Ағаш өңдеу технологиясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 30 Января 2013 в 14:57, доклад

Описание

Технология – қоғамға қажетті заттарды дайындау барысында техникалық әдістерді және еңбек түрлерін қолдану туралы ғылым. Мақсаты- адам еңбегімен құралдар қызметін аз мөлшерд е қолдану және шыққан шығынды қысқа мерзімде қайтару.
Технологиялық процесс – өндірістік процесстің бір бөлігі, өндірістік заттың өзгеру стаысын білдіруші.

Содержание

1. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеу
2. Ағашты механикалық тәсілмен өңдеудің технологиялық процесс
3. Ағаш станогында өңдейтін жұмысты ұйымдастыру
4. Бөлшектердің сыртын жонып өңдеу
5. Ағашты өңдеуге құрылымдық жабдықтау. Доңғалақ арасы бар станок

Работа состоит из  1 файл

Ағаш өңдеу технологиясы.docx

— 138.33 Кб (Скачать документ)

    Механикалық тәсілмен  беру тетігі бар станоктарда  аралап кесу тәртібінің параметрлері(беру шапшаңдығы,кесу тереңдігі т.б.)станоктың техникалық мүмкіндіктеріне, ағаш материалдарының қаттылығына, өңдеу сапасының дәрежесіне, бұтақтардың көзіне және басқа жағдайларға белгіленеді. Аралап кесу тәртібінің көрсеткіштері кем дегенде бір өткелден өткеннен кейін өзгертіледі. Ал аралап кесу процесі жүріп жатқан кезде параметрлер, әдетте өзгертілмейді (бірақ мұның қолмен беру тәсіліне көшкен кездегі жағдайға қатысы жоқ).

    Астыңғы тұтқалы  тірегі бар станоктарда дайындалған  ағаш материалдарын беру, аралап  кесудің тереңдігі, жоңқаның ені  мен қалыңдығы қандай болуы  тиіс екенін жинақталған тәжірбиеге  қарап белгілейді. Бұл ретте ағаштың  қаттылығы даййындалған ағаш  материалдарының түріне, ағаштың  ақауы мен кемістігіне қарай  әр өткелдің өз ішіндеде өзгертіле  алады. Сондықтан астыңғы тұтқалы  тірегі бар станоктарда ағашты  аралап кесу тәртібінің өлшемдерін  белгілі бір жүйеге дәлме дәл  келтірудің сәті түсе бермейді.

    Токарь станоктарының  кескіш аспабы өткір жүзді  тістер болып табылады. Бұл ретте  астыңғы тұтқалы тірегі станоктар  үшін қолмен реттелетін, ал механикалық  тәсілмен беру станоктары үшін  супортты тораптар пайдаланылады. Кескіш тістер жүзінің құрылымы мен түрлері өңдеу сапасының дәрежесіне, бөлшектердің құрылымдық ерекшеліктеріне және басқа жағдайларға байланысты.

    Қарадүрсін жанып-жону  үшін ені 6 мм-ден 50 мм-ге дейінгі  жартылай дөңгелек қашаулар қолданылады.  Олардың жүзін жартылай дөңес  жағынан 25-3000 тық бұрышпен қарайды. Мұндай қашаулар цилиндрлердің сырт жағынан жартылай дөңгелек немесе сопақша етіп жанып-жону үшін пайдаланылады.

    Кескіш тістер  аспапқа арналған У8, У9, У10, У13А  сияқты көміртегі болаттан жасалады. Әдетте, оқу шеберханаларында жарамсыз  қашаулардан, егеулерден, т.б. аспаптардан  жасалған кескіш тістер қолданылады.Станоктың  жұмысына басшылық жасау тәсілдері  мыналарды қамтиды: станокты іске қосу және жағдайын қадағалап, біліп отыру, кесу тәртібінің параметрлерін өзгерту, әр түрлі ыңғайлы әдістерді шебер пайдалану.

    Станокты электр  қуатына қосар алдында оның  тұрқынадғы электр тізбегінің  бір ұшы сенімді түрде жерге  қосылғанына, іске қосу қорабында  ешқандай ақаудың жоқ екеніне,  сондай-ақ басы артық, қажетсіз  заттардың айналдырырықтың саптама  тетіктерінің немесе өңделетін  ағаш материалдарының емін-еркін айналуына кедергі келтіріп тұрмағанына толық көз жеткізіліп алу қажет. Айналдырықтың айналу шапшаңдығын, өңделетін материалдың берілуін және олардың кесілу тереңдігін өзгерту арқылы ағашты аралап кесудің қажетті тәртібін қамтамасыз етуге болады. Оның үстіне астыңғы тұтқалы тірегі бар станоктарда өңделетін материалдарды берілу мен оның кесілу тереңдігін станокты іске қосу даярлау кезінде ғана емес, сонымен қатар дайындалған аағашты аралап кесудің нақты жағдайларына, оның диаметріне, бөлшектердің түрлеріне және басқа жағдайларға қарай жұмыс процесінің барысында да өзгертіп отырады.

    Бөлшектердің сыртын жонып өңдеу

Бөлшектерді станокқа бекіту- орталыққа, патронға және тығырыққа бекіту тәсілдерінің нәтижесінде іске асатын жұмыс. Ортада өңдеу кезінде күні бұрын дайындалған бөлшек үш ашалы тістегіш пен артқы қыспақ тетіктің ортасына бекітіледі. Қысқа бөлшектердің сыртын жанып-жону алдын ала дайындалған ағаш материалдарын патронға бекіту арқылы атқарылады. Диаметрі едәуір үлкен жалпақ бөлшектердің сыртқы қабатын өңдеу, оларды тығырыққа дөңбектің қырқылған шетін бұранда шегелермен бекіту арқылы орындалады. Ал тығырықта сол үшін жасалған арнаулы тесіктер бар. Жұмысқа кіріспес бұрын, станок орнатылған негізгі тіректе және басқа да бөліктерінде өңдеуге дайындалған бөлшектердің айналуына кедергі келтіретінбасы артық заттардың жоқ екеніне, кескіш аспаптың жақсы қайралғанына және саптама тұтқаның берік орнатылғанына, белгілі бір орынға ғана жарық түсіретін шамның дұрыс жанатынына толық көз жеткізіп алған жөн. Арнаулы жұмыс киімдері жинақы да ыңғайлы болуы, олпы- солпы болмауы, бау-шуы шұбатылып жүрмеуі керек.

                       Доңғалақ арасы бар станок

Ағаш өңдеу өндірісінде  шикізатты аралау үшін қолданылады. Оның жұмысы электрлік байланысқа негізделген. Электрлі мотордың білігіне күшбелдік  пен шкифтің көмегімен беріледі. Белдік жалпақ немесе үш қырлы болып келуі мүмкін. Бірінші жағдайда қуат беретін жабдыққа созылмалы резеңкелі белдік тартылады, қырынан қарағанда жалпақ болып келетін, ал екінші жағдайда тексторп, қырынан қарағанда жалпақ болып келетін, ал екінші жағдайда текстроп, қырынан қарағанда трапециялы болып келетін. Тексторптың мұндай құрылысы шкивпен ұстату жазықтығының көлемін ұлғайтады, мұның арқасында қуат беретін жабдықтың күші артады. Станок моторының күші 0,7 кВт, аралаушы дискінің айналу жиілігі бір минутта-1500-1800 рет.

    Шикізатты аралау  үшін әр түрлі кескіш дискілер  қолданылады. Мысалы, ағаш пен  мүйізді қарапайым, тістері ажыратылған  дискілермен аралауға ыңғайлы, кейде сүйекті тістері қиғаш орналасқан дискімен де кеседі.

    Сылағыш станогы сүйекті немесе ағаштың қатты түрлерін өңдеудегі қара жұмысты атқарады. Қолмен жасайтын жұмыстарды механикаландырады. Сылағыш станок қуаттылығы 1,7кВт-қа электрлі мотордан, әр түрлі пішіні бар алмалы-салмалы фрезрлер орналасатын біліктен тұрады. Олардың диаметрі 200,600 мм, кескіш жазықтығы 200-ден 500 мм-ге дейін. Білік моторының айналуына қарай бағытта фрез орналасады. Сылағыш станогының фрезрі қарапайым жабдық емес. Оларды механикалық ұстаханаларда сүйек өңдеуші өндірістері үшін арнайы жасайды.

    Тегістегіш станогын ағаш және сүйек өңдейтін өндірістерде қолданады. Ағаш өңдеу мекемелерінде дайын, жасанды заттарды ажарландыру жұмыстарында қажет. Тегістегіш станогы қуаттылығы 1,7 кВт-қа тең электрлі мотордан, тегістегіш құралы орналасқан біліктен тұрады. Біліктің бір минут аралығында айналу жиілігі-1500 айналым.

    Өндірісте тегістегіш  станогының екі түрі қолданылады: тегістегіш жабдығы көлденең және тік орналасқан түрі. Көлденең орналасқан түрін план шайба деп те атайды, бұл жағдайда тегістегіш құрал дөңгелек темірмен бекітіледі, ол темір план шайбаның табанына тығыз орналасқан. Ал тегістегіш құралдың тығыз орналасқан жағдайында мотордың білігіне темір диск орнатылады, дискінің денесіне келтіре тегістегіш құрал кесіліп, ортасынан бекітіледі.

    Бұрғылау-тесу станогы ағаш өңдеуші сүйек кесу кесу өндірісінде жазықтық бетінде домалақ тесікті тесуге арналған. Өрнектеу жұмыстарын орындау кезінде осы станоктың көмегімен лобзик арасын орнату үшін тесік теседі, фурнитура тесіктерін жасауда қолданады. Ең көп қолданылатын жұмыстың түрі- технологиялық тесіктерді қажетті тереңдікке дейін тесу. Станоктың құрамы: жұмыс істеу үстелінің үстіне жасалмақ затты орнатады, айналдырық, оның патронында бұрғы орналасқан, қуаттылығы 0,6 кВт электрқозғағыш бар, ол бұрғыны айналу қозғалысына келтіреді. Бұрғыны айналу жиілігі бір минутта-1545-4450 айналым. Айналдырықтың дайындалатын шикізатын иінтірек арқылы жоғарыдан төмен қарай өңделетін орынға алып береді, бұл жағдайда айналып тұрған бұрғы қозғалысқа түсіп, шикізатты өңдейді.

    Мұндай станокпен  жұмыс істеуде техника қауіпсіздігін  мұқият сақтау талап етіледі.  Өйткені станоктың айналатын  бөлігі өте қауіпті. Бұрғыны  патронда нақты бекіту керек,  ол қисаймай түзу болғаны қажет.  Жасанды зат жұмыс үстелінде  дұрыс орналаспаса, бұрғы сынып  кетуі және адам жарақаттануы  мүмкін. Көз қауіпсіздігі үшін  жай шыныдан тұратын көзілдірік  киген дұрыс. Ал ағаш жаңқалары түсетін жерге сорғылы желдеткіш орнатады.

   Токарьлы станок ағаштан және сүйектен жасанды зат жасау үшін қолданылады. Кескіш құрал арқылы арнаулы пышақ қашауы айналып тұрған бұл станокпен ағаш бұйымын жасайды.

   Ағаштан немесе  сүйектен жасалған көркем заттарды ТП-40 станогында орындайды. Станоктың негізгі буындары: электрлі қозғағыш қуаттылығы 1,5 кВт, станина, айналдырық, оның бір минуттағы айналу жиілігі минутына-2500 айналым. Жасаламақ затты айналдырық патронына арнайы кілттің көмегімен қатаң түрде патронға перпендикулярлы қалыпта бекітеді. Белдік пен шкив арқылы электр қозғағыш айналдырыққа арналу қозғалысын береді. Кескіш құралға қосымша тіректі жасалмақ затты параллель орналастырады.Зат өте ұзын болған жағдайда, оның екінші шетіне бос тіркеу қояды. Токарьлы жағдайда орындалмақ жұмыстардың көлемі мен конфигурациясы әр түрлі болуы мүмкін.

    Станокпен жұмыс  істеген кезде есте болатын  жайт, станокты жасалмақ заттың  дұрыс және нақ орналасқанына  көз жеткеннен кейін ған қосу  керек, көмекші құралдар дұрыс  бекімегенше қашауды бастамау, қашау  ретінде кескіш құралдың шетін  бақылау,тексеру, жасалған затты  және ағаш ұнтақтарын тазалау,  жинау жұмыстарын станок толық  тоқтағаннан кейін ғана жүргізу.

    Фрезерді көшірмелі  станок көркем жасанды заттарды  дайындауда, сонымен қатар жиһаздар  мен сәулет, интерьер бұйымдарын  әсемдеу-өрнектеу жұмыстарында қолданылады. Бұл станокта неше түрлі ойық оймаларды оюға болады.

    Станок құрамына  айналдырықты басы бар суппорт,  оған бекітілген станина, көлденеңжәне  тік бағытта қозғалуға мүмкіндік  беретін үстел үстінде орнатылған  тегершік, қозғалмайтын сұққыш кіреді. Кесу құралы болып арнайы бұрғылармен  тетікті фрездер табылады, ол  айналдырыққа бекітілген. Станок  үстелін дйындалмақ заттың қалыңдығына  байланысты биіктікке сәйкес  орналастырады. Кескіш құрал супорттың  құралуымен беріледі және тіреекуіш  бұрамамен шектеледі.

    Көшіру кезінде  үлгіні жұмыс үстелінің төменгі  жазықтығына бекітеді, ал заттың  өзін үстіңгі жағына қояды. Орындаушы сұққыш пен үлгінің барлық контурын тереңдіктері мен төмпешіктерінің бойымен жүргізіп шығады. Жұмыс үстелін біресе жоғары, біресе төмен қозғалта отырып, егер қажет болса, үлгіні алып қайта бекітеді. Сұққышпен біріктірілген айналдырық оның барлық қозғалысын қайталайды, сойтіп үлгінің айнымас көшірмесін жасайды. Тәжірбиелі суретші шебер көз мөлшері дәл, нақты қозғалысымен осындай станоктарда әсем өрнектелген үйлесімдерді орындайды. Бұл жағдайда станок шебердің жұмысын жеңілдетіп, жұмыс өнімділігін арттырады. Станок айналдырығын электрлі мотор жүргізеді, ол бір минутта 1000 нан 24000 айналымға дейін орындайды, сонымен ойманың сапасын жоғарылатады. Алайда, станокта орындалған оймалар қолмен орындалған жұмыстан сапасы бойынша әлдеқайда төмен, осы себепті арнайы сұрау бойынша жасалатын жиһаздар мен антикварлы жиһаздарды жаңғыртпа жұмыстарын қолмен істеген дұрыс.

   Көп айналдырықты фрезді-көшірмелі станок. Ірі өндірістік мекемелерде бірден мүсіндік немесе жиһаздар мен сәулеттік заттардың өрнекті толықтырғыштарын орындауда қолданылады. Станокта 8, 16, 24, 28 кейде тіпті 32 айналдырық болуы мүмкін. Айналдырақ араларында қозғалмайтын сұққыш бекітілген, оның жұмысы-көшіру. Айналдырықтың арақашықтығы-13,7 см, жүру жолы-14,7 см.

    Пантографы бар гравиралық-көшірмелі станок. Ірі ағаш өңдеу мекемелерінде гравиралық және оймалы әсем өрнек үйлесімдерін жазықтық бетінде немесе көлемді заттың бейнесінде жасау үшін қолданылады. Станок гравиралық пантографпен жабдықталған, оол берілген суретті басқа масштабқа ауыстыру үшін бекітілгендайындалмақ затқа көшіреді, қойылған талап бойынша суреттің көлемін не үлкейте, не кішірейте отырып жасайды. Кескіш құрал ретінде гравиралық фрез қолданылады, ол білік қозғалтқышына бекітілген және 1 минутта 24000 айналым орындалады.

   Бормашина(медициналық) сүйекті көркем өңдеу және бұрғылау жұмыстарын орындау үшін қолданылады. Бұл-сүйек кесу цехының негізгі жабдығы. Оның құрамына иілімді ұшында қуаттылығы 0,18-0, 27 Вт электр қозғағыш жеңдері жатады, олар шкиф арқылы келтірілген белдіктерге арналған, көп тармақты шкиф арқылы бір қозғалтқышқа төрт иілімді жеңдерді  бірақ қосу меңгеріледі. Сүйекті қарапайым және қалыпқа келтірілген борлармен өңдейді.

                     Ағашты механикаландырылған түрде өңдеу

    Жұмысты өнімді  істеу үшін дисклі және шынжырлы  аралар қолданылады. Ағаш өнеркәсібі саласында арнаулы электраралар мен сүргілер өте кең түрде қолданылады. Пышақ жүздері шынжырланып байланысқан «Дружба» арасының ЭП-К5М, ЭП-6К түрлері ағаш діңін ұзынынан және көлденеңнің кеуге пайдаланылады.

    1-белдік арқылы  күш беру жүйесінің қақпағы;

    2-алдыңғы жылжымалы  негіз;

    3-сүргілеу кезінде  пышақтардың биіктігін үнемдейтін  теңестіргіш;

    4-сол қолдың  тұтқасы;

    5-пышақтардың  үстіңгі қақпағы;

    6-ток күшін  өлшейтін қозғалтқыш;

    7-істі қозғауға  арналған нүкте;

    8-қозғалмайтын  артқы негіз.

 

 

 

                            89 бет 31 сурет

 

 

 

    Жұмыс алдында  сүргі пышақтарының орналасуын, мықтылығын және өткір жүйелерін  тексеріп алу керек. Пышақтардың  орналасу бұрышы-40-420. Сүргілейтін  пышақтар станоктың жалпы деңгейінен 1-1,5 мм шығып тұруы керек. Пышақ  жүздерінің жалпақтығы, жазықтығы  бірдей, майда қайралуы тиіс, оларды  ЭТ-75 электр қайрағымен қайрау  керек және пышақтардың салмағы  да бірдей болғаны жөн. Бұл  құрал да жоғары дәрежедегі  техника қауіпсіздігіне жатады.

    ФПШ-5М сүргілеу  станогының көлемі аса үлкен  емес, екі адам оңай көтере  алады, ағаш өндірісінде өте  кең көлемде қолданылатын құрал.

 

 

                                 90 бет 32 сурет

 

 

 

    Станоктың жалпы  материалы – алюминий. Дөңгелек  ара станок деңгейінен 55-60 мм биіктікте  тұрады. Станоктың құрылысы:

  1. Станоктың жалпы көрінісі
  2. Сүргілеуге арналған алдыңғы тақта
  3. Пышақтар, дөңгелек ара бекітетін білік
  4. Электр күшін өлшейтін қозғалтқыш
  5. Сүргілеуге арналған артқы тақта
  6. Ағаш кесуге арналған тақта
  7. Ара жүздерінен сақтайтын қорған
  8. Бағыт беретін сызғыш
  9. Ағаш тақтасын түсіріп көтеруге арналған тұтқа
  10. Станокты іске қосатын нүкте
  11. Итергіш.

Информация о работе Ағаш өңдеу технологиясы