Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 31 Января 2013 в 06:53, доклад

Описание

Бұл кезеңдегі ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан тарихына, қазақ-орыс қатынастарына, қазақ хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары сол кезеңдегі қазақ даласының саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын бейнелеумен қатар, бізге XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады.

Содержание

Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы 1
XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы 2
XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі 3
XX ғасырдың басындағы іс қағаздар тілі 5

Работа состоит из  1 файл

is_ref_1.docx

— 2.18 Мб (Скачать документ)

 Мазмұны

Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы 1

XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктері және лексикасы 2

XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс қағаздар тілі 3

XX  ғасырдың басындағы іс қағаздар тілі 5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы

Бұл кезеңдегі  ресми іс қағаздарына қазақ хандарының, сұлтандарының, батырларының, тархандарының, старшиналарының патшаға және орыс әкімшілік орындарына жазған хаттары  жатады. Бұлардың бірқатары Қазақстан  тарихына, қазақ-орыс қатынастарына, қазақ  хандықтарының тарихы, сол кезеңдегі  саяси құрылыс туралы т.б. жинақтарда жарияланды. Бұл ресми іс қағаздары  сол кезеңдегі қазақ даласының  саяси, әлеуметтік, экономикалық жағын  бейнелеумен қатар, бізге XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші  жартысында қазақ ресми іс қағаздарының тілі қандай болғанын да көрсете алады. Олар:

1. Қайып хан  елшілерінің қазақтардың Ресеймен  тату тұру тілегі туралы мәлімдемесі. 1716 жылғы 13 қыркүйек.

2. Қайып ханның  жоңғарларға қарсы бірлесіп аттану  үшін әскер жіберу туралы өтініш  жасап император I Петрге жазған  хаты. 1718 жыл 10 желтоқсан.

3. Кіші жүз ханы Әбілхайырдың өзінің қол астындағы адамдарымен бірге Ресей бодандығына алуды сұрап әйел патша Анна Иоанновнаға жазған хаты. 1730 жыл 8 қыркүйек.

4. Хандар  Әбілхайыр мен Сәмекенің, Нұралы  сұлтанның, Бопай ханшаның, қарақалпақ  ханы мен старшындарының өздерінің  Ресей бодандығын алғаны туралы  императрица Аннаға хаты. 1731 жыл, 2 қаңтар.

5. Орынбор  комиссиясының бас командирі  И.И. Неплюевтің Әбілхайыр ханмен  және жоңғар қонтайшысы Галдан-Цереннің  елшілері Кашкамен, Бурунмен кіші  жүздің бодандығы туралы келіссөзі  кезінде жүргізілген хаттама. 1742 жылғы 27 қыркүйек.

6. Нұралы  ханның Орынбор губернаторына  хаты. 1773 жылғы. 19 қыркүйек.

7. Нұралы  ханның Орынбор губернаторына  хаты. 1773 жылғы 31 қыркүйек.

8. Нұралы  ханның подполковник Симоновқа  хаты. 1773 жылғы 9 қараша.

9. Айшуақ  сұлтанның подполковник Симоновқа  хаты. 1773 жылғы 18 желтоқсан.

10. Нұралы  ханның Е.И. Пугачевқа хаты. 1773 жылғы 18 желтоқсан.

11. Досалы  сұлтанның Е.И. Пугачевқа хаты. 1773 жылғы 18 желтоқсан.

12. Старшындардың  императрица II Екатеринаға өтінішінен. 1785 жыл 2 шілде.

13. Нұралы  ханның барон О.А. Игельстромға  хаты. 1785 жыл 21 шілде.

14. Кіші орда  старшындарының барон О.А. Игельстромға  хабары. 1786 жыл 14 тамыз.

15. Орынбор  шекара істері экспедициясының  Сырым батырды байұлы ұрпағының  Бас старшыны етіп бекіту туралы  жарлығы. 1787 жыл 23 қазан.

16. Әбдікерім  Оразбаевтың Кавказ наместнигінің  билеушісі С.А. Брянчаниковқа  хаты. 1790 жыл 4 ақпан.

17. Сырым  батырдың Императрица II Екатеринаға  хабары. 1790 жылғы 11 қыркүйек.

18. Сырымбатыр  мен қазақ старшындарының Симбирск  және Уфа наместнигінің генерал-губернаторы  А.А. Пеутлинге хаты. 1792 жыл 11 қыркүйек.

19. Жетісудің  бас старшинасы Тіленшінің Шерғазы  сұлтанға жазған ағләм намасы (донесение). 1793 жыл.

20. Қазақ  сұлтандары мен старшиналарының  Екатерина II-ге жазған ғарыз намасы (прошение).

 

XVIII ғасырдағы ресми іс қағаздар  стилінің өзіндік ерекшеліктері  және лексикасы

 

XVIII ғасырда  қазақ даласында қолданылған  ресми іс қағаздар стилінің  өзіндік ерекшеліктері сол кездегі  жазбалар тілінің лексика-фразеологиялық  құрамынан, грамматикалық тәсілдерінен, синтаксистік құрылымынан, орфографиясынан  көрінеді. Бұл кезеңдегі ресми  іс қағаздарында түрлі дәрежедегі  лауазымды адамдарды, әкімдерді  дәріптейтін тұрақты эпитеттердің  қолданылуы шарт болды. Тұрақты  эпитеттерді қолдану сол кездегі  қазақ даласының ресми іс қағаздар  тіліне ғана емес, Орта Азиядағы  басқа да түркі халықтарына  да тән еді. Бұл ерекшелікті  сол кездегі орыс тіліндегі  ресми іс қағаздар тілінен  де көруге болады. Жоғарыда аталған  құжаттарда кездесетін ғизатлу,  хұрметлу (құрметті), мархабатлу (қайрымды), сағадатлу (ырысты), биік мәртебелі,  жоғары мәртебелі, ғинаятлу (шапағатты), құдретлу (құдіретті), шафағатлу (шапағаты, мейрімді) сияқты сын есімдер  (біреуге қарата айтқанда, іс қағаздарын  жазғанда қолданылатын сыпайыгершілік  сөздері) осындай тұрақты эпитеттер.  Бұлардың жасалу жолына келетін  болсақ, олардың барлығы дерлік  араб сөздеріне түркі тілдеріне  ортақ сын есім тудырушы –лу, -лү жұрнақтарының жалғануы арқылы  жасалған.

Осы мақсатта қолданылған сөздердің бірі биік, зор, асқар, жоғары ұғымын беретін араб сөзі – ғали. Мысалы, ғали кәһали уа ғали жәһәли – жоғары дәределі әрі  жоғары ықыласты, ғали хазіретлеріңіз – ұлы мәртебелілігіңіз т.б.

Аталған эпитеттердің әрқайсысы ресми іс қағаздар стилінде тұрақталып, нормаға айналғандығын  байқауға болады.

Іс қағаздарының атауларына келетін болсақ жоғары орындардан немесе лауазымды адамдардан бір  нәрсені сұрай, өтіне жазылған іс қағаздар ғазыр, ғарыз наме, ғарыз  ахуал, ғарыз хал деп аталған.

Ал, бір жағдайда хабарлау, оқиғаны баяндау, бір нәрсені  білдіру үшін жазылған іс қағаздары  ағлан наме, ғарзе наме деп аталған. Қазір біз іс қағаздарында қолданып жүрген хат термині жоғарыда аталған  құжаттарда мәктәбә, күтабту, кәтаб  және хат түрінде кездеседі. Яғни хат сөзімен қатар осы ұғымды білдіру үшін күтабтү, кәтаб, мәктәбә  сөздері қолданылған.

Әкімшілік орындарынан  шығатын бұйрық, жарлық мағынасындағы  іс қағаздары ярлұқ, әмір ярлұқ, фарман деп аталған. Қазір біз қолданып жүрген жарлық, бұйрық, қарар, қаулы  сөздері бұл құжаттарда кездеспейді.

 

XIX ғасырдың I жартысындағы ресми іс  қағаздар тілі

 

XIX ғасырдың  бірінші жартысы патша үкіметінің  Қазақстан жерін отарлау әрекетінің  ең бір шешуші кезеңі болды.  Қазақ даласының көптеген жері  Россия империясының құрамына  кірді. Ел басқару билігін патша  өз қолына алды. Орта жүз бен  Сібірді мекендеген қазақтар  үшін 1822 жылы «Сібір қазақтары  туралы Устав» шығарылды. Бұл  Устав 1860 жылға дейін күшінде  болды. 1831 жылы Кіші жүз қазақтарын  билеу үшін «Ел басқарудың  дистанциялық системасы» деген  құжат шығарылды.

Бұл кезеңде  қазақ даласында сот билігінің  үш түрлі болды.

1. Тәуке ханның  «Жеті жарғысы» негізінде соттап, жазалайтын билер соты.

2. Ірі қылмыстар  мен саяси қылмыстарды қарайтын  Россия империялық сот системамы.

3. Шариғат  жолымен сот билігін жүргізу.

Қазақ даласында  ел билеу, әкімшілік – сот істеріне қатысты көптеген жаңа атаулар пайда  болды.

Хандар дәуірінде  белгілі бір заңға сүйеніп  салынатын мемлекеттік алым-салық  дейтін жоқ болатын. Ата-баба дәстүріне  сүйенген сый тарту, жол-жора түрлері  болатын. XIX ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ даласына мемлекеттік салық  келді.

Қазақ даласындағы  мұндай өзгерістер қоғам өмірінің барлық саласын қамтыды. Әлеуметтік топтардың  ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда  болды.

1822 жылғы  Устав бойынша қазақ балаларына  орыс мектептерінде оқуға право  берілді, Орынбор, Омбы кадет  корпустарында қазақ балары оқи  бастады. Бұл кезде қазақ даласында  баспасөз, ана тіліндегі мектептер,  таза қазақ тілінде кітап бастырып  шығару ісі болмады. 

XIX ғасырдың  жартысында Қазақстанның батыс  өлкесіндегі халық өмірінде болған  елеулі оқиға – Исатай мен  Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі. Бұл көтеріліс көркем әдебиетте  ғана емес, іс қағаздар тарихында  да өз ізін қалдырғанын М.Өтемісұлының  М.Ладыщинскийге жазған хатынан,  Жәңгір ханның Исатай Тайманұлына  хатынан т.б. материалдардан көре  аламыз.

XIX ғасырдың  бірінші жартысында қазақ даласындағы  ел басқару системасы мен әлеуметтік  құрылысты білдіретін хан, ханзада,  ханым, ханша, төре,сұлтан,би,қазы, ақ сүйек, бай, кедей, қарашы, қара, қара қазақ, қара жұрт  сөздері жиі қолданылды.

XIX ғасырдың  бірінші жартысындағы ресми іс  қағаздар бірінші жартысындағы  ресми іс қағаздар тіліндегі  лексикалық, граматикалық, синтаксистік  ерекшеліктер XVIII ғасырдағы ресми  іс қағаздар тіліне жақын болғанымен, бұл кезенде ресми іс қағаздар тілінің халыққа біршама түсінікті, әрі қарай дамыған, нормалана түскен тіл болып қалыптаса бастағанын байқауға болады.

Әрине XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XIX ғасырдың бірінші  жартысында жазылған құжаттар тілі жайында  ғалымдар әр түрлі пікірлер айтып  келді. Осы күнге дейін олар шағатай, татар тілдерінде жазылған деген  пікір баасым.

XIX ғасырдың  бірінші жартысындағы қазақ әдеби  тілі деген еңбегінде Б.Әбілқасымов  «Сөз жоқ, бұл дакументтердің  тілінде түркі әдеби тңлінің  дәстүрлі орфографиясы, кейбір морфологиялық  формалары, қалыптасқан сөз тіркестері  мен жекелеген лексемалары сақталды, бірақ олардың негізгі төсегі  ө қазақтың байырғы сөздері  мен дағдылы грамматикалық құрылысы  еді. 

Егер кітаби тілді тұркі әдеби тілінің  өзі емес, оның қазақ авторлары  қолданған түрі, қазақ топырағындағы  көрінісі ретінде қарайтын болсақ, оның да анықтауды қажет ететін жақтары  баршылық дей келе, өз ойын былай  қорытады: «...біздіңше XIX ғасырдың бірінші  жартысында Ыбырай мен Абай негіздеген жаңа жазба әдеби тіл қалыптасқанға  дейін қазақ қаламгерлерінің  пайдаланған тілін кітаби тіл  деп атамай, көне қазақ жазба әдеби  тілі деп атаған дұрыс. Өйткені туыстас  түркі халықтарының ешбірінде кітаби тіл деген ұғым да, терминде жоқ, керісінше, қазіргі жазба әдеби тілдері қалыптасқанға дейінгі жазба туындыларын көне әдеби тілде жазылды дейді. ...Сөйтіп қазақ қаламгерлері XVI ғасырдан өткен ғасырдың екінші жарымына дейін осы аталған қазақтың көне жазба әдеби тілінде ресми іс қағаздарын жазды, өзара хат жазысты.

XX  ғасырдың басындағы іс қағаздар  тілі

XX ғасырдың  басында оқуөағарту жұмыстары,  мәдениет және өнер- білім салалары  жандана түсті. Семей, Қызылжар, Қостанай, Қызылорда, Тоғай сияқты  бірсыпыра қалаларда орыс-қазақ  мектептері пайда бола бастады.  Мұнымен қоса ауылдық мектептер  көбейді. Осы мектептерде оқып  шыққандардың көзқарасы өз қаласына, оның келешегіне бұрынғы мұсылманша  оқығандардан әлдеқайда ілгері  болды, олар қазақ халқының  саяси, мәдени дамуына белсене  ат салысты. XX ғасырдың басында  қазақ тілінде баспа жұмыстары  да қаулап өсті.

Бүгігі қазақ  әдеби тіліндегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық нормалар бірден қалыптаса қалған жоқ. Өткен кезендегі  сияқты, XX ғасырдың басында да қазақ  тілінің өз табиғатына, өз ерекшелігіне лайық, ұлттық артикуляциялық базаға сәйкестелген арнайы алфавиті болған жоқ. XX ғасырдың бас кезінде қазақ тіліндегі  үлкен-кішілі жазу нұсқалары татар  баспасынан шығып тұрды. XX ғасырдың басындағы қазақ халқының өміріндегі саяси-әлеуметтік дамуға-әлеуметтік дамуға, ғылым мен жалпы мәдениеттегі әр алуан өнер, білім саласындағы  өзгеріске байланысты, сондай-ақ орыс тілінің әсерінен де түрлі жаңа атаулар, тың ұғымдар, терминдер, терминдік  сөз орамдары, аударма ыңайында баламалар  да пайда болды. Осы жағдайлардың бәрі қазақ әдеби тілінің әсерінен де түрлі жаңа атаулар, тың ұғымдар, терминдер, терминдік сөз орамдары, аударма ыңғайында баламалар да пайда болды. Осы жағдайлардың бәрі қазақ әдеби тілінің, оның ішінде ресми іс қағаздар тілінің жалпы қалыптасу барысында ізсіз қалған жоқ. Демек, қазіргі қазақ тілінің фонетикалық, лексикалық, грамматикалық нормалары біртіндеп даму үстінде болды. Әрдайым екшеліп, үнемі сұрыпталып отырды.

Қазіргі қазақ  тілінің фонетикалық құрылымының, лексика, морфология және синтаксис  жүйесінің XX ғасырдың бас кезінде  дамуындағы негізгі процестер, әр түрлі  өзгерістер белгілі дәрежеде сол  кездегі ресми іс қағаздар тіліненде  айқын көрінеді.

Бұлкезендегі  ресми іс қағаздар тілінде де біраз  фонетикалық өзгерістер болды. Мысалы, қазіргі қазақ тілінде ақыл, ақылдасу, айып, өмір, өнер, арыз түрінде қолданылып жүрген жекелген сөздер бұл тұстағы  ресми іс қағаздар тілінде ғ дыбысы арқылы, яғни араб тіліндегі формасында жұмсалады,

ғақыл-ақыл, ғақылдасу-ақылдасу, ғаскер-әскер, ғайып-айып, ғөнер-өнер, ғарыз-арыз.

Тіл нормаларының бірте-бірте екшеленіп, келе-келе әбден  тұрақталу барысында сөз басындағы  ғ фонемасы түсіріліп, ғайып емес айып түрінде қолданылып келді. XX ғасырдың басында қазіргі арыз сөзі ғарз түрінде  де жазылған.

Мұндай өзгешелік  х фонемасына байланысты да аңғарылады. Мысалы, қазіргі әзірлеу әман, еш, әр сөздері хазірлеу, хәман, хеш, һәр  түрінде қолданылатын.

Бұл кезең  тілінде байқалатын тағы бір фонетикалық  құбылыс – дауыссыз ст фонемаларына байланысты.

Қазіргі әдеби  тіліміздегі дұрыс, расына, басқа  сөздер бұл кезеңде дұрст, растна, растнан, бостқа түрінде жұмсалған.

Бұл қосар  дауыссыз ст етістік сөздерден де аңғарылады. Ол-қазіргі әдеби тіліміздегі  өсу сөзі. Бұл туынды түбір етістік  ыңғайында өстіру түрінде қолданылады. Мысалы, заман өстіреді, мал өстіра тұғын т.б.

Информация о работе Қазақ іс қағаздар тілінің тарихы