қабаты алынып тасталады.

            Ағаш станогында өңдейтін жұмысты ұйымдастыру

    Айналатын денелер түріндегі бөлшектерді жасау үшін оларды токарь станогына салып, жонып өңдейді.

    Қазіргі кезде  елімізде орталықты, қарама-қарсы  және орталықсыз токарь станоктары  қолданылады. Орталықты станоктарда  салыстырмалы түрде алғандағы  диаметрі онша үлкен емес, ұзынша  бөлшектер өңделеді. Дайындалған  ағаш материалдары алдыңғы артқы  қыспақтардың орталығы арасына мықтап бекітіледі.

    Қарама-қарсы тік  станоктарда көлемі едәуір үлкен,  жайпақ бөлшектер өңделеді. Олар  алдыңғы қыспақ тығырығында мықтап  бекітіледі.Мұндай станокта артқы  қыспақ тетігі болмайды. Орталықсыз  (дөңгелек таяқшалы) станоктар цилиндр және конус тәрізді үлгәдегә бөлшектерді жасап шығаруға қолданылады. Станоктың кескіш пышақтарының өткір жүздері ішке қарай бағытталған, іші қуыс пышақ басты болып табылады. Өңделуге арналған ағаш материалы өз осіне айналатын пышақ басына сәйкес беріледі.

    Ағаш өңдейтін  СТД-1120м үлгісіндегі токарь станогының  негізгі бөлігі бағыттаушы тетіктермен  қоса алғанда, шойыннан құрылған  тіректі негізі(6) болып табылады. Ол өзінің екі тіректі табаны (5) арқылы станоктың тұрақты әрі берік тұруын қамтамасыз етеді. Оған алдыңғы (7) және артқы (13) қыспақ тетіктер, ұстайтын тұтқасы (11) орналастырылған. Станоктың жұмыс механизмдері кесу аймағын (жұмыс кеңістігін) құрайды.Бұл аймақ байқау экраны бар қорғағышпен (12) жабылып тұрады.

 

    Станок орнатылатын  тіректі негіз өзінің тірек  табандары арқылы ағаштан жасалған  арнаулы табанға (1) мықтап бекітілген. Оның сол бөлігіне станоктың электрмеханикалық жетегі орнатылған. Ол жетек белдікті іске қосатын, білікке бекітілген қос сатылы тегершіктің сыналы белдігінен және токарь станогының алдыңғы қыспақ тетігінің айналдырығына бекітілген екінші қос сатылы тегершіктен тұрады.

    Айналдырықтың  айналу шапшаңдығын өзгерту жетек  белдікті бір тегершіктің тұтқасынан  екінші тегершіктің тұтқасынан  екінші тегершіктің тұтқасына  екінші тегершіктің тұтқасына ауыстыру арқылы жүзеге асырылады. Станоктың жетегі сақтандырып тұратын қорғаныш қаптамамен жабулы тұрады, ал ол қаптама (3) бұранданың көмегімен мықтап бекітіледі.

    Станок жұмысына  басшылық жасау түймеше тетік блогы (8) арқылы қамтамасыз етіледі. Ол блок алдыңғы қыспақ тетікке (7) орналастырылған. Дәл осы жерге жарық түсіретін шам (9) бекітіледі.

    Дайындалған ағаш  материалдарын бекітіп ұстату үшін ауыспалы айналдырықтың саптамма тетіктері пайдаланылады. Оған орталық шанышқысы (үш тісті айыр) бар корпус, патрон, өңделетін ағашты станокқа бекітіп ұстайтын тығырық

 

                 74 бет 26 сурет

 

 

жатады. Әзірленген қысқа  ағаш материалдары ішкі ойықтарды ойып-жону кезінде патронға бекітілетін болса, ағаш материалдарының диаметрі неғұрлым үлкендері тығырыққа орналастырылады.

    Жетектің сақтандырғыш  қоршауының қақпағын электроқозғалтқышпен  ашқан кезде, оған электр қуаты  берілмей, тоқтап қалатындай етіп  сақтықпен жалғастырылған.

    Ағашты кесіп  өңдеу айғағы алдын ала қорғағыш  қоршаумен жабдықталған. Атап айтқанда, қабылдаушы тетік жұмыс істеп тұрған адамды түсіп жататын жаңқалардан қорғайды және шаң-тозаңның түсуін бәсеңдетеді, үгінді қалдықтардың үйіліп қалуын азайтады. Қоршау, негізінен металл корпустан, шыныдан және брезент кездемеден тұрады. Қажет болған кезде шыны экранды кейін қарай қайырып, ашып көруге де болады. Станокқа, сондай-ақ түрлі шаң-тозаңдарды ұстап қалатын қондырғы да  орнатылады.

    Ал кескіш аспап  каретаның көмегімен станок орнатылатын  негізгі тірекке бекітіледі. Жылжымалы карета астыңғы тұтқалы тірекпен бірге оңға да, солға да, ілгері де, кейін де емін-еркін қозғала алады. Астыңғы тұтқалы тіректің өзі жоғары-төмен қозғалып, тік осьтің бойымен оны айналады.

    Өндірістік мақсаттағы  токарь станоктары астыңғы тұтқалы  тіректен де, кескішті механикалық  тәсілмен бере алатын тетіктен  де жасалады. Ондай станоктармен  неғұрлым ірі бөлшектерді ойдағыдай  өңдейді. Жпнып жонудың мынадай  түрлері бар: цилиндр тәріздес, конус тәріздес және бір қалыпқа келтірілген үстіңгі қабаттардыайналдыра жону, тік кесілген дөңбек кесіндіні айналдыра жону және тегістеу, қысқартып кесу, цилиндр тәріздес, конус тәріздес және бір қалыпқа келтірілген тесіктерді тегістеу. Жонып тегістеу жұмыстарын қарадүрсін және тазартылған деп екі түрге бөлінеді. Қарадүрсін жонып тегістеумен қашау кезінде ағаш материалдарының едәуір қабаты алынып тасталады, үстіңгі өңделген беті көбінесе кедір-бұдырсыз, теп-тегіс әрі жып-жылтыр болып шыға бермейді. Әбден тазартылған жонып тегістеу бөлшектерді әдемілеп өңдеу үшін қолданылады. Бұл қарадүрсін өңделгендегіден әлдеқайда жоғары келеді.

    Дайындалған ағаш  материалдарын жанып-жону кезінде  оларға басты қозғалыс жапсырып  жылжыту арқылы кесу-қозғалысы,  ал станокқа беру қозғалысы  айналым болып табылады. Осьтік(ұзыннан) жанып-жону кезіндегі ағашты беру қозғалысы дайындалған ағаш материалдарының орта шеніне қарай бағытталады, ал қарама-қарсы жанып-жону кезінде бөлшектің кесіндісіне перпендикуляр бағытта болады.

Информация о работе Ағаш өңдеу технологиясы